Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің әлеуметтік –экономикалық салдары неден көрінеді?

Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Экономика және құқық институты

Мемлекеттік басқару және маркетинг» кафедрасы

Силлабус

Пән Экономикалық теория негіздері (2 кредит)

Мамандық: _Барлық экономикалық емес мамандықтар үшін____

Курс 2

Оқытушы: Тұрғанбаев М.Ә.,

Тасмамбетова А.Ж.

Оқу жылы

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Syllabus

Пән Экономикалық теория негіздері ( 2 кредит )

сабақ өткізілетін орын ОСӨЖ-ның өткізу уақыты мен орыны оқытушы байл. тел email
Есет батыр көшесі Сабақ кестесі бойынша Тасмамбетова А.Ж. [email protected]

ОҚУ ПӘНІНІҢ СИПАТЫ:

“Экономикалық теория негіздері” пәні барлық экономикалық ғылымдардың жалпы теориялық тұғырнамасы болып табылады. Сонымен қатар гуманитарлық және әлеуметтік пәндер қатарындағы маңызды пәндердің бірі. Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құралы студенттерге логикалық ұғымдарды игеріп, олардың экономикалық ойлау қабілетін қалыптастыруға және қоғамдағы экономикалық құбылыстарды толық түсуге негізделген.

ОҚУ ПӘНІНІҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ:

Экономикалық дамудың заңдылықтарын нақты игере отырып, нарықтық қатынас жағдайында жұмыс жасай алатын, жоғары сұранысқа ие мамандарды дайындау курсты оқытудың негізгі мақсаттарына жатады. Сондықтан да курстың негізгі міндеттері студенттерді теориялық экономикада қалыптасқан негізгі түсініктермен, категориялармен, батыстық және отандық атақты ғалым-экономистердің теорияларымен, тұжырымдамаларымен таныстыру және студенттердің экономикалық ойлау дағдысын қалыптастыру болып табылады. Теориялық экономика негіздерін білмей, қоғамдағы экономикалық жағдайды түсініп, оған байланысты экономикалық тұжырым жасау мүмкін емес.

КУРС ПРЕРЕКВИЗИТІ:

Философия, әлеуметтану, саясаттану, информатика, экономикалық математика,

КУРС ПОСТРЕКВИЗИТІ:

Ақша, несие, банк, экономикалық ілімдер тарихы, салық және салық салу, микроэкономика, макроэкономика

ОҚЫТУ ӘДІСІ:

Бұл курс дәстүрлі дәріс сабағын талқылау әдісін пайдалану арқылы беріледі. Студенттерге аудиториядаға талқылауға белсенді қатысып, бір-бірінен үйреніп және топтың пікірінен өзіне пайдалы нәрселерді алу ұсынылады.

Аудиториялық сабақ дәріс, материалды талқылау, әр түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындау, есептер шығаруды қамтиды. Студент әр сабаққа негізгі және қосымша әдебиеттер бойынша дайындалуы тиіс.

Әр дәрісте негізгі ұғымдар мен анықтамалар ұсынылып, түсіндіріледі. Сабаққа қатысу мен аталған түсініктерді конспект түрінде жазып отыру әр студентке міндетті. Оқытушы материалды әр студентке жеке бермейтіндіктен, материал болмаған жағдайда басқа студенттен көшіріп алу қажет.

Семинар сабақтарында студенттерге өзіндік жұмыс тақырыптары мен тапсырмалары және дәріс материалдарының сұрақтары ұсынылады. Жеке тапсырмалар ОСӨЖ уақытында қабылданады.

Егер студентке өткен материалдар бойынша сұрақ туындаса, оқытушыдан көмек сұрауына болады.

БІЛІМДІ БАҒАЛАУ:

Ағымдық бақылау: курс барысында бағалау стратегиясы ретінде келесідей бағалау әдістері қолданылады: жазбаша бақылау жұмысы, үй тапсырмасы (көрсеткіштерді математикалық есептеулер, талдаулар, салыстырула, жазбаша тапсырмалар т.с.с.), ауызша сұрау, тест тапсырмалары, презентация, мәнжазба, эссе т.с.с.

Аралық бақылау (бақылау жұмысы): бақылау жұмысы курста өткен бөлімдер бойынша теориялық және практикалық тапсырмаларды қамтып, меңгерген тақырыптар бойынша студенттердің білімін бағалауға мүмкіндік береді.

Жеке өзіндік жұмыс: курс тақырыптары бойынша семинар тапсырмаларын, үй тапсырмаларын, шығармашылық тапсырмаларды орындау, ситуацияларды талдау, күнделікті ақпараттық материалдарды пайдалану ескеріледі.

Үй тапсырмасы: Үй тапсырмаларын студенттер міндетті түрде дайындалады және уақытында кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған үй тапсырмаларына баға төмендетіледі.

Коллоквиум: өткен материал бойынша семестрде екі рет студенттен ауызша жауап алу түрінде жүргізіледі. Коллоквиум сұрақтары студенттерге алдын-ала беріледі.

Мәнжазба эссе: оқу бағдарламасына сәйкес және анықталған тақырып бойынша дайындалады, бағалау кезінде тақырыптың мазмұнының ашылуы, ғылыми әдебиеттердің пайдаланылуы, баяндалу стилі, көрнекі құралдардың пайдаланылуы, ҚР Заңдарын, ҚР Үкіметінің Жарлықтарын, нормативтік және әдістемелік материалдарды, негізгі әдебиеттерді меңгеру жағдайы ескеріледі. Зерттеу жұмысы бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды.

Аралық бақылау тестері: өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары тапсырмаларды қамтитын тесттер. Тест семестрде үш рет 6, 11 және 14 апталарда өткізіледі.

Қорытынды емтихан: қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Емтихан компьютерлік тестілеу нысанында жүргізіледі. Тесттер курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтиды. Емтихан уақытында дәріс көшірмелерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Баға төмен болған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша тапсырмалар берілмейді. Емтиханның өткізілу тәртібін сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған ретінде есептелінеді.

