Тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде.

1. Кәсіпорын – негізгі мақсаты пайда табу болып табылатын сауда-делдалдық, өндірістік ұйымдар. Кәсіпорын – бұл жеке шаруашылық субъект. Ол өзінің жеке құқығына байланысты өзінің міндеттері бойынша жауап беріп, өз мүлігін оперативті түрде басқарады. Әрі жеке балансын, есебін, өз атына берілген мөрін иеленеді.

ҚР барлық кәсіпорынның негізгі принциптері ҚР Азаматтық Кодексінде бекітілген.

Заңды актіде бекітілген жеке қызмет түрлерінің тізімімен кәсіпорындар лицензия негізінде асыра алады.

Ұйымдардың құқықтық мүмкіндігі оның құрылуында пайда болып және оның қызметі аяқталған соң тоқталады.

Қызмет формасы бойынша кәсіпорындар мына түрлерге бөлінеді.

- заңды тұлғалармен құрылған кәсіпорын, мекеме өз мүліктеріне міндетті құқықтарын сақтайды (оған шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар және кооперативтер);

- заттарға құқығы бар кәсіпорын, мекеме мүлікке жеке құқығын сақтайды (ұйымдар, мемлекеттік кәсіпорындар жатады);

- мүлікті шаруашылық немесе оперативті басқа

- ру құқығы бар кәсіпорындар;

- өз мүліктеріне ешқандай мүліктік құқығы жоқ кәсіпорындар (қоғамдық бірлестіктер, қорлар және т.б.).

Кәсіпорындар өздерінің негізгі және қосымша қызметіне байланысты ұйымдастыру-құқықтық форманы иеленеді (жұмысшылар саны 500 адамнан жоғары ірі, орташасы 50-ден 500 адамға дейін, ұсақ – 50 адамға дейін).

Кәсіпорын құрылымы – шаруашылық объектісін құрайтын оның ішкі звеносы: басқару органы, бөлімдер, жұмыс орындары.

Өндірістік кәсіпорындар – қызмет көрсетуге, өнім өндіруге бейімделген ұйымдастырылған коллектив. Оған фабрикалар, шахтылар, зауыттар, өндірістік ұйымдар жатады.

Қазақстан әлеуметтік-бағытталып реттелген нарықтың бағытын таңдады. Қазіргі уақытта республика экономикада нарықтық кәсіпорындар қызмет ету бағытталған.

Экономиканы дамыту мақсаты мен болжамдары:

- ҚР қауіпсіздігі мен экономикалық еркіндігін қамтамасыз ету;

- елдің ішіне Қазақстан экономикасын бағыттау;

- республиканың аймақтары мен әлеуметтік-экономикалық деңгейін жоғарлату;

- бәсекелестікке қабілетті соңғы өнімді шығару үшін өндірісті дамыту;

- әлемдік экономикалық жүйеге бағытталу.

Қазақстан экономикасы инвестицияға инфляциялық деңгейі мен макроэкономикалық тұрақтылықты сипаттайтын жаңа даму кезеңіне көшіп отыр.

Қазіргі уақытта нарықтық экономика жағдайында жұмыс істейтін ұйымдар мен кәсіпорындар қойылған талаптарды қанағаттандыру қажет. Нарықтағы жетістікті тұтынушы анықтайды, не сатылады соны шығару қажет.

Экономиканы дамытудың әрбір кезеңінде негізгі звеноны кәсіпорын атқарады. Нақты осы кәсіпорындарда өндірістік өнімдер өндіріліп, жұмысшылардың өндірістік құралдармен байланысы жүреді.

Кәсіпорын өз қызметін атқару барысында шығарылатын өнімді анықтап, пайда табады.

Кәсіпорын қызметінің мақсатқа жетуі – қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру және пайда табу.

3. Экономикадағы шағын бизнес

Шағын және орта бизнестің белсенді дамуынан нарықтық экономика да дамып отыр. Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстанды құру сыртқы және ішкі ортадағы анықсыздық жағдайында жүзеге асып отыр.

Нарық жағдайында шаруашылықтың негізгі принциптері өзгерді.

Жеке, отбасылық және шағын кәсіпкерлік ұсақ кәсіпорындар негізінде ұйымдастырылып, әрі оған алғашқы ірі капитал талап етілмейді.

Көбінесе ұсақ бизнесте ірі фирмалармен бәсекелестікке түсу мүмкіндігі пайда болады. Ұсақ кәсіпкерліктің келесі артықшылығын атап өтуге болады.

- тұтынушылардың сұранысын есепке алу;

- жаңа технологияны енгізуге байланысты орындалатын жұмысты жаңарту;

- ресурстарды үнемді пайдалану;

- жанама шығындарды төмендету;

- айналымдағы капиталдың жылдамдығын арттыру.

Ал шағын бизнеске бұл артықшылықтар:

- бұйымды талап ететін тұтынушылардың тауар нарығын толтыру;

- ғылыми-техникалық жетістікті енгізуді жеделдету;

- елдің экономикасының қажеттілігін қанағаттандыру және қызмет сапасын арттыру.

Тәжірибеден байқағанымыздай, шағын бизнесте әрбір жұмысшының еңбекке деген ынтасын арттыруға жағдай жасайды.

Шағын кәсіпкерліктің субъектісі ретінде кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және физикалық тұлғалар жатады.

Шағын кәсіпкерліктің субъектісі ретінде келесі ұйымдастыру-құқықтық формалар жатады: толық серіктестік, командитті серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, жауапкершілігі қосымша серіктестік, өндірістік кооператив.

3. Тоқырау түсінігі және құбылыстары. Тоқырау-кәсіпорынды ликвидациялау үшін қарызданушының жағдайына соттық шешімнің қабылдануы.

Заңды тұлғалардың немесе жеке кәсіпкерліктің материалды міндеттері, ақшалай несие берушінің талаптарын қанағаттандыру, материалдық және қаржылай құндылықты жабдықтау, бюджетке міндетті төлемдермен қамтамасыз ету.

Кәсіпкерлер мен кәсіпорын жетекшілерінің өндірістік қызметі өз уақытында жүргізілмесе, онда кәсіпорынды тоқырауға ұшырамас үшін қандай тауарды өндіру қажет немесе қандай қызмет көрсету қажеттігін анықтау үшін стратегиялық жоспар құру қажет.

Наши рекомендации