Кәсіпкерлікті дамыту және жетілдіру жолдары

Кіріспе

Кәсіпкерліктің дамуы – мемлекет экономикасының одан әрі дамуының бірден бір көзі екендігі айдан анық. Кез-келген елде кәсіпкерлік қызмет саласында туындайтын дауды реттейтін құрал болып нормативтік-құқықтық актілер табылады.

Еліміздегі конституциялық жағдайға сай «Әр тұлға кәсіпкерлік қызметпен айналысуға еріктілікті, кез келген заңды түрдегі кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін өзінің мүлкін ерікті түрде қолдануға құқықты иемденген». Осы себептен мемлекет кәсіпкерлік қызметтің еріктілігін және де оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етуде кепілдік береді.

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдаудың негізгі қағидаларына келесілер жатады:

· Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттары;

· шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кешенділігі;

· шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының және шағын кәсіпкерліктің барлық субъектілері үшін іске асырылатын іс-шаралардың қолайлығы;

· кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық.

· Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттарына келесілер жатады:

· кәсіпкерлік субъектілері үшін кадрларды дайындауды, біліктілігін жоғарлату мен қайта даярлауды ұйымдастыру;

· мемлекеттік қаржылық, статистикалық, материалды-техникалық және ақпараттық, ғылыми-техникалық әзірлемелер мен технологияларды шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қолдануында жеңілдік жағдайларды қалыптастыру;

· шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу, олардың қызметін лицензиялауда жеңілдетілген реттілікті бекіту;

· өзіне салық салудың, кедендік баж салықтарын төлеудің жеңілдетілген режимдерін енгізетін шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін жағымды құқықтық режимді бекіту;

· шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен дамыту үшін шет елдікті қоса алғандағы инвестицияларды тарту және қолдану жүйесін құру;

· сауда, ғылыми-техникалық, өндірістік және басқа да шет елдік әріптестермен байланыстарды қоса алғандағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің сыртқы экономикалық қызметін қолдау;

· қаржылық көздерді анықтай отырып шағын кәсіпкерлікті несиелендірудің арнайы бағдарламаларын қабылдау;

· өнімдер өндірісі мен жұмыстар, қызметтерді орындауға мемлекеттік сатып алуларды жүргізуде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікті беру;

· Қазақстан Республикасы Үкіметіне қарасты шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша комиссия мен жергілікті атқарушы органдардың қызметін ұйымдастыру;

· Мемлекеттік органдар шағын кәсіпкерлік субъектілері қызметін өздерінің құзырлығы шегінде тексеруді Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекіткен реттілікте жүргізеді.

Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту келесі жолмен іске асырылады:

1) қаржылық қолдау көрсету;

2) шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтары желілерін ұйымдастыру;

3) бизнес-инкубаторлар мен технопарктер қызметін ұйымдастыру;

4) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне сенімділік басқару немесе қолданылмайтын мемлекеттік меншік объектілерін бір жылдан астам мерзімге жалға беру;

5) жалға беріліген объектілерді шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қайтарымсыз негізде меншікке беру немесе өнеркәсіптік өндіріс бен тұрғындарға қызмет көрсетуді дамыту үшін объектілерді басқаруға беру.

Осы кезеңде, саудалық-делдалдық қызметтерді іске асырушы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жоғарыда аталған мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілмейтіндігін атап өткен жөн («Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР Заңы, 2т.19бап).

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылай қолдау көрсету келесі жолмен іске асырылады:

1) мемлекеттің қажеттіліктері үшін тауарлардың (жұмыстар, қызметтерді) кепілденген көлемін шағын кәсіпкерлік субъектілерінен сатып алу (олардың жыл сайынғы көлемі мен номенклатурасы ҚР Үкіметімен анықталады).

2) екінші деңгейлі банктер арқылы несиелендіруді ұйымдастыру;

3) экономика салаларындағы әлеуметтік маңызды жобаларды ұйымдастыру мен іске асыру үшін мемлекеттік гранттарды беру;

4) арнайы инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру;

5) бюджеттік қаражаттар есебінен қарыздарды ұсыну.

