Мұнайлы ауданы прокуроры

__________________

аты-жөні

орын: ______

тел:______

қосымша-2

Қ А У Л Ы

əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау.

Ақтау қаласы 16 тамыз 2004 жыл Ақтау қаласының прокуроры

Аға əдiлет кеңесшiсi ________

тұтынушылардың құқықтары

мен денсаулықтарын қорғауға бағытталған

заңдар мен заң актiлерiнiң қолданылуындағы

заңдылықты тексеру жөнiндегi

материалдарды қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы М

12.08.2004 жылы Ақтау қаласының Абылайхан көшесiнде орналасқан ЖК Ильясова Айнагүлдiң жеке меншiгiндегi азық-түлiктердi топтап сататын қойма-дүкенiнде сəйкестiк сертификатсыз сатылып жатқан сусындар барлығы туралы хабар бойынша, қаржы полициясы қызметкерлерiмен сатып алу жүргiзiлген. ЖК Ильясованың өкiлi – сатушы А. Маметова Ақтау қаласының тұрғыны Асқар Бағдаулетовке 0,5 литрлiк əрбiр данасы 15 теңгеден барлығы 192 дана «Буратино», «Белое сүт» тағамдары, балмұздақ, сусындар тауарлық белгiсi бар лимонадты сатып, 2870 теңге ақша алып, кассадан өткiзген кезде, қалыс адамдардың қатысуымен ол туралы хаттама толтырылып, белгi қойған ақшалар кассадан алынған. Қосымша қарау кезiнде сатуға дайындап қойылған тағы да 180 дана осы лимонадтар табылып, барлығы 5580 теңге тұратын 372 дана лимонад хаттамамен алынған. Сапалық сəйкестiгi туралы сертификат пен ол лимонадтарды əкелген құжат болмаған.

Санитарлық-эпидемиологиялық зертхананың қорытындысы бойынша “Белое сүт” тауарлық белгiсiмен белгiленген “Буратино” лимонады сапасы жағынан мемлекеттiк стандартқа сəйкес келмейдi. Бұл сусындар заңсыз шығарылып жатқандықтан, сəйкестiк сертификат берiлмеген. Осы жөнiнде түсiнiк берген ЖК Ильясова лимонадтарды ЖК А. Ықыласовтың қоймасынан ешбiр құжатсыз, сертификатсыз алғанын, оның сапасының төмен екенiн бiлмей, саудаға қойғанын түсiндiрдi. Сонымен, жеке кəсiпкер Ильясова Айнагүл тұтынушылардың өмiрi мен денсаулығына тауарлардың қауiпсiздiгiн куəландыратын сəйкестiк сертификатсыз азық-түлiктердi, яғни сапасыз сусындарды сатып, ҚР-ның Əкiмшiлiк құқық бұзу шылық туралы кодексiнiң 161- бабының 3-тармағында көзделген əкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасаған.

ҚР- Конституциясының 83-бабын, ҚР-ның Əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 541-бабы, 637-бабын жəне «Прокуратура туралы» ҚР-ның Заңының 20-бабын басшылыққа алып,

ҚАУЛЫ ЕТТІМ

Ақтау қаласы, Т. Рысқұлов көшесi, 5 үйде тұратын, ҚР азаматы, жеке кəсiпкер Айнагүл Ильясоваға қатысты ҚР-ның əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 161-бабының 3-тармағымен əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға. Əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы бұл iстi Қарасай ауданы сотының қарауына жiберуге. Алынған шара жөнiнде тиiстi жақтарға хабарлауға.

Ақтау қалалық прокурорының аға əдiлет кеңесшiсi ______ «Қаулымен, барлық материалдармен таныстым, орыс тiлiнде жазылған құжаттардың мазмұны түсiнiктi, аудармашы керек емес, құқықтарым мен мiндетiм туралы түсiндiрiлдi, бiр данасын алдым» _____ Ильясова А.

Ақтау қаласы сотының төрағасы (аты-жөнi)---------------------------

ЖК А. Ильясоваға қатысты ҚР ƏҚБ Кодексiнiң 161-бабының 3-тармағымен қозғалған əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау жөнiндегi материалды қарау үшiн жолдаймын. Айғақты заттар лимонад «Буратино» ҚР ҚК 199-б қозғалған №0406050099 қылмыстық iске тiркелген.

Тiркеледi: материал 10 бет.

қосымша-3

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРАСЫ
ҚАРАҚИЯ АУДАНДЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫ
 
ПРОКУРАТУРА МАНГИСТАУСКОЙ ОБЛАСТИ ПРОКУРАТУРА КАРАКИЯНСКОГО РАЙОНА
 
Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130300 Қарақия ауданы,Құрық кенті тел:8 (72936) 3-24-11 факс: 8 (72936) 3-10-24 e-mail:   Республика Казахстан, Мангистауская область, 130300 Каракиянский район,, с.Курык тел:8 (72936) 3-24-11 факс: 8 (72936) 3-10-24 e-mail:  

______№0-0000-00-00______

_______16.05.2014ж_________

Қарақия аудандық

Сотының төрағасы

Аты- жөні

Осымен Сізге, талапкер Иванова Иван Ивановичтің жауапкер Қарақия ауданы, Құрық ауылының әкіміне келтірген жер теліміне шешім шығаруды міндеттеу туралы 10 шілде 2014 жылғы шешіміне, аудан прокуратурасымен енгізілген апелляциялық наразылықты, одан әрі Маңғыстау облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасына жіберу үшін жолдаймын.

Жалғанды: апелляциялық наразылық «3» - бетте.

Қарақия ауданы прокурорының

Міндетін атқарушы

аты-жөні

қосымша-3а

Маңғыстау облыстық сотының

Азаматтық және әкімшілік істер

Наши рекомендации