Кәсіпорындағы еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру

Кәсіпорында еңбек ақы саясатын әзірлеуде және оны ұйымдастыруда еңбек ақының мына төмендегі принциптерін еске алу керек:

· әділдігі, яғни тең еңбек, тең Еңбек ақы;

· істелмеген жұмыс есебінің қиындылығы және еңбек біліктілігінің деңгейі;

· зиянды еңбек жағдайының және ауыр дене еңбегінің есебі;

· еңбек сапасына және еңбекке қатыстылығының адалдығы үшін ынталандыру;

· ақаулық жібергені және өзінің міндетіне жауапсыздықпен қарағандығынан жағымсыз жағдайлар болғаны үшін материалдық жазалау;

· еңбек өнімділігінің өрлеу қарқыны орта Еңбек ақының өрлеу қарқынына қарағанда озық жүруі;

· инфляцияның деңгейіне сай Еңбек ақыны индекстеу;

· өндірістің қажеттілігін ең үлкен денгейде қамтамасыз ету үшін үдемелі нысананы және еңбек ақы жүйесін қолдану;

Мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындардың Еңбек ақыларының айырмашылықтары мынадан тұрады:

· мемлекеттік иелігіндегі кәсіпорындарда Еңбек ақы үкімет актілерімен реттеледі, ал жеке кәсіпорындарда кәсіпорын әкімшілігі шешімімен;

· мемлекеттік кәсіпорындарда Еңбек ақы тіркеледі, яғни тұрақты боады;

· мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс орны мен Еңбек ақы кепілді, ал мемлекеттік емес кәсіпорындарда олар оның экономикалық жағдайына қарай анықталады.

Кәсіпорындағы қызметкерлердің табысы өндіріс шығынының құрамына енетін еңбекақыдан, әлеуметтік және еңбек жеңілдіктері бойынша төленетін ақша төлемдері, пайдадан төленетін сыйақыдан, акциялар бойынша төленетін дивидендтерден және еңбек ұжымы мүшелерінің кәсіпорын мүлігіне салған салымдарынан, натуралды түрдегі өнім құнынан және басқа да табыстардан құралады.

Шаруашылық етудің қазіргі заман жағдайында еңбекақы төлеуді ұйымдастыру бірнеше қағидаларды ескеру арқылы құрылады:

- еңбекақы төлеуді ұйымдастыруда қызметкерлерге еңбекақы төлеудің нысандарын, жүйесін және мөлшерін анықтаудағы кәсіпорынның дербестігі;

- еңбекақы төлеуді мемлекеттік реттеу;

- еңбекақыны еңбек жағдайы мен мекендеген жеріне байланысты дифференциялау;

- еңбектің соңғы нәтижелері жоғары болу үшін қызметкерлердің еңбекке деген материалдық қызығушылықтарын туғызу;

- еңбек өнімділігі өсу қарқынының еңбек ақы өсу қарқынынан артық болуы.

Нақты еңбекақы мөлшеріне сұраныс пен ұсыныс маңызды ықпал жасайды. Жұмыс күшіне сұраныс жоғары болған сайын, нақты еңбек ақы да жоғары болады, ал еңбек ұсынысы еңбек ақы динамикасына кері пропорционалды байланыста болады.

Өнеркәсіпте қолданылатын еңбекақы төлеу жүйелері мен нысандары. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда еңбекақы төлеудің екі нысаны қолданылады: кесімді және мерзімді, әрқайсысы өз алдына бірнеше нысандаға бөлінеді.

Кесімді еңбекақы төлеу нысаны кеңінен қолданылады. Ол қызметкерлерде еңбек нәтижесіне, оның өнімділігіне деген материалдық жағынан қызығушылық тудырады, қызметкер біліктілігін жоғарлатуға ынталандырады, жұмыс уақыты мен қондырғыны толықтай пайдалануға жағдай жасайды.

