Салауатты өмір салтын насихаттау

Дәріс

Біздің елімізде халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мемлекет -тік және ұлттық саясаттың негізгі ұстанымдарының бірі.

Ел Президенті Қазақстан халқына арнап келген жыл сайынғы жолдауларында адамды ауырып емдегеннен көрі , оның алдын алу әлде қайда жеңіл деген бола -тын, сонымен қатар әр кез салауатты өмір салтын ынталандыру халықтың денсаулығын жақсартуға жол ашатын маңызды фактор екеніне баса назар аударып келеді.

Кейбір облыстардың қазақтар мекендейтін ауылдық жерлерінде сәбилердің 80 пайызы–қаназдық,мешел,сал,туа біткен кемістік,жүйке жүйесі ауруларына шал -дыққан.Ерлердің 57 пайызы,әйелдердің 34 пайызы ,жасөспірімдердің 40 пайы -зы шылым тартады.Ересек адамдардың 40-65 пайызы тұрақты ішсе, жас -өспірімдердің 25-30 пайызы нашақорлықпен айналысады. Осыған байланысты

Ел Президенті Н.Назарбаевтың жолдауларында халық денсаулығы мен әл ауқаты жөніндегі шаралар-қазіргі таңдағы және болашақтағы ең маңызды мәсе-

лердің бірі болып отыр.

Көптеген елдер бұл мәселені алдыңғы қатарға қойып келеді.Сондықтан гигиена –лық тәрбие беру, медициналық білімнің негізін қалың бұқара халық арасында насихаттау денсаулық қорғау жүйесі мекемелерінің ,барлық емдеу,алдын алу, санитарлық және эпидемияға қарсы күрес жүргізетін мекемелердің және онда қызмет жасайтын дәрігерлер мен орта буынды қызметкерлердің маңызды жұм-

ыстарының бірі болып табылады.

Салауатты өмір сүрудің негізгі принципі — еш ауруға шалдықпай, адам өзін дертке жеткізбей-ақ, алдын ала мол денсаулық көзін ашу. Өткен кезде Лұқпан Хакімнен: «өмірде байлық қымбат па, жоқ даңқ қымбат па?» деп сұраған екен. Ол біраз ойланып тұрып «байлық та, даңқ та адам баласын бақытты ете алмайды. Біле білсеңдер, ауру ханнан дені сау қайыршы бақытты. Ал, бақыт дегеніміз не? Әрбір адамзат өзінің күш-жігерін халқына, өз еліне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсап, ақылды, парасатты және денсаулығы зор болса ғана бақытты» деген екен.

Бақытты адам өзінің жұмысқа деген ынтасын, санасын, рухани байлығын өмір бойы дамытып, еңбекке араласады. Тек қана дені сау адам өзінің үнемі ой-өрісін кеңейтін, өмірдегі мақсатына жетеді. Сондықтан, әрбір адамның денсаулығының мықты болуы да өз қолында. Міне, денсаулықтың принципі де осында. Ешкімнің денсаулығына ешкім көмектеспейді және бәрін сатып аламын деген капиталистік принцип те жалаң ұран болып табылады.

Салауатты өмір сүру үшін тіршіліктің күресі тек қана ағзаның биологиялық өзгерістері ғана емес, сонымен қоса әлеуметтік маңызы зор құбылыс. Бұл күрес адам баласына туған күнінен бастап өмір бойы тоқтамай, оның тіршілік қабілетін жоғалтпай, жасының ерекшелігіне қарай қызмет етеді. Бұл құбылыстың барлығын ағзаның орталық жүйке жүйесінің ең негізгі реттеуші бөлігі мидың адам өмірінде атқаратын қызметі — тіршіліктің негізгі көзі.

Ми — жүйке жүйесіндегі ең негізгі орталық. Ми ағзаның барлық жүйке талшықтарымен екіжақты байланыста болатындығын әрқайсысымыз жақсы білеміз. Біріншіден — байланыс ағзаның ішкі құрылысында не болып жатқанын хабарласа, екінші байланыс сыртқы құбылыстың ағзаға тигізіп жатқан әсерін хабарлайды. Осы процесс арқылы ағзаның дұрыс та бір қалыпты болуын әркім бақылап отырады. Демек, ағзаның іштегі немесе сырттағы бір мүшесі зақымдалса, осы байланыстың арқасында ғана ауру, я сау екенін біліп отырады.

