Лексикалық тақырып: Отбасы. Неке. Баспана. Бала тәрбиесі.

Отбасы - бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді кажеттіліқтерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.Отбасы – десе әр адам өзіне қатысы бар деп ойлайтыны анық жағдай. Отбасын ата – ана және бала құрайды. Оның кез – келген мүшесі бақытты да төрт құбыласы тең болуды қалайды. Бірақ сондай жағдайды жасауға біреу әрекет қылса, біреу құдай берер деп көктен күтумен уақыт оздырары белгілі жағдай.

Отбасының маңызды сипаты - оның қызметі, құрылымы және динамикасы болып табылады.Отбасы — адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын — тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі.

Ата-ана да өздері жанұя құрған кезде бір-біріне шексіз сүйіспеншілікпен, махаббатық сезімдері табысқан кезде қалыптасады. Әке мен ананың арсындағы сыйластық, өз ара түсінушілік, олардың бір-бірін ұғынысуы, сыйласуы, қандай мәселер болсын, материалдық, әлеуметтік, қоғамдық және әкономикалық мәселерді шешуде пайымды шешімдер тауып жатса, бұл отбасының берекесі мен берері де мол болатны мәлім. осы мәселе қазіргі кезде еуропалық дәстүрге көбірек бой ұрып барады. Яғни қазақ болмыстан айырылып, бала тәрбиесі, отбасы берекесі келесіз жәйттерге бой ұрыа бастады. Ата-аналардың татулығы отбасының күре тамыры болып табылады. Өйткені ол балаға берілетін тәрбие және әлеуметтік мәселелердің тууына әкеп соқтыратын осыдан туындап жатады. Ал олардың атқаратын міндеттері шексіз де шетсіз де.

Ата-аналардың балалары алдында олардың денсаулығының дұрыс жетіліп өсуін қамтамасыз ету, тәрбие беру, білім беру, үй болып, аяққа тұрып ел қатарына қосылып кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауы, ал балалары алдында ата-анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы секілді міндеттері ұштасып жатады. Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналар алдына үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр.

Неке – отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі – зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз қажет. Егер неке тіркелмесе де, бірақ еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады (қараңыз азаматтық неке). Егер кәмелетке толған балалары ата – анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлық жасап, материалдық көмек көрсетсе – бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата – анасыз бірге тұрып, бір – біріне қамқорлық жасайтын болса – бұл да отбасы. Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайын қатынастар отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, ізгілік - өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылық өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет – ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу)

Тәрбие мәселесінің қаншалықты маңызды екенін Абдолла Аблонидің тәрбиеге байланысты айтқан: “Тәрбие – біз үшін не өмір, не өлім, не құтылу, не бақыт, не қайғы мәселесі”, — сөзінен белгілі.

Орындалатын тапсырмалар:

Отбасы дегенді өзіңіз қалай түсінесіз ?

Сіздің отбасыңызда кім басты рөл атқарады ?

Отбасы мәселесін негізінен кім шешеді ?

Неке мәселесіне көзқарасыңыз қандай ?

Қоршаған ортаңызда бұл мәселеге қалай қарайды,пікір айтады ?

Отбасында ата аналарыңыз қандай өсиет айтады ?

· Қандай мерекелер тойланады?

1. Шілдехана

2. Бесік тойы

3. Туған күн

4. Үйлену тойы

5. Мектеп бітіру тойы

· Отбасы мүшелері бір - біріне көмектеседі. Қалай?

1. Ақшалай

2. Ақылмен

3. Тәрбие береді

4. Сыйлайды.

5. Қорытынды:

А) Жанпейісова тәсілі бойынша кестені толтыру:

Ой тұжырымды дәлелдеу.

Ой тұжырым ИӘ/жоқ

+/-

1. Қоғам - адамды қоршаған орта +

2. Отбасының басшысы болмайды.-

3. Мен - отбасы мүшесімін.+

4. Отан - қоғам +

5. Туыстар - қоғам мүшесі. +

6. Қоғамның белгілі ортасы, аймағы болады. +

7. Бюджет - отбасы қоры. +

8. Отбасының мерекелері болмайды. -

9. Үй - отбасының тұрағы.+

10. Отбасы - тәрбие көзі.

Мақалды жалғастырыңыз:

Өз үйім өлең төсегім.

***

Үй ішінен жау шықса,

Тұра қашып құтылмассың.

***

«Сіз», «біз» - деген жылы сөз,

Ағайынға жарасар.

***

Інісі бардың тынысы бар,

Ағасы бардың жағасы бар.

