Жиынтық бақылау жұмысы. 11 сынып. іі тоқсан. 2012-2013 о.ж
1. Дамыған елдер өз ішінде жалпы көрсеткіштері жағынан неше топқа бөлінеді?
А) 1 В)2 С)3 D)4
2. Қазіргі кезде халықаралық мәселелер проблемалары жөніндегі мамандар мен саясаттанушылар жер шары бойынша территориялық шекаралар және басқа да талас – тартыс тудырып отырған «ыстық нүкте» бар:
А) 300 в) 450 с) 100 ден астам D) 500
3. Либерализм теориясының негізін қалаушы:
А) К.Маркс б) Джон Локк с) К.Манхейм D) К.Маркс
4. Мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрі:
А) Республика В) Монархия С) Демократия D) Аристократия
5. Азаматтар мен қоғамның экономикалық және әлеуметтік өмірін мемлекеттік реттеуге бағытталған идеялар жиынтығы:
А) консерватизм в) неоконсерватизм с) либерализм D) неолиберализм.
6. Экономикасы дамыған елдер, сол сияқты өтпелі экономикалы елдердіңдүние жүзі бойынша жалпы саны:
А) 100 астам в) 50 астамс) 40 астам D) 30 астам
7. Бір ұлттың билік жүргізуде үстемдігі жарияланатын және ашық түрде террористік диктатура жүргізетін режим:
А) тоталитаризм в) фашистік с) демократия D) авторитаризм.
8. Биліктің қолдауымен іске асырылатын идеялар жиынтығы:
А) саяси режим в) демократия с) басқару формасы D) идеология
9. Теңізге шыға алмайтын елдер саны:
А) 100 астам В) 50 астам С) 40 астам D) 30 астам
10. Қарулы төңкеріс арқылы қанаушы таптарды, жеке меншікті жойып, социализм және коммунизм құрып, қоғамдағы әлеуметтік теңдік орнату мақсатындағы идеология:
А) реформизм В) либерализм С) Марксизм Д) Неоконсерватизм
11. Марксизм идеологиясының негізін қалаушы:
А) К.Маркс в) В.Ленин с) Д.Локк D) Э.Бернштейн
12. Кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағы:
А) Конфедерация в) Уния с) Одақтастық D) Федерация
13. «Үлкен жетілікке» кірмейтін ел:
А) Қытай В) АҚШ С) Жапония D) Ұлыбритания
14. Жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальді түрде де шектелместен бір адамның қолында тұрған құрылыс:
А) Монархия в) Абсолюттік монархия с) конституциялық монархия D) республика
15. Қоғамдағы мемлекеттік билік бір топтың, бір партияның қолында шоғырланған, елде демократиялық бостандық пен саяси оппозицияның болуына тыйым салған режим:
А) Авторитарлық В) ТоталитарлықС) Либералдық Д) Демократиялық режим
16. Халқының саны 100млн адамнан асатын елдер саны:
А) 9 В) 10 С)11D) 12
17. Мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара, бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады
А) Монархия в) республика с) федерация D) авторитаризм
18. Дұрыс емес жауапты көрсетіңдер: Мемлекеттің басқару формалары
А) Республика В) Монархия С) демократия D) анархия
19. БҰҰ-ный статистикалық есебі бойынша Қытай мемлекеті қай елдер санатына жатады?
А) дамыған елдер в) өтпелі экономикалы елдер С) дамушы елдер D) артта қалған елдер
20. Саяси билік бір орталыққа бағынатын, мемлекеттің ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымы жол мемлекет құрылысы.
А) Конфедерация В) Унитарлық С) одақтастық D) федерация
21. Басқару қатаң түрде бір орталықтан жүргізілетін, бір идеологияны ұстанатын, репрессия, күш қолдантын саяси режим:
А) Фашистік В) ТоталитарлықС) Либералдық D) Авторитарлық
22. Азаматтарды тырп еткізбей мемлекет саясатына бағындыру. Саяси билікке халық жаппай тартылмайды, шектеулі дәрежеде болады, бірақ бір ғана саяси лидердің, немесе арнайы топтардың, отбасының қолында болады.
