Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау мен болжамдауды дамыту мәселелері және жетілдіру жолдары

Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс жөне өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі - бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік-сату керсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төдемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарастырылған сұраптылымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге жөне төлеуге байланысты болады. [21, 48 б]

Экономикалық талдау - бұл оларды құрамды бөліктерге бөле отырып, неше түрлі байланыстар мен тәуелділіктерін зерттеуге негізделген, экономикалық құбылыстар мен процестердің мәнін танудың ғылыми тәсілі.

Әлемдік, ұлттық экономика және оның кейбір салалары деңгейіндегі экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттейтін макроэкономикалык талдау, және жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілердің деңгейіндегі экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттейтін микроэкономикалық талдау деп бөлінеді. Соңғысы «шаруашылық қызметті талдау» (ШҚТ) деген атау алған.

Шаруашылық қызметін талдау мазмұны кәсіпорынды басқару жүйесіндегі ортаңғы орындардың бірінде тұрған оның атқаратын рөлі мен қызметінен туындайды. Басқару жүйесі мынадай өзара байланысты қызметтерден тұрады: шаруашылық қызметті болжамдау, есеп және бақылау, талдау және басқару шешімдерін қабылдау.

Болжамдаудың көмегімен кәсіпорынның, оның құрылымдық бөлімшелерінің және кейбір жұмыскерлер қызметтерінің негізгі бағыты мен мазмұны анықталады. Оның басты міндеті кәсіпорын дамуының және оның әрбір мүшесінің қызметінің жоспарлануын, өндірістің соңғы ең жақсы нәтижелеріне жету жолдарын анықтауды қамтамасыз ету болып табылады.

  Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау мен болжамдауды дамыту мәселелері және жетілдіру жолдары - student2.ru Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау мен болжамдауды дамыту мәселелері және жетілдіру жолдары - student2.ru Ресурстар____ Басқарылатын жүйе (жабдықтау, өндірістік өткізу, инвестициялық, Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау мен болжамдауды дамыту мәселелері және жетілдіру жолдары - student2.ru маркетингтік және басқа да қызметтер)   Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау мен болжамдауды дамыту мәселелері және жетілдіру жолдары - student2.ru Өнімдер мен қызметтер  

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау мен болжамдауды дамыту мәселелері және жетілдіру жолдары - student2.ru

Басқаратын жүйе
Болжамдау   Есеп және бақылау   Талдау   Басқару шешімдерін қабылдау

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау мен болжамдауды дамыту мәселелері және жетілдіру жолдары - student2.ru Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау мен болжамдауды дамыту мәселелері және жетілдіру жолдары - student2.ru Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау мен болжамдауды дамыту мәселелері және жетілдіру жолдары - student2.ru Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау мен болжамдауды дамыту мәселелері және жетілдіру жолдары - student2.ru Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау мен болжамдауды дамыту мәселелері және жетілдіру жолдары - student2.ru

Сурет 5. Басқару жүйесіндегі экономикалық талдаудың орны

Дерек көзі: Ковалев А.И., Привалов В.П. Анализ финансового состояния предприятия

Өндірісті басқару үшін өндірістік процес пен жоспардың орындалу барысы туралы толық және дұрыс ақпарат болуы тиіс. Сондықтан өндірісті басқару функциясының бірі, өндірісті басқаруға және жоспар мен өндірістік процестердің барысын бақылауға қажетті ақпараттарды жинауды, жүйелеуді және жинақтауды қамтамасыз ететін есеп болып табылады. [7, 60 б]

Шаруашылық қызметті талдау есеп пен басқару шешімдерін қабылдаудың арасындағы байланыстырушы тізбек болып табылады. Бұл процесте оның есептік ақпараты талдамалы өңделуден өтеді: қызметтің қол жеткен нәтижелерін өткен уақыт ішіндегі деректермен, басқа кәсіпорындардың және орташа салалық көрсеткіштермен салыстыру жүргізіледі; сан алуан факторлардың шаруашылық қызметтің нәтижесіне әсері анықталады; кемшіліктер, қателіктер, пайдаланылмай қалған мүмкіндіктер, келешектегі жоспарлар және тағы басқасы айқындалады. ШҚТ көмегімен ақпаратты саралауға, түсінуге қол жеткізіледі. Талдау нәтижелері негізінде басқару шешімдері әзірленеді және негізделеді. Экономикалық талдау шешімдер мен әрекекттердің алдында жүреді, оларды негіздейді және өндіріске ғылыми басшылық жасау негізі болып табылады, оның тиімділігін арттырады.