Әрине, шағын кәсіпкерлік саласындағы нақты нәтижелер әлі де болса біз ойлағандай соншалықты маңызды емес. Ең алдымен, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне тұрақты түрде жәрдемақыландыру олардың өтімділігік мәселесіне қатысты шешімдерін шегіндіреді, бірақта, қағидалы түрде оны шеше қоймайды. Біздің елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін оңтайлы жағдайларды құру үшін экономикалық және әкімшіліктік сипаттағы барлық іс-шаралар кешенін қолдану қажет.

Осы орайда, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде ең алғашқы «Кәсіпкерлік кодексі» күшіне енді. Бұл кодекстің қолданысқа енгізілуі Қазақстан Республикасының біршама заңнамаларының қажеттілігін айқындап, «Бәсекелістік туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы» және тағы басқа заңнамаларының күшін жоюмен сәйкес келді. Демек, қазіргі таңдағы елдің экономикасына түбегейлі өзгерістер енгізу мақсатында заңнаманың бір саласы екіншісінің орнына келіп отырғанын байқауға болады.

Аталған кодексте елімізде кәсіпкерлік еркіндігін қамтамасыз ететін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктерді айқындайтын, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылына, оның ішінде кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге және қолдауға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейттеуге бағытталған іс-қимылдар – заңнаманың басты мақсаты деп көрсетілген.

Кодекстің негізгі қағидаттарына заңдылық, кәсіпкерлік еркіндігі, кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі, меншікке қол сұғылмаушылық, адал бәсекелестік, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және ақпаратқа қолжетімділік, кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің тиімділігі, кәсіпкерлік субъектілерінің өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау қабілеттілігін арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу басымдығы, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі, сыбайлас жемқорлықтан азат болу, кәсіпкерлік қызметті ынталандыру және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету, отандық тауарлар өндірушілерді, қызмет көрсетушілерді қолдау, мемлекеттің кәсіпкерлік субъектілерінің ісіне заңсыз араласуына жол бермеу, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің норма шығарушылыққа қатысуы, кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін ынталандыру, мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке шектеулі қатысуы, өзін-өзі реттеу жатады.

Жалпы экономиканың қарқынды дамуының бір құралы ретінде кәсіпкерлікті алсақ, кәсіпкерліктің дамуын «бәсекелестік» ұғымынсыз елестету мүмкін емес, яғни, нарықтық экономиканың басты қағидаты – кәсіпкерлердің еркін бәсекелестігі. Ал бәсекелестік дегеніміз – бұл кәсіпкерлер арасындағы күрес немесе кәсіпорындар арасындағы өнім өндіру және өнімді тиімді өткізу жолындағы күресі.

Кодексте бәсекелестікті қорғау, Қазақстан Республикасының тауар нарықтарындағы адал бәсекелестікті және тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуін қолдау және қолайлы жағдайлар жасау, экономикалық кеңістіктің біртұтастығын, тауарлардың еркін қозғалысын және еліміздегі экономикалық қызметтің еркіндігін қамтамасыз ету, осы Кодекске сәйкес монополистік қызметті реттеу және шектеу, мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттерінің және жосықсыз бәсекелестіктің жолын кесу бәсекелестікті мемлекеттік реттеудің мақсаттарына арнайы тарау арналған.

Кодекс кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамыту және қоғам үшін қолайлы жағдайлар жасауға, кәсіпкерлік бастаманы ынталандыруға бағытталған.

Кәсіпкерлікті дамыту және жетілдіру жолдары

Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті даму мәселесі – өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді.Қазақстан Республикасы Конституциясында былай деп жазылған: «Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар». Бәрімізге мәлім, өндірістің негізгі факторлары табиғи, еңбек, өндірістік ресурстар болып табылады. Нарықтық экономика кезінде осы фактордардың жұмыс істеп, қозғалысқа түсуіне әсер ететін нақты күш бар. Олар: іскерлік, басқару және өз мүмкіндіктерін белгілі бір мақсатта жетістікке қол жеткізуге пайдалана білу икемділігі.

