Кәсіпорынның өндірістік қуаты және даму жоспары

Кәсіпорынның өндірістік қуаты (цехтар, учаскілер) — бұл оған берілген еңбек құралдардың қабілеттілігі ( машиналардың технологиялық жиынтығы және жабдықтар мен өндірістік аландар жиынтығы ) бір жылдық өнім өндірудің максималдығы (тәуілік, смена) қабылданған мамандыру мен сәйкесінше, жұмыс уақыты мен өндірісті кооперациямен байланысты.

Кәсіпорының өндірістік қуаты ( цехтар, аймақтар ) есептелінуі өнімді шығару көлемі натуралды бірліктермен есептелінеді. Кәссіпорының өндірістік қуаты мен өндірістік бағдарламалаудың арасында айырмашылық кәсіпорынның резервтері көрсетеді, яғни өндірістік бағдарлама өндірістік қуаттың пайдалану деңгейін көрсетеді.

Ндірістік қуат» терминімен қатар «өткізу қабілеті» термині қарастырылуда, жұмысқа қатысты өнімнің максималды шығарылуын көрсетеді, олар жұмысқа, станотарға, агрегаттарға, сызықты ағымға, станок топтарына сүйенеді, тек қана цехтар мен аймақтар кірмейді.

Рал — жабдықтардың өткізу қабілеті декада, тәуілік, смена және сағат арқылы есептелінеді, өндірістік қуаттың өндірістік бірліктер құрылымы — бір жыл (кейде квартал мен аймен) есептелінеді. Кәсіпорынның өндірістік қуатын есептеу үшін келесі нақты берілгендер қолданылады

Ндірістік аймақ туралы көрсеткіштер мен жабдықтардың техникалық жағдайы, құрамы мен саны. Өндірістік қуатты есептеуге неггізделген өндірістің барлық құрал-жабдықтары (сонымен бірге жөндеудегі, істен шыққандар және модернизацияланған) оған кірмейтін резервтік жабдықтар және тәжірибе — эксперементалды жабдықтар мен арнаулы аймақтар профессионалды — технологиялық оқу үшін арналғандар.

Жаңа салынған кәсіпорының өндірістік қуатын еспетеу үшін өндірістік жабдықтардың паспорттық нормалары қолданылады, ал жұмыс үстіндегі кәсіпорындарға — техникалық негізделген көрсеткіштер, бірақ паспорттық өндірістен төмен емес.

Кәсіпорының өндірістік қуатын есептеу енгізінде жабдықтардың жұмыс істеу уақыт қорының максималды мүмкіндігінше жылдық жоспар қабылданады. Үздіксіз агрегаттар үшін қорлардың жоспары мына формула арқылы есептелінеді :

Т үздіксіз = [ 365 — (tж+ tө.тех)] x 24сағ

мұндағы, tж- уақыт , жоспарлы және толық жөндеуге норматив бойынша қажеттілік;

Tө.тех – бұл уақыт агрегаттарының техникалық тоқтауына, егер ол:

T үздік = [ ( 365 — ty – tт.ж ) x kсм x tсм ] x [(100-Пқ )\100]

мұндағы, ty- жыл ішіндегі демалыс пен мейрам күндері;

tт.ж – толық жөндеу күндері;

kсм – жабдықтпрдың бір тәуілік ішіндегі жұмыс істеу сменалардың саны;

t см — сменаның жалғасуы;

П қ – ағымдағы қозғалмаушылық жоспарланған пайызы.

Бағдарламадағы өндірілетін өнімдердің номинклатурасы мен олардың сандық арақатынасы. өндірілетін өнімнің келесі номенклатура түрлері бар. Кәсіпорынның оңтайландырылған специализациясы цехтар мен участкілерге сүйене отырып өндірілетін өнімнің номенклатурасымен сандық арақатынасы орнатылыады. Кәсіпорынның өндірістік қуатын есептеуге жоспарланған номенклатура мен өндірілетін өнімнің ассортименті қабылданады. Өндірістің жылдық қуатын есептеуге өндірістің күшінің өсуі мен кемуі өнімнің номенклатуралық өзгеруі толық мәнде есепке салынады.

Лсіз механизацияланған және басқа да өндіріс аймақтарының өндірістік қуатын анықтайтын негізгі фактор ретінде өндірістік аймақ көлемі болып табылады . Кәсіпорынның өндірістік қуатын есептеу принципі мен тәртібі салалық инструкциялар мен технологиялық жабдықтардың топтары , агрегаттары және басқа да өндірістің участкілері мен цехтар арқылы жүзеге асырылды.

