Кесте - Кредиттеу шарттары

Бизнес-жоспар

Сүтті мал тұқымын өсіретін фермалар ашу

кесте - Кредиттеу шарттары - student2.ru

2016 жыл

Мазмұны

Кестелер тізімі 3

Суреттер тізімі 4

Резюме. 5

Кіріспе. 7

1. Жобаның тұжырымдамасы.. 8

2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы.. 9

3. Өндірістер бағдарламасы.. 11

4. Маркетингтік жоспар. 12

4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы.. 12

4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер. 16

4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағасы, күтілетін өзгерістер. 17

4.4 Маркетинг стратегиясы.. 19

5. Техникалық жоспарлау. 20

5.1 Техникалық процесс. 20

5.2 Ғимараттар мен құрылыстар. 20

5.3 Жабдық және инвентарь (техника) 21

5.4 Коммуникациялық инфрақұрылым.. 22

6. Ұйымдастыру, басқару және құрам.. 23

7. Жобаны іске асыру. 24

7.1 Іске асыру жоспары.. 24

7.2 Жобаны іске асыру шығындары.. 24

8. Пайдалану шығыстары.. 25

9. Жалпы және әкімшілік шығыстар. 26

10. Қаржыландыру қажеттілігі 27

11. Жобаның тиімділігі 28

11.1 Cash-flow проекциясы.. 28

11.2 Пайда мен залалдардың есептері 28

11.3 Баланс проекциясы.. 28

11.4 Қаржы индикаторлары.. 28

12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер. 30

12.1 Жобаның әлеуметтік-экономикалық мәні 30

12.2 Қоршаған ортаға әсер. 30

Қосымшалар. 32

Кестелер тізімі

1-кесте – Өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы

2-кесте - Жоспарланған сату бағдарламасы

3-кесте – Өнімнің жоспарланған бағасы

4-кесте – 2011 жылғы 1 қаңтарға ҚР мал шаруашылығының негізгі даму көрсеткіштері (барлық санаттағы шаруашылықтарда)

5-кесте – Сиырдың қажет етілетін түрі санының серпіні, бас

6-кесте – ҚР 2009-2010 жж. мал шаруашылығы өнімдері шикізатын қайта өңдеу өндірісі және импорты, тонна

7-кесте – Мал санының өсуі, таза салмағы, генетикалық әлеуетін дамыту

8-кесте – Сиыр қора аумағының есебі

9-кесте – Ферма үшін қажетті жабдықтар тізбесі

10-кесте – Жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары

11-кесте - 2012 ж. Инвестициялық шығындар

12-кесте – Бір айдағы ауыспалы шығыстар, ҚҚС-сыз

13-кесте – Кәсіпорынның бір айдағы жалпы және әкімшілік шығыстары, мың тг

14-кесте – Еңбекақы төлеу шығыстарының есебі, мың тг

15-кесте – Жобаның инвестициялары, мың теңге

16-кесте – 2012 жылға арналған қаржыландыру бағдарламасы, мың теңге

17-кесте - Кредиттеу шарттары

18-кесте – Кредит бойынша төлемдер, мың тг

19-кесте – Өнімділік көрсеткіштері, мың тг

20-кесте – Баланстық есеп коэффициенттері

21-кесте – Жобаның қаржылық көрсеткіштері

22-кесте - Жобаның залалсыздығын талдау, мың тг

23-кесте - Болжамдау кезеңіндегі салықтық түсімдердің көлемі (7 жыл)

24-кесте – Жобаның шеңберінде табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру кестесі

Суреттер тізімі

1-сурет – Солтүстік Қазақстан облысындағы ІҚМ басы, жылдың соңына, мың бас

2-сурет – Жалпы ІҚМ басы саныдағы Солтүстік Қазақстан облысының үлесі

3-сурет – Сауылатын табында, типті малда және базалық шаруашылықтардағы селекциялық ядрода 1 сырдан орташа сауылатын сүт

4-сурет – Солтүстік Қазақстан облысындағы сүттің барлық түрінің өндірісі, мың тонна

5-сурет – Өндірілген сүттің жалпы көлеміндегі Солтүстік Қазақстан облысының үлесі (2010 ж.), %

6-сурет – Солтүстік Қазақстан облысында сүтті қайта өңдеу ңәсіпорындарын саралау

7-сурет - Ұйымдастыру құрылымы


Резюме

Жобаның тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының Солтүстік Қазақстан облысында (бұдан әрі – Солтүстік Қазақстан облысы) сүтті мал тұқымын өсіру фермаларын ашуды қарастырады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты оған қатысушының материалдық әл-ауқатын жақсарту үшін пайда табу болып табылады.

Жоспарланған кәсіпорынның нысаналы тобы қызметтерді тұтынушылар – облыс пен жақын орналасқан аудандар тұрғындары болып табылды..

Сиыр қора үшін “СПАЙДЕР-В” жүйесіндегі жылы ғимаратты сатып алу жоспарлануда.

Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар мыналарды қамтиды:

Шығыстар, мың тг. 2 012
Негізгі капиталға инвестициялар 76 906
Негізгі капитал 3 730
Барлығы 80 636

Жобаны қаржыландыруды жоба бастамашысының өз қаражаты есебінен сияқты қарыз капиталы есебінен де жүзеге асыру жоспарлануда.

