Тақырып. ҚызылшаныҢ зиянды жӘндіктері
Түсініктеме
Қант қызылшасында көптеген фитофагтар қоректенеді. Дегенмен айтарлықтай өнімнің төмендеуіне тек қана 30-ға жуық көп қоректі және арнайы зиянкес түрлері әсер етуі мүмкін. Қызылша тұқымына айтарлықтай зиян келтіретін, өсімдіктердің вирус ауруларын таратушы шаншып-сорғыш жәндіктер болып табылады. Арнайы зиянкестер арасынан бүргелер және кәдімгі қызылша бізтұмсығы қауіпті болып саналады.
Қызылша бүргесі: оңтүстік (Chaetocnema breviuscula Fald.), кәдімгі немесе қарақұмық (Chaetocnema concinna Marsch.) (Coleopteraотряды, Chrysomelidae тұқымдасы). Қант және асханалық қызылшаны, рауғашты, қымыздықты, шпинатты, т.б. дақылдарды зақымдайды. Бүргенің денесінің ұзындығы 1,4-2,3 мм, денесінің түсі қара металды реңі бар. Қанаттың үстіңгі жағы кең, аралықтары жаншылған. Кәдімгі қызылша бізтұмсығының дене пішіні домалақ, ал оңтүстік бүргесінің денесі жұмыртқа тәрізді болып келген. Дернәсілдерінің денесінің түсі ақшыл сары реңді, басы қоңыр, ұзындығы – 1,5-2,2 мм. Қоңыздар топырақтың беткі қабатында немесе өсімдік қалдықтарының астында қыстайды. Егістіктен орман алқаптарына, арамшөпті жерлерге ұшуы мүмкін. Ерте көктемде ауаның температурасы 8-9Â°С болған кезде қыстап шыққан бүргелер шыға бастайды. Алғашқы кезде олар арамшөптердің алабұталар және қарақұмықтар тұқымдасымен, содан соң қызылша егістігіне ұшып сол жерде қоректенеді. Қоңыздар тұқымжарнақ және нағыз жапырақпен қоректенеді. Жас өскіндер күшті зақымданған кезде жойылып кетуі мүмкін. Күресу шараларын ұйымдастыру барысында міндетті түрде мына мәселені ескерген жөн: көктемнің бұлтты күндерінде бүргелер нашар қоректенеді және айтарлықтай зиян келтіре қоймайды, ал ауа-райының ыстық, құрғақ күндерінде зияндылығы бірнеше есеге көбейеді. 1-1,5 ай қосымша қоректену жалғасқаннан кейін аналықтары жұмыртқаларын тереңдігі 3-6 см топырақ астына салады. Эмбрионалдық даму 10-14 күнге жалғасады. Дернәсілдер 30-80 күн шамасындай қарашірікпен, қызылшаның ұсақ қабықшаларымен қоректенеді, сонан соң топырақ қабатының 10-15 см тереңдігінде қуыршақтанады. Қоңыздардың жаңа ұрпағы шілде айының соңы мен тамыз айының басында пайда болады. Олар аса қауіпті зиян келтірмей арамшөп және қызылша жапырақтарымен 1-2 апта қоректенеді де, кейін қыстауға кетеді. Жылына 1 ұрпақ береді.
Күресу шаралары. Жақсы дайындалған жерге кеш егілген егіс бүргелерден аз шығынға ұшырайды. Вегетация кезеңінде қызылша бүргесі қоректеніп, дамитын арамшөптерді міндетті түрде жою қажет (әсіресе алабұталар мен қарақұмықтар тұқымдасы). Көктеу кезеңінде – 3 жұп жапырақ болған жағдайда 8-12 үлгіден 20 см қатар өсімдікті бақылайды. Егер кәдімгі себілген егісте 1 өсімдіктен 1 қоңыз және дәл себілген егісте 1-2 қоңыз табылса, онда инсектицидпен өңдеу қажет болады. (Қосымша). Қоңыздар қоныстануды егістің шетінен бастайды, осыған байланысты қызылша өскінін қоңыздардан қорғау үшін өңдеу жұмыстарын егістің шетінде жүргізу қажет.
Қызылша бізтұмсықтары: кәдімгі (Bothynoderes punctiventris Germ.), жолақты (Chromoderus fasciatus Mull.), ақшыл (Chromoderus declivis Ol.), шығыс (Bothynoderes foveicollis Gebl.) және сұр (Tanymecus palliatus F.) (Coleoptera отряды, Curculionidae тұқымдасы). Соңғы екеуі Қазақстанда көп тараған.