А) Авторитарлық В) Тоталитарлық С) Демократиялық Д) Либералдық
23. Еркін кәсіпкерлікпен парламенттік демократияны дамытуды қамтамасыз етуді мақсат етіп, мемлекеттің барлық тетіктерін сол мақсат үшін қалыптастыратын режим.
А) Авторитарлық В) Тоталитарлық С) Демократиялық Д) Либералдық
24. Барлық халықтардың тендік пен бостандыққа негізделінген идеясында мемлекеттің басқару ісіне қатысуы, биліктің халықтың болуы.
А) Авторитарлық В) Тоталитарлық С) ДемократиялықД) Либералдық
25.Әлемде жер көлемі 3 млн км2-ден асатын ең ірі елдер саны:
А) 7 В)8 С)9 D) 10
26. Эволюциялық даму, реформалар және әлеуметтік-саяси модернизация арқылы қоғамдағы тұрақтылықты сақтау идеологиясы
А) Реформизм В) Либерализм С) Марксизм Д) Неоконсерватизм
27. Парламент немесе халық сайлайтын, үкіметті өзі тағайындап, өзі басқаратын билік түрі:
А) Парламенттік республика В) Президенттік республика С) Абсолюттік монархия D) Конституциялық монархия
28. Азаматтарға қатысты мемлекеттік және қоғамдық әртүрлі басымдықтарды жою немесе жұмсартуды мақсат ететін идеология түрі.
А) Реформизм В) Либерализм С) Марксизм Д) Неоконсерватизм
29. Объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-социологиялық ұғым, мәдениеттің құрамдас бөлігі.
А) Құндылық В) Салт-дәстүр С) Әдеп Д) Саясат
30. Адамға пайда әкелетін, оның санасына жоғары адамдық қасиеттерді сіңіретін, адамдардың бақыты мен игіліктілігін қамтамасыз ететін, адамның тұрғасын ажарландыратын, адаммен қоғамның ілгерілей дамуын қамтамасыз ететін құндылықтар.
А) Алдамшы құндылықтар В) Шынайы құндылықтыр С) Саяси құндылықтар Д) Рухани құндылықтар
Тапсырма-2.
31. Әрбір қарсы жақты қолайсыздыққа ұшыратып, істі насырға шаптыратын қарама-қарсы мүдделердің, пікірлердің, көзқарастардың қайшы келуін, елеулі келіспеушілікті, өткір таласты қалай деп атайды? ........... Шиеленіс
32. БҰҰ типологиялық әдістемесі бойынша, елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің ең маңызды көрсеткіші болып табылатын, бір елдің жер аумағында өндірілген барлық тұтынатын тауарлар мен көрсетілген қызметтер, мемлекеттік сатып алу мен іске жұмылдырылған капиталдың жиынтық күны қалай деп атайды? ....... ЖІӨ.
33. ХХ ғасырдағы бұл идеологияның жүзеге асырылуына зор үлес қосқандар белгілі саясатшы Збигнев Бжезински, АҚШ президенті Рональд Рейган, Англияның бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчер, Германияның бұрынғы канцлері Гельмут Коль және т.б.......... неоконсерватизм.
34. Осы идеологияның басты мақсаттары: куатты мемлекет құру, саяси жүйенің, биліктің жоғарғы әлеуметтік топтың қолында болуы, тұлғаның қоғам мен мемлекетке бағынуы іс жүзінде жүзеге асып, бұл елдерді әртүрлі кездейсоқ, ретсіз реформалардан, кенет оқиғалардан, өкіметтік төңкерістерден, шиеленістерден сақтап қалды, бейбіт жағдайда нәтижелі әлеуметтік- экономикалық қарқынды дамуға жол ашты. Осы идеология қоғам өмірінде әдет-ғұрып, дәстүрлер маңызды рөл атқарады деп түсініп, оларды мызғымастай сақтап қалуды мақсат етті...... консерватизм.
