Жаңа заман және ХХ ғасырдағы саяси ілімдер

Шарль Луи Монтескье (1689-1775) «Заңдар рухы» атты еңбегінде алғаш геосаяси тұжырымдаманың негізін салған. Оның ойынша, әртүрлі факторлар: климат, географиялық орта, заң, дәстүр, дін тағы да басқалардың әсерінен халықтық рух қалыптасады. Оны қазіргі тілмен менталитет деп атайды.

Бостандық – заң неге ерік берсе, соны істеу. Бостандықты баянды ету мақсатында және төңкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлу керек деп есептеген.

Жан Жак Руссо (1712-1778) тек теоретик қана емес, қоғам қайраткері болған адам. Оның ойынша алғаш адамдар өздерінің тұлғалық қасиеттерін ортақ игілік үшін қоғамға бере отырып, мемлекетті қалыптастырады, ал кейіннен сол мемлекет өзінің заңдары мен нормалары арқылы азаматтарын қайта тәрбиелеп шығарады. Адами құндылықтар тек мемлекет пайда болғаннан соң өмір келген деп есептейді.

ХХ ғасырдың бірінші жартысында Батыс елдерінде солидаризм ілімі кең өріс алды. Бұл ілімнің негізін салушы француз ғалымы Л.Дюгидің (1859-1928) пікірінше әрбір тап өмірде өз міндетін атқаруы, қоғамның ынтымақтастығы мен үйлесушілігін қамтамасыз етуі қажет.

ХХ ғасырда кең жайылған аристократиялық теориялардың бірі -элитаризм. Элита деген сөз француз тілінде ең жақсы, іріктелген, сұрыпталған, таңдаулы деген мағынаны білдіреді. Бұл теорияны жаңа жағдайда жаңғыртып, толықтырып, жетесіне жеткізгендер итальяндық саясатшылар Г.Моска мен В.Паретто болды. Олардың ойынша халық өзін-өзі басқара алмайды, оған қабілеті, бейімі жетпейді.

Г.Моска (1856-1941) “Саяси ілімнің негіздері” деген кітабында қоғамның басқарушыларға және бағынушыларға бөлінетінін көрсетеді. Алғаш рет элита теориясының негізін қалайды. Халықты ұлттық және діни сезімдерге негізделген идеяларды пайдалана отырып басқаруға болады, ол халықты алдау деп элитаның негізгі қызметін сынайды.

В.Паретто(1848-1923) “Жалпы социология жөніндегі трактат” деген еңбегінде элита деген атауды саяси ілімге бірінші болып енгізді.

Ханна Арендт (1906-1975) австриялық саясаттанушы. «Тоталитаризм тамыры» атты еңбегінде тоталитаризмнің пайда болуын және мәнін зерттеген. Тоталитаризмді үшке

өледі: коммунизм, национал-социализм, фашизм. Тоталитаризмнің тек ХХ ғасырға тән құбылыс екенін дәлелдейді.

Импералистік буржуазияның мүддесін көздейтін реакцияшыл саяси бағытқа фашизм жатады. Оның негізгі белгілері –еңбекшілерді басып жаншуда зорлық-зомбылықтың шектен тыс түрлерін пайдалану, қоғам және адам өмірін қатаң қадағалау және т.б.Сыртқы саясатта фашизм басқа елдердің жерін басып алуға бағытталады. Бұл мақсатын іске асыру үшін ол геосаясат деген теорияны ойлап шығарды (негізін салушы Ф.Ратцель) Бұл теория бойынша мемлекеттің өмірі қауіпсіз, сенімді болу үшін оған жеткілікті географиялық кеңістік, жер қажет.

ХХ ғасырда елімізге көп қайғы-қасірет әкелген тоталитаризм теориясы дамыды. Ол- мемлекет тарапынан қоғамның және әр азаматтың өмірін қатаң бақылауға алатын мемлекеттік-саяси құрылыс.

Морис Дюверже (1917 ж туған) француз саясаттанушысы. Еңбегі: «Саясат идеясы». Саясатқа мынадай анықтама береді: «Саясат, бір жағынан алып қарағанда әділдікті орнатушы күш, ал екінші жағынан идеялар мен принциптер арасындағы келіспеушілік». Дау-жанжалдың екі түрін көрсетеді: горизанталды және вертикалды.

Америка халқының демократия жолында азаттық күресі Томас Джефферсонның(1743-1826) атына байланысты. Ол сол кездегі ұлы революциялық құжат- Америка Құрама штаттарының “Тәуелсіздік Декларациясын” жазды.Мұнда Джефферсон рақымсыз билеушіге қарсы халықтың көтеріліс жасауға құқы барлығын дәлелдеп, халық егемендігін жақтады. Декларацияда жаратушы барлық адамдарды тең етіп жаратты және олардың өмірге, бостандыққа, бақытқа тырысуына құқы бар делінген.

Тәуелсіздік үшін күрес кезінде өзінің батыл идеяларымен Томас Пейн (1737-1809) көзге түсті. Ол Америка халқын азаттық күреске, отаршылдардан бөлініп шығуға шақырды. Адамдардың табиғи құқына еркіндікті, теңдікті, сөз, баспасөз, дінге сену бостандығын, рақатқа, бақытқа жету т.б. жатқызды.пейн соғысқа қарсы болды, бейбітшілікке шақырды.

Наши рекомендации