Кәсіпорынның даму жоспары мынадай бөлімдерден тұрады:

· Өнеркәсіп өнімін шығару жоспары (өндірістік бағдарлама) – негізгі бөлім болып саналады. Бұл бөлімде әртүрлі өнімдерді құндық және табиғи өлшемдерде шығару жоспарланады және өнім сапасын арттыру қарастырылады. Сонымен бірге кәсіпорындарды мамандандыру, шоғырландыру, жинақтау, құрамдастыру жоспарланады.

· Ғылым мен техниканы дамыту жоспары. Бұл бөлімнің негізгі маңызы – ғылыми-техникалық прогресті жылдамдату, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау, таза өнімдерді шығаруды жоспарлау, прогрессивті технологияларды қолдану, өндіріс процесін автоматтандыру, автоматтандырылған басқару жүйесін қолдануды жоспарлау, еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру. Бұл бөлімге стандарттандыру мен метрологиялық өлшемдерді жоспарлау да жатады. Ғылым мен техниканы дамыту жоспарының көрсеткіштері: өндірісте жаңадан шығарылған өнім, еңбекті механикаландыру және автоматтандыру деңгейі, жұмысшылардың санын салыстырмалы түрде азайту, өндірістің техникалық жағдайын жақсарту арқылы еңбек өнімділігін арттыру және тауар өнімінің өзіндік құнын азайту, өнімнің сапасын арттыру, құрал-жабдықтарды, материал сыйымдылығын, табиғи өлшемдегі еңбек өнімділігін қолдану және т.б. жатады.

· Өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру жоспары. Бұл жоспарда өндірістің экономикалық тиімділігін арттырудың жалпы көрсеткіштері – нақты еңбекті, негізгі қорларды, айналым қорларын, күрделі қаржыны, материалдық ресурстарды қолдану көрсеткіштері беріледі. Бқл бөлімнің негізгі көрсеткіштері – жалпы және тауарлы өнімді өндіру қарқыны, еңбек өнімділігінің өсу қарқыны, қор сыйымдылығы, айналым қорларының айналысы, капитал сыйымдылығы және материал сыйымдылығы.

· Күрделі қаржы және күрделі құрылыс жоспары. Ол жаңа кәсіпорындар салуды, кәсіпорындарды кеңейту және қайта құруды, ірі цехтар мен объектілерді кеңейтуді, өнеркәсіпті техникалық қамтамасыз етуді, өндірістің технологиясын дамытуды; механикаландыру мен автоматтандыруды қамтиды. Негізгі көрсеткіштері – өндірістегі негізгі қорлар мен өндірістік қуаттарды іске қосу, жеке объектілер мен өндірістік базаларды салу, өндіріс қуатының өсімі, күрделі қаржылардың көлемі, құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі, аяқталмаған өндірістің көлемі.

· Материалдық-техникалық қамтамасыз ету жоспары. Оған өнеркәсіп өнімдерін шығаруға кететін шығындарды есептейтін материалдық есептеулер жүйесі жатады. Өндірістік өнеркәсіпке қажетті материалдық ресурстарды нормалар мен нормативтерді қолдану арқылы есептеп шығарады. Бұл жоспарда шикізат, материал, отын, энергия және т.б. үлестік шығындарын азайтудың жолдары қарастырылады.

· Еңбек және кадрлар жоспары. Бұл жоспар өндіріс көлемі ұлғаюының және оның тиімділігін арттырудың негізгі белгісі ретінде еңбек өнімділігін жүйелә түрде ұлғайтуды қарастырады. Еңбек өнімділігінің көрсеткіші салыстырмалы бағадағы нормативтік таза өнімнің жылдық көлемі өндірістік жұмысшылардың орташа санына бөлу арқылы анықталады. Бөлімнің негізгі бір көрсеткіші – жалақы қоры. Мұнда жұмысшылардың орташа еңбекақысы анықталады. Осы жоспар арқылы жұмысшы кадрлар саны мен қосымша өндіріске қажетті жұмысшылар саны белгіленеді.

· Өндіріс шығындары жоспары. Бұл жоспардың мақсаты – өндіріске кететін шығындардын көлемін анықтап, осы арқылы өндірістен алынатын пайданың көлемін табу және материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді түрде қолдану.

· Қаржылық жоспар (қаржы). Қаржы жоспарында мынадай көрсеткіштер көрсетіледі – айналым қорларын есептеу, олардың айналымын тездету; кәсіпорынның мемлекеттік бюджетпен қарым-қатынастары; негізгі өндіріс қорларын салу және қолдану, пайданы есептеу. Қаржы жоспарының маңызды бөлімі – несие жоспары.

· Кәсіпорын ұжымының әлеуметтік даму жоспары. Жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын, еңбек жағдайын, демалысын ұйымдастыруда жоспарлау шаралары қарастырылады.