Кәдімгі қызылша бізтұмсығы қара түсті, денесі сұр қабыршақпен және түктермен жабылған. Қанатының үстінде екі қара қисық дақтары және де екі ақ дөңесі бар. Бастүтігі қысқа. Дене тұрқы 10-15 мм. Жолақты қызылша бізтұмсығы түсі қара, денесін сұр–қара қабыршақтар және түктер жапқан. Қанаттың үстінде көмескі бұлдыр қара дақтары бар. Дене тұрқы 7-11 мм. Ақшыл қызылша бізтұмсығының түсі қара, денесін ақшыл-сұр, ақ дерлік түктермен жабылған. Бүйірінде иректі жіңішке сызығы бар. Дене тұрқы 8-10 мм. Шығыс қызылша бізтұмсығының түсі қара, қанаттың үсті сұр-қара қабыршақпен жабылған және де көмексі бұлдыр қара дақтары бар. Дене тұрқы 9-10 мм. Ақшыл қызылша бізтұмсығының денесі түгелімен сұр қабыршақтармен жабылған. Дене тұрқы 7-10 мм.
Бізтұмсық дернәсілі – денесінің түсі ақ, басы қоңыр, аяғы жоқ. Кәдімгі қызылша бізтұмсығы дернәсілінің дене тұрқы 27-30 мм, ал қалғандарынікі – 20-25 мм.
Қоңыздар топырақта қыстайды, ал егер күз суық жаңбырлы болса, онда дернәсілдер мен қуыршақтар да қыстауға кетуі мүмкін. Алайда Солтүстік Қазақстанның ауа-райы жағдайына байланысты, дернәсілдер мен қуыршақтар қыс мезгілінде өліп қалады. Көктемде топырақ қабаты 8-10Â°С қызған кезде қоңыздар пайда болады. Бұл уақытта қоңыздар топырақ бетінде жорғалайды. Температура 20-25Â°С жеткен жағдайда ұша бастайды. Қызылша бізтұмсығы арамшөптердің алабұталар тұқымдасымен қоректенеді
де, кейін қант қызылшасының өскініне ауысады. Қоңыздар жапырақтарды жеп, қызылша сабақтарын кеміреді. Температура +8 Â°С төмен болса, қоңыздар қоректенбейді, ал 8-12Â°С әлсіз мөлшерде зақымдайды. Есейген дараларында қосымша қоректену 35-40 күнге созылады. Аналықтары жұмыртқаларын өсімдік тамырының маңайына, тереңдігі 3-10 см топыраққа салады. 7-11 күннен соң дернәсілдер туады, кейін олар ұсақ қабықшаларды және қызылшаның орталық тамырын тереңдетіп жеп, тамырдың кем-тарлығын тудырады, ал күшті залалданған кезде өсімдіктің жойылуына әкеледі. Сұр қызылша бізтұмсығының дернәсілі арамшөптерде (қалуен, дала шырмауығы, ошаған) дамуына байланысты, қызылша өсімдігін зақымдамайды. Дернәсілдер 45-90 күннің ішінде төрт жас шағын өткізеді және топырақта қуыршақтанады. 15-20 күннен кейін жаңа қоңыз пайда
болады да, сонан соң ол топырақта қыстауға қалады. Жолақты қызылша бізтұмсығының қоңызы жұмыртқаны қызылша тамырының мойнына салады, ал дернәсілі тамыржемістің ішіне еніп, камералар мен жолдар жасайды да, тамыр мойнының ісінуін тудырады. Мұндай зақымдалу өсімдіктің жойылуына әкелуі мүмкін. Тамыржемістің ішінде дернәсілдер қуыршақтанады. Жылына 1 ұрпақ береді.
Күресу шаралары. Ауыспалы егісті қатаң сақтау, жоғары сапалы тұқыммен қолайлы мерзімде себу, топырақты сапалы өңдеу, минералды және органикалық тыңайтқыштарды енгізу, егінді сепкеннен кейін топырақты тығыздаса, зиянкестердің санының азаюына және өсімдіктің өсу тұрақтылығын реттеуге мүмкіндік туғызады. Топырақты қатараралық қопсытса, жыртқыш жәндіктердің әрекетін күшейтеді. Арамшөптермен міндетті түрде күресу керек. Сәуір айының аяғынан бастап көлемі 1 м 2 20 үлгі алаңқайда зиянкестерге көзбен шолу есебін жүргізеді. Көктеу кезеңінде кәдімгі қызылша бізтұмсығы қоңызының 0,2-0,3, басқа түрлердің 0,3-0,5 данасы 1 м2 жерде, ал 2-4 жұп жапырақ шыққан кезеңде 0,5-0,6 дана/м2 кездессе, онда инсектицидпен өңдейді (Қосымшаны қараңыз).