Шаруашылық қызметін талдауды басқару қызметі ретінде өндірісті болжамдаумен және болжаумен тығыз байланысты болады, өйткені терең талдаусыз бұл қызметтерді жүзеге асыру мүмкін емес. Болжамдауда, сапаны бағалау мен жоспарлы көрсеткіштердің негізділігіне арналған ақпараттарды дайындауда, жоспардың орындалуын тексеру мен бағалаудағы шаруашылық қызметті талдау рөлі өте маңызды. Кәсіпорын үшін жоспарды бекіту, шын мәнінде, алдағы жоспарланған уақыт ішінде өндірістің дамуын қамтамасыз ететін шешімдерді қабылдауды білдіреді. Бұл кезде алдыңғы жоспарлардың орындалу нәтижелері ескеріледі, кәсіпорынның даму тенденциясы зерттеледі, өндірістің қосымша резевтері қарастырылып, есепке алынады. Шаруашылық қызметті талдау тек жоспарды негіздеу құралы ғана емес, сонымен қатар олардың орындалуын бақылау құралы болып табылады. Болжамдау кәсіпорын жұмысының нәтижесін талдаудан басталады және сонымен аяқталады, бұл болжамдау деңгейін арттыруға, оны ғылыми тұрғыдан негіздеуге мүмкіндік береді.

Талдаудың бұл қызметі - жоспардың орындалуын бақылау және соларды негіздеу үшін ақпараттар дайындау тұрғысынан - әлсіремейді, керісінше нарыктық экономикада күшейе түседі, өйткені сыртқы ортаның белгісіздігі және өзгергіштігі жағдайында ағымдағы және алдағы жоспарларды шұғыл реттеп отыру қажет болады. Үнемі өзгеріп отыратын сыртқы орта болжамдау процесінің үздіксіз болғанын талап етеді. Болжамдау бойынша менеджер әрбір жағдайдың өзгеруін бағалай, талдай білуі және кәсіпорын жоспарына шұғыл түрде түзетулер енгізіп отыруы керек.

Кәсіпорын қаржылық жағдайын ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болашақ тұрғысынан талдау қажет, өйткені оны бағалау критерилері әр түрлі болуы мүмкін. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, оның құралдары мен оның қалыптаусу көздерін орналастырумен сипатталады. Қаржылық жағдайды таңдау, кәсіпорынның иелігіндегі қаражаттар қаншалықты тиімді пайдаланылуда екендігін білу мақсатында жүзеге асырылады. Кәсіпорын жұмысының қаржылық тиімділігін бейнелейді: жеке қаражаттар мен қамтамасыз ету және олардың сақталуы, тауарлы – материалдық құндылықтардың нормаланған қорының жағдайы, дебиторлық және кредиторлық борыштылық жағдайы және қозғалысы, айналым құралдарының айналымдылығы, банктік несиелердің материалдық қамтамасыз етлуі төлем қабілеттілік.

Кәсіпорынның тұрақты қаржы жағдайы бірнеше кезекте келесідей сапалы көрсеткіштерді жетілдіруге байланысты: еңбек өнімділігі, өндірістің рентабельділігі, қор қайтарымы сонымен бірге пайда бойынша жоспардың орындалуы. Кәсіпорын қаражаттарының ұтымыды орналастыруына өндірістің материалды-техникалық қамтамасыз етілуінің дұрыс ұйымдастырылуы, ақша айналымының жылдамдату бойынша жедел қызмет. Сондықтан да, қаржылық жағдай талдау қаржы-шаруашылық қызметті талдаудың соңғы сатысында жүргізіледі. Сонымен қатар, кәсіпорынның қаржылық қиындықтары, есеп айырысуларды дер кезінде жүргізу үшін қаражаттардың жоқтығы, жектізу тұрақтылығына әсер етуі және материалды-техникалық қамтамасыз ету ырғағын бұзуы мұмкін. Осыған байланысты кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оның қазметінің басқа тұстарына талдау жүргізу бір-бірін толықтырып тұруы қажет. [25, 86 б]

Талдаудың міндеттері болып қаржы талдауын жалпы бағалау, мақсатты бағыт бойынша қаражаттардың жұмсалуын тексеру, қаржылық қиындықтардың себебін анықтау, қаржы ресурстарын пайдалануды жақсарту мүмкіндіктерін айқындау, қаржы құралдарының айналымын жылдамдату және қаржы жағдайын нығайту табылады.

Әртүрлі қызметтік бағыты мен кәсіпорын қаржыларын болжамдау және есепке алуда пайдалану ерекшеліктеріне байланысты кәсіпорынның қаражаты негізігі және айналмалы болып екіге бөлінеді.