Қорытынды баға: семестр соңында студенттер барлық пәндер бойынша 100 балл (40 %) көлемінде есептелінетін емтихан тапсырады.

МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:

№ р/с Модульдың атауы Дәріс (сағ) Практикалық сабақ (сағ) Лаборат. сабақ (сағ) СӨЖ (сағ)
Экономикақалыптасуының негіздері мен заңдылықтары -
Нарықтық экономикадағы жеке ұдайы өндіріс -
Нарықтық жағдайдағы ұлттық экономиканың ұдайы өндірісі -

ДӘРІС ТАҚЫРЫПТАРЫ:

Апталар Тақырыптар сағаты
  І модуль Экономикақалыптасуының негіздері мен заңдылықтары
01 Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері.
02 Қоғамдық өндіріс негіздері
03 Меншік және экономикалық жүйе
04 Қоғамдық өндіріс нысандары. Тауар және ақша. Капитал
05 Нарық және бәсеке
06 Нарықтық жүйенің қызмет ету механизмі
07Фирма және кәсіпкерлік теориясы
  ІІ модуль Нарықтық экономикадағы жеке ұдайы өндіріс
01 Өндіріс, фирманың шығындары және табысы
02 Өндіріс факторларының нарығы және табыстарды бөлу
  IІІ модуль Нарықтық жағдайдағы ұлттық экономиканың ұдайы өндірісі  
01Ұлттық экономика: мазмұны, құрылымы және нәтижесін өлшеу
02Экономикалық өсу және нарықтық экономиканың тұрақсыздығы
03Инфляция және жұмыссыздық экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде
04 Ұлттық экономикадағы қаржы және ақша-несие жүйесі
05 Ұлттық экономиканың экономикалық қауіпсіздігі және мемлекеттік реттеу
06 Әлемдік экономика қызмет етуінің экономикалық негіздері

Практикалық сабақ тақырыптары

Апта Практикалық сабақтың тақырыптары сағаты
  І модуль Экономикақалыптасуының негіздері мен заңдылықтары
01 Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері.
02 Қоғамдық өндіріс негіздері
03 Меншік және экономикалық жүйе
04 Қоғамдық өндіріс нысандары. Тауар және ақша. Капитал
05 Нарық және бәсеке
06 Нарықтық жүйенің қызмет ету механизмі
07Фирма және кәсіпкерлік теориясы
  ІІ модульНарықтық экономикадағы жеке ұдайы өндіріс
01 Өндіріс, фирманың шығындары және табысы
02 Өндіріс факторларының нарығы және табыстарды бөлу
  IІІ модульНарықтық жағдайдағы ұлттық экономиканың ұдайы өндірісі
01Ұлттық экономика: мазмұны, құрылымы және нәтижесін өлшеу
02Экономикалық өсу және нарықтық экономиканың тұрақсыздығы
03Инфляция және жұмыссыздық экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде
04 Ұлттық экономикадағы қаржы және ақша-несие жүйесі
05 Ұлттық экономиканың экономикалық қауіпсіздігі және мемлекеттік реттеу
06 Әлемдік экономика қызмет етуінің экономикалық негіздері

1-апта. Сабақтың тақырыбы: Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері.

Үй тапсырмасы

Келесі сұрақтарға жауап беріңіз

1. Жүйелі ғылым ретінде қалыптасқан экономикалық теория қандай негізгі кезеңдерден тұрады?

2. Меркантилистік мектептің кемшілігі неде?

3. Физиократтардың негізін қалаушы кім және олардың алға қойған мәселесінің мәні неде?

4. Экономикалық теорияның басқа ғылымдармен байланысы қандай?

5. Экономикадағы шектеулі мүмкіншіліктер қалай шешіледі?

6. П.Самуэльсон бойынша экономикалық теория пәніне не жатады?

7. Микроэкономика мен макроэкономиканың айырмашылықтары қандай?

8. Экономикалық категория дегеніміз не?

9. Экономикалық заңдар ұғымын қалай түсінесіз?

10. Экономикалық заңдардың қандай түрлерін білесіз?

Дәріс сабағындағы тест тапсырмалары

Нұсқа 1

1.Маржиналистік бағыттағы экономистер қолданбайтынтермин:

A) құндылықтың шегі;

B) пайдалылық;

C) экономикалық игілік;

D) шекті шығындар;

E) шекті өнімділік.

2. Саяси экономия терминің ең алғаш өз еңбегінің атауы ретінде ғылыми қолданысқа енгізген:

A) Адам Смит;

B) Аристөтель;

C) Антуан де Монкретьен;

D) Карл Маркс;

E) Альфред Маршалл.

3.Берілген теориялардың қайсысы К. Маркс іліміне тән:

A) шекті пайдалылық теориясы;

B) қосымша құн теориясы;

C) экономикалықөсу теориясы;

D) монетаристік теория;

E) субьективті құндылықтар теориясы.

4.Экономия атауын алғашқы болып ұсынған:

A) В.И.Ленин;

B) Аристөтель;

C) К.Маркс;

D) Ксенофонт;

E) Ф.Энгельс.

5. Төмендегі экономистердің қайсысы алғаш рет экономикалықкестені жасады:

A) А.Смит;

B) К.Маркс;

C) Д.Рикардо;

D) Ф.Кенэ;

E) А.Тюрго.

Нұсқа 2

1.Дедукция деген не?

A) жекеліктерді жалпылықтың негізінде түсіндіру;

B) жалпылама ұстанымды жекеліктердің негізінде дәлелдеп, шығару;

C) қарапайымдалған пікір;

D) экономикалық үдерістердің үлгісін жасау;

E) экономикалық құбылыстарға тарихи тұрғыдан келу.

2. Экономикалық теория:

A) барша экономикалық жүйелерді оқып-білу үшін қолданылады;

B) тек қана капиталистік шаруашылық жүйесін зерттеп-білу үшін қажет;

C) социализмге сипатты экономикалық қатынастарды зерттеуде пайдалы болуы мүмкін емес;

D) коммунизмге тән сипатты ерекшеліктерді қарастыру;

E) индустриядан бұрынғы жүйелерді танып-білуге арналған.