35. Бұл — типология елдерінің жер көлемі жер шары халқының 70%-дан астамын құрайды. Олардың кейбірі бұрын жартылай отар күйін кешкен, ал біразы XIX ғасырдың басы мен XX ғасырдың алғашқы жартысында өз тәуелсіздіктерін алған отар елдер. Осы типтегі басым көпшілік елдер отаршылдықтан өткен ғасырдын екінші жартысында ғана Африка, Мұхиттық Аралдар, Кариб алабы, Азияның кейбір елдері азаттық алған дүние жүзінін 100-ден астам жас мемлекеттері....... дамушы елдер.
36. Қоғамдағы саяси плюрализмді (әртүрлілікті) дамыту және саяси процестерді реттеу үшін мемлекеттің рөлін күшейту мақсатындағы идеология. Консерватизм идеологиясы бойынша бұрынғы және қазіргі құндылықтарды “сақтаудың” орнына “әртүрлілік” принципі ұсынылды. .....Неоконсерватизм –
37. Бір қолға шексіз биліктің жинақталуы, заңды аяққа баса отырып, күш көрсету арқылы мемлекет басқаруды жүзеге асыру. Диктатура мемлекеттік билік формасының ерекше көрінісі ретінде монархиялық және республикалық режімдер жағдайында ұшыраса береді...... Диктатура
38. Қоғамдағы ақ сүйектер әулетінен құрылған топтардың мемлекетте саяси билікті жүргізуі, негізінде тарихта Греция, Афина, сияқты т.б. мемлекеттерде дамыды. Осы саяси режим қалай деп аталады? ....Аристократиялық.
Тапсырма -3.
Идеология дегеніміз — биліктің қолдауымен іске асырылатын идеялар жиынтығы.
Идеология ұғымын ғылыми айналымға, әдебиетке енгізген француз ғалымы, философы Дестют де Треси (1754-1836 жж.). Кейінірек идеология деген түсінікті терең зерттеген неміс ғалымы Карл Манхейм болды.
Консерватизм - қоғамда тарихи қалыптасқан саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани құндылықтарды сақтау мен дамыту идеологиясы. Консервативтік идеяны бірінші ұсынған ағылшын мемлекет қайраткері және ғалымы Эдмунд Берк болатын. Кейін бұл идеяны одан әрі зерттеп, идеологияға айналдыруға өз үлестерін қосқан француз саясаттанушысы Жозеф де Местр (1754-1821), неміс тарихшысы, заңгері Фридрих фон Савиньи (1779- 1861), австриялық саясатшы және қоғам қайраткері Клеменс Меттерних (1773- 1859) және т.б. болды.
Осы консерватизм идеологиясының басты мақсаттары: куатты мемлекет құру, саяси жүйенің, биліктің жоғарғы әлеуметтік топтың қолында болуы, тұлғаның қоғам мен мемлекетке бағынуы іс жүзінде жүзеге асып, бұл елдерді әртүрлі кездейсоқ, ретсіз реформалардан, кенет оқиғалардан, өкіметтік төңкерістерден, шиеленістерден сақтап қалды, бейбіт жағдайда нәтижелі әлеуметтік- экономикалық қарқынды дамуға жол ашты. Консерватизм идеологиясы қоғам өмірінде әдет-ғұрып, дәстүрлер маңызды рөл атқарады деп түсініп, оларды мызғымастай сақтап қалуды мақсат етті.
Неоконсерватизм –қоғамдағы саяси плюрализмді (әртүрлілікті) дамыту және саяси процестерді реттеу үшін мемлекеттің рөлін күшейту мақсатындағы идеология. Консерватизм идеологиясы бойынша бұрынғы және қазіргі құндылықтарды “сақтаудың” орнына “әртүрлілік” принципі ұсынылды.
Неоконсерватизм идеологиясының негізгі мақсаты – саяси, экономикалық, рухани реформаларға жол ашу, сол арқылы қоғамның дамуына әсер ету. Неоконсерватизм идеологиясының негізгі мақсаты – саяси, экономикалық, рухани реформаларға жол ашу, сол арқылы қоғамның дамуына әсер ету. Неоконсерватизм идеологиясын дамытуға көптеген ғалымдар мен саяси қайраткерлер қатысты.
ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында неоконсервативтік идеяларды ұстанған Германия канцлері Отто фон Бисмарк, Ұлыбритания премьер-министрі Ллойд Джордж болатын. ХХ ғасырдағы бұл идеологияның жүзеге асырылуына зор үлес қосқандар белгілі саясатшы Збигнев Бжезински, АҚШ президенті Рональд Рейган, Англияның бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчер, Германияның бұрынғы канцлері Гельмут Коль және т.б.
Либерализм – азаматтарға қатысты мемлекеттік және қоғамдық әртүрлі басымдықтарды жою немесе жұмсартуды мақсат ететін идеология түрі. Бұл идеологияның негізін қалаушы ағылшын философы Джон Локк.
Неолиберализм – азаматтар мен қоғамның экономикалық және әлеуметтік өмірін мемлекеттік реттеуге бағытталған идеялар жиынтығы . Либерализм мемлекеттік үстемдікті жұмсарту жолын талап етсе, ал неолиберализм керісінше — мемлекеттік реттеуді күшейтуді ұсынады.
Марксизм дегеніміз қарулы төңкеріс арқылы қанаушы таптарды, жеке меншікті жойып, социализм және коммунизм құрып, қоғамдағы әлеуметтік теңдік орнату мақсатындағы идеология.
Бұл идеологияға негіз болған жоғарыда айтылған неміс ойшылы, ғалымы К.Маркстың (1818-1883)идеясы.
Реформизм дегеніміз -эволюциялық даму,реформалар және әлеуметтік-саяси модернизация арқылы қоғамдағы тұрақтылықты сақтау идеологиясы. Реформистік идеологияның негізін қалаушы — неміс саяси қайраткері Эдуард Бернштейн(1850-1932)
Кестені толықтыр:
Саяси идеологиялар
Анықтама | Термин |
Эволюциялық даму,реформалар және әлеуметтік-саяси модернизация арқылы қоғамдағы тұрақтылықты сақтау идеологиясы | |
Қарулы төңкеріс арқылы қанаушы таптарды, жеке меншікті жойып, социализм және коммунизм құрып, қоғамдағы әлеуметтік теңдік орнату мақсатындағы идеология | |
Азаматтар мен қоғамның экономикалық және әлеуметтік өмірін мемлекеттік реттеуге бағытталған идеялар жиынтығы . | |
Азаматтарға қатысты мемлекеттік және қоғамдық әртүрлі басымдықтарды жою немесе жұмсартуды мақсат ететін идеология түрі | |
Қоғамдағы саяси плюрализмді (әртүрлілікті) дамыту және саяси процестерді реттеу үшін мемлекеттің рөлін күшейту мақсатындағы идеология | |
Қоғамда тарихи қалыптасқан саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани құндылықтарды сақтау мен дамыту идеологиясы | |
Биліктің қолдауымен іске асырылатын идеялар жиынтығы |
Кестені толықтыр:
Саяси режимдер
Еркін кәсіпкерлікпен парламенттік демократияны дамытуды қамтамасыз етуді мақсат етіп, мемлекеттің барлық тетіктерін сол мақсат үшін қалыптастыратын режим. | |
Бір ұлттың билік жүргізуде үстемдігі жарияланатын және ашық түрде террористік диктатура жүргізетін режим. | |
Саяси билікке халық жаппай тартылмайды, шектеулі дәрежеде болады, бірақ бір ғана саяси лидердің, немесе арнайы топтардың, отбасының қолында болатын режим. | |
Қоғамдағы мемлекеттік билік бір топтың, бір партияның қолында шоғырланған, елде демократиялық бостандық пен саяси оппозицияның болуына тыйым салған режим. | |
Барлық халықтардың тендік пен бостандыққа негізделінген идеясында мемлекеттің басқару ісіне қатысуы, биліктің халықтың болуы. | |
Мемлекетке билік жүргізудің арнайы тәсілдері |
Кестені толықтыр: