Ақшаның пайда болуы,мәні және негізгі атқаратын қызметтері
Ақшаның пайда болуын маркстік және неоклассикалық мектептер айырбас,сауданың даму процестерімен ,шаруашылықтың нарықтық формасының нығаюымен байланыстырады.Айырмашылықтары ең алдымен тауар табиғатын түсіндіруде жатыр.
К.Маркстің теориясында ақша бұл ерекше тауар.Ол ақшаның шығуын құн формасының , яғни ауыспалы құн формасының дамуымен байланыстырады.Ол форма төртеу-жай немесе кездейсоқ;кездейсоқ немесе жан-жақты;жалпылама;ақшалай.
Құнның ақшалай формасында барлық тауардың эквивалентті алтын болды.Ақша сөйтіп, айырбас пен құн формасының ұзақ даму процесінің нәтижесінде пайда болды.Тауар әлемі
екі полюске бөлінді: бірінде тауардың жалпы массасы , екіншісінде бір ғана тауар –ақшаның рөлін атқарған алтын.Маркс бағаны құнның ақшалай формасы деген.Маркстің теориясында ақша рөлін металдар –алтын мен күміс атқарған .Бұл 19 ғ.аяғы мен 20 ғ.басындағы алтын стандарт жүйесінің болуымен дәлелденеді.Алтынның ақшаның рөлін атқаруға 3 себебі боды:
1.Сақталымдылығы; 2.Портативтілігі(шамалы көлемінде жоғарғы құндылықтыңболуы)
3.Экономикалық бөлінуі(алтын құймасы,яғни салмағы жағынан екіге бірдей бөлінген бөліктер құймасының құны дәл есеге азаяды.)Бұндай қасиет мал да,бағалы терілерде,інжу-маржандарда ,алмастарда және тс.с жоқ. 4.Алтынның салыстырмалы түрде табиғаттағы сиректігі. Қазір алтын ақшаның рөлін атқармайды. Осы арада К.Маркстің ақшаның қызметтерін жіктеуін қарастыруға болады.Ақша негізгі бес қызметті атқарады:
1.Тауарлар құнының өлшемі; 2.Айналыс құралы; 3.қор жинау құралы; 4.Төлем құралы
5.Әлемдік ақшалар
Ақшаның айналысқа қажетті сандық формуласы.
АС=БС-Н+НТ-ӨТ/АЖ
АС-айналысқа қажетті ақшалар мөлшері
БС-сатуға арналған тауарлар бағасының сомасы
Н-несиеге сатылған тауарлар бағасының сомасы
НТ-мерзімі жеткен несиелерді төлеу сомасы.
ӨТ-өзара өтелінетін төлемдер сомасы
АЖ-ақаша айналысының жылдамдығы
20ғ.ақша қызметтері және ақшаның жалпыға ортақ эквивалент ретіндегі рөлі өзгерістерге ұшырады.Барлық жерде алтын ақша жоғарыда аталған бес қызметті атқаруын қойды.Еш жерде тауар құны алтын арқылы өлшенбейді; ешбір елде алтын ақша ретінде айналыста болмайды; алтын төлем құрамы қызметін де атқармайды.Халықаралық экономикалық қатынастарда есеп айырысу валюталар-доллар,евро,иена және т.б. арқылы жүзеге асады.Сонымен,алтынның айналыстан шығуы және оның ақша қызметін атқармайтын болуы демонетизациялау деп аталады.Демонетизация дегеніміз алтнның ақша рөлін және жалпыға ортақ эквивалент рөлін атқаруы доғаруы.Осы жерле мынадай өте қиын сұраққа тап болып боламыз.Қазіргі ақшалардың мәні,жалпы табиғаты қандай?Өйткені кімге де болса да анығы қазіргі уақытта асыл металл –ақша емес, қағаз ақша-ақша .Ақшаның бар болуы немен анықталады,оның тұрақтылығы неге байланысты?
Батыстық экономикалық теорияда бұл сұрақ бойынша пікірталас жүріп жатқанына кемінде екі ғасыр болды.Егер қағаз ақша малыстырмалы сиректік қасиетінен айырылатын болса, онда оның бағалылығы төмендейді.Сондықтан қағаз ақшаның құны туралы мәселе айналысқа қажет қағаз ақшаның саны туралы мәселемен тығыз байланысты.Ақшаның мәніоның қызметтерінен шығады(ең алдымен төлем құралы және айналыс құралы ретіндегі).
30. Жұмыссыздық және оның түрлері.
Жұмыссыздық- еңбек рыногының бөлінбес элементі болып табылады. Жұмыс күші бар ересек адамдар еңбек рыногына қатынасуына байланысты бірнеше негізгі категорияларға бөлінеді.
Еңбекке қабілетті адамдар- жасына және денсаулығына қарай еңбек етуге қабілеті бар адамдар. Жұмысшы күшіне жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар жатады. Жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың болмысын мына көрсеткіштер сипаттайды: институционалдық емес адамдар (рыноктық емес құрылымда істейтіндер), жұмыс істеуші-лердің саны, жұмыссыздар саны, жұмысшы күшінің құрамына кірмейтін адам-ң саны.
Экономикалық әдебиеттерде жұмыссыздықты мына типтерге бөледі: Фрикциондық жүмыссыздық, еңбек нарығында жұмыссыздықтың қашан болмасын, адамдардың бір жерден екінші жерге жылжуымен және бір кәсіпорынның басқаға жылжуымен байланысты, белгілі бір дәрежесі болады.
Құрылымдық жұмыссыздық. Экономикадағы құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде бос жұмыс орындары мен жұмыссыздардың арасындағы кәсіби-біліктілік пен аумақтық сәйкессіздік құрылымдық жұмыссыздықтың басты себебі болып табылады. Құрылымдық жұмыссыздыққа әдетте біліктілігі төмен немесе ескірген мамандығы бар жұмыскерлер жатады және ол экономикалық жағынан артта қалған аудандардың халықтарын қамтиды.
Маусымдық жұмыссыздық. Өндірістің кейбір салаларындағы өндіріс көлемінің маусымдық ауытқуымен байланысты болады: ауыл шаруашылығы, құрылыс. Бұларда жыл бойында еңбекке сұраныс елеулі өзгеріп отырады
Циклдық жұмыссыздық. Бұның негізін экономикалық құлдырау мен экономиканың бір секторындағы немесе аймақтағы жүмыс күшінің артуы басқа жерде оның жеткіліксіз болуымен қатар жүреді.