Бандитизм субъектісі және субъективтік жағы
Бандитизм субъектісі. Қолданылып жүрген зандарға сәйкес, ең алдымен келесі талаптарға жауап беруі тиіс: Тұлғаның белгілі бір жасқа жетуі және есі дұрыс болуы. ҚР қылмыстық кодексінің 15 бабы қылмыстық жауаптылыкқа тартылудың екі жас шамасын көрсетеді. Ол-он төрт жас пен он алты жас. Он төрт жастан қылмыстық жауаптылық аталған бапта кейбір қылмыстарға байланысты туындайды. Бұл баптың он төрт жастан бастап жауаптылыққа тартылатын қылмыстардың тізбесіңде бандитизм қылмысы аталып қөрсетілмеген. Соңдықтан бандитизм үшін қылмыстық жауаптылық тұлға он алты жасқа толған кезден бастап туындайды. Егер тұлға бандаға мүшелікте болса және ол банданың шабуылдарына қатысқан кезде он төрт пен он алты жас аралығында болған жағдайда оның қылмыстық жауаптылығы нақты қылмыстың нормаларымен атап көрсеткен қылмыстары үшін (адам өлтіру, ұрлық, зорлау т.б.) банданың құрамында шабуыл жасаған болса және ол қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық он төрт жастан бастап туындайтын жағдайда жауаптылыққа тартылады. Он алты жасқа толмаған тұлға банданың құрамында басқа қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Белгілі теориялық және практикалық көзқарас түрғысынан бандадағы мүшелердің екеуінің біреуі заңда көрсетілген жасқа жетпейді, болмаса болмаса ақыл есі дұрыс болмайтындығын қөрсетеді. В.С. Комиссаровтың пікірінше «бұндай сұрақ қатысушылық туралы оқудың жалпы негізінде бандитизм ерекшелігін есепке алу арқылы шешілуі қажет болып табылады.
Қылмысқа қатысушылық институтының зерттеушілерінің пікірінше егер екі түлғаның, яғни банданың қатысушыларының біреуі заң талаптарында көрсетілген қылмыстық жауаптылыққа тарту негіздері болмаса онда қатысушьлық болмайды, дегенмен бұл жерде қатысушылықтың қажетті белгісі жоқ. Қатысушылық -заң нормалары бойынша кем дегенде екі тұлғадан тұрады. Екінші қатысушының әрекетіне құқықтық баға беру оның қасақаналығының бағыты мен мазмұнына тәуелді түрде шешіледі. Егер ұйымдастырушы, айдап салушы, олардың көмекшілері басқа тұлғаның жасөспірім және ақыл-есі кем екенін көре біледі, және осыны пайдаланып қылмыстық құқық нормаларымен тиым салынған әрекеттерді жасауға талпынады. Бұндай жағдайда ол ұйымдастырушы, айдап салушы және көмекші ретінде қарастырылмайды, ол арасындағы зиян келтіруші ретінде қарастырылады. Осындай жағдайларда жасөспірім мен ақыл -есі кем тұлға қылмыскердің қолындағы қылмыстық ойларын жүзеге асыру қаруы ретінде қолданылады. Теорияда және практикада осындай жағдайларды ескеріп нүқсан келтірушінің жауаптьшығы жасөспірімнің және ақыл есі кем тұлғаның әрекеті нұқсан келтірушінің өзімен аныкталады. Сонымен маңызды ережелердің қатарына кейбір жағдайларда бейімделген түлға жасөспірімнің және ақыл есі кем тұлғаның қылмыс субъектісі бола алмайтындығын білмейді.
Бұл жайындағы мәселеге М.Н.Ковалев пен Ф.Г.Бурчаг тоқталып өткен. М.Н.Ковалевтың пікірінше, «аталған жағдайларда жарамсыз құралдармен қауіп төндіру десе ал, Ф.Г.Бурчаг «субъектінің орынында қате болуы мүмкін деп атап көрсетеді. Біздің ойымызша, Ф.Г.Бурчагтың позициясы ақиқатқа жақынырақ. Жас өспірім мен ақыл есі кемдікті жарамсыз кұралға жатқызуға болмайды. Жарамсыз құралға ол объективті болған жағдайда жатқызылады, субъектінің күшіне қарамастан ол ойлаған зиянын келтіре алмайды. Бірақ шын мәнінде жас өспірім мен ақыл есі кем тұлға объективті зиян келтіруі мүмкін және мұндай жағдайларда олар басқа тұлғалардың қылмыстық жоспарларын жүзеге асыру барысында толықгай жарамды болып табылады. Шын мәнінде бұл тұлға өзінің әріптесінің құрьшымында қателіктер жібереді, ал, ол болса қылмыс субъектісі белғілерін иеленеді.
Бандитизмнің субъектісіне ұйымдастырушы, банданың қатысушылары және бандалық шабуылшылар болып табылады. Қазірғі кезде жарық көріп жатқан заң әдебиеттерінде бандитизм субъектісін күрделі болатындығын атап көрсетіп отыр. Банданы құру және құрылған банданың өмір сүруі, қатысушылардың белғілі мақсаттарға жетуі белгілі этап және сол тұлға бастаған этапта ол бандалық топтың ұйымдастырушысы, одан кейін шабуыл жасаудың ұйымдастырушысы, болмаса соңында ұйымдастырушьшық қызметінен бас тартып жай банданың қатысушысы ролінде болуы мүмкін. Осының барлығы барлық жағдайлардың қатысушылардың ролдері мен маңыздарын анықтап алу жағдайларымен байланысты болады және ең алдымен қылмыс субъектісін сипаттайтын жағдайларға жатқызамыз.
Ұйымдастырушы үшін қылмыстың салдары келді деп, ол банданы құрған сәттен бастап туындайды. Осыған байланысты оның жауаптылығына қылмысқа жатқызылатын, сонымен қатар ұйымдастырушылық қызметі де ықпалын тигізеді. Заңмен белгіленген жасқа жетпеу тұлғаның ақыл-есінің кем болуы қылмыстық жауаптылықтан босатады; қылмыстық ұйымды басқа да шабуыл жасау мақсаттарында құру зандық бағалықтарын ауыстырып ҚК 237 баппен саралаудан алынып тастайды. Банданы құру әдісі мен оның әрекет етуінің әдістері оның мүшелерінің нақты мақсаттарының қылмысты саралауға және жаза мерзімін анықтауда әсер етеді.
Әрбір нақты банданың қызметі банда мүшелерінің психикасының ерекшелігіне байланысты, әр түрлі жағдайларда әрекет етуі мүмкін. Ондай жағдайларға қол сұғушылықтың уақыты, орыны және басқа жағдайлар жатқызылуы мүмкін. Мұндай жағдайлар банда мүшелерінің қызметін өзгертуі мүмкін емес, ол үшін бандитизм құрамы белгілері шеңберінен шыкпауы тиіс. Бандитизм құрамының белгілері Қылмыстық Кодекстің 237 бабында көрсетілген. Онда, яғни 237 бапта «банданың қаруланғандығы мен мақсаты сияқты белгілері көрініс тапқан.