Қаржыландыру көзі, мың тг . Сома Кезең Үлес
Өз қаражаты 28 073 01-06.2012 35%
Қарыз қаражаты 52 563 01-06.2012 65%
Барлығы 80 636 100%

Кредиттеудің келесі шарттары қабылданды:

Кредит валютасы теңге
Пайыздық ставка, жылдық 7%
Өтеу мерзімі, жыл 7,0
Пайыздар мен негізгі борышты төлеу ай сайын
Пайыздарды өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай
Негізгі борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай
Негізгі борышты өтеу түрі тең үлестермен

Жобаның 7 жылына арналған кәсіпорын қызметі тиімділігінің көрсеткіштері.:

Жылдық пайда (7 жыл), мың тг. 16 959
Активтердің рентабельділігі 20%

11% дисконттау ставкасы кезінде инвестицияланған капиталдың дисконтталған таза кірісі 5 жылда 33 874 мың теңгені құрады.

Ішкі кірістілік нормасы (IRR) 20%
Ағымдағы таза құны (NPV), мың теңге 33 874
Жобаның өзін-өзі ақтауы (жай), жыл 5,4
Жобаның өзін-өзі ақтауы (дисконтталған), жыл 6,7

Жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады:

· Жаңа жұмыс орындарын құру, бұл жұмысшылардың тұрақты кіріс алуына мүмкіндік береді;

· сүтті мал тұқымын өсіретін жаңа фермалар құру;

· Солтүстік Қазақстан облысының бюджетіне салықтар мен басқа да аударымдардың түсуі.

Жобаның әлеуметтік әсерінің арасынан мынаны бөліп көрсетуге болады:

· халықтың сүт өнімдеріне деген сұранысын қанағаттандыру.

Кіріспе

Қазақстан - барынша аз еңбек және қаржы шығынымен шаруашылықтарға үлкен кіріс әкелетін малды ұстаудың жайылымдық нысандарын дамыту үшін табиғи мүмкіндікіері мен жергілікті халықтың тарихи қалыптасқан дағдылары мол маңызды мал шаруашылы аудандарының бірі.

Қазақстан өзінің ерекше табиғи жағдайларымен және жергілікті халықтың еңбек дағдыларымен ертеден бері ірі мал шаруашылығы аудандарының бірі болып саналады.

Тың және тыңайған жерлерді игергенге дейін елуінші жылдардың ортасында мал шаруашылшығы республиканың ауыл шаруашылығының басты саласының бірі болып табылады. Егіншіліктің тез дамуына қарамастан тың жерлерді игерген уақыттан бастап Қазақстан экономикасындағы мал шаруашылығының маңызы қазірдің өзінде зор.

Ірі қара мал өсірілетін негізгі аудан – Солтүстік Қазақстан – республиканың егіншілік барынша игерілген бөлігі. Бұл жерде барлық ірі қара мал басының шамамен 501 пайызы орналасқан.

Ірі қара мал өсіретін екінші бір маңызды аудан Оңтүстік және Шығыс Қазақстанның таулы өңірі. Бұл жерде барлық мал басының шамамен 30 пайызы бар. Республикада өсірілетін ірі қара мал тұқымынан сүтті-етті қырдың қызыл, алатау, талас тұқымдарын және ет бағытындағы қазақтың ақбас сиырларын ерекше атап өтуге болады.

Мал шаруашылығы Қазақстанда барлық жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің шамамен 43% құрайды. Мал шаруашылығы Қазақстанның негізгі стратегиялық экономикалық міндеттерінің бірі болып табылады және ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуының, тамағы мен кірісінің негізгі көзі болып қала береді.

Республиканың маңызды малшаруашылық салалары қой шаруашылығы және мал шаруашылығы болып табылады, сондай-ақ шошқа шаруашылығы, құс шаруашылығы, жылқы шаруашылығы мен түйе шаруашылығы да дамыған. Республиканың шығысында марал шаруашылығы дамыған.

Табиғи мал жайылымдарының сипаттамасы ең алдымен қой шаруашылығын, етті мал шаруашылығын дамытуды алдын ала айқындайды, Республикада өндірілген еттің шамамен 65% осылардың үлдесінен тиеді.

1. Жобаның тұжырымдамасы

Жобаның тұжырымдамасында сүтті мал тұқымын өсіру фермаларын ашу қарастырылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты оған қатысушының материалдық әл-ауқатын жақсарту үшін табыс алу болып табылады..

Өнімнің негізгі түрлері ІҚМ сүті мен еті болып табылады..

Жоспарланған кәсіпорынның нысаналы тобы қызметтерді тұтынушылар - облыстың және Петропавл қаласының халқы болып табылады..

Өнімнің басымдылығын мыналар құрайды:

- жоғары технологиялы және заманауи жабдықтарды пайдалану;

- экологиялық;

- демократиялық бағалар.

Сиыр қораға арналған орын-жайдың жалпы алаңы 1 060 шаршы метрді құрайды.

Бұл бизнес – жоспар басшылыққа алатын соңғы нұсқа емес, тек осындай бизнес-идеяны дамытудың әлеуетті мүмкіндігінің көрсеткіші ғана болып табылады. Сондықтан да осы жобаны іске асыру кезінде жобаның бастапқы өлшемдері өзгеруі мүмкін. Шығаруға жоспарланған өнімнің бәсекелестік басымдығын, сондай-ақ сатып алынатын жабдықтың айырықша ерекшелігін барынша ашып көрсету қажет.

2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы

кесте - Кредиттеу шарттары - student2.ru Сиыр, ешкі, қой және басқа да жылы қандылардың сүті емшек бездерінде – желінінде қан арқылы келетін азықтық заттардың күрделі құрылымдалуы арқылы пайда болады. 1 л сүтті синтездеу үшін желіннен 400-500 л қан өтуі тиіс. Сүт және сүт өнімдері өзінің азықтық құндылығымен ерекшеленеді.

