Тақырып. Өнімді өткізу және өндіріс шығындары

Кәсіпорынның шығаратын тауарларының мөлшерін рынокқа ұсынуы, оны өндіруге кететін шығындарына және сол тауарлардың рынокта сатылатын бағаларына тікелей байланысты болады. Бұдан шығатын қорытынды, тауарларды өндіру және оны сатуға кететін шығындарды білу кәсіпорынның шаруашылық жүргізудегі тиімділігінің басты жағының бірі болып саналады.

Шығындар – бұл кәсіпорын өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары. Өндіріс процесіндегі айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен практикалық қызметіндегі анықтайтын межесі болып табылады. Кәсіпорын шығындары өндірістік белгісіне қарай 3 түрге бөлінеді:

1. өзіндік құн құрайтын өнімдерді өндіру және сатуға кететін шығындар. Бұл капиталдың ауыспалы айналымы арқылы сатудан түскен ақшалай түсімді жабатын ағымдағы шығындар.

2. өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға кететін шығындар. Әдеттегідей бұл жаңа немесе жаңғыратын өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі күрделі қаржы шығындары.

3. өндірістің әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй, тұрмыстық қызмет көрсету және осыған ұқсас басқа да мұқтаждарға кететін шығындар. Олар негізінде пайданың есебінен бөлінетін арнаулы қорлардан қаржыландырылады.

Сыныптау белгілері Шығындардың бөлшектенуі
1. Экономикалық элементтер   2. Өзіндік құнның статьялары 3. Технологиялық процестерге қатыстылығы 4. Құрамы 5. Өнімнің өзіндік құнына қатысудың тәсілі 6. Өндірістік процестегі ролі 7. Мақсатқа сәйкес жұмсау 8. Жоспарға қатысу мумкіншілігі 9. Өнімнің көлеміне қатысты 10. Шығу мерзімділігі 11. Дайын өнімге қатысты   Шығындардың экономикалық элементтер Өзіндік құнның калкуляция статьялары Негізгі, қосымша   Бірэлементтік, кешенділік Тікелей, жанама   өндірістік, өндірістен тыс өндірістік, өндірістік емес жоспарлы, жоспарсыз тұрақты, ауыспалы күнделікті, бір жолғы аяқталмаған өнімге кететін шығындар, дайын өнімнің шығындары

Практикалық маңызы болатын ең тұрақты және ауыспалы шығындарға бөлу. Тұрақты шығындар осы кезеңдегі уақыт ішіндегі сомасы өнімді өндіру және оны сатудың мөлшеріне, құрылымына тікелей тәуелді болмайды.Тұрақты шығындарға жататындар: міндетті заемдық ақылар, есепті төлемдер, ғимараттар мен жабдықтардың амортизациясы, сақтандыру жарналары, т.б.

Ауыспалы шығындар – бұл осы кездегі уақытта өнімді өндірудің мөлшеріне және сатылуына тәуелді болмайтын шығындар: еңбекақы, шикізаттар, отын, энергия,, т.б. Тұрақты және ауыспалы шығындардың арасындағы айырмашылықтың елеулі маңызы бар. Тұрақты шығындар керек десе, жалпы алғанда, өндірілмеген өнімге де төленуге тиісті, ал ауыспалы шығындармен кәсіпкер өндіріс көлемін өзгерту жолымен басқаруы мүмкін.

Шығындар экономикалық және бухгалтерлік болып ажыратылады. Экономикалық шығындар деп кәсіпорынның ресурстарды пайдаланғаны үшін жеткізушілерге төлейтін төлемдердің барлық түрлерін айтады. Олар екі түрден тұрады: сыртқы (анық немесе ақшалай) және ішкі (күңгірттік не өзінен-өзі түсінікті). Сыртқы шығындар – бұл ресурстарды жеткізушілерге ақшалай түріндегі төлемдері; шикізаттар төлемдері; материалдар, т.б. Бұл топтағы шығындар күңгірт, өзінен-өзі түсінікті сипаттамада болады. Олар кәсіпорын иелерінің қарамағандағы ресурстарды өндірісте пайдаланғанын нақтылап көрсетеді.: жерді, ғимараттарды, т.б. үшін кәсіпорын ресми төлемейді.