Мидың екінші бір негізгі міндеті — ағзаның жұмыс жүйесін, демалысын реттеп отырады. Міне, салауатты өмір сүрудің негізгі бір принципі осы екі жүйе дұрыс қалыптасып, тепе-теңдікте болған жағдайда ғана адамның өмірі ұзаққа созылады. Ал, бұл жүйе бұзылған жағдайда, орталық жүйке жүйесінің жұмыс қабілеті төмендейді. Бұл не? Бұл жүйкенің тоза бастағаны: ұйқы бұзылады, бұл негізгі тепе-теңдіктің бұзылуы, артық сөз айтып, қызбалыққа ұрынады. Осыдан барып, адам азып-тозып, әр түрлі ауруларға шалдығады. Бұл жағдай, ең алдымен жүректің, қан қысымының өзгеруіне әкеліп соқтырады.

Міне, адам баласының қандай да бір ауруға шалдығуының себебі, жүйке жүйесінің бұзылуына байланысты деп тұжырымдаған жөн. Сондықтан, баланы жастан дегендей, жас ұрпақты тәрбиелегенде жүйкені тоздырмауды әрбір ата-ананың білуі міндетті.

XVIII ғасырдың оқымыстысы, испандық дәрігер -Христофор Гуфеленд: «Бала туғаннан кейінгі алғашқы жылдан бастап сыртқы құбылыстарға бейімделіп, әсеріне реакция беретіндей дәрежеге жеткен кезден бастап-ақ жүйке талшықтары тоза бастайды», — деп ескертеді. Тәжірибелі дәрігер айтқандай, ата-ана жөнсіз еркелетіп, тіршіліктің қиыншылығына бейімдемей, еңбекке араластырмай, дұрыс тәрбие бермесе, ондай баланың денсаулығы дұрыс қалыптаспайды.

Орыс ғалымы И.П. Павлов айтқандай, ұйқы тек ми қабыршақтарының жұмысын ғана тежеп қоймай, оның ішкі құрылыстарын да осы жүйеге жетелейді. Бұл жүйе, яғни, ми құрылысы, тек ұйқы қанып, дұрыс дем алғанда ғана адам денесі сергіп, ертеңгі тіршілікке деген қабілет арта түседі. Бұл жайында немістің атақты философы Бэкон «Әрбір ұйқысыз түн соншалықты күнге өміріңді қысқартады » деген. Бұл сөзді әр адам өз өмірінің өлшемі деп қарау керек.

Азаматтың дені сау болуы салауатты өмір сүруді қалыптастырумен тікелей байланысты, яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру – денсаулық кепілі. Сонымен салауатты өмір салты деген не? Бұл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған мүмкіндіктерін қалыптастыру.

Олай болса салауатты өмір салтының негізігі қағидалары қандай десек,ол төмендегідей:

-көтеріңкі көңіл-күй жүйкені шынықтыру,әр адам өз көңіл күйін реттеп отыру,

яғни мен арманыма мақсатыма жете аламын деп ,алдына мақсат қойып соны іске асыруға тырысу керек.

-тиімді қозғалыс тәртібін сақтау- белсенді қозғалыспен айналысу

- тиімді тамақтану

-табиғи ортаның шыңдаушы әсерлерін толық пайдаға жарату,яғни салқын-ыстық суға шомылу,ауа ваннасын қабылдау,күнге күю т.б.

-зиянды құмарпаздықтан тыйылу- темекі,наша, ішімдік,улы және есірткі заттар –ын қолданбау

-жеке тұлға ретінде өз басыңның бағасын білу,ата –тегіңнің абыройына нұқсан келтірмеу, қандай бір орта болмасын өзіңді ұстай білу

-бойыңдағы бар қабілетің мен мүмкіндіңдеріңді игілік үшін жұмсау

-жеке және қоғам тазалығын сақтау- жеке бас тазалығы-тері,шаш,ауыз, аяқ киім,киім және қоғамдық- жұмыс және қоғамдық орындардың тазалығын сақтау.

Азақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 «Салауат -ты өмір салтын қалыптастыру» туралы 29.04.2011 жылғы № 311бұйрығы шықты

Қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде. Осы ретте, елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» бағдарламасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – «Мемлекетіміздегі азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл ауқаты тармағында» және кезекті Жолдауында денешынықтыру мен спортты дамытуға айрықша көңіл бөлу қажеттілігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта жалпы білім беретін орта мектепте жан-жақты, дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан жеке тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.

Салауатты өмір салтының негізгі принциптері

- Дене тәрбиесімен және спортпен шұғылдануды

- Қоғамдық және жеке бас гигенасын сақтауды

- Тиімді тамақтануды

- Зиянды әдеттерді жеңуді

- Жарақаттанудың алдын алуды

- Жұқпалы және соматикалық аурулардың алдын алуды

- Стресстерді жеңуді насихаттау

Ұлт тағдыры – ұрпақ қолында екенін жақсы түсінген ата-бабамыз жас жеткіншектерді еңбекке баули отырып, рухани-адамгершілік ізгі қасиеттерге тәрбиелеу мәселесін орынға қойған. Сондықтан, біз өз кезегімде алдымызға келген әрбір адамның денінің сау болуы үшін осы бағытта да тәрбие бере білуге тиіспіз.

Қазақ ұлтының салауаттылық, парасаттылық, имандылық, адамгершілік, тәлім-тәрбие туралы өлмес құнды ұлттық мұраларға шолу жасасақ, Ибн сина еңбектері, Шығыс аристотелі атанған ғұлама әл-Фараби, Омар Хайям рубайлары, түркі тілдес халықтардың бәрі өшпес рухани мұра қалдырған: Жүсіп Баласағұни, Махмұт Қашқари, Ахмет Иассауи, Хайдар Дулати шығармаларының орны ерекше. Араға бес ғасыр салып, қолымызға жеткен ғалым Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты еңбегі, ұлттық психологиядан болашақтың салауаттылығына, имандылығына арналған мол мағлұмат алуға болатын еңбек.

Қазақ халқын әлемге танытқан Шоқан, Ыбырай, Абай еңбектерінің ұрпақ тәрбиесінде алар орны ерекше. Бүкіл бір халықтың ұстазы Ұлы Абай өзінің қара сөздерінде жан мен тән тазалығы, имандылық қасиеттері «толық адам», дені сау адамның іс-әрекет нәтижелері, жалпы қауымның игілігіне айналады деп тұжырымдайды.

А.Байтұрсынұлы «Тәні саудың – жаны сау» екенін айта отырып, «Ең әуелі бәрінен бұрын тазалықтың қадірін біл. Тән саулығының тамыры – тазалықта, жан саулығының тамыры – саулықта» –, деп денсаулықты сақтаудың маңызды жолын меңзейді. Себебі, денсаулықтың кепілі – тән мен ардың тазылығы. Ол саулықтың іргетасын қалайды.

Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық және өлім-жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығы қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткіге құмарлық және улы заттарға әуестік, адамгершілікке жат мінез-құлық кеңінен етек алуда.

Бүкілодақтық денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша Республика халқының орташа жасы соңғы 2000 жылы 1990 жылмен салыстырғанда 3-4 жасқа дейін төмендеп кетсе, 2030 стратегиясы бойынша 2013 жылы орташа жасты 69,5, ал 2015 жылы 70 жасқа дейін өсіру көзделіп отыр. Олай болса біз бүгін денсаулықты сақтау әр адамның өзіне, өмір сүру салтына, оның өз басының салауатты өмір салтын сақтауына тікелей байланысты.Осы жұмысты жандандыру және насихаттау облыстық және аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарына, аурудың алдын алу мекемелеріндегі СӨС кабинеттеріне, денсаулықты нығайту орталықтарына жүктелген.Дегенмен әрбір медицина қызметкері, ол дәрігер болсын немесе медбике болсын айына 4 сағат санитарлық ағарту жұмыстарымен айналысу керек. Олардың ең басты құралы, ол халық арасында санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу.