Сүт және көптеген сүт өнімдері тез бұзылатын өнімдер санатына жатады, өйткені микроағзалардың дамуы үшін өте қолайлы орта болып табылады. Оған жаңа сауылған сүт жатпайды, сауылғаннан кейін 2-3 сағат бойы құрамында микробқа қарсы табиғи заттарының болуы арқасында оның сақталу тұрақтылығы жоғары болады. Бұзаулағаннан кейін 6-8 күн бойы оның сүті уыз болады, түсі сарғылт, қоймалжың, ерекше иісі және дәмі қышқылтым болып келеді.

Сүт өнімдері мынадай топтарға бөлінеді: сүт өнімдері – сүт, кілегей, қышқыл сүтті сусындар, қаймақ, ірімшік, сыр; сүт консервілері; май; балмұздақ.

Қазақстан Республикасында 6 сүтті мал тұқымы және 2 сүт-ет бағытындағы аралас өнімді тұқымы тараған.

Сүтті мал тұқымының 5-і бейімделген болып табылады.

Қара-ала сиырлар барынша көп және Ресейден, Литвадан, Латвиядан, Эстониядан әкелінген болып табылады. Қазіргі уақытта малдың осы тұқымы елдің барлық табиғи-климаттық аймақтарында өсіріледі. Сиырлардың өнімділігі 2,2-6,0 мың кг сүт көлемінде және одан жоғары аралықты қамтиды.

Қырдың қызыл тұқымды сиыры негізінен республиканың солтүстігінде және ішінара батыс өңірінде (Ақтөбе облысы) тараған. Республикада осындай тұқымды сиырдан орташа 2,0-4,0 мың кг сүт алынады. Өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап қырдың қызыл тұқымды сиырларының сүт өнімділігін арттыру мақсатында оларды эстондық қызыл, латвиялық күрең, даттық англер және қызыл тұқымдылармен будандастыру жүргізілді. Соңғы 20 жылда будандастыруда қызыл-ала голштиндар пайдаланылады. Селекциялау жұмысы сауымында 4,5-5,0 кг сүт беретін қырдың қызыл малынан мол сүт алуға бағытталған.

Латвиялық күрең тұқым бір асыл тұқымды табынның шеңберінде ғана ұсталады және тауарлы сүт өндірісінде ерекше орын алмайды.

Симментал, қара ала, әулиеата тұқымдарының сүттілігін ұлғайту үшін селекцияға қатысқан Айрышир тұқымы қазіргі уақытта жойылған.

Сүт бағытындағы өнімді малдардың арасында Оңтүстік Қазақстан және ішінара Жамбыл облыстарында кеңінен тараған отандық әулиеата қара-ала тұқымын бөліп көрсетуге болады.

Бұл тұқымның ерекшелігі Оңтүстік Қазақстанның ыстық ауа райына, таулы алқаптар мен таулы шалғындарда жайылымда ұстауға бейімділігі, сондай-ақ қан арқылы жұғатын ауруларға (тейлериоз, приоплазмоз) тұрақтылығы болып табылады. Осы тұқымның негізінде қара-ала тұқым мен Еуропадан, Солтүстік Америка мен Канададан әкелінген голштиндер генефондын пайдалана отырып ішкі сүтті қара-ала тұқымды алуға арналған селекция жүргізілуде.

Сүтті-етті тұқымдар отандық алатау және бейімделген симментал тұқымдары арқылы ұсынылады.

Алатау тұқымы жергілікті қазақтың малын Еуропадан әкелінген швиц тұқымымен будандастыру арқылы алынды және 1950 жылы дербес тұқым ретінде танылды. Республиканың оңтүстік-шығысында кеңінен тараған. Көптеген асыл тұқымды шаруашылықтарда майлылығы 3,8-4,0% 4 000 – 5 500 мың кг сүт сауылады. Жас малдар денесінің ірілігімен ерекшеленеді және жақсы бордақыланған тайыншалар 18 айда 500 кг таза салмаққа жетеді, оның массасының 1 кг өсіміне 6,5-7,0 жемазық бірлігі жұмсалады.

Алатау тұқымында сауылымында 5,0 кг сүт, тұқымдық ядросында тиісінше 7,0-11,0 мың кг сүт беретін американыдық селекцияның швицтерін пайдалана отырып ішкі тұқымдық күрең «Ақ-Ырыс» түрі алынды.

Ірі қара малдың симментал тұқымы Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында кеңінен тараған елімізге бейімделген ертеден келе жатқан түрлерінің бірі. Симментал малының негізгі массиві қазақ, қалмық, қырдың күрең тұқымдарын Ресейден, Украинадан, Австриядан , Швейцария мен Германиядан әкелінген бұқалармен будандастыру арқылы (1932-1950 жж.) алынды.

Қазіргі уақытта монбельярд, немістің ала, айыршир және қызыл-ала голштин тұқымдарымен күрделі будандастыру жолымен ішкі тұқымдық қызыл ала түрі алынды (2009ж.).

3. Өндірістер бағдарламасы

1- кестеде өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы берілген

1-кесте – Өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы

Көрсеткіш (жылдық) 2 012 2 013 2 014 2 015 2 016 2 017 2 018
Сауылған сүт л. 196 425 261 900 292 455 323 010 328 030 394 814 414 097
Сиыр басы, бас
Орташа бір сиырдан сауылған сүт, л/жыл 5 820
Ет өндіру, тн.

Сату бағдарламасы жүргізілген маркетингтік зерттеулер (тұтынушылардың басымдық берулерін айқындау мақсатында) нәтижелерінің негізінде, сондай-ақ жарнамалық акциялар мен өнімді жеткізуге келісімшарттар жасасу жолымен жүзеге асырылатын болады..

