ОҚшаулаҒыштар жӘне желілік арматура
Желілік оқшаулағыштар АЖ және электр станциялары және ҚС таратушы құрылғыларының сымдарын оқшаулап – бекітуге арналған. Олар фарфордан немесе ... шыныдан жасалады. Қиыстырмасы бойынша оқшаулағыштар ұшты және ілінетінге бөлінеді.
Ұштыоқшаулағыштар кернеуі 1 кВ дейін және 6-35 кВ АЖ – де қолданылады (35 кВ – сирек және қималары аз сымдар үшін). 6-10 кВ номиналды және төмен кернеуге оқшаулағыштарды бірэлементті (2.24, а сур.), ал 20-35 кВ - екіэлементті (2.24, б сур.) етіп дайындайды. Оқшаулағыштың шартты белгісінде әріп пен сандар белгілейді: Ш – ұшты (штыревой); Ф (С)–фарфор (шыны); сан – номиналды кернеу, кВ; соңғы әріп А, Б, В – оқшаулағыштың жасалынуы
2.24 суреті – ұшты және ілінетін оқшаулағыштар: а –ұшты 6-10 кВ, б – ұшты 20-35 кВ, в – тарелка типті ілінетін
Тарелка типті ілінетін оқшаулағыш кернеуі 35 кВ және жоғары АЖ – де кеңінен тараған. Ілінетін оқшаулағыштар (2.24, в сур.) фарфор немесе шыны оқшаулағыш бөлшектен және қалпақ 2 және сырықтың 3 цемент байланысымен 4 оқшаулайтын бөлікті жалғайтын метал бөлшектерінен тұрады. 2.24, в суретінде қалыпты жасалған фарфор оқшаулағыш көрсетілген. Атмосферасы лас аудандарда АЖ үшін жоғарылатылған разрядтық сипаттамалары мен ақыба жолының көбейген ұзындығы бар ласқа төзімді жасалған оқшаулағыштардың қиыстырмалары ойластырып жасалынған. Оқшаулағыштың шартты белгісінде әріптер мен сандардың белгісі көрсетеді: П– ілінетін (подвесной); Ф (С)– фарфор (шыны); Г– лас аудандар үшін; сан – оқшаулағыштың класы, кН; А, Б, В – оқшаулағыштың жасалынуы.
Ілінетін оқшаулағыштарды сүйемелдейтін және керілетін гирляндаларға (2.25, а, б сур.) жинайды. Біріншілерді аралық тіректерде, екіншілерін анкерлік тіректерде монтаждайды. Гирляндадағы оқшаулағыштардың саны желінің кернеуінен тәуелді. Мысалы, тіректері метал және темірбетон 35 кВ АЖ – де 3 оқшаулағыш болу керек; 110 кВ – 6 – 8, 220 кВ –10 -14 және т. б. [12].
Ұшты оқшаулағыштар тіректерде ілгіштер 5 (2,25, а сур.) немесе ұштардың (1.11, а сур.) көмегімен бекітіледі. Егер жоғары сенімділік қажет болса, анкерлік тіректерге бір емес, екі тіпте үш ұшты оқшаулағышты қондырады.
Сымдарды оқшаулағыштарға және оқшаулағыштарды тіректерге бекітуге қолданылатын желілік арматуракелесі негізгі түрлерге бөлінеді: ілінетін оқшаулағыштардың гирляндаларында сымдарды бекітуге қолданылатын қысқыштар; гирляндаларды тіректерде ілу үшін және көптізбекті гирляндаларды бір – бірімен жалғау үшін қолданылатын ілгіш арматура және сымдар мен тростарды өткінде жалғайтын жалғағыштар.
Ілгіш арматура қапсырмадан (скоба), сырға және құлақшалардан тұрады. Қапсырма гирлянданы тіректің траверсасына немесе траверсада бекітілген бөлшектерге бекітуге арналған. Оқшаулағыштардың сүйемелдейтін гирляндасы (2.25, а сур.) аралық тіректің траверсасында сырғаның көмегімен бекітіледі 1 (немесе 5 2.25, б сур.). Сырға 1 бір жағынан траверсадағы қапсырмаменнемесе бөлшекпен, басқа жағынан жоғарғы оқшаулағыштың қалпағына енгізіледі 2. Гирлянданың төменгі оқшаулағышының 3 құлақшасына сым 5 орналасқан сүйемелдейтін қысқыш 4 бекітілген.
Сымдар мен тростарды ілінетін оқшаулағыштардың гирляндаларында бекітетін қысқыштар аралық тіректерде ілінетін сүйемелдейтіндерге және анкерлік типтік тіректерде қолданылатын керетіндерге бөлінеді. Бекіту беріктілігі бойынша қысқыштарды сүйемелдейтін сымдар қатаңдарға және шектелген беріктілігі барға бөлінеді. Қатаң қысқыш 2.25, в сур. көрсетілген. Қысатын болттар 1 плашка арқылы 2 қысқыштың тұрқына («қайықшаға») қысады 3 және оны бір жақтан кергенде орнында ұстап қалады. Сым мен трос өткіннің біреуінде үзілгенде әдетте қысқыштан шықпайды және үзілмей қалған сым немесе тростың керілуі аралық тірекке беріледі. Қатаң қысқыштар – қазіргі уақытта 35–500 кВ АЖ – де қолданылатын қысқыштардың негізгі типі.
