Рекеттестікті ұйымдастыру және өкілеттіліктер

2.1.1. Ұйым - алға қойылған мақсатқа жету барысында адамадар тобы еңбегінің саналы түрде үйлестірілуі. Әрбір топтың ұйым болып есептелуі үшін келесі сипаттамалар болуы қажет:

- осы топтың мүшесі болатын кем дегенде 2 адамның болуы.

- барлығының алдына қойылған ортақ мақсат немесе нәтиженің болуы.

- топтың мақсатына жету үшін мүшелерінің бірегей арнайы еңбек етуі.

2. Ұйым түрлері.

Ресми ұйымдар – мақсатты орындауда басқару үрдісі жүйелі үйлестіретін нақты құрылымға ие болатын басшылық еркімен құрылған адамдар тобы.

Биресми ұйымдар – қызмет барысындағы әлеуметтік қактынастарға ішкі себептерге байланысты ойламаған жерден құрылатын адамдар тобы.

Күрделі ұйымдар – құрылыммен мақсаттардың жан-жақты кешенді сипаты жағдайында п.б.

3. Ұйымдардың негізгі сипаттамалары ретінде 1-ші кезекте ресурстарды қарастыру керек. Жалпы алғанда кез келген қызмет ол нәтижеге, мақсатқа қол жеткізуде ресурстарды тиімді пайдалану болып табылады. Ұйымдағы ресурстар: адамдық, қаржылық, материалдық, технологиялық және ақпараттық.

2-ші сипаттама - ұйымның сыртқы ортадан тәуелділігі. Ұйымның қызметі мен нәтижесі көп жағдайда оны қоршаған ортасындағы экономикалық, саяси, нарықтық, халықаралық, әлеуметтік және тағы сол сияқты факторларға байланысты.

3-ші сипаттама - ұйым ішіндегі еңбек бөлінісі: көлденең және тік еңбек бөлінісі.

Көлденең еңбек бөлінісі– өндіріс үрдісіндегі әртүрлі қызметтерді икемді орындау мақсатында компоненттерге жіктеу. Яғни ұйым ішіндегі өндірістік және функционалдық қызметтердің орын алуы.

Тік еңбек бөлінісі–басқару ісінің күрделі жүйелік сипатта болуынан туындайтын әрекет. Мақсатқа жетуде басқарушы ұйым қызметін тиімді үйлестіруі қажет. Сондықтан қызметтердің анықталуы, өкілеттіліктердің берілуі және басқару деңгейлеріне бөлу жүзінде асырылады. Ұйым ішінде басқару деңгейлері жоғары, орта және төменгі деңгей болып бөлінеді.

Жоғарғы буын ұйымның жалпы стратегиясын бағыт бағдарламасын уақыт пен кеңістік бойынша қалыптастырып жасауда және жалпы ұйымның дамуды бағалауда қызмет атқаратын жоғарғы басшыларды өз құралына енгізеді.

Орта буын жоғарғы буын анықтаған ұйымның жалпы мақсатын жүзеге асыруда үйлестіру қызметтерін орындайтын өндірістік және функционалдық ұйым басшылары.

Төменгі деңгей тікелей орындаушылар және де төменгші ішінара қызметкерлерді орындайтын басшы буындары.

4-ші сипаттама - басқарудың қажеттілігі. нарықтық экономика жағдайында басқару ісі одан әрі күрделене түсіп, бәсекелестік, меншік формаларының саналуандығы және шаруашылық дербестік орын алғанда басқарудың қажеттілігі мен басқаруға қойылатын талаптар арта түседі.

Басқарудың мақсаты – кәсіпорын мүліктерін тиімді пайдалана отырып алға қойылған нәтижеге қол жеткізу.

2.2.1. Ұйымның ішкі ортасы – ұйымның ішкі құрылымын сипаттайтын элементтер жүйесі. Ұйымның ішкі ортасын сипаттайтын 5 негізгі факторды немесе айнымалыны атап өтуге болады: мақсаттар, ұйым құрылымы, міндеттер, технология, адам ресурстары.