2-кесте - Жоспарланған сату бағдарламасы

Кірістер бабы Сатудың басталған күні
Сүт сату с 04.12 20 952 20 952 23 396 25 841 26 242 31 585 33 128
Ет сату с 01.13 11 856 12 650 15 715 13 071 17 683 17 579
Барлығы 20 952 32 808 36 047 41 556 39 313 49 268 50 707

Бағаны қалыптастырған кезде тұтынушылардың орташа табыстары арқылы айқындалатын сатып алу қабілеттіліктері ескерілді.

Бағаны қалыптастыру нарықтық бағалар мен өнімнің өзіндік құнына негізделген.

3-кесте – Өнімнің жоспарланған бағасы

Сүт тг./литр ҚҚС-сыз
Сиыр еті тг./кг. ҚҚС-сыз

Сүтке баға сатып алу бағасы (ыдыстағы сүттің нарықтық бағасы - 125 тг./литр) сатып алу бағасына байланысты есептелді. .

Сиыр етінің бағасы нарықтық баға ескеріле отырып жасалды ("Казагромаркетинг" АҚ сайты).

Сату бағдарламасын есептеген кезде инфляция назарға алынған жоқ, инфляцияға бпайланысты бағаның көтерілуі кәсіпорынның сату бағасымен қатарлас жүретін болады..

4. Маркетингтік жоспар

4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы

Әлемдік ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 40 % мал шаруашылығының үлесіне тиеді, әлем бойынша бұл салада миллиард адам жұмыс істейді. Мал шаруашылығы – ауыл шаруашылығының барынша серпінді салалапрының бірі болып табылады. Соңғы он жыл ішінде сала тез дамыды және халықтың ұлғаюынан, әл-ауқатының артуы мен урбанизация есебінен мал шаруашылығы өнімдеріне деген сұраныс белсенді түрде өсетін болады.

Республикада шамамен 6,2 млн. ірі қара мал басы бар.

2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жалпы республика бойынша мал басы ұлғайды:

- ірі қара мал –1,1%-ға 6 160,4 мың басқа дейін;

- оның ішінде сиыр –2,3%-ға 2 778,8 мың басқа дейін;

- құс – 1,1%-ға 33 036,3 мың басқа дейін.

4-кесте – 2011 жылғы 1 қаңтарға ҚР мал шаруашылығының негізгі даму көрсеткіштері (барлық санаттағы шаруашылықтарда)

  2011 жыл 2010 жыл 2011 жылы 2010 жылға қарағанда
± %
Мал шаруашылығы өнімдері өндірісі
сойылатын тірі салмақтағы мал мен құсты сату, мың т 1 646,0 1 598,2 47,8 103,0
сиыр сүті, мың т 5 341,2 5 269,0 72,2 101,4
тауық жұмыртқасы, млн. дана 3 700,9 3 286,4 414,5 112,6
Мал мен құс саны, мың бас
ірі қара мал 6 160,4 6 095,2 65,2 101,1
оның ішінде сиыр 2 778,8 2 717,2 61,6 102,3
қой 15 167,4 14 660,8 506,6 103,5
ешкі 2 672,9 2 708,9 -36 98,7
шошқа 1 356,1 1 326,2 29,9 102,3
құс 33 036,3 32 686,4 349,9 101,1

Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі

1-сурет – Солтүстік Қазақстан облысындағы ІҚМ басы, жылдың соңына, мың бас

кесте - Кредиттеу шарттары - student2.ru

Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі

4-суретте көрсетілгеніндей, СҚО ірі қара маол басы жылдан жылға ұлғаюда.

2-сурет – Жалпы ІҚМ басы саныдағы Солтүстік Қазақстан облысының үлесі

кесте - Кредиттеу шарттары - student2.ru

Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі

Жалпы республика бойынша ІҚМ басының санындағы СҚО үлесі 5,8% құрайды.

Асыл тұқымды құрылымдарда бір сиырдан сауылатын сүт республика бойынша 2,5 мың кг қарағанда жылына 4,5 – 5,5 мың кг шегінде болуда.

Алатау тұқымында саны 2262 бас, асыл тұқымды табындардағы сауылымы 5,0 мың кг және одан жоғары, селекциялық ядросы бойынша сүті (n=200) 7,0-ден 11 тыс. кг дейінгі «Ақ-Ырыс» сүтті мал түрі алынды.

5-кесте – Сиырдың қажет етілетін түрі санының серпіні, бас

Түрі 2009 жыл 2010 жыл 2009 ж. қарағанда 2010 ж. %
Қоңыр «Ақ-Ырыс» 1 722 2 262 28,3
Қызыл-ала «Ертіс» 2 434 2 729 12,1
Қара-ала «Сайрам» 1 082 34,5
Түрлер бойынша барлығы 4 960 6 073 22,4 (орташа)

Ақпарат көзі: Мал шаруашылығындағы ірі көлемді селекцияның ақпараттық-талдамалық жүйесі

Симментал тұқымында табын бойынша жылына 4,4 мың кг сүт сауылатын малдың қызыл-ала сүтті «Ертіс» (2009 ж.) түрі алынды. Сиырдың қажет етілетін түрі (n=2 729) 4951 кг сүт береді, селекциялық ядросында (n=130) 5 888-ден 8 000 кг дейін.

Қара-ала тұқымында табын бойынша жылына 4812 кг сүт сауылатын, қажет етілетін түрі бойынша (n=1082) - 5005 кг және селекциялық ядросында сауылымында 6 800-ден 7 100 кг дейінгі қара-ала «Сайрам» малы түрін алу аяқталды.