Еңбекақы төлеудің кесімді нысаны төмендегі жағдайларда тиімді болып табылады:

- шығарылымның натуралды өлшемдердегі сандық көрсеткіштері мен еңбек нәтижелерін дәл есепке алу мүмкіншілігі болған жағдайда;

- еңбекті нормалаудың ғылыми түсініктемесі болған жағдайда;

- технологиялық процесті бұзбай нормалардың артығымен орындалуы үшін мүмкіншіліктер құрылған жағдайда;

- тоқтап қалуларды болдырмайтын жұмыс орындарына қызмет көрсетуді нақты ұйымдастырған жағдайда;

- өндіріске сапалы және уақытында техникалық жағынан дайындық жүргізілсе.

Кәсіпорын алдында тұрған технико-ұйымдастырушылық жағдайлар мен міндеттердің ерекшеліктеріне байланысты кесімді нысанның бірнеше жүйесі қолданылады: тікелей жеке, кесімді-прогрессивті, кесімді-сыйақылы, жанама, ұжымдық және аккордтық.

Еңбекақы төлеудің жанама-кесімді жүйесі өнім өндірісімен айналыспайтын, бірақ өз еңбегімен негізгі жұмысшылардың еңбек нәтижелеріне әсерін тигізетін жұмысшыларды еңбек өнімділігін ынталандыру үшін қолданылады. Бұл жүйе бойынша станок наладчиктерінің (жөндеушілердің) еңбегі, зауытішілік транспорттық, қондырғыға қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылар еңбегі төленуі мүмкін.

Негізгілердің еңбек өнімділігінің өсуіне жағдай туғызғанда жанама кесімді ақыны қолданған тиімді.

Жанама бағаны анықтау үшін жанама кесімді жүйе бойынша төленетін жұмысшының күндік тарифтік ставкасын оған бекітілген қызмет көрсету нормасына немесе қызмет көрсететілетін жұмысшылардың күндік шығарылым нормасына бөлінеді.

Ұжымдық (бригадалық) кесімді еңбекақы ұйымның ұжымдық нысанында қолданылады, онда өндірістік процесс бірнеше жұмысшымен немесе бригадамен жүзеге асырылғанда және еңбектің толық бөлінісі жоқ және бірнеше мамандықтардың қызметтерін бірдей атқарғанда жүргізіледі. Ұжымдық еңбек ақы жеке мөлшері арасында олардың қосқан үлестеріне байланысты бөлінеді.

Жеке еңбек ақыны есептеудің бірнеше тәсілі бар. Ағымдық желілерде еңбек ақы жеке баға мен соңғы операциядағы бригадамен шығарылған өнім көлеміне қатысты есептелінеді. Жеке баға шығарылымның бригадалық нормасы мен бір жұмысшының тарифтік ставканың негізінде есептелінеді.

Екінші бір тәсіл – жұмысшының еңбек ақысы бригаданың жалпы еңбек ақысының, жұмысшының біліктілік деңгейі мен оның жұмыс жасаған уақытының негізінде анықталады.

Жұмысшының бригада еңбегінің нәтижесіне қосқан жеке үлесін толықтай есепке алу үшін бригада мүшелерінің келісімімен еңбекке қатысу коэффициенті қолданылуы мүмкін.

Еңбекке қатысу коэффициенті (КТУ) бригаданың әр жұмысшының қосқан еңбегін бағалаудың жалпылама сипаттамасы, ол жеке еңбек өнімділігіне және жұмыс сапасына, күрделі жұмыстарды орындауына, қызмет көрсету аймақтарының арытуына, бригаданың басқа жұмысшыларының жұмысына көмек көрсетуге, еңбек және өндірістік тәртіпті сақтауға байланысты. Бұл коэффициент арқылы кесімді Еңбек ақы, сыйақы, персоналды жұмыспен босату нәтижесінде алынған Еңбек ақы қоры бойынша үнемдеуді бөлу үшін қажет. Еңбекке қатысу коэффициентін анықтау және қолдану тәртібі бригаданың жалпы жиналысымен анықталады және кәсіподақ ұйымдарымен келісе отырып, кәсіпорын басшысымен бекітіледі.

Келесі түрі – аккордты еңбекақы жүйесінің мәні: жұмысшыға немесе топқа нақты жұмыс көлеміне берілетін Еңбек ақының көлемімен байланысты болады.

Еңбек ақының мерзімдік нысаны бойынша жұмыс жасаған уақыты есепке алынады, және жұмсаған уақыты мен біліктілік деңгейіне байланысты болады. Қызметкерлерге еңбек ақысының тарифтік ставкасына сәйкес немесе нақты жұмыс жасаған уақытына бекітілген ақы бойынша есептелінеді. Оны кеңінен қолданатын жағдайлары: еңбекті детальды түрде нормалау мен есепке алу экономикалық жағынан тиімсіз болса, шығарылым қабылданған технологиялық режим бойынша анықталып, бастысы - өнімнің жоғары сапасы болған жағдайда қолданылады.

Мерзімдік ақының екі түрі бар – қарапайым және мерзімді-сыйақылы. Қарапайым мерзімді жүйесі бойынша еңбек ақы біліктілік деңгейін ескеру арқылы жұмыс жасаған уақытына төленеді. Мамандар мен қызметкерлер – лауазымдық еңбек ақы, ал жұмысшылар – тарифтік ставка алады.

Кәсіпорынның жоспарымен (болжамымен) белгіленген, еңбек ақы төлеу шығыстарының сомасы еңбек ақының жоспарлы қоры деп аталады.

Ал есепті кезеңде қызметкерлерге нақты төленуге тиісті еңбек ақының сомасы кәсіпорындағы еңбек ақының есептік қоры деп аталады.

Бухгалтерлік есепте еңбекақы төлеудің 2 нысаны бар:

· 1-нысаны – мерзімдік;

· 2-нысаны — кесімді;

Мерзімдік нысан кезінде еңбекақы төлеу жұмыспен өтелген уақыттағы тарифтік ставкалар немесе қызмет ақылар бойынша жүргізіледі.

Еңбекақы төлеудің мерзімдік нысаны мынадай жағдайларда қолданылады:

· жұмысшы өнім шығарудың артуаны тікелей әсер ете алмайды;

· кесімді бағалауға қажетті шығарылымның көрсеткіштері толық емес;

· жұмыс уақытын пайдалануға қатаң бақылау ұйымдастырылған, нақты жұмыспен өтеген уақытына қатаң есеп жүргізіледі;

· жұмысшыларды дұрыс тарифтендірген кезде, яғни жұмысшының біліктілігі орындалатын жұмыстың разрядына сәйкес келу;

· қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін.

Мерзімді еңбекақы жай және мерзімді – сыйақылар болып бөлінеді.

Жай мерзімдік еңбекақы тек жұмыспен өтелген уақытпен және қызметкерлердің тарифтік ставкасымен немесе қызметақысымен анықталады. Практикада осы табыстарды есептеудің 3 түрлі әдісі қолданылады:

· сағаттық;

· күндік ақы;

· айлық ақы.

Мерзімдік – сыйақылық еңбек ақы кезінде тек нақты жұмыспен өтелген уақыт қана ескеріліп қоймай, сондай – ақ еңбектің соңғы нәтижесі ескеріледі (белгілі бір көрсеткішьерге қол жеткізгені үшін сыйақы көзделеді).

Кесімді еңбекақы шығарған өнімін ескеруге болатын жұмыскерлерге ғана (токарьлар, тігіншілер, тас қалаушылар) қолданылады.Бұл нысанда еңбекақы төлеудің 5 жүйесі бар:

· тікелей кесімді жүйе;

· кесімді- сыйақылақ жүйе;

· ілгерішіл – кесімді жүйе;

· жанама – кесімді жүйе;

· аккордық жүйе.

Тікелей кесімді төлемде еңбек ақының мөлшері тек шығарылған бұйымның саны мен өнім бірлігі үшін белгіленген бағалауға тәуелді болады.

Кемісді – сыйақылық төлемде кесімді еңбек ақы сомасынан басқа, белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін сыйақы есептейді.

Ілгерішіл – кесімді төлемде өндірілген өнімді белгіленген нормалар шегінде тікелей бағалаулар бойынша төлеу көзделген. Ал нормадан тыс бұйымдарды шығару көтермеленген бағалар бойынша (2 есе кесімді бағалаудан аспайтындай төленеді).