Технологиялар классификациясы:

1) Вудворд бойынша технологиялар 3 түрге бөлінеді:

- кіші сериялы өндіріс немесе жеке тауарлар өндірісі

- көп сериялы өндіріс немесе жаппай өндіріс

- үздіксіз өндіріс

2) Томпсон бойынша технологиялар 3 топқа бөлінеді:

- көп буынды технологиялар

- делдалдылық технологиялар

- интенсивті технологиялар

2. Ұйымның сыртқы ортасы және оның ұйым жұмысына әсері.

2.1. Сыртқы орта – ұйым жұмысына сырттан әсер етуші орта б.т. Кез келген ұйым ашық жүйе болғандықтан, ол сыртқы ортамен байланыста болады.

Сыртқы орта сипаттамалары:

- сыртқы ортаның күрделілігі – сыртқы ортаның әсер етуші факторлар көп ірі болуы.

- сыртқы ортаның қозғалмалылығы – ұйым жұмысына байланыссыз түрде факторлар әр түрлі өзгерістерге ұшырайды. Конъюктура нарықтың б.б. уақытындағы жағдайын сипаттайды.

- cыртқы ортаның белгісіздігі – ұйым бәсекелестерінің әрекеттерін саяси жағдайын аладын ала білуі мүмкін емес.

- cыртқы орта факторлары өзара байланыста болуы - 1 фактор басқа факторларға әсер етуі.

2.2. Ұйым жұмысына тура әсер етуші факторлар ретінде:

- жабдықтаушылар

- материалдар

- капитал

- еңбек ресурстары

- тұтынушылар

- бәсекелестер

- делдалдар

- мемлекеттік органдар

Тура әсер ететін факторлар – ұйым қызметін өзгертуге дейін мүмкіндігі бар факторларды атаймыз. Бұл әсерді ұйым қызметкерлері өз тарапынан реттеп отыра алады.

2.3. Жанама әсер етуші факторлар – ұйым қызметіне әсер етеді, бірақ ұйым қызметкерлері бұл әсерді басқарып не не реттеп отыра алмайды. Бұл факторларды менеджер ескеріп отыруы керек. Мұндай факторларға жататындар:

- саяси жағдай

- табиғаттық

- экологиялық

- әлеуметтік

- мәдени тарихи

- ғылыми техникалық факторлар б.т.

2.3.Ұйымдастыру процесі көп жағдайда ұйымның мақсатына жауап бере алатын, оның ішкі және сыртқы ортасына ықпал ететін тиімді құрылымды құрумен байланыстырылады.

Өзіміз білетіндей, басқарудың ғылым ретінде қалыптасуында орын алған процестік, жүйелік, бихевиоралдық және жағдайлық көзқарастар құрылым құрған кезде қолданылады. Және де бір бюрократтық деп аталатын көзқарас еңбек бөлінісінің жоғары дәрежесімен, қызмет лауазымдарының бөлінуінің жетілдірілуімен, бұйрық беру тізбектілігімен, жүріс-тұрыс ережелерінің болуымен сипатталады. Сол жүйені М.Вебер «тиімді бюрократия» деп атаған.

Ұйымдық құрылымды қалыптастыру төмендегідей қағидаларға жүктеледі:

1) Сызықтық және функционалдық басшылықтың арасындағы дәл шекараны анықтау;

2) Жарлық беру мен дербес жауапкершіліктің тұтастығы;

3) Лауазымға берілетін міндеттердің, өкілеттілік пен жауапкершіліктің арақатынасының сәйкестілігі;

4) Жұмыс барысын бақылаудың өрістеуі мен үздіксіздігі;

5) Орта өзгерістерін сезінуде икемділік пен үнемділік, жоғары бейімделу қасиетінің болуы.

Қазіргі басқару жүйесінің құрылымы мейлінше алуан түрлі, бірақ кез-келген жүйенің негізіне сызықтық және функционалдық қағидалар алынған. Осының негізінде әртүрлі икемделген құрылымдар пайда болады.