а – қысқышы қатаң оқшаулағыштардың сүйемелдейтін гирляндасы; б – қысқышы болт оқшаулағыштардың керетін гирляндасы; в – қатаң сүйемелдейтін қысқыш; г – болтты керетін қысқыш; д – престелетін керетін қысқыш; е, ж – қысатын және бұрайтын овалды жалғағыштар;з - престелетін жалғағыш; и – керетін және сүйемелдейтін қысқыштарда дірілді басатындарды ілу; к – демпферлік тұзақ; л – кергіштер
2.25 суреті – Оқшаулағыштардың сүйемелдейітін, керетін гирляндалары және желілік арматура
Салынуының шектеулі беріктілігі бар қысқыштар 500 кВ АЖ – де қолданылады. Үзілгенде сым қысқышта сырғанайды, бұл аралық тіректің бойлық жүктемесін азайтады. Бірақ 500 кВ желілерін эксплуатациялау тәжірибесі көрсеткендей, салынуының шектеулі беріктілігі бар қысқыштарды пайдаланудың нәтижесі қанағаттанарлық емес [12].
Анкерлік тіректерде сымдарды керетін қысқыштардың көмегімен қатаң бекітеді. Бір фазаның сымдары бір – бірімен гирляндалардың астында еркін салбыраған тұзақ немесе шлейф түріндегі сымның қиындысымен электрлік жалғанған (2.12, 2.19 сур.). Керетін қысқыштардың бірнеше типтері бар: болттық – қимасы 35–500 мм2 сымдар үшін; престелетін – қимасы 300 мм2 және жоғары болаталюминий сымдары үшін; сыналық – болат тростарын ілу үшін. Керетін қысқыштарда сымдар мен тростарды бекіту қысатын тәлі (плашка) және болттардың көмегімен, сымда қысқыштың бөліктерін престеумен және тросты қысқыштың денесі мен сынаның арасында трос бойындағы керудің әсерімен жасалынады. Болттық қысқыштар (2.25, г сур.) тұрқыдан 1, плашкалардан 2, гайкалары 3 бар керетін болттардан және алюминийден жасалған төсемдерден 4 тұрады. Престелетін қысқыштар (2.25, д сур.) l1 ұзындығында сымның болат өзекшесі престелетін болат анкерден 7 және l2 ұзындығында өткін жағынан сымның алюминий бөлігі, ал l ұзындығында шлейф престелетін алюминий тұрқыдан 2 тұрады.
Өндіріс сымдарды белгілі ұзындығы бар қиындылар түрінде шығарады. АЖ – де сымдардың бұл қиындыларын бір – бірімен овалды және престелетінге бөлінетін жалғағыштардың көмегімен жалғайды.
Овалды жалғағыштар (2.25,е,ж сур.) қимасы 185 мм2 дейін сымдар үшін қолданылады. Оларда сымдар айқасып салынады, содан кейін арнаулы қысқыштардың көмегімен жалғағыш қысылады (2.25, е сур.). Қимасы 95 мм2 дейінгі болаталюминий сымдары бұрау әдісімен жалғағыштарда бекітіледі (2.25, ж сур.).
Престелетін жалғағыштар қимасы 240 мм2 және жоғары сымдар мен барлық қималардағы болат тростарды жалғау үшін пайдаланылады. Болаталюминий сымдар үшін бұл қысқыштар екі құбыршалардан тұрады: біреуі – ішкі болат талсымдарды жалғауға арналған болаттан және басқасы – біріншінің үстінен салынатын және сыртқы алюминий талсымдарын жалғауға арналған алюминийден тұрады (2.25, з сур.).
АЖ сымдарына қысқыштарға жақын жүктері бар дірілді басушылар немесе демпферлік тұзақтар ілінеді, оларды қолдану дірілді азайтып, сымның сынуын болдырмайды. Басушы болат троспен 2 жалғанған екі шойын жүктен 1 тұрады(2.25, и сур.). Басушылардың өзіндік тербелістерінің жиілігі сымдікінен көп есе аз, соның нәтижесінде соңғының дірілі азаяды. Қимасы аз Для алюминий және болаталюминий сымдар үшін дірілдерден қорғаныс сол сымның маркасынан жасалған демпферлік тұзақтың 1 көмегімен жүргізіледі. Тұзақ оқшаулағыштардың 4 ілінетін гирляндасының сүйемелдейтін қысқышының 3 екі жағынан болттық қысқыштармен 2 сымға бекітіледі (2.25, к сур.).
ВЛ 330–750 кВ АЖ сымдарында кергіштер 1 (2.25, л сур.) ыдыраған фазаның сымдарын бір – бірінен алшақ ұстау үшін қолданылады.