Қызылша сауытты қоңызы – Cassida nebulosa L. (Coleoptera отряды, Chrysomelidae тұқымдасы). Бунақденелілер қант және асханалық қызылшада, көбінесе көкпекте, алабұта тұқымдасы арамшөптерінде дамиды. Сауытты қоңыз жапырақтарды кеміреді де, оның негізгі жүйкесін қалдырады.
Қоңыздардың денесінің түсі қоңыр-сары немесе жасыл ұсақ қара дақтармен, дене тұрқы 6-7 мм. Қанат үсті және алдыңғы арқа денеге қарағанда кең болып келген және қоңызды басымен бірге сауыт жапқан. Аяқтары қоңыр, жамбасы қаралау. Қанаттың үстінде түзу қатарлы нүктелері бар. Қанат үстінің бүйір қырларының орта бөлімі жуан болып келген. Дернәсілі сары-жасыл жалпақтау, дененің бүйірінде айтарлықтай ірі тісшелі өсінділер бар, осы өсінділердің артқы екеуі едәұір ұзын болып келген. Дернәсіл құрсағының ұшы жоғары қарай иілген.
Бунақденелілер ерте көктемде шыға бастайды. Сәуір айында аналық даралар жұмыртқаларын үймелеп, арамшөптердің, алабұталылар тұқымдасының жапырағына салады да, жұмыртқалардың үстін өзінен бөлініп шығарылған жартылай мөлдір шажырқаймен жабады. Бір аналықтың орташа өсімталдығы 200 жұмыртқа. Эмбрионалдық даму 10-12 күнге созылады. Дернәсілдер 2-3 апта ішінде дамиды, содан соң жапырақтардың арасында сары жалпақ тікенекті қуыршаққа айналады. Қоңыздардың бірінші ұрпағы шілде айында, ал екінші ұрпағы тамыз айының аяғында пайда болады. Қоңыздардың екінші ұрпағы қыстауға қалады.
Күресу шаралары. Алабұталылар тұқымдасына жататын арамшөптерді жою қажет. Қолмен отау кезінде арамшөптерді егістіктен алып тастау керек. Сауытты қоңыздар мен олардың дернәсілдеріне қарсы инсектицидті тізім бойынша пайдаланған дұрыс. Қызылша сауытты қоңызының ЭЗШ саны өскін кезеңінде 0,7-1 дана/м2, ал 4-5 жұп кәдімгі жапырақ кезеңінде 1 өсімдікте 10-нан артық дернәсіл болады.
Қызылша қандаласы – Poeciloscytus cognatus Fieb. (Hemiptera отряды, Miridae тұқымдасы). Қант қызылшасын, жоңышқаны, сояны (қытайбұршақ), асбұршақты, күнбағысты, көкнарды және т.б. өсімдіктерді зақымдайды.
Бунақденелілердің дене тұрқы 3-5 мм, сары-қоңыр түсті. Арқаның алдыңғы жағында екі қара дағы бар. Қанаты мөлдір, ал үстіңгі ортасында сына тәрізді қара дақ орналасқан. Дернәсілдері үлкен дараларына ұқсас, жасыл, қылшықтармен жабылған, сауытында екі қара дақ орналасқан.
Мәдени өсімдіктердің және арамшөптердің (көкпек, қызылқұйрық, жусан, т.б.) сабағына, жапырақ кесіндісіне салынған жұмыртқалар қыстайды. Ұрықтың дамуы күзде басталады, ал қыс мезгілінде тоқтатылады да, келесі жылдың көктемінде қайтадан басталады. Ерте көктемде сәуір айының екінші жартысында – мамыр айының басында дернәсілдер туа бастайды. Қандаланың дернәсілі бір айдың төңірегінде дамиды, осы уақыттың ішінде бес жас өтеді де, ересек жәндікке айналады. Ересек жәндік 3 км-дей аралықты игере алады. Аймақтың жағдайларына байланысты зиянкес 3-4 ұрпақ беріп дами алады. Аналықтары маусым айының аяғында жұмыртқаны топ қылып, мәдени өсімдіктерге және арамшөптерге салады. Эмбрионалдық даму 10-16 күнге созылады. Қандала өсімдіктің шырынын сорып, жапырақтың солуын және түр өзгеруін тудырады. Өсу нүктесінде қоректенген қандала төмен қантты тамырдың көпбастылығына, ал күшті залалданған кезде мүшенің зақымданып жойылуына әкеліп соғуы мүмкін. Бұдан басқа, қызылша қандаласы вирустық аурулардың таратушысы болып табылады. Зиянкес 3-4 ұрпақ беріп дамиды.