3.Қоғам жәнә табиғат заңдарының бірлігі неденкөрінеді ?

A) объективті сипатынан;

B) адамдардыңіс-әрекетінің тәуелсіздігінен;

C) адамдардың экономикалық іс-әрекетінен;

D) тарихи өтпелі сипатынан;

E) мәңгі болуынан.

4.Микроэкономика аталған зандардыңқайсысын зерттейді:

A) құн заңын;

B) сұраныс заңын;

C) қорлану заңын;

D) ұсыныс заңын;

E) ақша айналысы заңын.

5.Экономикалық ресурстар категориясын қалай түсінесіз?

A) табиғи ресурстар (жер, қазбалы кендер, су және орманалқабы);

B) адамдар жасаған өндіріс құрал жабдықтары;

C) кәсіпкерлік қабілеттілік;

D) капитал;

E) жоғарғы аталғандардың барлығы жатады.

Ситуациялық тапсырмалар мен жаттығулар:

Нұсқа 1

1. Мерқантилизм идеяларыныңдамуы географиялықжаңалықтар мен Еуропа және Азия арасындағы сауда қатынастарының жедел өсуімен сәйкес келді. Бұл оқиғалар арасында себеп-салдарлы өзара байланыс бар ма әлде олар бір-бірінен тәуелсіз бе?

2. Төмендегі бағыттардың негізгі өкілдерін жазыңыз:

Экономикалық теорияның негізгі бағыттары Өкілдері
Мерқантилизм  
Физиократия  
Классикалық саяси экономия  
Маркстік саяси экономия  
Маржинализм  
Неоклассикалық бағыт  

3. Ф.Кенэніңжасаған «экономикалық кестесінің» мәнін ашып талданыз.

4. Келесі экономикалық мектептерді пайда болуының тарихи кезеңдеріне қарай орналастырыңыз:

а) кейнстік бағыт;

в) физиократтар;

с) мерқантилистер;

д) классикалық бағыт;

5. А.Смиттің «көрінбейтін қол» тұжырымдамасының мәнін ашып талдаңыз.

Нұсқа 2

1. Төмендегі кестені экономиканың зерттеу әдістеріне мысалдар келтіру арқылы толтырыңыз:

Экономиканың зерттеу әдістері Мысалдар
Индукция  
Дедукция  
Талдау  
Жинақтау  
Ғылыми абстракция  

2. Төмендегі тұжырымдамаларды дұрыстаңыз:

Экономиканың зерттеу әдістерінің сипаттамасы
Индукция зерттеліп отырған құбылысты жеке элементтеріне жіктеп, оның әрбір элементін біртұтастың қажетті, құрамдасбөлігі ретінде зерттейді
Дедукция зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ, қысқа мерзімді. Дара құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашады
Талдау бұл экономикалық құбылыстардыңжекеэлементтерінбіріктіру арқылы ортақ қорытынды жасау
Жинақтау жалпы қағидалар негізінде экономикалық объектілердің, процестердің кейбір жеке алынған ерекшеліктерін сипаттау
Ғылымиабстракция жеке оқиғадан, құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар шығарады

2-апта. Сабақтың тақырыбы: Қоғамдық өндіріс негіздері.

Үй тапсырмасы

Келесі сұрақтарға жауап беріңіз

1. Адамның әлеуметтік-экономикалық дамуын қалай сипаттауға болады?

2. Адам капиталы дегенді қалай түсінесіз және ол қандай элементтерден тұрады?

3. Өндірістік қатынастар қандай сатылардан тұрады?

4. Өндірістік қатынастардың мақсаттары қандай?

5. Өндіріс факторларына не жатады?

6. Маркстік теория мен маржиналистік теория бойынша өндірістік факторларға неліктен әртүрлі сипаттама берілген?

7. А.Смит пен Д.Рикардо өндіріс факторларын қалай жіктейді?

8. Өндіріс факторларының ішіндегі кәсіпкерлік қабілеттің рөлі қандай?

9. Экономиканың басты үш сұрағы қандай, олар қалай шешіледі?

10. Өндірістік функция дегеніміз не?

Дәріс сабағындағы тест тапсырмалары

Нұсқа 1

1. Адам еңбегі........................ бағытталған:

A) жиынтық табыс дәрежесін жетілдіруге;

B) еңбек заттарына;

C) басшылармен түсінбестікті азайтуға;

D) ресурстардың сиректігін қысқартуға;

E) тұтыну дәрежесін тұрақтандыруға.

2.Еңбектің анықтамасы:

A) адамдардың көп жақты қызметі;

B) бірнеше ұйымның бірігіп өнім шығаруы;

C) адамның материалды игіліктерді өндіру мен қызмет көрсетуіне байланысты мақсатты, нәтижелі қызметі;

D) адамның нақты міндеттеме алуына байланысты келісім-шарттық жұмысының нәтижесі;

E) нақты және күрделі еңбектің жиынтығы.

3.Өндіргіш күштердің элементтері:

A) еңбек заттары;

B) өндіріс-құрал жабдықтары мен жұмыс күші;

C) басқару және ақпараттық жүйелер;

D) табиғи және қорланған материалдық игіліктер;

E) еңбек құралдары, шикізаттар.

4.Экономикалық қатынастар жүйесі:

A) өндіру;

B) белу;

C) айырбас;

D) тұтыну;

E) барлығының жиынтығында.

5.Өндірістік қатынастар жүйесіне кіретіндер:

A) өнімді өндіру, бөлу, айырбас және тұтыну қатынастары;

B) өндірістік ресурстарды пайдалану;

C) техникалық -экономикалық қатынастар;

D) әлеуметтік-құқықтыққатынастар;

E) меншіктік қатынастар.

Нұсқа 2

1. Табиғи ресурстар дегеніміз не?

A) өндіріс процесінде пайдаланылатын табиғи компоненттер;

B) адамдар жасаған ресурстар;

C) өнім өндірудің технологиясы;

D) еңбек құралдары;

E) еңбек заттары.

2.Еңбекқұралдары:

A) жылу-отын;

B) табиғизаттар;

C) өңдеуші,техникалыққұрал-саймандар;

D) энергетикакөздері;

E) материалдар.