2.4.Кәсіпорын құрылымының алғашқы негізгі элементтері – жұмыс орындары, өндірістік учаскелерге біріктірілген цехтар, қызмет көрсетуші шаруашылықтар. Оның қызмет етуін қамтамасыз ету - өте күрделі жұмыс, себебі әр түрлі өзгермелі факторларды ескеру қажет болады. Кәсіпорынды басқару жүйесі ресінде қарастыру мүмкін болатын қиыншылықтарды әлдеқайда жеңілдетеді.

Кәсіпорынның құрамдас бөлігі болып табылатын бірлескен объектілер жеке дара объектілерден өзінің біртұтастығымен ерекшеленеді.

Кәсіпорынға өзара бөліну қасиеті тән. Жоғарыда айтылған негізгі құрамдас элементтерге сәйкес кәсіпорын құрамында мыналарды атап өтуге болады: жұмыс күші, негізгі өндіріс қорлары, шикізат, негізгі және қосымша материалдар, отын, энергия, өндірілетін өнім.

Кәсіпорын автономды құрылым: оның әрбір элементі жеке қарастырылуы мүмкін. Бірақ барлық элементтер өзара байланысты болғандықтан, бұл автономдық тек салыстырмалы түрде болады.

Кәсіпорын мен оның ішіндегі басқару процестерін біртұтас жүйе ретінде қарастыру басқарудың жүйелі жолын құруға негіз болады.

Басқарудың жүйелі жолы – бұл логикалық ойлау сана-сезімі, яғни кез-келген шешім қабылдау процесі жүйенің ортақ бір мақсатқа жетуіне ықпал етеді. Даму жоспарын параметрлерді қоса есептегенде, барлық кіші жүйелердің сол мақсатты іске асыруға бағынуына тікелей байланысты болады.

Кәсіпорынның басқарушы және басқарылушы жүйелерінің өзіне тән құрылымы мен құрамы бар. Басқарылатын жүйе болып өндіріс табылады, ол басқарудың негізгі объектісі. Басқарылатын жүйе құрылымдық жағынан иерархиялық және функционалдық белгілері бойынша сыныпталады.

Иерархиялық белгіге сәйкес өндіріс механизмге қызмет көрсетуші оператордан бастап біртұтас кәсіпорынға дейін, өзара тізбектеліп байланысқан деңгейлерге бөлінеді. Өндірістің иерархиялық құрылымы оның әрбір бөлігіне талдаулы дәл жүргізуге мүмкіндік береді, нәтижесінде қолдағы бар қорлар масималды дәрежеде ескеріледі. Мұндағы мақсаттар белгілі бір тізбектелген түрде жүзеге асырылады.

Ұйымдастырушы құрылымды жобалау мен таңдауда экономикалық және ұйымдастырушы үлгілердің әдістерін қолдану жаңа мүмкіндіктерді береді. Егер иерархиялық қағида негізінде басқару жүйесінің тұрақтылығы қамтамасыз етілсе, онда екі жақты байланыс қағидасы негізінде оның қызмет нәтижесінде үздіксіз тұрақты бақылау жүргізу мүмкіндігі туады.

Бизнес – бұл адамдарды, яғни тұтынушыларды өз қаржысын сізге беруге ынталандыратын өнер. Бұл өнер коммерция заңдарына, кәсіпкерлердің үлкен еңбегі мен тәжірибесіне негізделеді. Кәсіпкерлік өндірістің, нарықтың және бүкіл қоғамның дамуына ықпал етеді.

Сонымен нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік – шаруашылық қызметінің маңызды түрі. Оның рөлін Адам Смит былай деп бағалаған болатын: «Кәсіпкер өз мүддесіне де қызмет етеді». Қазіргі экономика кәсіпкерлікті шаруашылықты ұйымдастырудың түрі ретінде анықтайды. Кәсіпкерлердің экономиканы өрлетуге қосар үлесі өте зор.

Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерліктің даму мәселесі - өзекті мәселелрдің бірі болып табылады. Өйткені нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық экономиканы дамытудың кепілі.

Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың түпкілікті мақсаты әлеуметтік проблема – халықтың өмірін жақсарту проблемасын шешуге бағытталған. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл мақсатқа экономикалық қатынастардың кәсіпкерлік типі сәйкес келеді. Оның негізгі белгілері: батыл бастама толық еркіндік пен жауапкершілік, нарық коъюнктурасын бақылау мен қажеттілікті іздеу, бәсекелік күрес тактикасы мен инвестициялау мәселелерін талдау.

Республикада кәсіпкерлікті дамытуға үлкен ден қойылып, бірқатар заңдар мен жарлық, қаулылар қабылданған.

Қазақстанда құрылған кәсіпкерлік субъектілерінің басым бөлігі сауда саласында қызмет жасайды. Өйткені сауда немесе коммерциялық бизнес басқа бизнес түрлеріне қарағанда жақсы дамыған.

Сонымен кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ең қарапайым формасы – ол жеке кәсіпкерлік. Бұл жағдайда кәсіпкер жеке тұлға ретінде кәсіпорынның мәртебесін иеленбей-ақ өздігінен іс-қимыл жасайды. Жеке кәсіпкерліктің тағы бір түрі – жеке кәсіпорын, фирма. Бизнестің мұндай формасында мекеме құру құқы кез-келген азаматта бар. Бұл үшін жеке кәсіпорынды тіркеуден өткізіп, заңды тұлға мәртебесін алады.

2.5.Сызықтық құрылым. Басқарудың сызықтық жүйесінің ерекшелігі сол,әрбір бөлімше жоғары органдағы басқарманың біреуіне ғана бағынып, тек содан ғана тиісті нұсқаулар алады. Соның нәтижесінде ол өзіне бағынышты бөлімшені басқаруды қамтамасыз етіп, барлық басқару функцияларын дербес атқаратын болады (1-кесте).

Басқару функцияларының дамуы мен күрделене түсуіне байланысты сызықтық құрылым тиімділігі және қарапайымдылығына қарамастан кемшілікке ие болып отыр. Бұл проблема мынада: басшы өзіне бағынышты буындардың жұмысының барлық мәселелерін білетін болуға тиіс, ал мұның өзін жүзеге асыру қазіргі уақытта іс-жүзінде мүмкін емес.

Рекеттестікті ұйымдастыру және өкілеттіліктер - student2.ru

1-кесте Сызықтық құрылым

Басқарудың функционалдық құрылымы ілгері қарай жасалған зор қадам болды. Ол өндіріс ауқымының ұлғаюының, оның техникалық негізінің күрделене түсуінің болмай қоймайтын тәтижесі еді.

Фабриканы басқару үшін басшылық қағидасы ретінде бірінші рет Ф.Тейлор ұсынған функционалдық ұйымдастыру басшылардың мамандандырылуын енгізеді. Функционалдық құрылым бойынша басқару саласында негізгі өндірістік бөлімдермен қатар функционалдық қызмет көрсететін жоспарлау, жабдықтау, қаржы, еңбек ақы, кадрлар т.б. бөлімдер құрылып жұмыс жасайды (2-кесте).

Функционалдық құрылымның артықшылығы:

1) Саланы жақсы білетін, сондықтан да неғұрлым білікті шешім қабылдайтын маманның пайда болуы есебінен басқару тиімділігі арта түседі. Басқарудың оралымдылығы дамиды.

2) Бұл құрылым ұйым мақсатын орындауға қажетті басқарушылық және өндірістік еңбек бөлінісін қамтамасыз етеді.

3) Сызықтық басшылардың жұмысын жеңілдетіп, олардың тұтас алғанда бүкіл жүйеге қатысты жалпы мәселелерге көбірек көңіл бөлуіне мүмкіндік береді.

Функционалдық құрылымның кемшілігі:

1) Басқару күрт қиындайды – бағынышты бірінші кезекте кімнің үкімін орындауды, нұсқауларды бір-бірімен қалай үйлестіруді білмейді.