Негізгіге 100 минималды еңбекақының құнынан кем емес және қызмет ету мерзімі олардың құнына тәуелсіз бір жылдан аз болмайтын мерзімдегі қаражаттар жатады. Негізгі құралдар бір қатар жылдар бойы өз формасын өзгертпей әрекет етеді. Олардың құны, оларды пайдаланудың барлық мерзімі ішінде өндіріс шығынына жатқызылады. Айналым қаражатына өндірістік запастардың құрылуының және өнімді өндіру мен өткізу процесіндегі шғындарды аванслауды қамтамасыз ететін кәсіпорындық құралдар жатады. Шикізат және материалдар запастарм ен қатар, оларға бітпеген құрылыс, дайын өнім оның сатылуына дейін ақша қаражаты және дебиторлық борыш жатады./9/

Кәсіпорынның қаржы жағдайын анықтайтын маңызды фактор ретінде оның айналым құралдарын жағдай табылады. Айналым қаражаттары дегеніміз өндірістік запастарды құру өндіріс процесінің үздіксіздігін және өнімнің сатылуын қамтамасыз ететін авансылау үшін қажетті ақша ресурстарын айтуға болады. Болжамдау тәсілдері бойынша олар нормаланған және нормаланбаған болып бөләнеді.

Норамаланған айналым құралым болып өндіріс және өнімді өткізу үшін қажет минималды запастардың нормативтері бекітілетін айналым қаражаты табылада. Нормаланбаған айналым қаражатына нормативтері бекітілмейтін айналым қаражаттары жатады (ақша құралдары, тиелген өнім үшін сатып алушылармен есеп айырысу, ұйымдармен және тұлғалармен түрлі есеп айырысулар, жетіспей қалу және т.б.).

Өндіріске қызмет көрсететін айналым қаражаты, материалдары, құны аз заттарды, ыдыстарды қосалқы бөлшектерді қоса алғандағы барлығын өндіріс саласындағы қаражаттар деп айтылады. Оларда кәсіпорынның айналым қаражатының негізгі бөлігі жинақталған. Айналыс сферасындағы айналым құралдары өнімді өткізудің үздіксіз процесіне, есеп айырысулардың дәл уақытында жүргізілуіне арналған және дайын өнімнен, тиелген тауарлардан, ақша құралдары мен есеп айырысулардағы құралдардан тұрады. Айналым құралдарының қалыптасу көздері өзінді және займдық болып бөлінеді. ¤зіндік айналым қаражаттары және оларға теңестірілген қаражаттар болашаққа запастар мен шығындарды аз көлемде жабу үшін қаражат бөлінеді және кәсіпорынның тұрақты иелігінде болады. Займдық айналым қаражаты мерзімдік шығыгдарды және запастарды, және ақша құралдарына, мысалы өндірістік тапсырмаларды артық орындаумен байланысты уақытша қажеттілікті жабу үшін пайдаланылады. [23, 47 б]

Кәсіпорынныңғ қаржылық қызметін талдау үшін мәліметтердің негізгі көзі – есептік бухгалтерлік баланс, балансқа қосымшалар. Қаржылық қордың және оның жеке баптарының мазмұнын дәйектейтін басқада есептік формалар қаржы көрсеткіштеріне әсер ектен факторларды зерттеуге мүмкікндік береді. Сонымен қатар, қаржылық жоспардың тартылған мәліметтер дебиторлық және кредиторлық борыштарының қалыптасуының мерзімін көрсетеді.

Өндіріс тиімділігін арттыратын резервтерді анықтау мен пайдалануды талдауға айрықша орын беріледі. Бұл ресурстарды ұтымды, үнемді пайдалануға, алдыңғы қатарлы тәжірибені анықтап, енгізуге, еңбекті, жаңа техника мен өндіріс технологиясын ғылыми тұрғыдан ұйымдастыруға, артық шығындар мен жұмыстағы кемшіліктерді болдырмауға және т.б. ықпал етеді. Осының нәтижесінде кәсіпорынның экономикасы нығаяды, қызметінің тиімділігі артады.

Соныменен, шаруашылық қызметті талдау өндірісті басқару жүйесіндегі маңызды элемент, ішкі шаруашылық резервтерді анықтаудың құралы, ғылыми негізделген жоспарлар мен басқару шешімдерін әзірлеу негізі болып табылады.