3-сурет – Сауылатын табында, типті малда және базалық шаруашылықтардағы селекциялық ядрода 1 сырдан орташа сауылатын сүт

кесте - Кредиттеу шарттары - student2.ru

Республика бойынша базалық шаруашылықтарда жаңа типтер селекциялық топ

Ақ-Ырыс Ертіс Сайрам

Ақпарат көз: Мал шаруашылығындағы ірі көлемді селекцияның ақпараттық-талдамалық жүйесі

Қазақстандағы сүт және сүт өнімдері нарығының сыйымдылығы жылына 47 млрд. теңге сомасында 175 мың т. өнімді құрайды.. Бұл ретте жалпы массадағы импорттың көлемі өнімнің түріне байланысты 401%-дан 80%-ға дейінгіні иеленеді. .

Негізінен, Қазақстан қазір өзін сүтпен жақсы қамтамасыз етуде. Бірақ сиырлар өнімділігінің төмендігі мен фермалар тауарлылығының ұсақтығынан өнімділігі аз болуда және тиісінше сүт өнімдерін жеткізушілер бағаны көтеру арқылы орнын толтырғысы келетін табыс тііпті аз. Қорытындысында, олардың өнімдері халқының табысы мен зейнетақысы жоғары дамыған елдердеге қарағада бірден қымбаттап шыға келеді. Мәселенің мәні осында жатыр. Оның үстіне нарықтың ашық болуы елімізге бәсекелі өнімдерді әкелуде, бұл отандық өндірушіні тұралатып кетеді.

Жалпы республика халқы тұтынудың ұлттық нормалары бойынша сүт және сүт өнімдерімен толық қамтамасыз етілген. 2010 жылы әрбір қазақстандық орташа шамамен 300 кг сүт және сүт өнімдерін тұтынды (ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қайта өңдеу өнеркәсібі және аграрлық азық-түлік нарықтары департаментінің деректері).

2010 жылы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер зауыттарға 1,4 млн. тоннадан астам сүтті қпайта өңдеуге тапсырды. Өндірістің жалпы көлеміне қайта өңдеу үлесі 2010 жылы 30,4% құрады, бұл 2009 жылғы деңгейден 3,3% жоғары. Бұл ретте сүт өнімдерін өндіру көлемі ақшадай алғанда 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 23% ұлғайды. Ол 113,9 млрд. теңгені немесе шамамен 780 млн. долларды құрады.

Бүгінде 200 кәсіпорында сүт өнімдерін шығару жүзеге асырылады, қуаттылықты 71% пайдаланған кезде жылпы қуаттылығы жылына 2 млн. тоннадан астам сүт қайта өңделеді. Ақшадай алғанда сүт өнеркәсібінің үлесіне өндірілетін тамақ өнімдерінің жалпы көлемінің шамамен 17% келеді (Ауыл шаруашылығы министрлігі департаментінің деректері бойынша).

Сонымен бірге былтыр Қазақстан 355 млн. АҚШ доллары сомасының сүт өнімдерін импортқа шығарды. Бұл Ауыл шаруашылығы министрлігі департаментінің деректері бойынша республикаға келетін тамақ өнімдері импортының жалпы көлемінің 15%. Ауыл шаруашылығы министрлігі департаментінің деректері бойынша жақын шетелдерге сүт өнімдерінің барлық түрлерін жеткізудің өскені байқалады – атап айтқанда, Ресейге, Тәжікстанға, Өзбекстанға. Мысалы, 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда қышқыл сүт өнімдерінің экспорты 29% ұлғайды. Бірақ бұл өнімдер сыртқы сауда айналымына аса әсер ете алмайды.

Отандық сүт өнімдері сапасы мен бағасы бойынша тіпті ішкі нарықтың өзінде Кеден одағы елдері тарапынан қысымға ұшырауда (ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевтың айтуы бойынша).

Сүт саласы республиканың агроөнеркәсіп кешенінің жетекші саласы болды және болып қала береді, Қазақстанда өндірілетін тамақ өнімдерінің шамамен 20% астамы оның үлесіне тиеді. Бұдан басқа, бүгінде 43 әлеуметтік маңызды өнім түрінен тұратын Қазақстанның азық–түлік қоржынының 11% астамын сүт өнімдері құрайды. Республикада жан басына шаққанда сүт өнімдерін тұтынуы жыл сайын ұлғаюда, бізде және жалпы әлемде оған деген сұраныс артуда.

6-кесте – ҚР 2009-2010 жж. мал шаруашылығы өнімдері шикізатын қайта өңдеу өндірісі және импорты, тонна

Өнімнің атауы Өндіру Импорт Ішкі тұтынудағы мипорттың үлесі. %
% %
Шұжық тағамдары 33 550 34 353 102,4 20 951,4 12 406,2 59,2 38,4 26,5
Ет және ет өсімдік консервілері 4 511 7 467 165,5 3 329,6 1 699 42,9 19,3
Өңделген сұйық сүт және кілегей 193 438 241 693 124,9 38 819,7 35 259,3 90,8 16,7 12,7
Құрғақ сүт 2 769 2 294 82,8 10 028,6 11 434,7 89,1 83,3
Сары май 13 048 10 514 80,6 8 825,5 4 578,9 51,9 40,4 30,4
Сыр және ірімшік 11 446 12 536 109,5 20 201,3 17 533,2 86,8 66,5 59,5
Сүт және қоюлатылған кілегей 7 978 7 590 95,1 36 132,8 18 645,9 51,6 82,9
Қышқыл сүт өнімдері 80 432 93 236 115,9 29 346,8 21 503,2 73,3 26,8 18,8
Балмұздақ 11 522 13 238 114,9 10 111,3 8 013,2 79,2 47,3

Ақпарат көзі: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

Кестедегі деректер бойынша елде 114 % құрғақ сүт, 73,3 % қышқыл сүт өнімі, 51,9 % шетелде шығарылған май тұтынылады..