Жанама — кесімді жүйе жабдықтарға және жұмыс орындарына қызмет көрсетуші жұмыскерлердің еңбек өнімділігін өсіруге ынталандыру үшін қоланылады. Мұндай жұмыскерлердің еңбегі олар қызмет көрстетін негізгі жұмысшылар өндіретін өнімнің есебінен жанама – кесімді бағалаулар төленеді.

Аккордық жүйеде орындалатын жұмыстың көлемі алдын ала белгіленіп, бағалау белгіленеді. Жұмыс орындалу мерзімін көрсету арқылы бағаланады. Жұмысты орындауға наряд жазылады да, онда табыстың жалпы сомасы, жұмысты аяқтау мерзімі, көрсеткіштер мен сыйақының мөлшері көрсетіледі.

Кесімді, сондай — ақ мерзімді еңбекақылар жеке түрде және ұжымдық (бригада) түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Бригадалық нысан әдетте кәсіптерді қоса атқару және орындаушылар бірін бірі ауыстыруы қажет болғанда қолданылады. Бригада ұжымының еңбек ақыны және жұмыстың жалпы нәтижесіне бригаданың әрбір мүшесінің шынай үлесін есекере отырып сыйақыны анықтауға құқығы бар.

Жұмысшылардың қызметіне ақы төлеу тарифтік ставкалардың негізінде, ал қызметкерлер үшін лауазымдық қызметақы негізінде жүргізіледі.

Кесімді бағалаулар қолданыстағы уақыт нормалары мен шығарылым нормаларына негізделеді.

Уақыт нормасы – бұл адам / сағат, адам / күн көрсеткіштерімен көрсетілген, жұмыс бірлігін орындауға қажетті уақыт.

Шығарылым нормасы қызметкер уақыт бірлігінде жасауға тиіс жұмыс санымен анықталады.

Кесімді бағалау (Б) былайша есептейді:

· Шығарылым нормасын қолданған кезде (Н шығ.)

Б=Т/Н шығ.

мұндағы, Т – тиісті разрядтың тарифтік ставкасы (бірегей тарифтік кесте айлық балансына бөлу жолымен анықтайды).

· Уақыт нормасын қоладнған кезде (Н уақ.)

Б=Т*Н уақ.

Төлемнің мерзімдік нысаны қызметкерлердің барлық санатына қолданылады.

Еңбек ақыны есептеу жұмыс уақытын пайдалануды есепке алу табелінің негізінде жүргізіледі.

Мерзімдік ақы алатын жұмысшының еңбек ақы сомасы нақты жұмыспен өтелген сағаттардың сағаттық тариф ставкасына көбейтіндісі ретінде анықталады.

Еңбек ақы = нақты жұмыспен*сағаттық тариф
сомасы өтелген сағаты саны ставкасы

Мысалы: Мерзімдік ақы алатын 6-разрядтағы сағаттың тариф ставкасы 76 теңге болған кезде 182 сағат жұмыс істеген еңбек ақы сомасының есептелуі: 182*76=13732 теңге.

Қызметкерлердің еңбек ақысы бойынша есептеледі:

· егер жұмыскер сол айдығы жұмыс күндерінде толықтай жұмыс істесе, онда еңбек ақының мөлшері қызметақы мөлшеріне сәйкес келеді;

· егер жұмыскер сол айдағы жұмыс күндерінде толықтай жұмыс істемесе, онда еңбек ақы нықты жұмыспен өтелген уақытқа қарай есептеп шығарылады.

Мысалы: қызметақысы 11300 теңге фирма менеджері айдағы 26 жұмыс күнінң 20 күнінде жұмыс істеген. Айдың орташа күндік еңбек ақысы: 11300/26 =434,62 теңге. Менеджердің еңбек ақысы 434,62*20=8692,4 теңге құрайды.

