Экономиканың дамуындағы қазақстандық үлгі.

Қазақстан Республикасы экономикасының инновациялық дамуы еліміздің дамуы үшін үлкен маңызға ие. Мемлекет басшысы да бұл бағытқа ерекше мән беріп отыр. Соңғы уақытта өткен бірқатар ірі іс-шаралардағы Елбасының сөйлеген сөздері инновациялық даму мәселесіне арналды. Президенттің осынау қолдауы бізге бүкіл инновациялық жүйені қайта құрылымдауға мүмкіндік беріп отыр. Алғашқы жетістіктер де жоқ емес.

Соңғы бірнеше жылға созылған құлдыраудан кейін, 2010 жылдан бастап алғаш рет инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесінің өсуі байқалды, кәсіпорындардың технологиялық инновацияларға жұмсаған шығыстары 2 еседен астамға артып, 219 миллиард теңгеге жетті. Инновациялық белсенді кәсіпорындардың ең жоғары үлесі Жамбыл облысында – 7,8 пайызға, Қарағанды облысында – 7 пайызға, Шығыс Қазақстан облысында – 6,4 пайызға өсіп отыр. Ал Ақмола облысы (0,7 пайыз) мен Алматы облыстарының (0,9 пайыз) үлесі республикалық орташа көрсеткіштен әлдеқайда төмен.

«Индустриялық-инновациялық қызметті мелекеттік қолдау туралы» заң жобасында инновациялық қызметті жүйелі қолдаудың заңнамалық негізі қаланды. Мысалы, жер қойнауын пайдаланушылардың табыстарының 1 пайызын ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға міндетті аударуы туралы заң жобасында қарастырылған тармақ ірі бизнесті инновациялық қызметке тартуға мүмкіндік береді.

2020 жылға дейінгі кезеңде Үкіметтің ел экономикасын дамытуда басты бағдарға алатын құжаты, Стратегиялық даму жоспары болады. Осы онжылдық бас жоспар екі бесжылдық кезеңге бөлініп жүзеге асырылмақ. Алғашқы кезеңде 2010-2014 жылдарға арналған Индустриалды-инновациялық жедел даму бағдарламасы қолға алынады. Әрине, ол жалғыз болмайды Индустриалды-инновациялық жедел даму бағдарламасы 2015 жылға қарай жалпы ішкі өнімді 7 триллион теңгеге дейін жеткізуді көздейді. Және экономиканың басты салаларының ешбірінің кенжелеп қалмай, төрт аяғынан тең дамуын қамтамасыз етуге тиіс.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының 12-съезінде ел экономикасының алдағы бесжылдықтағы жедел индустриалды даму кезінде негізге алынатын жеті басым бағытын айқындап берген болатын:

Жаһандық экономикалық дағдарыс, геосаяси шиеленістер, санкциялық текетірестер, сондай-ақ, энергия ресурстарына әлемдік бағаның төмендеуі әлемдік үдерістердің белсенді қатысушысы - біздің елімізге әсер етпеуі мүмкін емес.

Елбасы атап өткендей, «...таяудағы жылдар жаһандық сынақтардың уақыты болады. Әлемнің бүкіл архитектурасы өзгереді. Барлық елдер осы күрделі кезеңнен лайықты өте алмайды. Бұдан тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өтетін болады...».

Осындай жағдайда Мемлекетіміздің Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Нұрлы Жол» Жаңа экономикалық саясатын жариялады.

Бұл тарихи құжатта дағдарысты еңсерудің кешенді шаралары ғана көрсетіліп қоймай, еліміздің әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына енуіне қажетті жағдай, ұзақмерзімдік даму жолы анықталып отыр.

Бүгінде көптеген әлемдік алаңдарда саясаткерлер, экономистер, сарапшылар дағдарысты еңсеру, сондай-ақ, ұлттық экономиканың өсімін сақтап қалу жөніндегі тұспалдар мен болжамды шараларды қарастырып жатқанда, еліміз Елбасының стратегиялық көрегендігінің арқасында алғашқылардың бірі болып айқын, әбден пысықталған іс-қимыл жоспарын қабылдады.