Күресу шаралары. Арамшөптерді құрту, ауыспалы егісті қатаң сақтау, зиянкестерге қарсы инсектицид қолдану керек.
Қызылша бітесі – Aphis fabae Scop. (Homoptera отряды, Aphididae тұқымдасы). Қызылшаны, күнбағысты, асқабақты, бұршақ және алқа тұқымдастарын зақымдайды, сонымен қатар арамшөптермен (көкпек, ақ алабұта, қызылқұйрық және т.б.) қоректенуі мүмкін.
Есейген дараның денесін балауыз қабаты жапқан. Дене тұрқы 1,5-3 мм, ал түсі жасыл реңді қара. Жамбасы мен сирағы ақ түсті.
Қызылша қандаласы таралатын түрге жатады. Жұмыртқалары шәңкіштің бұтақшасының жоғарғы басында қыстайды. Ерте көктемде температура 8-9Â°С жеткенде негізгі өсімдіктерде дамитын аналық-орналастырушы туады. 2-4 ұрпақтан кейін бітелер мекенінде қанатты даралар пайда бола бастайды, кейін олар мәдени өсімдіктерге, сонымен қатар қызылшаға ұшып қонады. Бітемен залалданған жапырақтар пішінін өзгертеді, сондықтан қызылша тамыржемісінің салмағы мен қанттылығы төмендейді, ал тұқымдықта тұқымның шашылуы және оның сапасының төмендеуі байқалады. Сонымен қатар олар қауіпті вирустық аурулардың таратушысы болып табылады. Күзде бітелер негізгі азықтық өсімдігіне қайтып келеді және қос жынысты ұрпақ береді. Ұрықтанған аналықтар қыстауға жылтыраған қара жұмыртқалар салады. Бітелер тіршілік аралығында 14-ке жуық ұрпақ береді.
Күресу шаралары. Ауыспалы егістікті қатаң сақтау және минералды тыңайтқыштарды енгізу керек. Тұқымды отырғызғаннан кейін жаңбырлатып суару зиянкестердің санын төмендетуге мүмкіндік береді. Арамшөптерді жою және гүлдейтін өсімдіктерді себу энтомофагтарды тартуға жағдай туғызады. 3 жұп нағыз жапырақ кезеңінде 10 жерде 10 өсімдікті қарап, өсімдіктерде жәндіктер қоныстануы 20-30 % асып кетсе, инсектицидтерді Â«Тізім ...» бойынша пайдаланған дұрыс.
Қызылша тамыр бітесі – Pemphigus fuscicornis Koch. (Homoptera отряды, Aphididae тұқымдасы). Қызылшада және алабұта тұқымдасы арамшөптерінде қоректенеді.
Есейген даралары сары түсті, нәзік балауыз қабатымен жабылған. Дене тұрқы 1,5-2,5 мм. Дернәсілдері сарылау – сұр түсті, ұзындығы 0,7-0,8 мм.
20-70 см топырақ тереңдігінде қанатсыз аналықтары қыстайды. Көктем мезгілінде пайда болған дернәсілдер топырақ бетіне шығып, азықтық өсімдіктерге қоныстануы мүмкін. Олар ұсақ түптерге жабысады, дернәсілдер және дернәсілдердің терісінен түзілген металл ақшыл реңді қабат пайда болады, сол себептен зиянкестердің саны артқан кезде өсімдіктің жанындағы топырақ ақшылданып кетеді. Қызылша тамыр бітемен зақымдалынған өсімдік тамырлары құрып қалады, жапырақтар сарғайып кетеді, өсімдіктердің өнімі және қанттылығы төмендейді. Өсіп-өну кезеңінде 8-10 ұрпақ беріп дамиды.