3. Нақтыеңбекдегеніміз:

A) күрделі еңбек;

B) дене еңбегі;

C) жай еңбек;

D) тұтыну құнын жасаушы еңбек;

E) басқарушылар еңбегі.

4. Абстрактылы еңбек дегеніміз:

A) жай еңбек;

B) басқарушылар еңбегі;

C) адам еңбегінің жалпы жұмсалу сипаты;

D) адам еңбегінің айырбастағы өлшемі;

E) күрделі еңбек.

5.Белгілі бір білімді, дағдыңы қажет ететін еңбек:

A) күрделі еңбек;

B) жұмысшы еңбегі;

C) тек жай еңбектің түрі;

D) нақты еңбек;

E) физикалық-күш қуат.

Ситуациялық тапсырмалар мен жаттығулар:

Нұсқа 1

1. «Экономикалық адам» моделінін төмендегі белгілері бойынша модельді жасаған экономикалық мектептерді атаңыз:

Модельдер Сипаттамасы Мектептер
Бірінші бағыт Материалдық (ақшалай)қызығушылық  
Екінші бағыт Психологиялық сипат алған  
Үшінші бағыт Жай тауар өндірушіден, капиталистікке ауысу  
Төртінші бағыт Рухани қажеттілік  

2. Қажеттіліктердіңтүрінажыратыңыз:

өндіріс құралдары мен жұмыс күшін тұтыну Жеке (тамаққа, киімге, демалысқа, қызметтерге және т.б. қажеттіліктерін қанағаттандыру) және қоғамдық қажеттіліктер (ғылым, білім, мәдениет, қорганыс және т.б.)

3.Ғылыми тұрғыдан осы пайымдаулардың барлығы дерлік орынды деп ойлайсыз ба?

- жалақы мөлшерінің артуы еңбек ұсынысының өсуіне әкеледі;

- жер рентасының (жалдамалық төлемнің) артуы жер ұсынысының өсуіне әкеледі;

- пайыз қойылымының артуы еңбек ұсынысының өсуіне әкеледі.

4. Нарықтық шаруашылықта инвестициялық қорлардың маңызды жабдықтаушылары – үй шаруашылығы. Капиталды бизнеске сала отырып үй шаруашылығы қандай құрбандыққа барады (яғни неден бас тартады)?

5. Сіз «қарызғаөмір сүруді» жақтамайтын адамсыз. Осы аптадакөлік сатып алу үшін сізге досыңыз ұсынған ақшаны алмадыңыз. Несиелік қатынастар беріп отырған тандау еркінен бас тарта отырып сіз нені жоғалттыңыз? Не ұттыңыз?

Нұсқа 2

1. Мына қатынаста берілген экономикалық категория қалай аталады?

Капиталдың физикалық шекті өнімі / салынған капиталдың мөлшері *100%;

2. Жаңа технологиялардың, тұтыну тауарларының жаңа рыногының пайда болуы капиталға деген сұраныс қисығының жылжуына қалай әсер етеді? Бұл пайыз қойылымының деңгейінде қалай көрінеді?

4. «Өндірістік мүмкіндіктер қисығы ресурстардың сиректігін, балама шығындардың балама тандауын көрсетеді» деген тұжырыммен келісесіз бе? Пікіріңізді нақтылап түсіндіріңіз.

Суретте өндірістік мүмкіндіктер қисығы берілген.

Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің әлеуметтік –экономикалық салдары неден көрінеді? - student2.ru

Анықтау керек:

а) С нүктесі, Н нүктесі, М нүктесі нені білдіреді?

ә) Қайсы нүктеде болашақ тауарларға артықшылық беріледі? Қайсы нүкте қазіргі тауарларды көрсетеді?

б) болашақ экономикалық өсу қайсы игіліктен бас Тартуарқылы мүмкін?

в) Қазақстан экономикасы қай нүктеде болуы мүмкін?Пікіріңізді нақтылап түсіндіріңіз.

3-апта. Сабақтың тақырыбы: Меншік және экономикалық жүйе

Үй тапсырмасы

Келесі сұрақтарға жауап беріңіз

1. Меншік пен меншік қатынастарының мәні неде?

2. Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны қандай?

3. Меншік объектілеріне не жатады?

4. Меншікті иемденудіңтиптері мен нысандары қандай?

5. Жеке меншіктің артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

6. Мемлекеттік меншіктің қандай түрлері бар?

7. Мемлекетсіздендіру мен жекешелендірудің мақсаттарықандай?

8. Қазақстандағы жекешелендірудің нәтижелері мен салдары туралы не білесіз?

9. Кәсіпкерліктің мәні мен атқаратын қызметтері қандай?

10. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы қандай кезеңдердсн тұрады?

Дәріс сабағындағы тест тапсырмалары

Нұсқа 1

1. Экономикалық жүйедегі ең басты қатынастардың бірі:

A) нарықтық қатынастар;

B) саяси қатынастар;

C) меншік қатынастары;

D) ұйымдастыру қатынастары;

E) әлеуметтік қатынастар.

2.Меншіктің анықтамасы қандай?

A) қоғамның барлық материалдық игіліктерінің жиынтығы;

B) рухани игіліктерді пайдаланумен байланысты қатынастар;

C) өндіріс жағдайлары мен нәтижелеріне байланысты қатынастар;

D) адамдар мен кез-келген зат арасындағы құкықтық қатынастар;

E) материалдық игіліктерді тұтынумен байланысты қатынастар.

3.Меншіктің ерекшеліктері:

A) меншік нысандарының өзгергіштігі мен көптүрлілігі;

B) меншік нысандарының қайшылығы мен күрделілігі;

C) меншікті иемдену мен пайдаланудыңтұтастылығы;

D) тиімділікті анықтауы және ресурстарды әділетті бөлуі;

E) табыс әкелуі және міндеттемелерді бекітуі.

4. Меншіктің қандай нысандары бар?

A) жеке, аралас;

B) қоғамдық, дербес;

C) мемлекеттік, жеке;

D) ұжымдық, жеке;

E) мемлекеттік, акционерлік;

5. Жеке меншіктің қайшылығы неде?

