Азақстан,Ресей,Беларусия арасындағы кедендік одақ

2010 жылдың 1 қаң­та­ры­нан бастап үш ел - Ресей, Бе­ло­русия Қазақстан үшін бір­ыңғай кедендік тариф күшіне ен­ді. 2011 жылдың 1 шілдесінен бас­тап бірыңғай кедендік кодекс ен­гізілетін болады. 2011 жыл­дың ортасынан бастап тауа­р­лар­дың кедендік бақылауы Беларусь Рес­публикасының, ал бір жылдан ке­йін Қазақстан Респуб­ли­ка­сының сыртқы шекарасына кө­ші­рілетін болады. Үкіметтегі білікті мамандар: «То­­лыққанды және толық ауқым­дағы Кедендік 2011 жылдан бас­тап енгізіледі және Ресей мен Қа­­зақстан шекарасындағы барлық рәсімдеу шаралары шекараның сыртқы жиегіне шығарылады, оның ішінде барлық тарифтік жә­не тарифтік емес: санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлық реттеулер бар. Бұлардың барлығы 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап өз­гертіледі» деп атап көрсетті.Одаққа бірігудің негізгі мәні одақ­қа мүше мемлекеттер ішін­де­гі кедендік тосқауылдардың бол­мауында және кез келген сыртқы та­уарға, оның қай елге тасы­мал­данатынына және ортақ ше­карадан қай жерде өткеніне қара­мастан бірыңғай кедендік та­­лапты қалыптасуында. Ке­ле­шекте біртұтас көліктік, энер­гетикалық, ақпараттық ке­ңістік құрылуы тиіс, интег­ра­циялық процестер жеделдетіледі, то­лыққанды жалпы рынок қа­лыптасады, ұлттық экономикалар біртұтас кешенге бірігеді. Елдер әлеу­меттік-экономикалық да­мудың ортақ мақсаттарына ке­ліседі, уағдаласқан құрылымдық, ин­новациялық, сыртқы эко­но­микалық және әлеуметтік сая­сат­ты қалыптастырады.

Кедендік одақ елдерінің арасындағы тауар айналымы.

2012жылдың 1тоқсанындағы Кедендік одақ мүшелерінің тауар шығарылымы.

Мемлекет Млрд.доллар
Қазақстан 1млрд.565,2млн
Беларусия 3млрд.835,3млн
Ресей 10млрд.921,9млн

Кедендік одаққа мүше елдер арасындағы тауар айналымы өсіп келеді. Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметіне сүйенсек, осы жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстан, Беларусь және Ресей арасындағы тауар айналым 17,6%-ға өсіп, 16 миллиардтан астам АҚШ долларын құраған.

Кедендік одаққа мүше елдердің ішінде Қазақстанның тауар шығарылымы 1 млрд 565,2 млн АҚШ долларын құраса, ал Беларусь Республикасының сыртқа шығарған тауар көлемі 3 млрд 835,3 млн АҚШ долларына, сондай-ақ Ресей экспорты 10 млрд 921,9 млн АҚШ долларына жеткен. Өзара сауда саттықтың үштен екі бөлігі Ресей Федерациясына өтеді. Ондағы ресми Минскінің үлесі 23,5% болса, ал Қазақ елінің үлесі 9,6%-ды құрап отыр.

Одақ арасындағы экспорттың үлес салмағы 2012жылдың бірінші тоқсанында қазақ елінде 7,2%-ға жетсе, Беларусь елінде 32,4%, ал Ресейде 8,3%-ды құрады

АСЕАН, НАФТА және МЕРКОЗУР бірлестіктеріне халықаралық саудадағы рөліне қатысты салыстырмалы тұжырым келтіріңіз.

AСЕАН (ағылш. The Association of Southeast Asian Nations — Оңтүстiк-шығыс Азия елдерiнің ассоциациясы) — Оңтүстiк-шығыс Азияның 10 елi кіретін өңірлік саяси, мәдени әрі экономикалық ұйым. 1967 ж. тамыздың 8 Индонезия, Малайзия, Филиппиндер, Сингапур және Таиланд негізін қалаған.

Ұйым мақсаты — экономикалық өсуді, әлеуметтік, мәдени дамуды жаңғырту, аймақта бейбітшілікті қамтамасыз ету.

Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясы (АСЕАН) – халықаралық ұйым. 1967 жылы 8 тамызда Индонезия, Малайзия, Сингапур, Тайланд, Филиппиндер мемлекеттері құрған. Кейін ұйымның құрамына Бруней (1984), Вьетнам (1995), Лаос және Мьянма (1997), Камбоджа (1999) кірді. АСЕАН құрылғаннан бастап саяси ынтымақтастық саласында келісімдер жасауға баса көңіл бөлді. АСЕАН елдерінің алғашқы екі кездесуі (1976 және 1977) осы ұйым қызметінің принциптерін жария етіп, адам ресурстарын дамыту, кедейшілік пен сауатсыздықты жою, есірткі саудасына жол бермеу, т.б. салада ынтымақтастықты кеңейтуге арналды. Ұйымға мүше елдер Оңтүстік-Шығыс Азияда еркін сауда аймағын құруға талпыныстар жасап, арнайы келісімшарттарға отырды.