Күресу шаралары. Ауыспалы егісті қатаң сақтау; арамшөптерді құрту; минералдық және органикалық тыңайтқыштарды енгізу; өнімді шығынға ұшыратпай дұрыс жинау; өсімдік қатарлары тегіс жабыла бастаған кезеңде тамыр жүйесін қарап, топырақ тереңдігі 5 см болатын 20 үлгі (әр үлгіде 5 өсімдік) қарайды. Тамыр бітесімен 20-30% өсімдіктер қоныстанса, инсектицидтерді Â«Тізім ...» бойынша пайдаланған дұрыс.
1- тапсырма. Қызылша зиянкестерімен танысу. Зақымдану түрлерін анықтау.
2- тапсырма. 8- кестені толтырып, зақымдану кезеңінің және зақым келтіретін түрдің суретін салу.
8 кесте. Қант қызылшасы зиянкестерінің сипаттамасы.
Жүйелі тәртібі (түр, тұқымдасы, отряд) | Осал кезеңі, залал келтіретін мезгілі | Залалдайтын дақылдары | Зақымдайтын кезең | Зақымдайтын белгісі | ЭЗШ | Күресу шаралары |
3- тапсырма. Кәдімгі қызылша бізтұмсығының фенологиялық даму күнтізбесін құраңыз.
4- тапсырма. Қызылша бізтұмсығына сипаттама жасаңыз және 9 кестені толтырыңыз.
9- кесте. Қызылша бізтұмсықтарының ерекше белгілері.
Түр | Ересек жәндіктің сипаттамасы | Жұмыртқа салу типі | Дернәсілдердің сипаттамасы | |||
Бастүтіктің ұзындығы | Қанаттың үстіндегі суреттері, түсі. | Дене тұрқы | Түсі | Мөлшері | ||
Бақылау сұрақтары.
1. Қызылшаның зиянкестерін және олардың отряды мен тұқымдастарын атап беріңіз.
2. Қызылша бүргесінің түр құрамы, дамуы және зияндығы.
3. Қызылша бүргесіне қарсы қандай күресу шараларын қолданады?
4. Қызылша бізтұмсығының ішкі белгілері, даму циклі, зияндығы.
5. Қызылша бізтұмсығымен күресу шараларын атаңыз.
6. Қызылша қандаласының биологиялық және морфологиялық ерекшелігі. Күресу шаралары.
7. Қызылша тамыр бітенің биологиялық және морфологиялық ерекш
10- тақырып - КҮНБАҒЫСТЫҢ ЗИЯНДЫ ЖӘНДІКТЕРІ
Түсініктеме
Топырақтағы тұқым және күнбағыстың өскіні сымқұрттың, қара қоңыздың, шалғын көбелектің зақымдауынан көп зиян шегеді. Тіршілік кезінде итальяндық прус, кеміргіш түн көбелектері, қандалалар, бітелер және басқа да түрлер зиян келтіреді. Арнайы зиянкестердің ішінде күнбағыс қан көбелегі және күнбағыс мұртты қоңызы қауіпті болып есептелінеді.
Күнбағыс қан көбелегі - Homoeosoma nebulella Hb. (Lepidoptera отряды, Pyralidae тұқымдасы). Күнбағысты, мақсарыны, ақкекірені зақымдайды.Көбелек қанатының құлашы 20-27 мм. Алдыңғы қанаты жіңішке, сұр орта жерінде төрт қара дағы бар. Артқы қанаты ақшыл түсті және алдыңғы қанатқа қарағанда жалпақ, қара-қоңыр талшықтары және шашақтары бар. Есейген құрт сары-қоңыр түсті, арқаны бойлай үш қара жолақтар өтеді. Дене тұрқы 15-16 мм.
Бес жастағы құрттар өрмекші пілләнің ішінде, топырақтың беткі қабатында немесе өсімдік қалдықтарының астында қыстайды. Мамыр айының аяғында құрттар қуыршақтанады. Көбелектердің ұшуы маусым
айының басында байқалады. Аналықтары жұмыртқаларын күрделігүлділер тұқымдасының гүл тозаңдығына салады. Жаңа туылған құрттар гүлдің генеративті бөлігімен қоректенеді. Олар қоректенуін аяқтағаннан кейін жерге түсіп, топырақта қуыршақтанады. Көбелектің екінші ұрпағы күнбағыстың гүлдеу кезеңінде пайда болады да, жұмыртқаларын күнбағыстың тілшелі және түтікті гүлдеріне салады. Барлығы шамамен – 250. Бірінші және екінші жастағы құрттар гүлдің әр түрлі бөліктерімен, ал үшінші жастан бастап құрттар тұқымның ішіне еніп қоректенеді. Зақымданған күнбағыстың гүл шоғыры дернәсілдердің қалдықтарымен ластанады.