A) жеке мүдделік қоғам мүддесіне қарсы әрекет етуі;

B) қоғам мүддесінің жеке мүдделерге қарағанда ескерусіз қалуы;

C) жеке мүдделер арасындағы бәсекенің күшеюі;

D) меншік кұқықтарын сақтау қиындықтарының болуы;

E) жалдамалы еңбек етушілердің мүдделеріне қайшы болуы.

Нұсқа 2

1. Жеке иемденудің қанша түрі бар?

A) екі;

B) үш;

C) төрт;

D) бір;

E) бес.

2.ҚР меншіктің қандай түрлері заңмен қорғалады?

A) жеке;

B) мемлекттік;

C) акционерлік;

D) муниципалды;

E) барлық меншік түрі.

3.Ұжымдық меншік дегеніміз не?

A) жеке меншіктің мемлекет меншігіне өтуі;

B)еңбек ұжымының өндіріс факторлары мен нәтижелерінортақтасып иемденуі;

C)мемлекет меншігінің жеке меншікке айналуы;

D) меншікті жеке адамның басқаруы, билік етуі;

E) өндіріс нәтижелеріне тендей құқық беретін меншік.

4.Экономикалық еркіндігі жақсы дамыған меншік түрі:

A) мемлекеттік;

B) акционерлік;

C) ұжымдық;

D) индивидуалды (дербес бір адамның меншігі);

E) біріккен.

5.Әртүрлі меншік нысандарының қажеттігі немен түсіндіріледі?

A) олардың барлығы тиімді;

B) нарықты тауарлармен толықтыруға мүмкіндік береді;

C) оларды өзара алмастыру мүмкін емес;

D) дамыған елдердің тәжірибесінен өткен;

E) олар өзара бір-біріне тәуелді.

Ситуациялық тапсырмалар мен жаттығулар:

Нұсқа 1

1. Қазақстан экономикасы қазіргі реформалар нәтижесінде жаңаруда және нарықтық жүйенің белгілері толық қалыптасқан деуге болады. Оның тиімді қызмет етуінің бір шарты ретінде өндіріс факторларына жеке меншік болып табылады. Сіз осыған келісесіз бе? Нарықтық экономиканың тиімді қызмет етуінің басқа шарттарын атаңыз.

2. Экономиканы рыноктық ұйымдастыру жеке меншіктің, қоғамдық еңбек бөлінісінің, тауарлар айырбасының болуымен сипатталады.Нарықтық экономикалық жүйенің бұл сипаттамалары жоғары технологиялы өндірістің, жоғары сапалы өнімнің, тауарлар сұрыптамаларының көп болуымен қандай байланысы бар?

3. ҚР Азаматтық кодексі бойынша меншік құқықтары мен қатынастарын анықтаңыз.

4. Төмендегі кестені толтырыңыз:

Кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары Артықшылықтары Кемшіліктері
Толық серіктестік    
Сенім серіктестігі    
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік    
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік    
Акционерлік қоғам    
Жеке кәсіпкерлік    

5. Кәсіпкерліктің қандай ұйымдық нысаны салық жүйесінің әрекет етуі тұрғысынан алғанда тиімді болып табылады? Неліктен?

Нұсқа 2

1. Экономиканы нарық арқылы ұйымдастыру шаруашылық жүргізу қағидалары мен ерекше ынталандыруларды туындата­ды. Мысалы, оларға: кәсіпкерлер, тұтынушылар тандауының еркіндігі, кез-келген бизнес сферасындағы жеке экономикалық мүдделердін болуы және т.б. жатады. Көптеген бұрынғы әкімшілік-әміршілдік мұндай ынталандырулар мен қағидаларға тыйым салынды. Неліктен? Түсіндіріңіз.

2. Меншік нысаны - меншік субъектісі - меншік объектісі араларындағы өзара байланысты талдаңыз.

3. Меншіктің қай нысаны өндірістін аса тиімділігін қамтамасыз етеді? Салыстырмалы түрде талдау жасаңыз.

4. Акционерлердің жеке және ұжымдық сипаттағы қандай кұкықтары бар?

5. Толықсеріктестікпен сенім серіктсстігі арасындағы айыр-машылықты атаңыз.

6. Елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін қандай шаралар қолдану қажет? Сіз қандай ұсыныс жасайсыз?

4-апта. Сабақтың тақырыбы: Қоғамдық өндіріс нысандары. Тауар және ақша. Капитал

Үй тапсырмасы

Келесі сұрақтарға жауап беріңіз

1. Натуралдық шаруашылықтың тауарлы шаруашылыққа ауысуының себептері қандай?

2. Тауарлы шаруашылықтың пайда болу шарттары қандай?

3. Тауардың қандай қасиеттері бар?

4. Тұтыну құнының қандай қасиеттерін білесіз?

5. Тауар өндірісінің белгілері қандай?

6. Тауар бағасы қалай анықталады?

7. Ақшаның пайда болу себептері қандай?

8. Ақшаның қандай қызметтерін білесіз?

9. Қағаз ақшалар неліктен құнсызданады?

10.Ұлттықвалюта - теңгенің шығу тарихы туралы не айта аласыз?

Дәріс сабағындағы тест тапсырмалары

Нұсқа 1

1.Игілік дегеніміз:

A) асыл тастан жасалған әшекейлер;

B) бірінші кезектегі тауарлар;

C) қажеттілікке байланысты өндіру көлемі;

D) қажеттіліктерді қанағаттандыратын заттар;

E) сұранысытөментауарлардыңсаны.

2.Қазақстан тарихының бастапқы кезінде қандай экономикалық даму басым болды:

A) қолөнер;

B) өнеркәсіп;

C) көшпелімалшаруашылығы;

D) ауыл шаруашылығы;

E) индустриалды.

3.Тауар шаруашылығының пайда болуының материалдық шарты:

A) өндірісқұралдарынажекеменшік;

B) тауарөндірушілердіңоқшаулануы;

C) айырбастыңдамуы;

D) өнімді рынокүшінөндіру;

E) барлықжауаптардың жиынтығы.

