Дебиторлық берешектердің есебі мен аудиті

Шаруашылық операциялардың нәтижесінде қалыптасқан мемлекеттік мекеменің дебиторлық берешегі басқа мемлекеттік мекемелерді, заңды және жеке тұлғаларды қосқанда басқа тұлғалардан тиесілі сома ретінде анықталады.

Қарызгер берешекті келісілген уақытта төлемеген жағдайда, берешекті кешіктірілген болып табылады.

· Есепті кезеңнің аяғында мемлекеттік мекеме жалдау бойынша ұзақ мерзімді берешектің ағымдағы бөлігін мынадай жазбамен көрсетеді: 1270 «Жал бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шотының дебеті және 2220 «Жал бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек» шотының кредиті.

· Операциялық жалдаудан түсетін кіріс былайша көрсетіледі: 1270 «Жал бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шотының дебеті және 6220 «Активтерді басқарудан алынатын өзге де кірістер» шотының кредиті.

· Активті жалдауға беру мынадай жазбамен көрсетіледі: 2220 «Жал бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек» шотының дебеті және қаржылық жалдауға берілген активтің тиісті қосалқы шотының кредиті.

Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын дебиторлық берешектер «ағымдағы активтер» қатарында есептеледі. Олардың қатарына жататындар:

- ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленген) төлем;

- тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті берешектер;

- вексельдер бойынша алынуға тиісті берешектер;

- негізгі ұйымдар мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық берешектер;

- ұйымның лауазымды адамдарының (тұлғаларының) дебиторлық берешегі;

- басқадай дебиторлық берешектер.

Ұйымның қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің қатарына дебиторлық берешектердің айналымы жатады. Яғни дебиторлық берешектердің есептелген уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны. Ұйымның дебиторлық берешегі оған байланысты кіріс танылған жағдайда ғана анықталады. Дебиторлық берешектер сатылған өнімдер мен тауарлардың құнынан баға жеңілдіктерін және қайтарылған тауарлардың құнын алып тастағандағы қалдық сома бойынша есептеледі.Бір жылдан астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық берешектер «Ұзақ мерзімді дебиторлық берешектер» болып есептеледі. Дебиторлық берешектердің пайда болған (есептелінген) уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзімге байланысты пайыздар бойынша кіріс көп жағдайларда ескерілмейді.

Наши рекомендации