***

Төркін десе қыз төзбейді,

Көкпек десе түйе төзбейді.

***

Балаң жаман болса,

Көрінгеннің мазағы.

***

Бала, баланың ісі шала.

***

Балам – балым,

Баланың баласы – жаным.

***

Қарға баласын аппағым дер,

Кірпі баласын жұмсағым дер.

***

Атаның көңілі балада,

Баланың көңілі далада.

***

Торғай жаңбыр жауса баласын қорғар,

Бұршақ жауса, басын қорғар.

***

Жалғыз түйе бақырауық,

Жалғыз бала жылауық.

***

Жылайын деген бала әкесінің сақалымен ойнайды.

Бала – ананың бауыр еті.

***

Бала қадірін балалы болғанда білерсің.

***

Балалы үй базар,

Баласыз үй қу мазар.

***

Балаға пышақ бермесең бір жылар,

Берсең екі жылар.

***

Ат болатын тай саяққа үйір,

Адам болатын бала қонаққа үйір.

***

Ат болатын құлынның,

Бауыры жазық келер.

Адам болар баланың,

Маңдайы жазық келер.

***

Немере етін жеп, сүйегін берер.

***

Бас екеу болмай,

Мал екеу болмас.

***

***

Жылы – жылы сөйлесең,

Жылан інінен шығады.

***

Жақсы әйел жаман еркекті ер қылады,

Жаман еркек жақсы әйелді жер қылады.

***

Жақсы таз басын жасырмайды,

Жақсы әйел асын жасырмайды.

***

Қалған көңіл шыққан жанмен семіреді.

***

Шын жыласа соқыр көзден жас шығады.

***

Қайғысыз қара суға семіреді.

***

Аталастың аты озғанша,

Ауылдастың тайы озсын.

Қарға тамырды қазақпыз.

Сұраса келе қарын бөле болып шығамыз.

Өз жұрттың - күншіл,

Нағашы жұрттың – сыншыл,

Қайың жұрттың міншіл келеді.

Қартың болса, жазып қойған хатпен тең.

Немере етін жеп, сүйегін қалдырады.

Өз балаңды өскенше бағасың,

Немереңді өлгенше бағасың.

Екі аяқтыда бажа тату, төрт аяқтыда бота тату.

Еркек сергек ұйықтаса, ырыс бітеді,

Әйел сергек ұйықтаса, жұмыс бітеді.

Ағасы бардың жағасы бар,

Інісі бардың тынысы бар.

Ұлың өссе, ұлы жақсы мен ауылдас бол

Қызың өссе,қызы жақсымен ауылдас бол.

Ағаның үйі – ақ жайлау.

Қонақ асына емес қабақ – қасыңа риза.

Қонақ жаман болса, үй иесі қалдырады,

Үй иесі жаман болса, қонақ қыдырады.

Келінің жаман болса, ұлыңнан көр.

Күйеуің жаман болса, қызыңнан көр.

Бойымдай бой табылса да,

Ойымдай ой табылмас.

***

Тіріде сыйласпаған,

Өліде жылыспайды.

***

Өз үйім өлең төсегім.

***

Үй ішінен жау шықса,

Тұра қашып құтылмассың.

***

«Сіз», «біз» - деген жылы сөз,

Ағайынға жарасар.

***

Інісі бардың тынысы бар,

Ағасы бардың жағасы бар.

***

Төркін десе қыз төзбейді,

Көкпек десе түйе төзбейді.

***

Балаң жаман болса,

Көрінгеннің мазағы.

***

Балам – балым,

Баланың баласы – жаным.

***

Қарға баласын аппағым дер,

Кірпі баласын жұмсағым дер.

***

Атаның көңілі балада,

Баланың көңілі далада.

***

Торғай жаңбыр жауса баласын қорғар,

Бұршақ жауса, басын қорғар.

***

Жалғыз түйе бақырауық,

Жалғыз бала жылауық.

***

Балалы үй базар,

Баласыз үй қу мазар.

***

Балаға пышақ бермесең бір жылар,

Берсең екі жылар.

***

Ат болатын тай саяққа үйір,

Адам болатын бала қонаққа үйір.

***

Немере етін жеп, сүйегін берер.

***

Бас екеу болмай,

Мал екеу болмас.

Сүйгенін шұнағым дейді.

***

Жақсы әйел жаман еркекті ер қылады,

Жаман еркек жақсы әйелді жер қылады.

***

Аталастың аты озғанша,

Ауылдастың тайы озсын.

Наши рекомендации