4.Жай және капиталистік тауар шаруашылығының жалпы белгілері:

A) сату үшін өнім өндіру;

B) өндіріс ресурстарына жеке меншік;

C) жұмысшыны өндіріс құрал-жабдықтарымен қосудың тауарлы формасы;

D) жиынтық өнімі ұлғаймалы ұдайы өндіріс;

E) сату үшін өндіру.

5. Қоғамдық шаруашылықтың даму формалары

A) жалпы экономикалық қатынастардың даму сипаты;

B) натуралды, тауарлық, аралас шаруашылықтар;

C) жоспарлы шаруашылық;

D) нарықтық шаруашылық;

E) феодалдық шаруашылық.

Нұсқа 2

1. Жаңадан жасалған құн деген:

A) дайын өнім құны;

B) өнім өндіруге кеткен барлық шығындар;

C) жұмыс күшініңтұтынылуынан жасалатын құн бөлігі;

D) жалдама жұмысшыға қажетті өнім құны;

E) барлық жауап орынды.

2.Құнның өсу процесінің мәні:

A) айналыстағы ақшаның өсуі;

B) артық бағаға сатудан түсетін өсім, пайда;

C) түскен табыстан шығындарды шегеру құбылысы;

D) тауар өндіруге жұмсалған шығындардан артық қосымшақұн түзілу процесі;

E) жаңа технологиялар.

3.Тауар құнын А.Маршалл немец анықтайды:

A) қоғамдық қажетті еңбек шығындары;

B) сұраныс пен ұсыныс;

C) өзіндік құн;

D) жалақы;

E) пайыз.

4. Айырбас құнын Д.Рикардо қалай анықтады:

A) құндылық;

B) тұтыну құны;

C) табиғи фактор;

D) қоғамдық еңбек өнімділігімен;

E) еңбектің жеке дара шығындарымен.

5.Құнның еңбектік теориясын негізін жасаған экономистер.

A) А. Смит, Д. Рикардо;

B) К. Маркс, Ф. Энгельс;

C) А. Маршалл, Дж. М. Кейнс;

D) П. Самуэльсон, М. Фридмен;

E) К. Менгер, М. Тодаро.

Ситуациялық тапсырмалар мен жаттығулар:

Нұсқа 1

1. Сіздің ойыңызша қандай пайымдаулар натуралдық шаруашылық және тауарлық шаруашылықты сипаттайды және олардың айрықша ерекшеліктері неде?

· тұйық экономикалық бірлікте дайын өнімнің өндірісі және оның тұтынуы жүреді;

· еңбек процесі жекелеген қоғамдық таптар шегіндегі шаруашылық байланыстарында мәжбүрлі түрде белгіленетін дәстүрлерге, салттарға негізделеді;

· өндіріс меншік иесінің жеке және жалдамалы жұмысшы күшін қолдануға негізделген;

· өндіріс процесі өндірушілердің өздерінің тұтынуы үшін шамадан тыс жоғары қосымша өнім бермейтін аз өнімділікті еңбек құралдарын қолданумен жүргізіледі;

· дайындалған өнім меншік иесіне тиісті және рынокта ерікті түрде сатылуға бағдарланған;

· экономикалық эволюция өте баяу жүреді, кейбір жетілдірулер мен қайта құруларды жүргізуге жүздеген жылдар кетеді;

· қоғамның жылдам экономикалық прогресі еңбек өнімділігінің жоғары қарқынды өсуі және өнім ассортиментінің динамикалық кеңеюі есебінен жүреді;

2. Осы анықтамалардың қайсысы маркстік экономикалық ілімге және қайсысы неоклассикалық теорияға жатады?

- Тауар - бұл еңбек өнімі, сату-сатып aлy жолымен айырбасқа негізделген.

- Tayap - экономикалық игілік, яғни айырбасқа негізделген, саны шектеулі, төлем қабілетті сұранысы болады.

Бұл анықтамалар қандай рөл атқарады: а) еңбек шығындары; ә) өндіріс аясы; б) сиректік заңы; в) айырбас аясы; г) қоғамдық қажеттілік.

3. Осы анықтамаларды талдай отырып рыноктық категория ретінде қайсысы алғашқы орынға шығатының анықтаңыз?

· Баға - бұл тауар құнының ақшалай көрінісі.

· Баға - бұл игілік пайдасын ақшалай бағалау.

· Баға - бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерге не, қалай, кім үшін өндіру керек екенін көрсететін ақпараттық сигнал.

4. Ақшаның классикалық қызметі мен қазіргі қызметтерінің бірнеше ерекшелігін көрсетіңіз.

Нұсқа 2

1. Нуллификация мен демонетизацияныңерекшелігі неде?

2. Несие ақшаның шығу себептерін атаңыз.

3. ҮІ-ҮІІІ ғасырларда Тараз, Испиджаб қалаларында шыққан теңгелерге қайсысы жатады:

4. Мыс теңгелер

5. Үшбұрыш таңбалы теңгелер

6. «Ақшаны алтын орнына пайдалану мүлде тоқтатылсын,оның орнына салмағы 2 грамм, тазалығы 78-81 пайыз күмісақшалар айналымға кірсін» -бұл тұжырым қай жылы және кімніңреформасынан кейін енгізілді?

Бақылау жұмысы

1. Экономика дегеніміз не және оның көп жақтылығының мәні неде?

2. Экономикалық теорияның дамуына сүбелі үлес қосқан белгілі Американ ғалым экономисі кім?

3. Экономикалық заңдардың дамуын адамзат қоғамы нені қолдану арқылы жүзеге асырады?

4. Экономикалық теория әдістерінің айырмашылығы және негізі.

5. Экономикалық ғылым үш ғасыр бойы қандай экономика ретінде дамыды?

6. Экономикалық ғылымдар жүйесіндегі экономикалық теорияның алатын орны.

7. Қазақстанда нарықтық экономикаға кәшу жағдайы қандай?

8.Экономикалық теорияның атқаратын қызметін атаңыз?

9. Нарықтық экономика жағдайында жеке меншік құқы нені білдіреді.