2) Функционалдық басқару жағдайында дара басшылық қағидасы сақталмайды.

3) Функционалдық қызметтердің көптігіне қарай шешімдер неғұрлым ұсақ, жек сипат алады. Мұның өзі басқаруды тым ұсақ, қарапайым, маңызсыз әрекетке душар етеді.

       
   
Ұйым басшысы
 
  Рекеттестікті ұйымдастыру және өкілеттіліктер - student2.ru

2-кесте. Функционалдық құрылым.

Басқару құрылымының бұл түрі сызықтық және функционалдық басқару ұйымдарында пайда болған қиындықтардың әсерінен туындайды. Аталған құрылымда А.Файоль кеңінен насихаттады. Кейде бұл жүйе шоғырланған басшылық жүйесі деп те аталады. Сызықтық құрылым негізге алына отырып, маңызды проблемалар бойынша мамандар шоғырланған штабтар құрылады (3-кесте). Штабтар білікті шешімдер әзірлейді, дегенмен бұл шешімдерді сызықтық басшы бекітіп, оларды орындау үшін төменгі қабаттарға береді.

Бұл құрылымның басты артықшылығы – шешімдер әзірлеген кезде дара басшылық білікті мамандар қызметімен ұштастырылады. Кемшілігі: проблмалар көп болған жағдайда штаб ұлғая бастайды, сызықтық басшыға түсетін салмақ орасан зор артып кетеді.

Басқаруды мамандандыру процесінің тереңдеуі басқару жүйесін қиындатып, күрделі жүйелердің икемділігін талап етеді. Осы тұста аталған құрылымдарға жаңа элменеттер енгізіледі, олар мыналар:

- жоба бойынша басқару;

- өнім бойынша басқару;

- жаңалықтар енгізу қызметі;

- матрицалық құрылымдар.

Рекеттестікті ұйымдастыру және өкілеттіліктер - student2.ru

3-кесте. Сызықтық-штабтық құрылым.

Бағдарламалық-мақсаттық әдістемелерінің дамуына байланысты күрделі техникалық жүйелерді тиімді басқаруға бағытталған жобалық құрылым орын алады (4-кесте). Бұл құрылымда ғылыми-өндірістік қызметтің барлық саласындағы бүкіл бөлімшелер тікелей бағдарлама басшысына бағынады және бұл жағдай құрылымға артықшылықтар әкеледі. Кемшілігі: бағдарламалар арасындағы қажетті жағдайда мамандарды қайта бөлісудің қиындығы, осыдан туындайтын тиімді еңбек бөлінісінің күрделілігі. Жобалау қызметі – уақытша құрылым дегенмен барлық қажетті ресурстарымен қамтамасыз етіледі. Құрылым өзіне жүктелген міндеттерді орындағаннан кейін не таратылып жіберіледі, не жаңа жоба алады.

Жоба бойынша басқару сызықты басшылықты нақтылап, дәлдей түседі және толықтырылады. Бәсеке жағдайы, технология мен тұтынушылар талабына тез арада бейімделуіне мүмкіндік туындайды.

Рекеттестікті ұйымдастыру және өкілеттіліктер - student2.ru

4-кесте. Жобалық құрылым.

Ұйымдастырудағы мақсаттық басқару мен мамандандырылған бөлімшелерді басқарудың тиімді үйлесімін беретін бірден-бір құрал болып матрицалық құрылым табылады (5-кесте). Матрицалық құрылым екі құрылымды, сызықтық-функционалдық және бағдарламалық-мақсаттық құрылымдарды ұштастыруды, яғни ұйымдағы жекелеген қызмет салаларымен қатар, нақтылы мақсатты орындайтын бағдарламалық бөлімдер мен олардың басшылар орын алады. Мұның өзі бағдарлама басшыларының міндеттерді жүзеге асыруда орындалу мерзімін және мүмкіндіктерді тура бағалап, іздестіру, жаңалықтар енгізу мен еркін әрекет етуіне жағдай жасайды. Сонымен қатар, көлбеу басшылықтың арқасында бөлім басшыларының мамандарды еркін ауыстыруы, тиімді пайдалануы және тиісті жұмыстармен толық қамтамасыз етуі арқылы барлық қызметтерді мұқият ұйымдастыруға жағдай жасалынады.