Күнбағыс мұртты қоңызы - Agapanthia dahlii Richt. (Coleoptera отряды, Cerambycidae тұқымдасы). Күрделі гүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктерді, сонымен қатар күнбағысты және мақсарыны зақымдайды.
Қара, жылтыраған денесінің ұзындығы 15-20 мм. Денесі қалың түктермен қапталған, қанатының үстіңгі жағының түктері сары немесе сұр түсті. Мұрттары денесінен ұзын болып келген. Дернәсілі ақшыл сары түсті, басы қоңыр түсті, ұзындығы 22-25 мм.
Есейген дернәсілдері әдеттегідей сабақтың жер асты бөлігінде қыстайды. Мамыр айының басында дернәсілдері қуыршақтанады да мамыр айының аяғында немесе маусым айының басында қоңыздар шыға бастайды. Қоңыздар күрделі гүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің сабағын және жапырағын зақымдайды. Аналықтары жұмыртқаларын күнбағыстың, ошағанның, қалуеннің, түйе жапырақтың, мақсарының сабақтарының ішіне бір-бірден салады. Жұмыртқаларының түсі сүтті-ақ, цилиндр пішіндес. Аналық қоңыздардың өсімталдығы шамамен 40-50 жұмыртқа. Дернәсілдері сабақтың ішінде тамырға қарай бағыт алып қоректенеді. Зиянкес тұқымның ядросындағы май мөлшерінің төмендеуіне және сабақтың сынуына алып келуі мүмкін. Жылына бір ұрпақ беріп дамиды.
Күресу шаралары: Ауыспалы егістіктен орын алу күнбағыс үшін маңызды. Көпжылдық шөптерден кейін немесе қайталап орналастырса, топырақта мекендейтін зиянкестердің өсуіне және егіннің сиреуіне әкеліп соқтырады. Күнбағыстың сауытты сорттарын егу, өйткені қабығының ішінде қорғаныш қабаты болғандықтан, күнбағыс қан көбелегінің құрттары оны кеміре алмайды. Сымқұрттар мен жалған сымқұрттарды тереңдігі 25-30 см, көлемі 0,25 м2 8-16 жерден топырақты қазу арқылы байқау жүргізіп, есепке алады. ЭЗШ саны - 5-10 дернәсіл/м2. Көктемгі-жазғы мезгілде ауа райының жылы және ылғалды мезгілінде шалғынды көбелек өте қауіпті
( ЭЗШ саны 5-10 дернәсіл/м2 ). Құрттарды шахматтық тәртіп бойынша 10 жерден 10 өсімдіктен алып есеп жүргізеді. Егісті Â«Тізім...» регламенті бойынша инсектицидтермен өңдейді. Күнбағыс мұртты қоңызына қарсы күнбағыс сабағын төмен кесінді жасап жинау қажет. Егіс алқабындағы өсімдік қалдықтарын құрту және оларды өсімдік сабағынан қоңыздар ұшқанға дейін пайдалану керек. Терең сүдігер және қатар аралық өңдеу зиянкестер санының азаюына көмектеседі.
1- тапсырма. Күнбағыс қан көбелегінің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін танып біліңіздер.
2- тапсырма. Күнбағыс мұртты қоңызының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін танып біліңіздер.
3- тапсырма. Күнбағыстың фитофагпен зақымдану белгілерінен зерттеп танысыңыз.
4- тапсырма. 10- кестені жазып толтырыңыз және зақымдану кезеңінің, зақым келтіретін түрдің суретін салыңыз.
10- кесте. Күнбағыс зиянкестерінің сипаттамасы
Жүйелі тәртібі(түр,тұқымдасы, отряд) | Метаморфоз түрі | Дернәсіл түрі | Қуыршақ түрі | Зақымдану кезеңі | Зақымдайтын мүше | Залал келтіретін белгілері | Ұрпақ саны | Қыстайтын кезеңі және қыстайтын орны | Ұсынылатын күресу шаралары |
Бақылау сұрақтары.
1. Күнбағыс өскінін зақымдайтын зиянкестердің түрлерін атаңыздар.
2. Күнбағыс өскінін қорғау үшін қандай күресу шараларын қолданады?
3. Күнбағыс қан көбелегінің даму ерекшелігі, зияндылығы.
4. Күнбағыс қан көбелегімен күресу шаралары. Зиянкес санының төмендеуі үшін күнбағыстың сауытты сортының маңызы.