Жай мерзімдік жүйе жұмыскер еңбегінің түпкілікті нәтижесі мен оның еңбек ақысы арасындағы байланысты қамтамасыз етпейді. Шаруашылық субъектісі жұмыскердің еңбегіне ақы төлеу үшін мерзімдік – сыйақылық жүйені қолдануға құқылы. Бұл орайда сыйақы беру мынадай көрсеткіштер бойынша Еңбек ақы қорына (К-т 681) немесе тұтыну қорына (562-шот) жүргізіледі:

· өндірістік тапсымаларды орындау және асыра орындау;

· еңбек өнімділігінің өсуі, бұымның еңбекті қежет етуін төмендету, шығарылымының жаңа нормасын, қызмет көрсету мерзімін игеру басқалар.

Сыйақы мөлшері орындалған жұмыстың маңыздылығы мен күрделілігіне қарай кәсіпкер мен жұмысшылардың толтарына сараланып белгіленеді.

Мысалы, сыйақы беру туралы ережеде жабдықтың тұрып қалуын қысқарту үшін кезекші слесарьларға тарифтік ставкасының 20% — ті мөлшерінде сый ақы беру көзделеді.

Техникалық себептерге байланысты жабдықтардың тұрып қалу нормасы 5% құрайды. Кезекші слесарь есепті айда 180 сағат жұмыс жасаған. Тарифтік сатвка 100 %, жабдықтың айішінде тұрып қалуы — 3%.

· мерзімдік еңбек ақы: 180*100=18000 теңгеге тең;

· жабдықтың тұрып қалуын төмендетудің әрбір % — ті үшін сыйақы мөлшері 20%/5%=4%;

· жабдықтың тұрып қалуын қысқарту 5% — 3% = 2%;

· сыйақының % — тік мөлшері 4%*2%=8%;

· сыйақы сомасы: 18000*8% = 1440 теңге;

· ай ішіндегі еңбек ақы 18000+1440 = 19440 теңге.

Материалдарды үнемдеген жұмысшыларға сыйақы беруге әрбір жұмыс орны, бригада учаскесі боынша нақты үнемделген материалдар сомасынан белгілі бір % жасалуы мүмкін.

Мысалы. Мерзімдік ақы алушы жұмысшы 180 сағат жұмыс істеп есепті айда 1200 теңге сомасының материалдарын үнемдеген. Сыйақы беру туралы ережеге сәйкес сыйақы нақты үнемделген материалдардың 35% мөлшерніде есептелінеді. Тарифтік сатвка 100 (сағатпен):

· мерзімдік еңбек ақының сомасы 180*100 = 18000 теңге;

· материалдарды үнемдегені үшін сыйақы 1200*35% = 42000 теңге;

· айдағы еңбек ақы сомасы 18000+42000=60000 теңге.

Сыйақы цехтардың және бүкіл кәсіпорынның жалпы ұжымдық жұмыс көрсеткіштер үшін есептелуі мүмкін (өндірістік тапсырмаларды, жеткізу шарты, өткізу көлемін орындау және асыра орындау).

Сыйақы көлемі жалпы кәсіпорын бойынша белгіленеді.
Мысалы: цехтың қол жеткізген жұмыс көрсеткіштері үшін бұйрыққа сәйкес кезекші слесарь 15% мөлшерніде сыйақы алады. Слесарь 160 сағат жұмыс істеген. Тарифтік ставка 100 теңге.

· тарифтік еңбек ақы: 160*100 = 16000 теңге;

· сыйақы: 16000*15% = 2400теңге;

· еңбек ақы сомасы 16000+2400 = 18400 теңге.

Қызметкерлер кәсіпорын жұмысының жалпы көресткіштері үшін сыйақы алады.

· Жеке өсімдік еңбекақы әрбір жұмысшының жұмыс нәтижесіне байланысты. Ол белгіленген бағалауды дайындалған бұйымдардың сапасына көбейту жолдарынмен анықталады.

Мысалы: Кесімді ақы алатын жұмысшыға белгілі 250,56 теңге бағаланатын 30 бөлшекті әзірлеу тапсырылды. Еңбек ақысы 30*205,56=7516,8 теңге.

