Селекциялық-асылдандыру жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау
Мал шаруашылығының дамуын ұйымдастыру мен жоспарлау мемлекеттердің және әлемдік нарықтың керекті сападағы ауыл шаруашылық өнімдерін пайдалануынан туындайды. Селекциялық-асылдандыру жұмыстардың қаулыларын ұйымдастыру мен жоспарлау сұрақтары бойынша жалпы басшылықты ауылшаруашылық Министрлігі, облыстардың ауыл шаруашылық басқармалары, оның мал шаруашылығындағы тұқымдық жұмыстарды бақылау және қадағалау бөлімі, Казагроинновация АҚ басқаруымен мамандалған ғылыми-зерттеу институттары, тәжірибелі станциялар, аграрлық бағыттағы жоғарғы оқу орындары.
Мал шаруашылығындағы асылдандыру жұмыстарды ұйымдастыру мен жоспарлау жануарлардың тұқымдары туралы сұрақтарымен байланысты. Онда кіретіндер: тұқымдардың шаруашылық бағалылықтарының, әр түрлі зоналарға биологиялық бейімділіктерінің объективтік анықтамаларына негізделген мемлекет аумағына тұқымдарды жоспарлы түрде орналастыру; әрбір тұқым алу үшін асыл тұқымды аталық жеткілікті мал саны бар мамандалған тұқымдық шаруашылықтар жүйесін құру; әрбір тұқым немесе ауыл шаруашылық бірлестікте селекциялық жұмыстардың жоспарлы түрде жүргізілуі; ең жақсы зауыттық аталық із, тұқым аталықтарын және аналық ұяларын рациональді қолдану.
Зоналар, аудандар және облыстар бойынша әр түрлі тұқымдарды орналастыру – тұқымдық жұмыстар бойынша маңызды мемлекеттік шара жоспарлы түрде жүргізіледі. Белгілі бір аудандарға жоспарға сәйкес жоғарылататын тұқымдарды таңдау кезінде осы көрсеткіштерді ескеру қажет: жобаланатын тұқымдар жануарларының өнімділігін, олардың тез жетілуін, аудандарға бейімділігін. Тұқымдық аудандастыруды жергілікті аз өнімді жануарларды жоғары өнімді тұқымның өкілдерімен шағылыстыру арқылы сапалы жақсарту құралы ретінде де қарастыру керек.
Жоғары бағалы тұқым өкілдерінің аз болуы кезінде ауыл шаруашылық жануарларының сапалы жақсартылуы белгілі бір жүйелілікті және қолмен ұрықтандыруды қолдана отырып, тұқымдық аталықтарды рациональді пайдалануды талап етеді.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын жоспарлауда мемлекетке қажет әрбір түрдегі жануарлар тұқымдарының саны туралы мәселе туындайды. Ол, мемлекет аумағының өлшемдерімен және оның табиғи-климаттық және шаруашылық жағдайларының әр түрлілігімен; берілген түрдің жануарынан әр түрлі өнім алудың керектілігімен (қойлардан – биязы, жартылай биязы, жартылай қылшық және қылшық жүн, ет, тері; ірі қара малдан – сүт және ет, т.б.); мал шаруашылығында қарапайым өндірістік және ауыспалы шағылыстыруды қолдану көлемімен анықталады. Біздің түрлі климаттық және экономикалық жағдайларымен, кең байтақ жеріміздің территориясына өндірістік және ауыспалы шағылыстыруды кең қолдану кезінде берілген түрдің тұқымдары көбірек қажет; ал қарама-қарсы жағдайда – азырақ.
Тұқымды сынау. Тұқымды сынаудың басты мақсаты - өзінің өнімдік-биологиялық ерекшеліктері бойынша, табиғи-экономикалық жағдайларға, өсірудің өндірістік технологияларына бейімділігі бойынша қандай тұқым екенін анықтау. Әрбір зонаның өзіндік климаттық, азықтық және басқа да жағдайларын ескере отырып, тұқым сынауды, ақыры қандай шаруашылықта қалатынын ұйғарып, сол аймақта өткізу керек.
Сынауға, зоналардың барлық немесе көптеген шаруашылықтарына сәйкес болатын, жануарларды азықтандыру мен бағу жағдайлары жасалынған, зоотехникалық есебі жақсы реттелген үлкен аймақ таңдалу керек. Мұндай шаруашылықтарға таңдалған жануарларды жас кезінде әкеліп, барлық сыналатын топтарға оптимальді және бірдей өсіру жағдайын жасау керек. Әр тұқымның төлі (70-100 бас) мұқият таңдалынып, барлық тұқым малдары үшін типтік болу қажет.