5. Күнбағыс мұртты қоңызының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.
6. Күнбағыс мұртты қоңызымен күресу шаралары.
7. Күнбағ11- тақырып - КАРТОПТЫҢ ЗИЯНДЫ ЖӘНДІКТЕРІ
Түсініктеме
Картопты көп қоректілермен қатар, бейімделген зиянкестер де зақымдайды. Жер бетіндегі мүшелерін гамма көбелектердің жұлдызқұрттары, карадриналар, колорад қоңызы, бітелер, цикадалар, қандалалар зақымдайды. Картоп түйнектерін бұзаубастар, сымқұрттар, жалған сымқұрттар, тақтамұртты қоңыздардың, кеміргіш көбелектердің жұлдызқұрттары, егістік шырышы және сабақ нематодасы зақымдайды.
Көп қоректі болып табылатын бітелердің, қандалалар мен цикадалардың көптеген түрлері картопты зақымдайды және вирустық ауруларды таратушылар болып табылады.
Картоптың колорад қоңызы - Leptinotarsa decemlineata Say. (Coleoptera отряды, Chrysomelidae тұқымдасы). Картопты, қызанақты, баялдыны, бұрыш пен темекіні зақымдайды, сондай-ақ олар жабайы өсетін алқа тұқымдастарымен де қоректенеді.
Қоңыз сопақша пішінді, ұзындығы 9-12 мм, алдыңғы арқасы мен қанатының үсті сарғыш түсті. Басында үшбұрышты қара дақ, алдыңғы арқасында он бір қара дақ болады, ортасындағы дақ V рим цифріне ұқсайды, ал әрбір қанат қабығында бес-бестен ұзынша қара жолақтар орналасқан.
Дернәсілдің ұзындығы 15-16 мм, бүкір денелі, басы мен аяқтары және денесінің бүйіріндегі ұзынша екі қатар дөңестер қара түсті. Бір жастағы дернәсіл қара-сұр, екі жастағы – қызыл, үш пен төрт жастағылар – қызғылт-сары түсті болады.
Қоңыздар топырақта 15-25 см тереңдікте қыстайды. Көктемде 20 см тереңдіктегі топырақ 14-15Â°С дейін қызғанда, қоңыздар оның бетіне шығады. Олар картоп пен басқа өсімдіктердің жер үсті бөліктерімен қоректенеді. Қорек іздеген қыстап шыққан қоңыздар ұша алады, олар 1-1,5 км қашықтыққа дейін жете алады. 17 Â°С жоғары температурада жұптасып, жұмыртқа салады. Ұрғашы жәндіктер жұмыртқаларын картоптың жоғарғы жапырақтарының астына, әрбір ұяға 30-40 жұмыртқадан салады. Өсімталдығы 900-ден 2000 жұмыртқаға дейін өзгеріп тұрады. Ұрықтық даму қоршаған орта жағдайына қарай 7-14 күнге созылады. Колорад қоңызының құрттары 20-30 күн бойы жапырақтармен қоректенеді. Даму кезеңі аяқталғанда, олар топыраққа, 8-10см тереңдікке кетіп, сонда қуыршақтанады. 1-2 аптадан кейін жаңа ұрпақ қоңыздары пайда болады, олар картоп жапырақтарымен қоректенеді. Бірінші-екінші жастағы құрттар жапырақта қисық формадағы саңылаулар тесіп шығарады. Ересек жастағы құрттар мен қоңыздар жаппай жапырақтар мен сабақтарын жейді де, нәтижесінде өсімдіктің өсуі баяулап, картоптың түсімі төмендейді. Күн қатты ысып құрғақшылық болғанда жекелеген қоңыздар диапаузаға кетеді, ал кейбіреулерінің 2-3 жылдан 5 жылға дейін диапаузаға кете алатын қабілеттері бар. Тіршілік циклінің өзгергіштігі колорад қоңызының әртүрлі қолайсыз жағдайларға төзімділігін арттырады. Таралу аймағына байланысты колорад қоңызы жылына 1-3 ұрпақ бере алады.
Күресу шаралары. Картоптың аз зақымданатын сұрыптарын пайдалану. Тыңайтқыштар енгізу, топырақты уақытылы қопсыту, картопты түптеу және арамшөптерді отау. Әртүрлі мерзімдерде қатарлар арасына сөлді өсімдіктер егіп, пайдалы энтомофагтарға қолайлы жағдайлар туғызу. Кішірек алқаптарда қоңыздарды, құрттарды және колорад қоңызының жұмыртқаларын қолмен жинап, жоюға болады. Гендік инженерия әдістерімен инсектотоксикалық белок синтезін бақылайтын, геномында Bacillus thuringiensis бактериялы гені бар картоптың трансгендік формаларын алу бойынша зерттеулер жүргізілуде. Вегетация кезеңінде әрбір сынамада 10 қатар түптен 100 ден 500 сынамадан немесе алқап диагоналі бойынша қатарда 2 түптен келеді. ЭЗШ саны - 5-8 % қыстап шыққан қоңыздар мен құрттар орын алған түптер, шанақтау – гүлдену кезеңінде 1 түпке 20 құрттан келетін 10% түп. Картоп егістерін Â«Тізімде...» келтірілген инсектицидтердің бірімен өңдейді.
Картоптың сабақ нематодасы – Ditylenchus destructor Thorne. (Nemathelminthes типі, Nematoda класы, Tylenchida отряды, Tylenchidaeтұқымдасы).
Картопты, шамалы түрде асбұршақты, сәбізді, қызанақ пен кейбір басқа дақылдарды зақымдайды. Ересек нематодалары құрт тәрізді формада, алдыңғы және артқы жағына қарай кішірейіп келетін жұқа шыны тәрізді түссіз денесі бар. Ұзындығы 0,7-1,3 мм. Личинкалары кішірек. Нематода бірнеше ұрпақ береді. Бір ұрпағы 15 тен 45 күнге дейін дамиды. Нематодалар картоп түйнектерінде сақталады.
Картоп екпе материалы арқылы зақымданады. Нематодалар жас сабақтарға еніп, өсімдіктің өсуін тоқтатады. Зақымданған өсімдіктерде жапырақтар өте кішкентай және толқынды. Түптің төменгі қабатындағы жапырақтар өліп қалады, қалғандары солып, сарғайып кетеді. Нематодалар қалыптасып келе жатқан түптерге енеді. Бұдан кейін түптерде қисық формалы сұр дақтар пайда болады, ал сақтау кезеңінде – түптердің жоғарғы бетінде бастапқыда татты-қоңыр ұсақ жарықшалар. Одан кейінірек түптердің толықтай бұзылуына және құрғақ шіріктің дамуына әкеліп соқтырады.
Күресу шаралары. Тек сау түйнектерді ғана отырғызу қажет. Сақтауға жіберу алдында тиянақты іріктеу жүргізіледі. Түптерді сақтау ережелерін орындау қажет (85-90% ылғалдылық, температура +1..+3 Â°С деңгейде).
1- тапсырма. Колорад қоңызының өмір сүру сатысымен, морфологиясы мен биологиясы зерттеп танысу.
2- тапсырма. Өсімдіктерді колдорад қоңызымен зақымдану белгілерін қарастыру.
3- тапсырма. Сабақ нематодасының даму ерекшеліктерін және зияндылығын зерделеу.
4- тапсырма. Картоп үшін қауіпті саналатын көп қоректі зиянкестердің түрлерін (күздік көбелек, сымқұрттар және басқалар) қарастыру, зақымдау белгілерімен зерттеп танысу.
5- тапсырма. Картоп зиянкестерімен күресу тәсілдерімен танысу.
6- тапсырма. 12-кестені жазып толтыру.
12- кесте. Картоп зиянкестерінің сипаттамасы
Жүйелік орны(түрі, тұқымдас, отряды, класы, типі) | Жұмыртқа формалары, салу типі | Құрттың типі | Қуыршақ типі | Зақымдау кезеңі | Келтірілген залалдың типі | Ұрпақ саны | Қыстау кезеңі және қыстайтын орны | Ұсынылатын күресу шаралары |
7-тапсырма. Колорад қоңызының фенологиялық даму күнтізбесін жасау.
Бақылау сұрақтары.
1. Картопты қандай көп қоректі зиянкестер зақымдайды?
2.Картоп өсімдігінің жер үсті массасын қай түрлері, ал түйнектерін қандай зиянкестер зақымдайды?
3. Колорад қоңызына морфологиялық сипаттама беру.
4. Колорад қоңызының даму биологиясының ерекшеліктері.
5. Колорад қоңызымен күресу шаралары.
6. Сабақ нематодасының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктеріне сипаттама беру.
7. Картоптың сабақ нематодасымен күресу шаралары.
ысқа қандай көп қоректі фитофагтар зиян келтіреді.