Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері

Макроэк/ка эк/ны бір үлкен бүтін құбылыс ретінде қарастыратын ғылым. Макроэк/ка теориясының негізі ретінде микроэк/ка теориясы пайдаланады. Микроталдауда тұтынушылардың табысы тек берілген өлшем ретінде қарастырылады да, негізгі назар үй шаруашылықтарының шығындары әртүрлі тауарлар мен қызметтер арасында бөлінуіне аударылады. Ал макроталдауда, керісінше, басты назар жиынтық табыс, жиынтық шығын, қолда бар табыс, тұтыну ж/е т.с.с. ірі, бөлшектелмеген көрсеткіштерге аударылады. Пайыздың нарықтық мөлшерлемесі, инфляция, жұмыссыздық сияқты макроэк/қ факторлар үй шаруаш/ры мен фирмалардың қор жинау, инвестиция, тұтыну шығындары секілді қабылдайтын шешімдеріне әсерін тигізеді де, ал олар өз кезегінде жиынтық сұраныстың көлемі мен құрылымын анықтайды. Микро ж/е макроэк/қ үрдістер өзара тығыз байл/ты. Макроэк/қ талдауды 3 кезеңге бөледі:

І кезеңде фирмалар мен үй шар/ң шешім қабылдауын зерттеушілер теория деңгейінде қарастырады. Содан соң микроэк/қ құралдарды пайдаланып, фирмаларды әртүрлі эк/қ жағдайларға байл/ты қарастырады.

ІІ кезеңде фирмалар мен үй шар/ң жиынтық шешімдерін қарастыра отырып, жалпы эк/қ беталыстар талдауға түседі. Бұл кезеңде агрегатталған, іріленген шамалар қолданылады. М, бір ғана фирманың өнімі емес, ЖҰӨ; жеке банктің пайыз мөлшерлемесі емес, нарықтық пайыз мөлшерлемесі.

ІІІ кезеңде макроэк/қ ақпаратты талдау ж/е жинау арқылы теорияның нақты мағынасы қарастырылады. Макроэк/ка – макроэк/қ теория мен агрегатталған ақпараттардың ортасындағы байл/ты нысандық тәсілмен зерттеуді қарастыратын ерекше ғылым.

Макроэк/қ талдау ж/е саясат тығыз байланысты. Өйткені үкіметтің қолында экзогенді айнымалылар (алғашқы, «сырттан» ендірілетін ақпараттар) бірқатары бар. Егер макроэк/ка жеке оқиғалардың экзогенді оқиғалармен н/се саяси шешімдермен байланыстарын қарастырса, онда ол позитивті эк/қ талдау болады. Позитивті талдауда эк/қ саясаттағы, эк/қ шарттардағы өзгерістерді өндіріс, сауда-саттық, баға сияқты факторлардың өзгеруімен түсіндіруге тырысады. Осы позитивті эк/ка арқылы экономист «егер ... болса, онда ... болады» деген секілді тұжырымдар жасайды. Содан кейін бұл тұжырымдар фактілермен ж/е сандармен салыстырылу арқылы расталуы н/се жоққа шығарылуы мүмкін. Позитивті талдау нақты фактілермен, сандармен, тәуелділіктермен жұмыс жасайды ж/е қорытындының жақсы-жамандығына баға бермейді.

Талдаудан шыққан балама қорытындылардың қайсысы салыстырмалы түрде бағалырақ екенін білу үшін нормативті эк/қ талдауды пайдаланады. Нормативті тұжырымдар тек кеңес береді. Бұл тұжырымдар көбінесе мынадай түрде болады: «мынадай шараларды жүзеге асырған дұрыс», «осындай саясатты жүргізу оңды болады». Жалпы нормативті талдауды нақты эк/қ шарттардың, эк/қ саясаттың жақсы не жаман екендігі туралы қорытынды шығаратын эк/қ талдау деп айтсақ та болады.

23.нарықтық жүйе және оның элементтері.Нарықтық негізгі элементтері: 1. Өндіруші мен тұтынушы. 2. Сұраныс. 3. Ұсыныс. 4. Баға. 5. Бәсеке.

Нарық экономикасының қызмет етуі, нарықтың белгілі элементтерінің болуын талап етеді. Осылардың жиынтығы нарық жүйесін құрайды. Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі- өндірушілер мен тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады- біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдалынады. Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай жалғастырып жүргізу болып табылады. Бұнда тауарды басқа өндірушілер әрі қарай өңдеуге пайдалынады. Бұл жағдайда өндрушілер мен тұтынушылардың бір- бірімен байланысы, әрқайсысының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және көтерме нарықтық келісімдер формасында жүреді. Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының корпоротивтік басқаруына негізделген, меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды. Нарық экономикасының үшіншімаңызды элементі-баға. Бағаны жеке талдап танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз. Бірінші, баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі конъюнктураға байланысты өзгеріп отырады. Екінші—географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің сферасын баға анықтайды. Осы сфераның шегін трансакциондық шығындар болжайды, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындары болжайды. Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны- екі құрылымнан, сұраныстан және ұсыныстан тұрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың және ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды элементтері. Нарық механизмінің бесіншіэементі- бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарық субъектерінің өзара әсерінің және пропорцияларды реттеу механизмінің формасы болып табылады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің – бағаның, пайданың нормасының, проценттің, т.б. мөлшерін анықтау болып табылады

24. Макроэкономикалық көрсеткіштердің сипаты және есептелу әдістері.

Белгілі бір мерзім аралығында ұлттық экономиканың қызмет етуінің нәтижесіне жалпы сипаттама беру үшін макроэкономикалық көрсеткіштер қолданылады.

Жалпы ішкі өнім- елдің аумағында орналасқан барлық отандық және шетелдік өндірушілердің бір жыл ішінде өндірген түпкі тауарлар мен қызметтерінің ақшалай сомасы.

Жалпы ұлттық өнім- тек осы мемлекеттің аумағында орналасқан барлық отандық өндірушілердің ғана емес, сонымен қатар шет мемлекеттерде қызмет көрсететін, осы елдің өндірушілерінің де бір жыл ішінде өндірген түпкі тауарлар мен қызметтерінің ақшалай сомасы.

ЖІӨ - амортизация = Таза ұлттық өнім

ТҰӨ - жанама салық = Ұлттық табыс

Ұлттық табыс - әлеуметтік сақтандыру жарнасы - корпорациялар табысына салық - корпорациялар пайдасын қайта бөлу - транспорт төлемдері + дивидендтер + алынған пайыздар = жеке табыс

Жеке табыс - жеке табыс салығы = қолдағы табысы

Осымша құн әдісі

ЖІӨ-ді есептеу барысында аралық және соңғы өнім ұғымдары пайдаланылады. Өндіріс процесінде жұмсалған тауарлар шикізат, материалдар, жанар-жағармай ретінде қолданылса, онда ол аралық өнім, ал осы аралық өнімді пайдаланып өндірілген дайын өнім соңғы тұтынуға жіберілсе, онда ол соңғы өнім. Мысалы, ұнның құны піскен нанның бағасына қосылады.

Батыс статистикасында қайталама есептеуді болдырмау үшін қосымша құн көрсеткіші пайдаланылады. Қосымша құнға тек қарастырылып отырылған кәсіпорында өндірілген өнімдер мен қызметтердің ғана құны жатады. Басқаша айтар болсақ, егер өндірілген өнімнің құнынан жұмсалған материалдың, шикізаттың, отынның және т.б. құнын шегеріп тастағандағы қалатын құнның бір бөлігі қосымша құнға жатады.

Наши рекомендации