Кәсіпкерлікті дамыту кез-келген деңгейдегі басқаруды жетілдіру үшін қажет. Кәсіпкерлікті дамыту мынадай сұраққа жауап іздеуі керек: «Геосаясаттық өзгерістер іскерлік белсенділікке қандай әсер тигізеді»? Кез келген экономиканың бүгіні мен болашағында «стратегиялық көзқарассыз» ешқандай даму болмайды. Кәсіпкерлік мәселелері бүкіл іскерлік әлемді толқытып отыр. Сондықтан да 1990 жылы мамыр айында Вашингтонда өткен стратегиялық басқарудың халықаралық конференциясының лейтмотиві – «кәсіпкерлер жаңа шаруашылық ойлауды іздестіруде» деп аталды. Онда кәсіпкерлердің ұшқыр мәселелері, экономикаға, ұйымдастыруға, технологияға, өнімге деген жаңа қадам іздестіру туралы толғаныстар қарастырылды. Кәсіпкерлікті жетілдіру экономиканың тұрақтылығы мен оның бәсекелік сипатын қалыптастыруда басты күштерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерлікті дамыту үшін субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы, шаруашылық қызметінің бағытын таңдауда еріктігі, қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдіктің болуы қажет. Еркін кәсіпкерлік меншіктің әр түрлі формада, түрде, типте болуын қалайды. Кәсіпкерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен – кәсіпорын. Заңмен бекітілген іскерлік қызметті ұйымдастырудың әдістері бизнестің немесе кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық әдістері бизнестің немесе кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формасы деп аталады. Нарықтық қатынастарға өтуде халықты кеңінен кәсіпкерлікке тарту қажет. Нарықтық экономиканың тиімді жұмыс істеуі үшін нарықтық іс басындағы субъектілердің толық өзін-өзі басқаруы мен олардың экономикалық тәуелсіздігі болуы қажет.

Республикада кәсіпкерлікті дамытуға үлкен мән қойылып, бірқатар заңдар мен жарлық, қаулылар қабылданған. Алғашқы құжаттардың бірі болып «Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы» Заңы 1992 жылдың 4 шілдесінде қабылданып, онда кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және қолдаудың мәні мен мазмұны, басты бағыттары мен мақсаттары айқындалады. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және қолдау дегеніміз – аталған қызметті орындаудағы құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық, жағдайды қалыптастыру, мемлекетте жаңа экономикалық құрылымдарды орнату болып табылады. Республикада «Кәсіпкерлікті қолдау мен бәсекені дамыту» Қоры құрылып, Президент жарлығымен 1994 жылдың сәуір айында «Кәсіпкерлікті қолдау мен бәсекені дамыту жайындағы» мемлекеттік комиссия өз қызметін бастады. Жалпы бағыттық іс-әрекеттерді жүйелі орындау мақсатында Қазақстан Республикасы кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және қолдаудың 1994-1996 жж. арналған бағдарламасы жасалынды. Аталған бағдарламаның басты мақсаты – экономикада жеке меншіктік секторын қалыптастыру және дамыту, кәсіпкерліктің инфрақұрылымын жетілдіру болып табылады. Ел Президентінің «Азаматтар жөніндегі құқығын қорғау туралы» жарлығының қабылдануы мемлекеттік кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне зор маңыз бергенін дәлелдейді. Әр жылдың сәуір айында Алматыда өтетін республика кәсіпкерлерінің жыл сайынғы форумында да осы мәселеге көп көңіл бөлінеді. Мұнда кәсіпкерліктің дамуына баға беру мәселесі қаралып, оның нәтижесінде кәсіпкерлікті дамытудағы кедергілер мен оларды жою бағыттары қарастырылады.

Әрине, кәсіпкерліктің құқықтық-ұйымдастырушылық негізін құруда әлі де болса шешімін күткен мәселелер айтарлықтай. Оның үстіне лицензия беруші, тексеруші органдардың көптігі, кеден және салық заңдарының жетілмегені, кемшіліктер, несие алудың қиындығы, кәсіпкердің мүддесін қорғайтын органның болмауы, бюрократия кәсіпкерлікті дамытуға елеулі кедергі жасайды. Сондықтан да экономикада кәсіпкерлік субъектілерінің сандық үлесі артса да, одан түсетін салықтық кіріс мөлшері аз. Бюджетке салықтың аз түсуі салық жүйесінің жетілмегені де әсер етеді. Себебі салықтың жоғары болуынан кәсіпкерлер табыстарын жасырады.