Бірқатар қиындықтар тудыратын жағдай сол, матрицалық құрылымда дара басшылық қағида орындалмайды. Осыдан барып, әртүрлі келіспеушіліктер, үйлесімсіздік туындауы мүмкін. Сондықтан да матрицалық құрылым басқару қызметкерлерінен жоғарғы кәсіптілік пен ұйымдастырушылық қабілетті талап етеді.

 
  Рекеттестікті ұйымдастыру және өкілеттіліктер - student2.ru

5-кесте. Матрицалық құрылым.

Өзіндік бақылау сұрақтары:

1. Басқарудың негізгі принциптері

2. Ең аз ықпал ету принципі

3. Билікті деконцентрациялау

4. Билікті децентрализациялау

5. «Сәйкес келу» принципі

6. Жүйенің негізгі мінездемелері

7. Орталықтандырылған және орталықсыздандырылған жүйелер

Бақылау тесттері:

question>Өндірісті басқарудағы ұйымдық құрылым түрлері

<variant>Сызықтық, функционалдық, матрицалық

<variant>Сызықтық, жоспарлық, бағдарламалық

<variant>Матрицалық, бағдарламалық, мотивациялық

<variant>Жоспарлық, мотивациялық, функционалдық

<variant>Матрицалық, функионалдық, басқарушылық

<question>Ұйымдық құрылымды қалыптастырудың дұрыс қағидасын атаңыз

<variant>Жарлық беру мендербес жауапкершіліктің тұтастығы

<variant>Бірінші кезеңте кімнің үкімін орындауды үйлестіре білу

<variant>Барлық жүйеге қатысты мәселелерге көңіл бөлуге мүмкіндік беру

<variant>Білікті шешім қабылдайтын маманның болуы

<variant>Сызықтық басшылардың жұмысын жеңілдету

<question>Функционалдық құрылымның артықшылығы

<variant>Сызықтық басшылардың жұмысын жеңілдетеді

<variant>Жарлық беру мен дербес жауапкершіліктің тұтастығы

<variant>Бірінші кезекте кімнің үкімін орындауды үйлестіре білу

<variant>Жұмыс барысын бақылаудың өрістеуі мен үздіксіздігі

<variant>Сызықтық және функционалдық басшылықтың арасындағы дәл шекараны анықтау

<question>Сызықтық құрылымның кемшілігі неде?

<variant>Функционалдық құрылымның болмауы

<variant>Шешімдердің жеке сипат алуында

<variant>Бірінші кезекте кімнің үкімін орындауды үйлестіре білмеуі

<variant>Басқару жағдайында қызметтердің көптігі

<variant>Қызметшілердің маңызсыз әрекеті

<question>А. Маслоу бойынша қажеттілік пирамидасындағы категориялар мыналар:

<variant>Әлеуметтік қажеттілік, өзін-өзі көрсету қажеттілігі

<variant>Икемділік пен үнемділік қажеттілігі

<variant>Қызметтік нақты шектеу қажеттіліктері

<variant>Билікке, жетістікке, қатыстылыққа

<variant>Нәтижеге жету қажеттіліктері

Әдебиеттер:

1. Теория и практика менеджмента /Под ред.д.э.н., профессора Кубаева К.А.-Алматы: Қазақ Университеті, 2005

2. АхметовҚ.Ғ., Сағындықов Е.Н., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Жұмаев Ж.Ж. Менеджмент негіздері. Оқулық.

3. Бердалиев К.Б. Основы менеджмента.-Алматы. КазГАУ, 1999

4. Виханский О.С., Наумов А.И. Менеджмент: Учебник.-3-е изд. –М.: Гардарики, 1999

5. Управление организацией /Под ред. Поршнева А.Г., Румянцевой З.П., Соломатина Н.А. – М.: ИНФРА, 1999

Наши рекомендации