Кәсіпорын іс-әрекетіндегі басты көрсеткіштердің бірі өнімнің өзіндік құны (ӨҚ). Бұл өнімді өндіруге және оны сатудағы ақшалай нысанында көрсетілетін шығындардың жиынтығы. Сөйтіп, жалпы өндірістік тиімділігін анықтайды.

ӨҚ экономикалық мазмұны – жұмсалған шығындардың орнын толтыру және соның есебінен өндірілетін барлық элементтердегі жай ұдайы өндірісті, өндірістік қорларды және жұмыс күштерін қамтамасыз ету. Осы арада, кәсіпорынның ӨҚ маңызды элементтері: амортизация, жұмсалған материалдық ресурстардың құны, еңбекақы – бұл шығындардың басты статьялары.

Сонымен қатар, кәсіпорын бір уақытта басқа да шығындарды іске асырады: өз қызметкерлеріне сыйлық, банктік несиеге процент төлеу, әлеуметтік объектілерді ұстау, бюджеттен тыс қорларға аударым жасау – бұл шығындар кәсіпорынның қосымша шығындарын құрайды.

ӨҚ тиімділіктің мынадай маңызды көрсеткіштері: пайда және пайдалылығының деңгейі мен серпінін анықтайды. ӨҚ маңызды оның орындалу функцияларымен анықталады:

1. ӨҚ өнім құнының кең бөлігі болып табылады. Мұның мәнісі, ӨӨҚ арқылы өндіріс қаражаттарын жұмсауды қамтамасыз етеді.

2. ӨҚ көтерме сауда бағасын қалыптастырудың негізі болып табылады, оның есепсіз жүргізілуі бағаның құрылуына негіздеме бола алмайды.

3. ӨҚ негізінде пайданы, кейбір бұйымдардың пайдалылығын, яғни оларды шығарудың мақсатқа сай екендігін есептеу.

Өнімнің ӨҚ құрайтын шығындар екі негізгі белгілермен топтастырылады:

· Шығындардың бастапқы элементтерімен;

· Пайда болу және міндет жүктеу сипатымен;

Экономикалық элементтердің шығыстарын топтастыру өндіріс шығындар сметасын дайындағанда қолданылады. Бұл топтастырудың мәні - әрбір шығынның элементі ӨӨҚ жиынтығына қосылады. Сонымен, төмендегі шығын элементтері:

· Материалдық шығындар;

· Еңбекақыға жұмсалған шығындар;

· Әлеуметтік сақтандыруға аударым;

· Зейнетақы қорына аударым;

· Жұмыспен қамтылу қорына аударым;

· Амортизация;

· Басқа да шығындар;

Шығындардың жүйелі түрде төмендету – кәсіпорындардың жұмыс істеу тиімділігін арттырудың негізгі құралы болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында залалды кәсіпорындарды қаржылай қолдау қағидаға жатпайды.

Ұлттық экономиканың барлық салаларында өндіріс шығындарын төмендетудің төмендегі негізгі бағыттарын айтуға болады:

· ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану;

· өндіріс және еңбекті ұйымдастыру жетілдіру;

· экономикалық процестерді мемлекет тарапынан реттеу;

Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін іске асыру – бұл бір жағынан өндіріс қуатын, шикізат және материалдар, оның ішінде отын-энергия ресурстарын көптен-көп пайдалану, ал екінші жағынан тиімді жаңа машиналарды, жаңа технологиялық процестерді іске асыру.

Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімді ету – шаруашылықты жүргізудің әр түрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып отыр. Тек қанша өнім өндірілгендігінің ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының маңызы зор. Мәселенің бұлайша қойылу мынаны аңғартады: шикізат пен материалдарды жұмсай отырып немесе машиналар мен механизмдерді пайдалана отырып, шикізаттардың әрбір бөлігін неғұрлым көп өнім алуға, әрбір станок пен технологиялық процестердің түсімін өсіруге, шығындарын бұйымдардың ӨҚ төмендетіп, кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге, өндірістің тиімділігін арттыруға жету керек.

Егер кәсіпорын ұжымдарының ішкі шаруашылық резервтерін тауып, пайдалануының негізгі бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса, онда оларды үш топқа бөлуге болады. Өндіріс тиімділігі, біріншіден, негізгі өндіріс қорлардың пайдалануын жақсартудың, екіншіден, айналмалы өндіріс қорларды неғұрлым тиімді пайдаланудың және үшіншіден, қазіргі еңбек шығындарының нәтижелілігін жақсартудың есебін арттыру.

Өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіруге келсек, онда бұл процесс ысырапты қысқарту есебімен шығындарды үнемдеумен қатар барлығы да тәжірибе жүзіндегідей болады, яғни нақты еңбектің шығынын үнемдеу. Қазіргі кезеңде нақты еңбекті үнемдеудің экономикалық дамуы қоғамдық еңбекті үнемдеумен салыстырғанда едәуір салмақты нәтиже береді. Қазіргі таңда өндірісті ұйымдастыруды жетілдірудің екі негізгі мектебі бар: американдық және жапондық. Бұл өндірісті материалдық-техникалық жабдықтарымен қамтамасыз ету, оларды экономикалық жағынан ынталандыру және т.б. көптеген жүйелер. Өндіріс шығындарын төмендетуде мемлекеттік ғылыми-техникалық прогресс жөніндегі бағдарламалары мен мемлекеттік стандарттар елеулі орын алады.

ӨӨҚ арзандату – еңбек өнімділігін арттырудың шартқа айналған объективті бейнесі, экономикалық заң әрекетінің нақты нысана, осыған сәйкес өндірістік шығын үнемі кеміп, жанды еңбек үнемі өнімдірек болып отырады. ӨҚ арзандау көрсеткіштері өндіргіш күштердің дамуына сәйкес өткен және қазіргі еңбектің үнемделу дәрежесін бейнелейді.

ӨҚ кемітудің басты факторлары:

· өндірістің техникалық деңгейін көтеру;

· өндірістің материал, отын, энергия, еңбек сиымдылықтарын төмендету;

· басқару және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;

· технологиялық процестерді қуаттылықпен негізгі қорларды пайдалануды жақсарту, т.б.

Жалпы қорыта келсек, өндіріс шығыны – бұл кәсіпорынның өндіруге және өнімді сатуға кеткен барлық шығындардың сомасы, яғни өнімді өндіруге кеткен еңбек шығындарының жиынтығы.

Кәсіпорынның қызметін айқындайтын экономикалық көрсеткіштердің жиынтығы өнімнің өзіндік құны болып табылады. Бұл оның пайдаланылған өндіріс құралдарының шығынын және еңбекке ақы төлеуді қоса есептегендегі оның ақшаға айналдырылған құнының бір бөлігі.

Өнімнің өзіндік құны белгілі бір өнім өлшемін өндірудің және сатудың кәсіпорынға қаншаға түсетінін көрсетеді.

Өндірілген өнімді сатудан түскен қаржының есебінен өзіндік құнның құрамына кірген, өндірісте тұтынылған элементтер шығынының орны толтырылады, ал қалған қаржының бір бөлігі ұлғаймалы өндірісті дамытуға жұмсалады.

Өндіріс тәсілінің негізгі экономикалық санатының бірі бола отырып, өнімнің құны кәсіпорынның экономикалық тиімділігін анықтайтын неғұрлым толық көрсеткіш болып саналады.

Маркетингтік қызметке ең алдымен ғылыми негіздеоген мәнге көп назар салады, онда ірі және ұсақ сатып алушылар ретінде де, тауар өндірушілердің өндірген өнімдерін оперативті өткізу және нарық заңдылықтарын есепке алу қажет. Өнімді жылдам түрде өткізуден алынатын пайда деңгейі байланысты, әрі айналым капиталының жылдамдығына да әсер етеді.

Жалпы маркетинг экономикалық қызмет ретінде және оның құрылымы ретінде келесі мәселелерді қарастырады, нарық құрылымын ұйымдастыруға байланысты нақты нарықты қалыптастыру шаруашылықтың нарықтық жүйесін, нарықтық инфрақұрылымы мен механизімін қалыптастырады. Ол тауарды алмастыруға, экономикалық қарым-қатынасты реттеуге, «тауар өндіруші – жабдықтаушы – делдал - тұтынушы» арасындағы қатынасы реттеп отырады. Кәсіпорынның мүмкіндігін бағалау үшін, бүгін және ертеңгі нарық конъюнктурасын, сұраныс пен ұсыныс деңгейін, шаруашылық және экономикалық жағдайды талдауға маркетингтік зерттеудің әдістерін өңдеп отырады.

Наши рекомендации