АСЕАН-ның жоғарғы органы – Мемлекет және Үкімет басшыларының саммиті. Бұл саммит әр 3 жыл сайын өткізіледі, ал олардың аралығында бейресми кездесулер өтеді. АСЕАН-да 11 арнайы комитет жұмыс істейді, ағымдағы басшылықты Тұрақты комитет жүзеге асырады. Бес жыл мерзімге тағайындалатын АСЕАН-ның Бас хатшысы жетекшілік ететін Секретариат Джакарта қаласында орналасқан.

НАФТА

Солтүстік Американдық Еркін Сауда жөніндегі Келісім (НАФТА, NAFTA, North American Free Trade Agreement) − Канада, АҚШ және Мексика арасындағы Еуропалық Одақ модельдеріне негізделген еркін сауда жөніндегі келісім. НАФТА келісімі 1994 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді.

Алғашқы қадамы болып, 1947 жылғы АҚШ инвестициясын алдыңғы қатарлы канадалық экономика салаларына бағыттау мақсатында құрылған «Эббот Жоспары» есептеледі. 1959 жылы АҚШ және Канада арасында канадалық әскери техника өнеркәсібіне американдық стандарттарды енгізу мақсатындағы біріккен өнеркәсіп жөніндегі келісім жасалады.

1988 жылғы АҚШ пен Канада арасындағы еркін сауда жөніндегі келісімді (CUSFTA) сақтай және сәйкестіре отырып, Солтүстік Американдық Еркін Сауда Ассоциациясын (NAFTA) құру туралы келісім 1994 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді.

Бұл келісімді Латын Америкасы нарығына одан әрі қарай ену мақсатында қолданып келе жатқан АҚШ, ұйымда жетекші орынды иеленеді.

НАФТА-ның негізгі мақсаты − келісімге қатысушы мемлекеттер арасындағы тауар саудасы тосқауылын алып тастау болды. Тосқауылдық шектеулердің жартысы бірден алып тасталынса, қалғандары бірітіндеп 14 жыл ішінде жойылды.

Бұл келісім 1989 жылғы Канада және АҚШ арасындағы сауда келісімінің тереңдетілген нұсқасы болды.

Еуропалық Одақпен салыстырғанда, НАФТА мемлекетаралық әкімшілік органдарды құру немесе заң жүйесін қалыптастыру мәселелерін өзінің мақсаты ретінде санамайды. НАФТА тек қана халықаралық құқық аясындағы халықаралық сауда келісімі болып табылады. НАФТА-ның мақсаттары:

· Келісімге қатысушы мемлекеттер арасындағы кедендік және төлқұжаттық тосқауылдарды алып тастау және тауар мен қызметтер қозғалысын реттеу;

· Еркін сауда аумағында әділ бәсекелестікті құру мен ержелерін демеу;

· Келісімге мүше мемлекеттерге инвестицияларды тарту;

· Интеллектуалдық меншіктің құқығын қорғау мен әсерлі қорғанысын қамтамасыз ету;

· Жүзеге асыру мақсатындағы келісімді қолдану мен билік және белестерді бірігіп шешу мәселелерінде енгізу механизмдерін жасау;

· Келісімнің ұлғаюы және жетілуі мақсатындағы болашақ үшжақты, аймақтық әрі халықаралық кооперация негіздерін қалау;

· Бірегей континенталдық нарықты қалыптастыру.

МЕРКОСУР – Оңтүстік Америка құрлығы елдерінің ортақ нарығы. Құр­лықтың ІЖӨ-нің 75 пайызын құрайтын ұйым аумағында 250 млн адам өмір сүруде. МЕРКОСУР-ді Кедендік одақ деп те атайды. Бірақ бұл ұйымды еркін сауда аймағы деп атаған дұрыс. 1986 жылы түстік Американың екі алып мемлекеті Аргентина мен Бразилияның 1986 жылғы келісіміне 1990 жылы Парагвай мен Уругвай қосылды. Қазіргі құрылым 1991 жылдың 26 наурызында қалыптасты. 2006 жылдың шілде айында құрлықтағы мұнайлы мемлекет Венесуэланы мүшелікке қабылдау туралы келісім болған. Алайда күні бүгінге дейін Венесуэланы ұйым құрамына енгізілгені туралы құжатты өзге мемлекеттердің парламенттері толықтай рәсімдемеген. Айта кету керек, МЕРКОСУР-дің кедендік кодексі өткен жылдың тамыз айында бекітілген болатын.

Наши рекомендации