10. Қазақстанда меншіктің алуан түрлі нысандарының объективті қажеттілігін қалай түсіндіресің.

11. Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны неде?

12. Жекешелендірудің объектілері мен субъектілеріне не жатады?

13. Қазақстанда жекешелендіру барысында қандай кемшіліктер мен қателіктер орын алды?

14. Қазақстанда мемлекеттік мүлікті жекешелендіру қандай әдіс-тәсілдермен жүзеге асырылды?

Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің әлеуметтік –экономикалық салдары неден көрінеді?

16. Натуралды шаруашылық пен тауарлы шаруашылықтың айырмашылықтары мен ортақ белгілерін қалай түсінесіз?

17. Тауарға сіңген еңбектің екі жақты қасиетінің ғылыми өзектілігі неде?

18. Ақша дегеніміз не. Ақша нысандарының формаларын атаңыз?

19. Ақша қандай қызметтерді атқарады?

20. Несие ақшаны қалай түсінесіз. Олардың қандай түрлері бар?

21. Инфляция ұғымын қалай түсінесіз?

22. Бағаның өсу қарқынына байланысты инфляцияның түрлерін атаңыз?

23. Ақша айналымын тұрақтандыру әдістері мен түрлері қандай?

24. Инфляцияның туындауына әсер етуші маңызды себептер және оны бәсеңдету шараларын атаңыз?

25. Ақша айналысы заңының экономикалық мәні неде?

26. Экономикалық жүйе қандай элементтерден тұрады?

27. Дәстүрлі экономикалық жүйенің негізгі белгілерін атаңыз.

28. Әкімшілдік - әміршілдік экономикалық жүйенің қандай негізгі кемшіліктері мен ерекшеліктері бар? Осы жүйенің негізін не құрайды?

29. Аралас экономикалық жүйе дегеніміз не?

30. Нарықтық экономикалық жүйенің негізгі артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңыз?

31. Өтпелі экономиканың негізгі сипаттық белгілерін атаңыз?

32. Өтпелі экономикада ескі экономикалық элементтердің және жаңа экономикалық элементтердің бір мезгілде болуын қалай түсінесіз?

33. Нарықтық экономикаға өтуде Қазақстан моделі қандай?

34. Не себептен ішкі және сыртқы экономикалық жағдайды босату басты міндет болып табылады?

35. Қазақстан Республикасында нарықтық инфрақұрылым институттарының қалыптасу ерекшеліктерін атаңыз?

36. Қазақстан Республикасындағы өтпелі экономиканың ерекшеліктері қандай?

37. Сізге нарықтың қандай түрлері белгілі?

38. Нарықтың кемшілігі, артықшылығы неде?

39. Нарық қандай қызметтерді атқарады?

40. Нарық инфрақұрылымын қалай түсінесіз?

41. Нарық экономикасын адамзаттың экономикалық өмірін ұйымдастырудың идеалды моделі деп есептеуге бола ма?

42. Неге адамдар пропорцияларды реттеудің нарықтық әдістеріне тән экономикадан қорқады? Олар барлығын мемлекет реттегенін қалайды.

43. Нарықтық экономиканың субъектілері, олардың өзара іс - әрекеті жайлы сізге не белгілі?

44. Экономикалық жүйенің негізгі мәселелерінің не, қалай, кім үшін? Мазмүнын ашыңыз. Сіз осы сұрақтарға өзіңіздің сұрақтарыңызды қоса аласыз ба?

45. Бәсекелі нарықтық экономикалық жағымды жақтарын атаңыз? Сіздің көзқарасыңыз бойынша жағымсыз жақтары қандай?

46. Сұраным заңының мәні неде?

47. Сұраным қисығының жылжуына қандай жағдайлар әсер етеді?

48. Ұсыным заңының мәні неде?

49. Ұсыным мөлшеріне әсер ететін жағдайларды атаңыз. Олардың әсерлері график түрінде қалай көрсетіледі?

50. Нарықтың тепе-теңдігі деген не?

51. Нарықтың тепе-теңдігінің бұзылуы неге әкеледі?

52. Сұраным икемділігі деген не? Мысалдар келтіріңіз.

53.Ұсыным икемділігі, икемсіздігі деген не?

54. Капитал дегеніміз не? Капиталдың түрлері және олардың өндіріс процесіндегі ролі.

55. Капиталдың қорлануын қалай түсінесіз және осы процесс қандай салдарға алып келеді?

56. Капитал амортизациясын қалай түсінесіз?

57. Негізгі капиталдың тозуының қандай түрлерін білесіз?

58. Инвестицияға анықтама беріңіз?

59. Инвестиция қандай қызметтерді атқарады?

60. Қазақстан Республикасы экономикасына шетел инвестицияларын тарту не үшін қажет?

61. Инвестицияға қатысты қандай теорияны білесіз?

5-апта. Сабақтың тақырыбы: Нарық және бәсеке

Үй тапсырмасы

Келесі сұрақтарға жауап беріңіз

1. Экономикадағы монополияның рөлі қандай? Нақты мысалдар келтіріңіз.

2. ҚР еркін бәсекені қорғау және қолдау көрсету іс-шаралары қандай?

3. Бағалық емес бәсекенің ерекше әдістері туралы не білесіз?

4. Жетілген бәсекенің жетілмеген бәсекеге айналуының себептері қандай?

5. Кәсіпорынды монополист деп танудың белгілері қандай?

6. Монополияға қарсы қандай зандар қолданылады?

7. Сатушылар мен сатып алушылардың нарық туралы ақпарат алу мүмкіншіліктерінің шектеулі болуыньщ себептері неде?

Дәріс сабағындағы тест тапсырмалары

Нұсқа 1

1. Бәсекенің артықшылығы:

A) қоршаған ортаны сауықтырады;

B) ресурстарды тиімді бөледі;

C) жарнаманың рөлін өсіреді;

D) қаржылық өнеркәсіптіктоптарды қалыптастырады;

E) әлеуметтік теңсіздікті төмендетеді.