Санитарлық ағарту жұмыстарының 4-бағыты:

- Аудиториядағы адам саны

- Жағдайдың қарапайым немесе шұғыл болуы

- Топ құрамының біркелкілігі

- Гигиеналық ережелерді белгілі топтардың орындауға дейінгі дайындығына назар аудару

Санитарлық ағарту қызметінің прициптері:

- Мемлекеттік сипат

- Жоспарлылық

- Жалпыға бірдей

- Барлық медицина қызметкерлерінің қатысуы

- Басқа үйымдар мен халықтың қатысуы

- Санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізетін арнайы мекемелердің болуы

- Ақпараттың халыққа қонымды, түсінікті болуы

- Ғылыми дәлелденген болуы

- Дифференциалды болуы

- Оптимистік сипат

-

Санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізудің түрлері мен тәсілдер:

Тәсілдері:

- Ауызша

- газет және журнал беттерінегі басылымдар

- көрнекті құралдар

- аралас әдістер

Түрлері:

- дәрістер,

- әңгімелер,

- кеңестер,

- дискуссиялар,

- сұрақ-жауап кештері,

- әртүрлі парақтар, плакаттар тарату,

- санитарлық бюллетендер шығару,

- Телеарнаға шығу

- -кино, театр,радио

Ауызша әдіс,әңгіме-тыңдаушылармен бірге талқыланып отырған мәселе төңірегінде ой қозғау,әсіресе аурулар арасында.

Дәріс –бұл әдіс көпшілікке арналған,бұнда бір адам сөйлейді,қалғандары тыңдайды.Әрбір дәрістің 3 бөлімі болады:

-кіріспе

-негізгі мазмұнын баяндау

-тұжырым жасау

Сұрақ жауап кештері-алдын ала дайындықты және жоғары ұйымдастыр- шылықты талап етеді.Сұрақтар алдын ала қойылады да , оған дәрігерлер жауап береді.

Баспасөз әдісі-бұл аса кең тараған әдіс және жан жақты насихат жүргізуге арналған құрал-кітаптар,журналдар,газеттер және сұрақ-жауап тақталары

Санитарлық бюллетень-бір тақырыпқа арналған қысқаша мазмұнды қабырға газеті, ол көрнекті,сөзі аз болуы керек

Плакаттар мен брошюралар-аурулар туралы қысқаша мәлімет беретін әдіс Көрнекті әдіс- сурет, фотосурет,плакат,диаграмма,макет,муляж т.б.

Киноарқылы насихат жүргізудің артықшылығы өте зор,себебі көпшілікке қызықты көп мәліметтерді тез арада және қажет болған кезінде қайталап көрсетуге болады.

Теледидар таралымының ұлғаюына байланысты санитарлық-ағарту жұмысы -ның мүмкіншілігі арта түсті.Атақты ғалымдардың,дәрігерлердің ғылыми кеңестерін,маңызды медицина жаңалықтары мен жетістіктерін және түрлі аурулардың алдын алу туралы ақыл-кеңестерін мыңдаған көрермендер бір мезгілде көре алады.

Театрарқылы медициналық тақырыптағы ойындар көрсету.

Радио арқылы берілетін ақпарат қысқа ,әрі түсінікті болу керек.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарына мына мекемелер жатады:

1.салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының республикалық

ұлттық орталығы

2. салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орта-

лықтары және оның аудандық,қалалық құрылымдық бөлімшелері,ақпараттық-

ресурстық орталықтары,темекіге қарсы күрес орталықтары-кабинеттері, жас-

тардың денсаулық орталықтары

3.жергілікті денсаулық саласының мекемелері-ауруханалар, емханалар,диспан

-серлер т.б.