Солтүстік Қазақстан облысындағы сүт өндірісінің серпіні 3-суретте берілген

4-сурет – Солтүстік Қазақстан облысындағы сүттің барлық түрінің өндірісі, мың тонна

кесте - Кредиттеу шарттары - student2.ru

Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі

Суретте көрсетілгеніндей, СҚО сүт өндіру ұлғаюда. Егер, 2005 жылы 512,9 мың тонна сүт өндірілсе, 2010 жылы өндірілген сүттің көлемі 14,4% ұлғайды және 587,0 мың тоннаны құрады.

5-сурет – Өндірілген сүттің жалпы көлеміндегі Солтүстік Қазақстан облысының үлесі (2010 ж.), %

кесте - Кредиттеу шарттары - student2.ru

Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі

2010 жылғы деректер бойынша республикада өндірілген сүттің жалпы көлеміндегі СҚО үлесі 10,9% құрайды.

4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер

Солтүстік Қазақстан облысында сүтті қайта өңдеу кәсіпорындары өндірістік қуаттардың көлемі бойынша мынадай топтарға бөлінген

6-сурет – Солтүстік Қазақстан облысында сүтті қайта өңдеу ңәсіпорындарын саралау

кесте - Кредиттеу шарттары - student2.ru

Зерттелген өңір бойынша ауылдық елді мекендерде сүтті тереңдетіп қайта өңдеу объектілері жоқ..

4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағасы, күтілетін өзгерістер

Республикада мал шаруашылығы экономиканың аграрлық секторының негізгі салаларының бірі болып табылады. Құнарлы жайылымдық жерлер мен қолайлы табиғи-климаттық жағдайлар саланы дамытуға жақсы негіз жасауда. Мал шаруашылығы саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мал мен құс санының, мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің тұрақты өсуін, мал мен құс өнімділігінің артуын, табынды толықтыруды қамтамасыз етеді.

Мал шаруашылығы саласындағы оң істерге мал шаруашылығында жүргізілетін асыл тұқымды селекциялық жұмыс белгілі түрде әсер етеді. Мал шаруашылығындағы асыл тұқымды база асыл тұқымды шаруашылықтар санының тұрақты өсуімен сипатталады, жыл сайын олардың саны 40-50 бірлікке ұлғайды. Алайда, жалпы мал басындағы асыл тұқымды малдың таза салмағы әлі де төмен күйінде қалуда.

Агроөнеркәсіп секторын дамыту бойынша жалпы қаржыландыру көлемі шамамен 4 млрд. АҚШ долларын құрайды. ҚР 2010-2014 жылдарға арналған агроөнеркәсіп секторын дамыту бағдарламасының орындалуына байланысты:

- ауылшаруашылық құрылымдарында мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемін ұлғайту және ішкі нарықтың сапалы ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген қажеттілігін қанағаттандыру;

- өндірісті жақсарту және оны өнеркәсіптік негізге көшіру есебінен мал шаруашылығы өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша экспорт әлеуетін құру ҚР АШМ мақсаттары болып табылады.

Сиыр еті мен сүт өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру мақсатында мал шаруашылығында субсидиялар бөлуді шаруашылық етуші субъектілердің республикада өсірілетін малдардың тұқымы мен өнімділігін жақсарту процесін жеделдету үшін ірі қара малдың ең үздік генотиптерін пайдалана отырып республика көлемінде бірыңғай толықтыру жүйесін қарастыратын кең ауқымды селекцияға қатысу міндеттілігімен байланыстырды.

7-кесте – Мал санының өсуі, таза салмағы, генетикалық әлеуетін дамыту

Малдың саны Годы
Мың бас Ауыл.құрылымдарының таза салмағы., % Асыл тұқ. мал басының таза салмағы, % Мың бас Ауыл.құрылымдарының таза салмағы., % Асыл тұқ. мал басының таза салмағы, % Мың бас Ауыл.құрылымдарының таза салмағы., % Асыл тұқ. мал басының таза салмағы, %
ІҚМ 6 650 6 900 7 150
Қой мен ешкі 19 730 20 640 21 670
Шошқа 1 390 1 420 1 460
Жылқы 1 670 1 750 1 840
Құс 38 560 40 470 42 500

Ақпарат көзі: ҚР АШМ деректері

РА РФЦА пікірі бойынша мемлекеттік бағдарлама жеке қосалқы шаруашылықтарды топтамай-ақ мал шаруашылығы кешендерін дамытуды қарастырады және осылайша мал басына байланысты жағдай алдағы уақытта тек ірі ауылшаруашылық құрылымдарында ғана жақсаратын болады.

Маркетинг стратегиясы

Сүт өнімдерінің баға саясатын нарық қалыптастуырады. Нарықтың шешуші ойыншысы шикізаттың негізгі сатып алушылары - қайта өңдеу саласының кәсіпорындары болады.

Қайта өңдеу кәсіпорындарына шикізат ретінде сүтті сату бағасы - жыл бойы маусымдық ауысып отырады. Кәсіпорында өндірістің аяқталған циклі ұйымдастырылған, яғни терең өңделген сүтті соңғы тұтынушыға шығара отырып сүт өндірісін ұйымастырған жағдайда сүт өнімінің өзіндік құнын барынша төмендету мүмкін болады, бұл ретте бағаны нарық реттейді.