Кәсіпкерлік қызметті дамыту мақсатында мынадай іс-шараларды жүзеге асыру қажет:

· мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті барынша қолдау;

· мақсатты бюджеттік қаржыландыру саясатын жүргізу;

· жеңілдетілген несие беру саясатын жүргізу;

· кәсіпкерлер құқығын қорғайтын орган жұмысын жандандыру;

· кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өткізу кезіндегі қиыншылықтарды жою;

· тексеруші органдар санын қысқарту;

· заңдардың орындалуын қамтамасыз ету, т.б.

Жоғарыда аталған факторлар кәсіпкерлік субъектілерін «көлеңкелі экономикаға», салық төлеуден жалтаруға итермелейді. Қазіргі кезде бизнестегі кризистік процестер оның жүйесіз және хаостық түрде құрылғандығымен айқындалады. Бұл жағдайдың басты себебі – несие алудың жоқтығы ғана емес, сонымен бірге кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік стратегиясының жоқтығы. Бұл шараның көмегімен шағын және орта кәсіпкерлік нарықта өз арнасын, жаңа нарықтарды, жаңа тауар түрлерін алады, сонымен қатар экономикада бәсекені жақсартады.Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік – шаруашылық қызметінің маңызды түрі. Оның рөлін Адам Смит былай деп бағаланған болатын: «Кәсіпкер өз мүддесін өзі үшін ұтымдылық жағдайды көздейді дей тұрғанмен, ол қоғам мүддесіне де қызмет етеді». Қазіргі экономика кәсіпкерлікті шаруашылықты ұйымдастырудың түрі ретінде анықтайды. Кәсіпкерлердің экономиканы өрлетуге қосар үлесі өте зор.“Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму жағдайлары мен басым факторлары” елімізде кәсіпорындар қызметіне қолайлы экономикалық ахуал жасау тапсырмалары, кәсіпорын функцияларын ырықсыздандыруға талдау қарастырылады және кәсіпорындардың қызмет ету негізінде заңды-нормативтерді жетілдіруге ұсыныстар көрсетіледі.

Қазіргі кездегі халықаралық бизнес ерекшелігі – тәуелді барынша төмендетуге ұмтылу. Өз кезегінде тәуекел дәрежесі экономикалық кеңістіктегі бизнес климатынан болады.«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының мәліметтері бойынша, Қазақстан кәсіпкерлерінің көпшілігі өз бизнесінің ішкі ахуалына емес айналасына көбірек қарайлайтыны алдыңғы зерттеудің маңызды қорытындыларының бірі болатын, яғни өз ісінің жетістігін бизнесінің ішкі даму әлеуетімен емес көбінесе сыртқы ортамен байланыстырады. Өкінішке орай, осы психология шағын және орта кәсіпкерлік ортада әлі де үстем. Бизнесті жүргізудегі арнайы білім мен дағдының рөлі, қызметкерлерлердің біліктілігін арттыру мәселесі еш бағаланбайтын жағдай қалыптасқан. Кәсіпкерлердің 47% бизнесті жүргізудегі өз білімі мен дағдысын мейлінше жеткілікті деп бағаласа, төрттен бірі біршама жеткілікті деп бағалап отыр. Сонымен қатар сапалық тұрғыдағы зерттеулер кәсіпкерлер мен шенеуніктер арасындағы келіспеушілік жағдайлар бизнес өкілдерінің өз құқықтарын толық білмеуіне байланысты екенін көрсетіп отыр. Тек шағын бизнесте емес, орта бизнесте де маркетинг, қызметкерлерді басқару, бизнес-коммуникациялар саласында элементарлық білімсіздік байқалады. Еңбек нарығында сауалнама жүргізілген кәсіпкерлердің басым көпшілігі енжарлық көзқарас стратегиясын ұстанады.