Тұқымды сынау үшін жануарлар топтарын қалыптастыру ең жақсы тұқымдық шаруашылықтардың төлдерін бағалау мен іріктеу арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан жағдайында қойлардың тұқымдарын бағалаудағы аса маңызды паратиптік фактор олардың жайылым жағдайларына «ағза реакциясының шамасы» болып табылады. Қойлардың тұқымдарын сынау жұмыстары оңтүстік-шығыс Қазақстанның таулы зонасында (1946-1949 жж.) және Орталық Қазақстанның шөлді зонасында (148-1952 жж.) белгілі ғалым профессор М.А. Ермеков басшылық еткен үлкен ғылыми қызметкерлердің тобымен жүргізілді.
Алматы облысының таулы зоналар жағдайында өткізілген өндірістік зерттеуде қойлардың келесі тұқымдары қатысты: биязы жүнді – қазақи арқар-меринос, қазақи биязы жүнді, прекос; биязылау жүнді – қазақи етті-жүнді, дегерес; қылшық жүнді – еділбай, қаракөл және оның будандары. Барлық зерттелетін тұқымдардың қойлары, маусым жайылымдарын қолданумен, жыл бойы жайылымда бағылу кезінде бірдей жағдайда болды. Ерте көктемде, күзде және қыста шөл жайылымдары, ал жазғы кезеңде таулы аймақтардың жайылымдары қолданылды.
Жазда, таулы жағдайларда барлық тұқымдардың қойлары 4-17% салмақ қосты, қылшық жүнді қазақи қойлар мен қаракөл қойлары тек 1-3% ғана. Ал басқа жағдайларда бағылған биязы жүнді қойлардың жағдайы өзгермейді немесе төмендейді.
Жазғы кезеңде ойлы аймақтарда еділбай (21,2%), қарқаралы (16,4%), қаракөл қойлары (10,3%) салмақ қосты. Биязылау жүнді дегерес құйрықты қойлары да салмағын жоғарылатты (5,7%).
Көрсетілген мәліметтер жалпы еділбай және қаракөл тұқымдарының қойлары жазғы-күзгі кезеңде шөпті шөлейт жайылымдарын қолдана алу қасиетіне ие екенін көрсетеді. Бұл олардың тарихи қалыптасқан биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Қаракөл және құйрықты тұқымдардың қойларын аудандастыру олардың биологиялық ерекшеліктерімен анықталу керек: қысқы жағдайлары қолайлы, оңтүстік типті шөл жағдайларында қаракөл қойларының тиімділігі жоғарырақ болады, құйрықты қойларға - қысы қатты, барлық шөлейт және шөл аудандар.
Мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістіктердің тұқым сынамасы. Біздің елімізде соңғы 50 жылда әр түрлі жануар түрлерінің жоғары өнімді зауыттық тұқымдары көптеп шығарылды. Тұқым шығару үрдісі тоқтаған жоқ. Жаңа тұқымдарды, тұқым топтарын, тұқымішілік (зоналық) және зауыттық түрлерін шығару нарықтық экономика жағдайындағы мал шаруашылығының интенсификациясы үшін өте маңызды. Пайда болған жануарлардың жаңа тұқымдары тұқымаралық шағылыстырудың түрлі нұсқаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Тұқымаралық шағылыстырулар және шағылыстырудың түрлі нұсқалары бар тұқымдарды жетілдіру үшін және жаңа тұқымдар мен жануар түрлерін шығару үшін маңызды түрткі ретінде қызмет етеді. Тұқымдағы мамандалған типтерді жануарларды тұқым ішілік іріктеу мен таңдау арқылы да, еңгізілген шағылыстырулар арқылы да шығарады.