Сүт-тауар фермасын ұйымдастыруға байланысты қарастырылып отырған жағдайда өндірістік цикл анықталды: шикі сүт өндірісі. Бұл жағдайда өткізу арналарның құрылымы қарапайым және қысқа арна ретінде сипатталады. Қазақстан Республикасында сүт өнімдерін өткізу арналарын талдау және бағаларды әр түрлі арналар бойынша салыстыру өнімнің көп бөлігін шаруашылықтар қайта өңдеу кәсіпорындарына, көтерме сатып алу ұйымдарына, өз дүкендері желілері арқылы сататынын көрсетті.

Тұтыну жиілігі. Тұтынудың жоғары жиілігі өнімнің үнемі болуын және оңай алынуын тиісінше өткізу арнасының күрделілігін талап етеді. Сүт өніміне қатысты тауардың бұл түрі жиі тұтынылатын тауар тобына жататындығы фактісін атап көрсету қажет.

Өткізуге ынталандыру кезеңдері:

- Өткізу арналарының нысаналы буындарында әлеуетті сатып алушылар тізімін қалыптастыру;

- Имидждік материалдарды дайындау;

- Бонустар мен жеңілдіктер жүйесін әзірлеу;

- Нысаналы соңғы тұтынушыға шығудың бастапқы кезіндегі демпингтік саясат.

5. Техникалық жоспарлау

5.1 Техникалық процесс

Малды сүт-тауарлы фермаларда ұстау жағдайлары шаруашылық және басқа нақты жағдайларға байланысты болады. Қазіргі уақытта ірі қара мал фермаларында мал басын ұстаудың үш тәсілі қолданылады: байланатын, байланбайтын, құрамдастырылған.

Малды байлау тәсілімен ұстау сүт және ет-сүт фермаларында қолданылады. Ол бойынша мал қыста байлаулы орындарда, ал жазда – жайылым алаңдарында немесе лагерлерде ұсталады. Осылайша ұстау тәсілі кезінде әр малға байлау жабдығы, астауы, автоматты азықтандыру орны және қиын жинайтын құралдары бар белгілі орын бөлінеді. Бұл ретте сиырларды ұстау көп еңбек шығынан және ақша қаражатын талап етеді. Алайда, байлап ұстаған кезде сиырларды нормалы түрде жеке және топтап азықтандыру, жемазық пен астына төсейтін мпатериалды үнемдеу, әр малды жеке күту мүмкін болады.

Байламай ұстау тәсілі мал орын-жайда байланбай топталыпұсталады. Бұлайша ұстау кезінде мал жемазық пен суды еркін пайдаланады. Ұстаудың бұл тәсілі малды жайлау процесінжеңілдетуге, қажетті техникалар санын азайтуға, азайту есебінен амортизациялық аударымдар мен көліктік операциялар мен өнімнің өзіндік құнын азайтуға мүмкіндік береді. Алайда, бұлайша ұстау үшін жемшөп, өндірістік орын-жай мен астына төтейтін материал мол болуы қажет.

Құрамдастырылған ұстау тәсілі кезінде мал орын-жайда байлаулы, ал көктемгі, жазғы және күзгі жылы мерзімде - адаңдарда бос жайылады. Бұлайша ұстау тәсілі байлаулы және байлаусыз ұстау тәсілдері элементтерінен тұрады. Малды топтап нормалы түрде азықтандыру қажет, осылайша ұстау тәсілі кезінде жайылып азықтандырылатын алаңдардағы астауларда мал тамақтанған кезде оларды бекітетін жабдықтар орнатылуы тиіс.

Малды ұстаудың осы қарастырылған тәсілдерінің арасынан байлап ұстау тәсілі қолданылады, өйткені шаруашылық сүт фермасын ұстауды жоспарлап отыр. Малды осылайша ұстау тәсілі шаруашылықтың жемазық пен астына төсеу материалдарын үнемдеуге, сиырларға дербес күітім жасауға и мүмкіндік береді.

5.2 Ғимараттар мен құрылыстар

Сиыр қора үшін “СПАЙДЕР-В” жүйесіндегі жылығимаратты сатып алу жоспарлануда.

Жалпы алаңы – 1 060 шаршы метр.

8-кесте – Сиыр қора аумағының есебі

max басы, бас
Соның ішінде ірі мал басы
Жас мал
1 баса арналған алаң нормасы (ересек), м2 7,0
1 баса арналған алаң нормасы (жас), м3 3,5
Сауу станогы орын-жайы, м2
Сүтті сақтайтын орын-жай, м2
Жемазық орны, м2
Сиыр қора үшін қажетті алаң, м2 1 060

Ғимаратты жеткізуші Ruukki Construction (РФ) компаниясы.

5.3 Жабдық және инвентарь (техника)

кесте - Кредиттеу шарттары - student2.ru Copeland компрессорлар базасындағы тоңазытқыш қондырғысы.

Copeland компрессорлар базасындағы тоңазытқыш қондырғысы өнімді сақтауға, салқындатуға және мұздатуға арналған, әр түрлі тоңазытқыш камералар мен қоймалар үшін өнімділік және құрамдауыштар диапазоны кең.

Тоңазытқыш камера жиналып-бұзылатын конструкция, ол "сэндвич-панелдерден" жинақталады. Камера еден, төбе, қабырға, есік блоктар мен бұрыш тіректерінен тұрады.