Өңірлік деңгейдегі СӨСҚ орталықтарының негізгі функциялары мыналар болып табылады:

1)Өңірлік деңгейде халықтың салауатты өмір салтын қалыптастырудың, аурулардың бастапқы және қайталанған алдын алудың, халық аурушаңдығы көрсеткіштері, демографиялық деректері талдауының, экологиялық және эпидемиологиялық жай-жапсары жағдайларының жалпы бағыттарын анықтау;

2) халықтың денсаулығы, оның өмір салты арасындағы себеп-салдар байланыстарын айқындау және бағалау. Аурушаңдықтың қауіп-қатер факторларының таралушылығын зерделеу, нысаналы өңірлік алдын алу бағдарламаларын, салауатты өмір салтын насихаттау және негізгі әлеуметтік елеулі аурулардың мінез-құлықтық қауіп-қатер факторларының алдын алу хаттамаларын (бұдан әрі - СӨСҚ хаттамалары) әзірлеу, енгізуді үйлестіру және мониторингі;-----------------------------------------------------------------------
3) денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларға сәйкес мүдделі аумақтық органдармен және ведомстволармен, жергілікті атқарушы органдармен, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен, СӨСҚ және насихаттау мәселелерінде денсаулық сақтау ұйымдарымен сектораралық іс-қимылды қамтамасыз ету;
4) өңірлік деңгейде СӨСҚ және насихаттау жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
5) өңірлік деңгейде СӨС насихаттау және салауатты өмір салтын қалыптастыру, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы халықаралық бағдарламалар мен жобаларды енгізу жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз ету; ------------------
6) өңірлік деңгейде аурулардың, жарақаттанушылық пен уланулардың алдын алу, денсаулықты сақтау мен нығайту және сауықтыру мәселелері бойынша медициналық-әлеуметтік зерттеу орталықтарының әзірлемелерін енгізу;
7) өңірлік деңгейдегі халықтың және денсаулық сақтау ұйымдарының арасында СӨСҚ және аурулардың алдын алу және насихаттау мәселесі бойынша әдістемелік, нұсқамалық және ақпараттық-білім беру материалдарын шығару, көбейту және тарату; -----------------------------
8) СӨСҚ және насихаттау, мінез-құлықтық қауіп-қатер факторлары мәселесі бойынша мүдделі ведомстволар мен ұйымдарға өңірлік деңгейде консуль -тациялық және практикалық көмек көрсету;------------------------------------
9) республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен және интернетресурстармен жұмыс;----------------------------------------------------------
10) аурулардың алдын алу, СӨСҚ және насихаттау мәселелері бойынша медициналық кадрларды даярлау және қайта даярлау мониторингін қамтамасыз ету;
11) СӨСҚ, аурулардың алдын алу мәселелері бойынша өңірлік деңгейлерде мектеп оқушылары мен жасөспірімдерге емдеу-алдын алу көмегін көрсететін білім беру және денсаулық сақтау медициналық ұйымдарының қызметіне ұйымдастыру-әдістемелік басшылық жасау;

12) жастардың қауіп-қатер топтарынан салауатты өмір салтын насихаттау ерік білдірушілерін, лидерлерін, белсенділерін даярлау жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және енгізу.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру саласында қызметін жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметшілерінің функционалдық міндеттері мыналар болып табылады:

1)БМСК ұйымы қызмет көрсететін аумақта СӨСҚ және насихаттау, аурулардың, мінез-құлықтық қауіп-қатер факторларының алдын алу жөніндегі іс-шараларды өткізу; -------------------------------------------------------------------
2) БМСК мамандарымен бірлесе отырып, есептік нысандар бойынша бекітіліп берілген халықтың денсаулық жағдайының көрсеткіштерін талдау және БМСК ұйымдарының алдын алу қызметінің басым бағыттарын айқындау жүргізу;
3) ұйымның қызметін, аурушаңдықты, өңірдің эпидемиологиялық жағдайын есепке ала отырып СӨСҚ және насихаттау жөніндегі жұмыс жоспарын әзірлеу және оларды іске асыруды мониторингтеу.-------------------------------------
4) мамандарға денсаулық мектебінің, гипертония бойынша мектептің, денсаулық мектебінің жұмысын ұйымдастыру және аурулардың алдын алу және СӨСҚ жөніндегі басшылықты және консультациялық-әдістемелік көмек көрсетуді қамтамасыз ету және басқалар;--------------------------------------------
5) алдын алу тексерулерін жүргізуге, СӨСҚ хаттамаларын енгізуге қатысу және оларды ұйымның медицина қызметшілерінің орындау мониторингі;
6) кейіннен диспансерлей және оңалту және сауықтыру іс-шараларын мониторингтей отырып, алдын алу медициналық тексерулерін жүргізуге жәрдем көрсету; ---------------------------------------------------------------------------
7) БМСК осы ұйымдарының мамандарын СӨСҚ және аурулардың алдын алу мәселесі бойынша ақпараттық материалдарымен қамтамасыз ету;
8) диспансерлік топтармен, дені сау халықпен маскүнемдіктің, нашақорлықтың, темекі шегудің қауіп-қатер факторларының алдын алу мен таралмауы, сондай-ақ аурулардың, қайтадан өршулердің алдын алу жөнінде және сауықтыру іс-шаралары туралы жеке жұмыс жүргізу.-----------------------------------------
9) созылмалы жұқпалы ауруларды, жарақаттанушылық пен бақытсыз жағдайлардың алдын алу және ерте диагностикалау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жетілдіру;---------------------------------------------------------------------
10) санитарлық-ағарту ақпаратын әзірлеу мен шығаруды қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысқа қатысу; ------------------------
11) БМСК ұйымына бекітіліп берілген халықты республикалық кең ауқымды акциялар өткізуге қатысуға тарту;----------------------------------------------------
12) қызмет көрсетілетін аумақтағы халықтың арасында ақпараттық-білім беру материалдарын (жадынамалар, үндеухаттар, брошюралар) тарату;
13) білім беру ұйымдарында және қызмет көрсетілетін аумақта орналасқан кәсіпорындарда лекциялар, әңгімелесулер ұйымдастыру және өткізу;
14) СӨСҚ және насихаттау бойынша есепке алуды жүргізу және есеп беру;
15) аурулардың алдын алу, денсаулықты нығайту және СӨСҚ бойынша олардың білім деңгейін анықтау үшін халыққа сұрау (сауалнама, ауызша) жүргізу;
16) балалардың денсаулығын сақтау және нығайту, медицина қызметшілері мен ата-аналарды гигиеналық оқыту қағидаттарына үйрету, дағдыларын қалыптастыру және аурулардың алдын алу мәселелері бойынша қызметтерін жүзеге асыру; ----------------------------------------------------------------------------
17) жүкті және бала емізетін әйелдерді және сәбилерді салауатты тамақтану (емшекпен қоректендіру, қосымша тамақтандыру, белсенді тамақтандыру) қағидаттарына үйрету;----------------------------------------------------------------------
18) қызмет көрсетілетін аумақтағы жаңа туған нәрестелерді сараланған бақылау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;---------------------------------------------------------
19) ата-аналарды дені сау және сырқат балаларға күтім жасау мәселесіне үйрету;
20) медицина қызметкерлерінің СӨСҚ, аурулардың алдын алу және қызмет көрсетілетін аумақтағы халықтың денсаулығын нығайту бойынша атқарылған жұмысын мониторингтеу, олардың іс-шараларды өткізу нормативін орындауы (жұмыс уақытының есебінен 4 сағат);----------------------------------------------
21) жұмыс жоспарын әзірлеу, оның орындалуын мониторингтеу және басшылықты атқарылған жұмыс пен проблемалар туралы хабардар ету;
22) қызмет көрсетілетін аумақтағы дені сау халықпен СӨСҚ бойынша жұмысты ұйымдастыру;-------------------------------------------------------------------
23) аурулардың алдын алу және қызмет көрсетілетін аумақтағы халықтың арасында СӨСҚ бойынша атқарылған жұмыстың ай сайынғы талдауларын жүргізу.

7. Өңірлік деңгейдегі салауатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының үлгілік ұйымдық құрылымы осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес айқындалады.

Наши рекомендации