Алайда, оқу тәжірибесімен шыңдалған кәсіпкерлер, көп ретте көзқарастарын да өзгертуде. Сапалы берілген білім кәсіпкерлердің алдағы қызметіне оң әсерін тигізе бастаған. Мысалы, кәсіпкерліктің жедел курсының 2009ж. тыңдаушыларының 82 %, ал 2010ж. тыңдаушыларының 87% оған оң бағасын берді. 2009ж. оқып білім алғандардың үштен екісінің пікірі бойынша жедел курс жұмыс тиімділігінің артуына жақсы мүмкіндік туғызды. Оқып білім алғандардың 54%-ның ақшалай түсімі едәуір өсті, 52% -ы табысты болды, 55 %-да клиенттері қанағаттанушылық білдірді. Жаппай кәсіпкерлік психологияға тоқталар болсақ, ондағы күрт өзгеріс бизнес пен билік арасындағы бейресми, құқық шеңберінен тыс қарым-қатынастарды түбегейлі жоюмен тікелей байланысты. Сонда ғана кәсіпкер, өз ісінің табысты болуы ықпалды топтар арасындағы байланыстарымен емес, шығармашылық әлеует, істі сауатты жүргізе білу, тәуекелдерді басқара алу, ең бастысы – үнемі оқып-үйрену және өзін-өзі жетілдіруден екендігін сезінетін болады. ҚР-ның Статистика Агентігі мәліметтері бойынша 2013 жылы шағын кәсіпкерліктегі белсенді субьектілер саны – 755 913, Ақмола – 29 581, Ақтөбе – 33 294, Алматы – 102 584, Атырау – 29 545, Батыс Қазақстан – 26 021, Жамбыл – 36 289, Қарағанды – 50 895, Қостанай – 38 613, Қызылорда – 20 601, Маңғыстау – 26 511, Оңтүстік Қазақстан – 109 478, Павлодар – 28 572, Солтүстік Қазақстан – 22 259, Шығыс Қазақстан – 68 420, Астана қ. – 47 072, Алматы қ. – 86 178.

ҚР-да шағын кәсіпкерліктегі белсенді жұмыспен қамтылғандар саны қаңтар бойынша 1851 926 құрады. 2013 жылғы 1 ақпандағы шағын және орта кәсіпкерлік секторының құрлымына келетін болсақ, үлес салмақ бойынша белсенді субьектілер саны – 90,5 %; жұмыспен қамтылғандар саны – 102 %2013 1 ақпанға ҚР-да ШОК белсенді субьектілердің саны – 764 247, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 62 807, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 8 334, дара кәсіпкерлер – 527 941, шаруа (фермер) қожалықтары – 165 165.2013 жылғы қаңтардағы ШОК субъектілерімен өнім шығарылымы, млн. теңге есебі бойынша барлығы – 2 554 557, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 667 315, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 702 631, дара кәсіпкерлер – 832 025, шаруа (фермер) қожалықтары – 352 586. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің мониторингібойынша 2013 жылғы қаңтарда өткен жылғы қаңтармен салыстырғанда өнім шығарылымы (салғастырмалы бағаларда) 0,3%-ға, жұмыспен қамтылғандар саны 2,0%-ға өсті, белсенді субъектілер саны 9,5%-ға төмендеді.2013 жылғы қаңтарда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өнім шығарылымы 630,3 млрд. теңгені құрады. ШОК субъектілерінің жалпы санында дара кәсіпкерлер үлесі 69,1%, шаруа (фермер) қожалықтары – 21,6%, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 8,2%, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 1,1%-ды құрады. Қорытындылай келгенде, Қазақстанда құрылған кәсіпкерлік субъектілерінің басым бөлігі сауда саласында қызмет жасайды. Өйткені сауда немесе коммерциялық бизнес басқа бизнес түрлеріне қарағанда жақсы дамыған. Бұнның дәлелі, Қазақстан қалаларындағы әр түрлі дүкендер мен базарлар саны. Ұзақ мерзімде кәсіпорындар тек саудамен ғана емес, экономиканың әр саласында жұмыс істеуі қажет. Сол үшін мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілеріне жан-жақты көмек көрсетуі қажет.

Наши рекомендации