· Табиғатты қорғау және табиғат ресурстарын пайдалы қолдану жоспары. Су ресурстарын, жер ресурстарын, минералдық ресурстарын және әуе бассейін сақтау мен дұрыс қолдану жатады. Сонымен бірге аз қалдықты және қалдықсыз технологиялық процестерді ұйымдастыру, құрамдастырылған өндірістерді дамыту, табиғи ресурстар, шикізат және материалды кешенді түрде қолдануды жоспарлайды.

Кәсіпорынның даму жоспарының ең негізгі бөлімі – өнім шығару жоспары немесе өндірістік бағдарлама. Өндірістік бағдарламаның көрсеткіштері – тауар өнімдерін өндірудің өсу жолдары, шығарылған өнімнің сапасы, оны шығаруды арттыру.

Жоспардағы құн өлшеміндегі өнім көлемін анықтау үшін өнім шығару жоспарының табиғи өлшемдегі көрсеткіші қажет. Табиғи өлшемдерге – тонна, метр, квт/сағат, дана, комплект жатады. Өлшем бірліктері өндірістік ерекшеліктерін, жоғарғы сапалы және экономикалық тиімді өнімдерді шығару жолдарын, материал, еңбек, қаржы ресурстарын үнемдеу жолдарын қамтуы керек.

Жоспарда берілген өлшем бірліктер жоспарлау мен өндірісті ұйымдастырудың барлық бөлімдері үшін міндетті түрде сақталуы керек. Бұл өндірістік бағдарламаны белгіленген ассортиментте келісім бойынша жабдықтау жоспарын орындауға және өндірістік бағдарламаны өнімнің сапа көрсеткіштерімен байланыстыруда аса қажет.

Өнім шығару жоспарының маңызды бір бөлімі – өнімнің сапасын арттыру. Өнім сапасы өзінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерімен, еліміздің және шетелдердегі техниканың жоғарғы жетістіктеріне сай болуы керек. Өнім шығару жоспарында өндірістегі ескірген, қазіргі заман талабына сай емес, турып қалған өнімдерді шығаруды тоқтату жолдары қарастырылады.

Өндірістік бағдарламаның құн көрсеткіштеріне:

· сату көлемі;

· тауар өнімі;

· жалпы өнім жатады.

Сатылған өнімнің көлемін мына формула арқылы анықтайды:

Кәсіпорынның өндірістік қуаты және даму жоспары - student2.ru

мұндағы Кәсіпорынның өндірістік қуаты және даму жоспары - student2.ru - жоспар бойынша берілген товар өнімінің көлемі

Кәсіпорынның өндірістік қуаты және даму жоспары - student2.ru , Кәсіпорынның өндірістік қуаты және даму жоспары - student2.ru - сатылмаған өнімдердің жылдың басындағы және жылдың аяғындағы қалдықтары.

Тауар өнімінің көлеміне: сыртқа шығарылып сатылатын дайын өнімдердің және жартылай дайын өнімдердің құны өнеркәсіп жұмыстарының құны (сырттан тапсырыс беріп жасалынған) жатады.

Жалпы өнімнің көлемі жоспарланған уақытта белгілен жұмыс көлемін қамтиды.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты және даму жоспары - student2.ru = Кәсіпорынның өндірістік қуаты және даму жоспары - student2.ru

мұндағы, Кәсіпорынның өндірістік қуаты және даму жоспары - student2.ru - тауар өнімі

Кәсіпорынның өндірістік қуаты және даму жоспары - student2.ru , Кәсіпорынның өндірістік қуаты және даму жоспары - student2.ru - жылдың басындағы және жылдың аяғындағы аяқталмаған өндірістің көлемі

Таза өнімнің көлемі – тауар өнімнің көлемінен материалдық шығындар мен негізгі қорлардың тозуын (амортизациясы) алып тастау арқылы анықталады.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты және даму жоспары - student2.ru = Кәсіпорынның өндірістік қуаты және даму жоспары - student2.ru

мұндағы, Кәсіпорынның өндірістік қуаты және даму жоспары - student2.ru - материалдық шығын

Кәсіпорынның өндірістік қуаты және даму жоспары - student2.ru - негізгі қорлардың тозуы

Сатылған өнімнің көлеміне байланысты, өндіріс салаларының, бірлестіктер мен кәсіпорындардың іс-әрекеттері, жасап жатқан қызметтері анықталады. Сатылған өнімнің көлеміне кәсіпорынның балансында тұрған, сатуға дайындалған төленуге тиісті дайын өнімдер, жартылай дайын өнімдер және өзінің күрделі құрылысына жүргізілетін жұмыстар көлемі жатады.

Наши рекомендации