Талдаудың кәсіпорынды басқару құралы ретіндегі рөлі қазіргі кезде артып келеді. Бұл әртүрлі мән-жайлардан туындап отыр:

- шикізаттың жетіспеушілігі мен құнының артуына, өндірістің ғылымды және капиталды көп қажет етуіне байланысты өндіріс тиімділігін толассыз арттыру қажеттігінен;

- басқарудың әкімшілік жүйесінен кету және нарықтық қатынастарға біртіндеп көшуден;

- меншікті мемлекет иелігінен алу, кәсіпорындарды жекешелендіру мен экономикалық реформаның басқа да шараларына байланысты шаруашылық жүргізудің жаңа формаларын құрудан.

Осындай жағдайларда кәсіпорын басшысы тек өзінің түйсігіне және ойындағы пайымдауларына ғана арқа сүйей алмайды. Басқару шешімдері мен іс-әрекет дәл есептеулерге, терең және жан-жақты экономикалық талдауларға негізделуі тиіс. Бірде-бір ұйымдастыру, техникалық жэне технологиялық шаралар соның экономикалық дұрыстығы негізделмейінше жүзеге асырылмауы тиіс. Шаруашылық қызметті талдау рөлін дұрыс бағаламау, жоспардағы және басқару шешіміндегі қателіктер қазіргі кезде бірқатар шығындарға душар етеді. Шаруашылық қызметті талдау байыппен қарайтын кәсіпорындар жақсы нәтижеге, жоғары экономикалық тиімділікке жетеді. [9, 108 б]

Кез-келген бизнес келесі үш басты сұрақтарды қоюмен оған жауап іздеуден басталады:

- Кәсіпорын алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындауға мүмкіндік беретін кәсіпорынның активтерінің тиімді құрамымен көлемі қандай болуы қажет;

- Қаржыландырудың көздерін қайдан табу қажет және олардың тиімді құрамы қандай болуы қажет;

- Кәсіпорынның төлем қабілеттілігімен қаржылық тұрақтылығыгн қамтамасыз ететін қаржылық қызметі ағымдағы басқаруды қалай ұйымдастыру қажет; [11, 67 б]

Кәсіпорындардың қаржысы сферасындағы сан алуан қатынастар олардың шаруашылық қызметi процесiнде басқа шаруашылық жүргiзушi субъектiлермен болатын мынадай топтарға iрiлендiрiлген ақша қатанастарына саяды:

- Басқа да әр түрлi кәсiпорындамен және ұйымдармен (олар: өнiм өткiзуден түсiм ақша алу, өткiзуден тыс табыстар, материалдық шығындарды өтеу, бағалы қағаздарды өткiзу, басқа кәсiпорындардың акциялары мен облигацияларына қаражаттарды инвестициялау және т.б.);

- Өзiнiң еңбек ұжымымен (бұл қатынастар еңбеккке ақы төлеудi, сыйлық қорын жасауды, табысты бөлу және тұтыну қоры, қызметкерлердiң қаражатарын тартуды) ортақтастырады;

- Өз iшiндегiбөлiмдерменолардың арасында қаржы ресурстарын тиiмдi бөлумен;

- Мемлекетпен – бюджетке салықтар төлеу, бджеттен қаржыландыру кезiнде, мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алған кезде валюта қорлары мен ресурстарды қалыптастырады;

- Банктермен (қаржы қатынастарынының бұл тобы банк кредитттерiн алу, оларды қайтару, кредиттер бойынша пайыздар төлеу, банктерге уақытша пайдалануға белгiлi бiр бос ақшаларды беру);

- Сақтаныру органдарыменмүлiктi, қызметкерлердi, коммерциялық және коммерциялық емес тәуекелдi сақтаныру жөнiнде. [5, 40 б]

Кәсіпорындардың қаржысына бiр жағынан жалпы қаржылардың экономикалқы табиғатымен сипататйтын белгiлер, басқа жағынан қоғамдық өндiрiстiң түрлi сферасындағы қаржылардың қызмет етеуiне байланысты ерекшелiктер тән. Осылайша корпорация қаржыларына келесi белгiлер тән:

- Қаржы қатынастарының көпқырлылығы, олардың нысандары мен мақсатты арналымының сан алуандығы;

- Өндiрiстiк құралдардың мiндеттi болуы және оларды қалыптастырумен, көбейтумен және қайта бөлумен байланысты қатынастардың пайда болуы.

- Жоғары белсендiлiк, кәсiпорындардың шаруашылық қызметiнiң барлық жағына әсер ету мүмкiндiгi;

- Корпорациялардың қаржысы бүкiл қаржы жүйесiнiң айқындаушы негiзi болып табылады.