Селекциялық жетістіктерді қорытындылау үшін негіз болуы мүмкін:
а) ұрпағына тұрақты беріліп отыратын экстерьері және конституциясы, өнімділігінің сипаты мен деңгейі және басқа да көрсеткіштері бойынша ұқсас, көп бас жануарлардың болуы;
б) сыналатын тұқымдардың, тұқымдық топтардың, аталық іздердің және т.б. ауыл шаруашылық жануарларын өсіру бойынша меншікті түріне қарамастан асыл тұқымдық шаруашылықтардың және фермалардан жеткілікті мал санының болуы;
в) дәл тұқым сынау сәтіне оған ұсынылатын селекциялық жетістіктердегі құрылымды бірліктердің жеткілікті болуы;
г) сыналатын тұқымның немесе оның құрылымды бірлігінің малдарда, сол зонада өсірілетін тұқымдарынан, тұқымдық топтарынан, типтерінен, аталық іздерінен асатын өнімдік, экстерьерлік, биологиялық, шаруашылық және т.б. қасиеттерінің болуы және оның зоотехникалық құжаттар бойынша расталуы;
д) жануарлардың тегін, өнімділік деңгейін және тұқымдық сапасын, тұқымның жаңа түрін шығару немесе оны жақсартатын әдістерді дәлелдейтін, және де тұқымдық жұмыстардың және тұқымдармен жұмыс істеу әдістемелігінің жоспарының белгіленген ретімен бекітілген зоотехникалық құжаттарының болуы;
ж) қайта құрылған немесе өнімділігі жетілдірілген тұқымдардың жоғары экономикалық тиімділігі.
М е м л е к е т т і к т ұ қ ы м д ы қ к і т а п т а р (МТК). Ауыл шаруашылық жануарларының тұқымдық кітаптарының үнемі басылып шығуы үлкен маңызды шара болып табылады. Қазіргі кезде Республикада басылатын тұқымдық кітаптар мемлекеттік болып саналады. Олар бізде өсірілетін барлық малдардың тұқымдары бойынша шығарылады. Олардың мақсаты – жоғары өнімді малдарды шығару және тіркеу; олардың тегі туралы, өнімділігі және тұқымдық қасиеттері туралы мәлімет басып шығару. МТК-ның материалдары бойынша асылдандыру жұмыстардың бағыттары және жалпы тұқымды жетілдіру туралы, тұқымда шығарылған аталық іздер мен аналық ұя құндылығы туралы пікірлер айтуға болады.
МТК-ға енгізу үшін жануарларды іріктеу жұмысы арнайы жеке карточкаларды толтырумен бірге бонитировканың берілгендері бойынша жүргізіледі. Ондай жазбалардың жиналуына байланысты оларды хаттап, МТК-ның келесі томын шығарады. Тұқымдық кітаптарға жануар туралы келесі қысқаша мәліметтерді жазады: лақап аты немесе нөмірі, жынысы, жануардың туған күні мен туған жері, қандай шаруашылыққа жатады, 2-3 қатар ата тегі, жануардың жасымен бірге өнімділік қасиеттерінің деңгейі (тірі салмағы, сүттілігі, жүн қырқымы және жүнінің ұзындығы, сүтінің майлылығы және т.б.), бонитировка класы, экстерьердің бағасы және негізгі өлшемдер. МТК-да жазылған нөмірі мәңгіге сақталады.
МТК мамандарға тұқымның ерекшеліктерінде дұрыс хабардар болуға, оның тұқымдық ресурстарын жақсырақ білуге, келесі жануарларды іріктеу тәжірибесін шығаруға және дұрыс қолдануға көмектеседі. Осы кітаптардың материалдарын тұқымдық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде, болашақ жоспарларды құрғанда және тұқымды жетілдіру бойынша басқа шараларды жасағанда кең түрде пайдаланады.
Көрмелер мен байқаулар. Мал шаруашылығының жемісті дамуына және тұқымдық істердің жақсаруына себеп болатын ұйымдастыру шараларына шығарулар мен көрмелер кіреді. Олар маңызды жарнамалық фактор қызметін атқарады және жеке шаруашылықтардың, аудандардың, облыстардың, ғылыми мекемелердің, тұқымдық қызмет мүшелерінің жетістіктерін түсінікті түрде көрсетеді.
Көрмелер мен байқаулар арнайы ауыл шаруашылық мүшелерімен құрылған комиссия ұйымдастырып, өткізеді.
Көрмелерді мынадай мақсатта ұйымдастырады: ең жақсы малдарды көрсету; көрсетілетін нәтижелерге қандай жолмен жеткенін айту; аудандарда, облыстарда, республикада селекциялық жұмыстардың жүргізілуінің дұрыстығын жүйелі тексеру және бағалау; мал шаруашылық мәселелеріне көптің назарын аударту және т.б. Көрмелердің жұмыстары кезінде сұхбаттар, консультациялар өткізіледі, басшылардың және ең жақсы шаруашылықтардың мамандарының жұмыс тәжірибелері туралы есептері, ғалымдардың дәрістері оқылады, ғылыми және документальді фильмдер көрсетіледі.