Алғашқы кезекте экономиканың елдің дамуына және азаматтарымыздың әл-ауқатының артуына неғұрлым оң әсерін тигізетін салаларына қолдау көрсетіледі.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Үкіметке барлық әлеуметтік міндеттемелермен сөзсіз қамтамасыз ету міндетін жүктеді.

«Нұрлы Жол» Жаңа экономикалық саясаты – бұл болашақтың инфрақұрылымын кең көлемде инвестициялау есебінен экономиканы жүйелі түрде қайта құру. Көлік, индустриялық, энергетикалық, тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ шағын және орта бизнеске барынша қолдау көрсету тұрақты экономиканың негізі – мықты орта тапты қалыптастыра отырып, болашақ Қазақстанның іргетасын мызғымастай етіп нығайтады.

Жолдар құрылысы өңірлерді байланыстырып, ауыл мен қаланы жақындатуға, еліміздің транзиттік әлеуетін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Шағын және орта бизнеске, сондай-ақ, азаматтарға өндіруші нарықты қолжетімді етудің арқасында сауда-саттық жанданады.

Тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік инфрақұрылым құрылысының, сондай-ақ, мемлекеттік қолдаудың жаңа тетігінің арқасында миллиондаған қазақстандық баспанаға қол жеткізуге және өмір сапасын арттыруға мүмкіндік алады.

«Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыру дегеніміз – жүздеген мың қосымша жұмыс орны, жаңа өндірістер, бизнесті жандандыру және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру.

Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің, оның ішінде АҚШ пен Германияның тәжірибесі инфрақұрылымды кең көлемде инвестициялау болашақ өркендеу үшін мызғымас негіз қалыптастыратынын көрсетеді.

Қазақстан «Нұрлы Жол» Жаңа экономикалық саясатының жүзеге асырылуын Ұлттық Қорға жиналған қаржының арқасында қамтамасыз етпек.

Кейбір саясаткерлер мен экономистердің Ұлттық Қордағы жинақты тұрғындарға таратып беру жөніндегі популистік үндеулеріне қарамастан, Елбасы бағдарының арқасында, болашақ ұрпаққа арналған Қорға қомақты қаражат жиналды. Бұл қазақстандықтардың келешекке сеніммен қарап, Мемлекет басшысының сарабдал саясаты мен көрегендігінің нәтижелерін толықтай бағалауына мүмкіндік береді.

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясы көз жетпейтін көкжиекте ойлап табылмаған.

Бұл - практикалық, прагматикалық идея. Ол маған тіпті етене жақын, өйткені, мен қазақстандықтар жақсы білетіндей, өзімнің кәсіби жолымды «ақ саусақтар» секілді кабинетте де, паркетте де емес, жұмысшы-металлург ретінде бас­тадым. Ал бұл, атап айтсам, нағыз кәсіп болып табылады!

Қанша жыл өтсе де, бұл еңбек мектебін ұмыту мүмкін емес.

Бүгінде еңбек - ХХІ ғасыр жағ­дайын­дағы шешуші ұлттық фактор ре­тін­де, жаһандық бәсекелестік жағдай­ын­да, - алдыңғы кезеккеілгерілетілуі тиіс.

Бұл туралы жақында ғана мен Тараз­да, Өскеменде, басқа да өңірлерде кездескен қарапайым қазақстандықтар айтады.

Еңбек адамының беделін көтеру қа­жет­тігі туралы осы идеяларды мен қа­зақ­стандықтардың хаттарынан, сон­дай-ақ әлеуметтік жаңғырту міндеттеріне екпін түсірілетін менің Жолдауым мен Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында сөйлеген сөздеріме Қазақстанның барлық бұрыштарынан келген үнқа­ту­лардан оқып жүрмін.

Қазақстан қоғамындағы лайықты еңбек тақырыбы кең көлемді пікірталас пен қолдау туғызды десем, артық айтқан­дық емес.

Наши рекомендации