Панельдер жылу ұстағыш құйылған қабаттардан (пенополиуретан) тұрады, екі жаны металл қабатпен қапталған. Қабырға және төбе панельдері өндірісінде полимермен жабылған қалыңдығы 0,5 мм ытсықтай цинкталған болат қабаттар пайдаланылады. Еден панельдері үшін қалыңдығы 1,2 мм ыстықтай цинкталған болат қабаттар пайдаланылады. Сырланған металл қалыңдығы 70 мкм қорғайтын полиэтилен пленкамен жабылған. Бұл жабдықтың бағасы holodim.ru сайтынан алынды.

Булап сауу аппараты

Булап сауу аппараты сиырлар байланып ұсталатын, сауу залдары бар сүт-тауар фермаларында қолданылады. .

Сауу аппараты:

- аспалы бөліктен;

- парлап сауатын L80 пульсатордан;

- қақпақты сауу шелегінен;

- шеңберлермен бекітілген шлангтер комплектісінен тұрады.

Аппараттың орнын ауыстарған кезде сауу аппаратының аспалы бөлігі сауу шелегі қақпағының тұтқасына ілінеді.

Коллектор төрт стаканнан сүт жинауға, сүттің сүт камерасынан сүт құбырына немесе сүт шелекке жақсы өсуі үшін сүт камерасына ауа жіберуге және емшектің түбіндегі вакуумның деңгейін азайтуға арналған, бұл қысу тактісі кезінде демалыстың жақсы болуына; сүт беру аяқталған кезде стакандарды алу үшін сауу стакандарының емшекасты камераларын тұрақты вакуумға қосуға және айыруға; кем дегенде бір сауу стаканы ағытылып кеткен жағдайда тұрақты вакуумды сауу стакандарын емшекасты камераларынан автоматты түрде айыруға мүмкіндік береді, бұл сүттің ластануының алдын алады. Коллектор вакуумды немесе атмосфералы қысымды сауу стаканының әр түрлі камераларына беруді және аппараттың пульсаторымен бірге сауу кезінде тактыларды ауыстыруды қамтамасыз етеді. Пульсатор тұрақты вакуумды ауыспалыға өзгертеді. Пульсатордың сенімді жұмыс жасауы нәтижесінде сауу жұмысы тиімді атқарылады, сондықтан да ол үнемі таза және қалыпты жағдайда болуы қажет.

Бұл жабдықтардың бағасы «Гомельагрокомпмлект» (Беларусь) ААҚ прайсының негізінде алынды.

Құрылатын фермалар үшін қажетті негізгі жабдықтардың арасында мыналар бар.

9-кесте – Ферма үшін қажетті жабдықтар тізбесі

Атауы Дана
Copeland компрессоры базасындағы тоңазытқыш қондырғысы.
Булап сауу аппараты

Жабдықтың жалпы құны 1 452 мың тг. құрайды.

Сондай-ақ МТЗ техникасын сатып алу жоспарлануда – құны 14 500 мың тг.

5.4 Коммуникациялық инфрақұрылым

Жобада сиыр қора үшін “СПАЙДЕР-В” жүйесіндегі жылы ғимаратты сатып алу көзделеді, онда қажетті коммуникациялық құрылым (электр-,жылу- және сумен жабдықтау) болады..

6. Ұйымдастыру, басқару және құрам

Кәсіпорынға директор жалпы басшылық жасайды. Меңгеруші жүргізушінің, үй жинаушының, күзетшінің, слесарь мен шаруашылық меңгерушісінің жұмысын бақылайды. Зоотехник пен электрик инженерге бағынады..

Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы төменде көрсетілген түрлерден тұрады (7-сурет).

7-сурет - Ұйымдастыру құрылымы

кесте - Кредиттеу шарттары - student2.ru

Құрамды басқарудың келтірілген құрылымын жүйелікке жатқызуға болады. Ол директордың кәсіпорын жұмысын жедел басқаруына және жағдайдан хабардар болуына мүмкіндік береді..

Кәсіпорын мамандары – меңгеруші, бас бухгалтер, инженер.

7. Жобаны іске асыру

Іске асыру жоспары

Осы жобаны іске асыру 2012 жылғы қарашадан 2013 жылғы наурызға дейінгі кезеңді қамтиды деп болжануда.

10-кесте – Жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары

Іс-шаралар\Ай 2 012 2 013
Маркетингтік зерттеу жүргізу және ТЭН әзірлеу          
Қаржыландыру мәселесін шешу          
Кредит алу          
Ангар орнату          
Жабдық үшін аванс төлеу          
Құрамды іздестіру          
Жабдықты жеткізу, құрастыру          
Жарнама орналастыру          
ІҚМ сатып алу          

7.2 Жобаны іске асыру шығындары

Инвестициялық шығындар бағасы төмендегі кестеде келтірілген.

11-кесте - 2012 ж. Инвестициялық шығындар

Атауы Сомасы, мың тг. 2 012
қаңтар ақпан наурыз
“СПАЙДЕР-В”жүйесіндегі жылы ғимарат (ксиыр қора) 20 254 9 701 14 552 -
Коммуникациялар 4 000 1 600 2 400 -
Copeland компрессорлар базасындағы тоңазытқыш қондырғысы 1 142 -
Булап сауу аппараты -
Итого 25 706 11 301 17 533

Жабдықты жеткізу құны жабдықтың өзінің құнына қосылған.

Сиыр қораға арналған жылы ғимаратты жеткізуші - «Руукки Рус» ЖШҚ.

Тоңазытқыш қондырғысын жеткізуші - «GEC» компаниясы.

8. Пайдалану шығыстары

Пайдалану шығыстары ауыспалы шығыстардан тұрады.

12-кесте – Бір айдағы ауыспалы шығыстар, ҚҚС-сыз

Наши рекомендации