Көрмелер өзінің сипаты мен мазмұны бойынша, ауыл шаруашылығының барлық салалары көрсетілген, малдардың бірнеше түрлері қатысатын немесе малдың бір түрі бойынша болуы мүмкін. Өзінің көлемі мен территорияны қамтуына байланысты көрмелер республикалық, облыстық, зоналық, ауданаралық, аудандық болу мүмкін.
Байқаулар – бұл қысқа мерзімді тар мамандалған көрмелер. Оларды аудандар көлемінде, ірі тұқымдық шаруашылықтар зоналарында өткізеді. Байқаулар жануардың бір түрдің және белгілі бір категорияның (төл, аталықтар, ұрғашылар) жануарын көрсетеді. Мұнда әр түрлі шаралардың өткізілу эффектісін және асылдандыру жұмыстардың түрлі әдістерін қолдануын бағалап, салыстыруға болады.
Байқаулар бір күн бойы өткізіледі.
Т ұ қ ы м д а р к е ң е с і. Бір тұқымның малдарын өсіретін шаруашылықтардың жұмыстарын үйлестіріп, бірлестіру үшін біздің елімізде жеке тұқымдармен жұмыстар бойынша кеңестер құрылды. Олар келісімді түрде ғылыми қызметкерлерден, асыл тұқымды шаруашылықтар басшылары және станциялар малдарынан қалыптасады. Кеңестер жалпы және жеке үйірлер, зауыттық аталық із бойынша тұқымның жағдайын зерттейді; тұқымды әрі қарай жақсартуға шаралар жасайды; тұқыммен жұмыстардың болашақ жоспарларын құрайды (10-15 жылға). Олар тұқымдық жұмыстармен әдістемелік басшылығын жүзеге асырады және тұқымдық зауыттардың, тұқымдық шаруашылықтардың, мемлекеттік тұқымдық станциялардың жұмыскерлеріне жеке табындармен, зауыттық аталық іздермен, аналық ұялармен және асыл тұқымды жануарлардың басқа да топтарымен селекциялық-асылдандыру жұмыстарды реттеуде және жүргізуде тәжірибелік көмек көрсетеді.
Тұқым мен асылдандыру жұмыстарының жоспары. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты – асылдандыру жұмысының бағытының үйлесімдігі және тұқымдық ресурстарды жоспарлы түрде пайдалану. Соңғы жылдары біздің елімізде ауыл шаруашылық жануарларының түрлері бойынша барлық басты тұқымдармен асылдандыру жұмыстардың болашақ жоспарлары құрылды. Ондай жоспарлар ұзақ уақытты құрайды (10-15 жыл). Кез келген табынды, әсіресе, асыл тұқымды, жақсартудың болашақ жоспарын жасау- шығармашылық әрі қиын үрдіс.
Асылдандыру жұмыс жоспарын құрастыру әдістемесі екі бөлімді қарастырады. Бірінші бөлім тұқымды шығарудың тарихи шолуынан және негізгі зоналарда өсірудегі оның жағдайын талдауынан тұрады. Бұл бөлімнің мәні – болашаққа жасалынатын шаралардың дәйектемесі болып қызмет етуінде. Екінші негізгі бөлім тұқымның өнімдік және тұқымдық қасиеттерін жақсарту жолдары мен әдістерін анықтауға арналған. Тұқымдардың ареалына байланысты асылдандыру жұмыстардың жоспарында онымен бірге жеке бөлімдер анығырақ жетілдіріледі.
Географиялық кең таралған тұқымдар бойынша құрылған жоспарларда әр түрлі зоналарда асылдандыру жұмыстарды жүргізудің ерекшеліктері қарастырылады, тұқымаралық зоналық типтердің ерекшеліктерін зерттеп, анықтайды. Әр түрлі зоналардағы асылдандыру жұмыстардың бағытын дәйектеу және жеке, бір-бірінен алшақ жатқан тұқым зауыттарындағы және басқа асылтұқымдық шаруашылықтарындағы құнды туыстас топтардың және ерекше жануарлардың тұқымдары үшін ең жақсы түрде қолдану ерекше маңызды.
Тұқым мен асылдандыру жұмыстарының жоспарын тұқым бойынша басты ғалымдар, тұқым зауыттарының мамандары, мемлекеттің ауыл шаруашылық министрлігі құрастырады.