2.Монополизмнің белгілері:

A) еркін баға негізінде максималды пайда алу;

B) өндіріс шығындары мен бағасының төмендеуі;

C) тауар жарнамасына артықшылық беру;

D) монополдық баға мен пайда;

E) өндіріс көлемінің үлкендігі мен фирманың нарықтағы танымалдылығы.

3.Монополистік бәсекенің белгісі:

A) масштаб әсерін пайдалану;

B) саладағы фирманың өзара тәуелділігі;

C) дифференциацияланған өнім шығару;

D) сирек кездесетін ресурстарды иемдену;

E) нарықтағы фирманың саны бірнешеу.

4.Монополия кезінде.

A) MR=P;

B) MR<P;

C) МС=Р;

D) MR=P=MC;

E) MR=MC.

5.Бәсекелес фирмамен салыстырғанда таза монополия:

A) өнім көлемін азайтып, бағаны жоғары белгілейді;

B) пайданы барынша көбейтеді;

C) шекті түсім (MR) бағаға (Р) тең болатын шартты пайдаланып, өнім көлемін (Q) анықтайды;

D) өнім көлемін көбейтіп, бағаны төмендетеді;

E) өнім көлемін бағанын өзгеруімен байланысты анықтайды.

Нұсқа 2

1. Жетілген бәсеке жағдайында сұраныс қисығы сәйкес келеді:

A) шекті және орташа табыс қисықтарына;

B) жалпы табыс қисығына;

C) жалпы шығындар қисығына;

D) шекті шығындар қисығына;

E) айнымалы шығындар қисығына.

2.Тепе-теңдік кезінде ресурстарды тиімді бөледі.

A) монополия;

B) олигополия;

C) жетілген бәсеке;

D) монополистік бәсеке;

E) монопсония.

3.Монополистік бәсекенің белгісі:

A) біртекті өнім шығаруы;

B) өз қызметтерін дифференциалдауы;

C) бағалық бәсеке әдістерін жиі қолдануы;

D) өндірістік ресурстардьщ 90% иеленуі;

E) сирек кездесетін ресурстарға жеке меншік.

4.Жетілген бәсеке рыногында кездеспейтін қандайжағдай?

A) өнімдердің біртектілігі;

B) ресурстардың мобильділігі;

C) жарнама;

D) сатып алушылардың көптігі;

E) ақпарат алудың еркіндігі.

5. Монополист шығаратын өнімі ұтымды болуы үшін қайсы шарт орындалуы тиіс:

A) шекті табыс (MR) шекті шығыннан (МС) артық болуы тиіс;

B) шекті шығын шекті табыстан артық болуы тиіс;

C) шекті табыс шекті шығынға тең болуы тиіс;

D) шекті шығын рыноктық бағаға тең болуы тиіс;

E) дұрыс жауабы жоқ.

Ситуациялық тапсырмалар мен жаттығулар:

Нұсқа 1

1. Жаттығу. Суретте бәсекелік саланың монополизациялану салдары көрсетілген. Суреттін негізінде анықтау керек:

1) жетілген бәсеке жағдайындағы баға мен өндіріс көлемін.

2) монополияланған рынок жағдайындағы баға мен өндіріс көлемін;

3) нарықтың монополиялануы нәтижесінде баға мен өндіріс көлемінің өзгеру мөлшерін.

Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің әлеуметтік –экономикалық салдары неден көрінеді? - student2.ru

2 жаттығу. Мемлекеттің экономикаға араласуынсыз қоршаған ортаның ластануын бақылайтын рыноктық реттеудің кем деген­де екі артықшылығын табыңыз.

3. жаттығу. Қай график жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайын сипаттайды, түсіндіріңіз.

Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің әлеуметтік –экономикалық салдары неден көрінеді? - student2.ru Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің әлеуметтік –экономикалық салдары неден көрінеді? - student2.ru

Нұсқа 2

1 жаттығу. Нарықтың қызметтерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, оларды мемлекеттің қызметтерімен үйлестіріңіз. Ең оңтайлы жағдайларды кестеге толтырыңыз.

Нарықтың артықшылықтары Нарықтыңкемшіліктері Мемлекеттіңреттеушіқызметтері Еңоңтайлыжағдайлар
       

2 жаттығу. Суретте жетілген бәсеке жағдайындағы тұтынушылар мен өндірушілердің ұтымдары бейнеленген.

Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің әлеуметтік –экономикалық салдары неден көрінеді? - student2.ru

a) CSаудандары нені білдіреді?

PSауданы нені білдіреді?

(CS+PS) нені сипаттайды?

ә) монополия жағдайында өндірушінің ұтымы, тұтынушыныңұтымы және олардың қосындысы қалай өзгереді? Оны графикте көрсетіңіз.

3 жаттығу. Жетілген бәсеке рыногындағы сұраныс қисығы төмендегілердің қайсысы деп ойлайсыз:

Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің әлеуметтік –экономикалық салдары неден көрінеді? - student2.ru

6-апта. Сабақтың тақырыбы: Нарықтық жүйенің қызмет ету механизмі

Үй тапсырмасы

Келесі сұрақтарға жауап беріңіз

1. Нарықтық қатынастардың қандай субъектілері мен объектілерін білесіз?

2. Нарықтық инфрақұрылымның негізгі элементтері қандай?

3. Сұраныс пен ұсыныстың қандай қызметтері бар?

4. Сұраныс көлемі мен сұраныстын өзгерісін, ұсыныс көлемі мен ұсыныстың өзгерісін қалай ажыратуға болады?

5. Нарықтық тепе-теңдіктің түрлері?

6. Икемділік коэффициенттерінің қандай түрлері бар, оларды талдаудың қажеттігі неде?

Дәріс сабағындағы тест тапсырмалары

Нұсқа 1

1. Нарық шеше алмайтын мәселелер:

A) инфляция, жұмыссыздық, экология;

B) тауар сапасын арттыру, ҒТП жандандыру;

C) нарық инфрақұрылымын, институттарын дамыту;

D) экономикалық тиімділік;

Е) ақпараттардың ашықтығын қамтамасыз ету.

2.Нарықжүйе ретінде өзінің дамуында келесідей бел

Наши рекомендации