· Бригадалық кесімді еңбекақы Жұмысшыларды еңбек ақысы бригадалардың, учаскенің жұмыс нәтижесі бойынша анықталады. Бағалар жеке (әрбір кәсіпке) және кешенді (ұжымдық) болуы мүмкін.
Жеке бағалауды қолданған кезде еңбек ақы жұмыстың осы түрінің бағалауын бригада, цех, учаске жасаған (өңдеген) бұйым (жұмыс) санына көбейту жолымен анықталады.

Кешенді бағалауды қолданған кезде бригаданың кесімді табысы анықталады. Ол бригада мүшелерінің арасында еңбек ақы тарифіне пара – пар бөлінеді (жұмысшы разрадының тарифтік ставкасын нақты жұмыспен өтелген сағаттарға көбейту арқылы). Еңбек ақы КТУ ескерілген тариф бойынша (КТУ еңбек ақысы) есептелінеді, содан кейін бөлу коэффициенті анықталады (бригаданың кесімді еңбек ақысы КТУ ескерілген тариф бойынша бригада еңбек ақысына бөлінеді).

Әрбір жұмысшының айлық еңбек ақысы тариф бойынша еңбек ақыны бөлу коэффициентіне қайта көбейту арқылы анықталады.

Мысалы: құрамында 3-ші, 5-ші, 6-ші разрядты 3 адам бар кесімді ақы алушы жұмысшылар бригадасы әрқайсысы 8-40,40 теңгеден бағаланған екі машинаны жинады. Ахметов 80 сағат жұмыс істеген (6-разряд), Ким 60 сағат жұмыс істеген (5-разряд), Петтов – 70 сағат жұмыс істеген (3-разряд).

· бригаданың еңбек ақысы 8040,40*2машина = 16080,80 теңге;

· тариф бойынша еңбек ақы:

Ахметов 80*100=8000 теңге

Ким 60*80=4800 теңге

Петров 70*56= 3920 теңге.

· нақты еңбек ақыны бөлу коэффиценті 16080,8 /(8000+4800+3920) =096

· айлық еңбек ақы:

Ахметов 8000*0,96=7680 теңге

Ким 4800*0,96=4608 теңге

Петров 3920*0,96=3000 теңге

Жиыны:16080,80 теңге.

Жанама – кесімді жүйеде қызмет көрсетуші жұмысшылардың еңбек ақы мөлшері осы жұмысшылар қызмет көрсеткен негізгі өндірістік жұмысшылар еңбегінің түпкілікті нәтижесіне тікелей тәуелді болыды. Бұл орайда жанама – кесімді бағалау қызмет көрсетуші жұмысшылардың тарифтік еңбек ақысының негізгі жұмысшылар жоспарлаған өнім шығарылымның санына қатынасы ретінде анықталады.

Орташа Еңбек ақыны анықтау үшін:

· күндік орташа еңбек ақыны (жұмыс істелмейтін және мереке күндерін қоспағанда);

· орташа сағаттық еңбек ақы пайдаланылады.

Күндік орташа еңбек ақы, еңбеккке ақы төлеу мен демалыс үшін өтем ақы төлеуден басқа барлық жағдайда есепті кезеңде есептелген еңбек ақы сомасын жұмыс күндерінң сомасына бөлу жолымен анықталады.

Нақты жұмысшының ораташа еңбек ақысының мөлшері күндік орташа еңбек ақыны төленуге тиіс күндер сомасына көбейту жолымен анықталады.

Күндік орташа еңбек ақы есепеті кезеңде есептелген еңбек ақы сомасын жыл сайынғы жұмыс уақытының балансына сәйкес осы кезеңдегі жұмыс сағаттарына бөлу жолымен есептеледі.

Нақты қызметкердің орташа еңбек ақысының мөлшері орташа сағаттық еңбек ақыны төленуге тиіс кезеңдегі жұмыс сағатының санына көбейтілу жолымен анықталады.

Ынталандырушы сипаттағы сыйақылар мен басқа төлемдер есептеу уақыты бойынша ораташа еңбек ақыны есептеген кезде қосады, жылдық сыйақылар мен сыйлықтар есепті кезеңнің әрбір айы үшін 1/12 мөлшерінде ескеріледі.

Наши рекомендации