Корпорацияның тұрақты қаржы жағдайы бірнеше кезекте келесідей сапалы көрсеткіштерді жетілдіруге байланысты: еңбек өнімділігі, өндірістің рентабельділігі, қор қайтарымы сонымен бірге пайда бойынша жоспардың орындалуы. Корпорация қаражаттарының ұтымыды орналастыруына өндірістің материалды-техникалық қамтамасыз етілуінің дұрыс ұйымдастырылуы, ақша айналымының жылдамдату бойынша жедел қызмет. Сондықтан да, қаржылық жағдай талдау қаржы-шаруашылық қызметті талдаудың соңғы сатысында жүргізіледі. Сонымен қатар, корпорацияның қаржылық қиындықтары, есеп айырысуларды дер кезінде жүргізу үшін қаражаттардың жоқтығы, жектізу тұрақтылығына әсер етуі және материалды-техникалық қамтамасыз ету ырғағын бұзуы мұмкін. Осыған байланысты корпорацияның қаржылық жағдайын талдау және оның қазметінің басқа тұстарына талдау жүргізу бір-бірін толықтырып тұруы қажет.

Талдаудың міндеттері болып қаржы талдауын жалпы бағалау, мақсатты бағыт бойынша қаражаттардың жұмсалуын тексеру, қаржылық қиындықтардың себебін анықтау, қаржы ресурстарын пайдалануды жақсарту мүмкіндіктерін айқындау, қаржы құралдарының айналымын жылдамдату және қаржы жағдайын нығайту табылады. [17, 106 б]

Корпорация жағдайын дәл бағалау және арықарай шешім қабылдау үшін біз жақсы немесе жаман деп айта алмаймыз, бізге тарихи сандық базаның болуы қажет, қаржы нәтижелері туралы есеп пен баланс статьларының мәліметтерін салыстыра отырып корпорацияның экономикалық жағдайын бағалауға мүмкіндік беретін коэффициенттер жүйесін анықтау қажет. Бұл коэффициенттерді талдау жетекшіге корпорация ресурстары мен міндеттемелері қалай пайдаланылуда екендігін түсінуге, басқару шешімдерінің бұрын қабылданған нәтижелері ретіндегі болып жатқан өзгерістерді ескеріп отыруға мүмкіндік береді. Мұндай талдау тауарлардың үлкен запасын анықтауға жоғары шығынды бағалауға, өлшемсіз несиелерді бағалауға, қарызды дәл уақытысында төлеу қабілетін, корпорацияды тиімді басқарудың салыстырмалылығы мәселесіне жауап беруге көмек береді.

Қаржы жағдайын байқауға қанша және қандай коэффициентерді немесе көрсеткіштерді талдау қажет деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа жауап өте жеке және Корпорация көлемі мен қызмет түріне байланысты, сонымен бірге осы мәселені қарастыру үшін корпорацияның аз ғана ақша бөле алатын қаржы және уақытша шығындары болып табылады. Коэффициентерді талдау, егер ол артық бөлікке бөлініп талданатын болса өзінің мәні мен дәлдігін жоғалтуы мүмкін екендігін айтып өту қажет.

Коэффициентерді талдау тек корпорация басшысы үшін мүдделі емес. Банкир немесе басқа мүмкін инвестор түрлі коэффициент және көрсеткіштерді салыстыра келе несие бөлу туралы шешімді қабылдауда пайдалана алады. Бұл корпорация қызметінің көрсеткіштерін зертте келе, потенциалды серіктес осы немесе басқа кәсіпкермен іс жүргізу бола ма не болмайтындығы туралы қорытынды жасайды, Егер кәсіпкер өз кәсәіпорнын сатқысы келсе, бірқатар коэффициентердің көлемдері оған сатып алушы төлеуге дайын болатын бағаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін. [2, 98 б]

Коэффициенттердің (көрсеткіштердің) төрт негізгі категорияларын қарастырайық:

- өтімділік

- пайдалылық

- қаржы міндеттемелерін пайдалану

- ағымдық көрсеткіштер.

Қажеттілігіне қарай басқа да коэффициенттерді пайдалануға болады.

Өтімділік білдіреді: 1) – есеп счеттарды өз уақытында төлеу үшін ақша құралдарының қажетті запастарын иелену және 2) – ақша құралдарына кенеттен пайда болатын қажеттілікті қанағаттандыру қабілеті.

Корпорацияның өтімділігінің бірінші және басты өлшемі жалпы өтімділіктің коэффициенті немесе жабу коэффициенті болып табылады. Жабық коэффициенті тез өтімді активтерін пайдалана отырып, қысқа мерземді міндеттемелерді мерзімінде төлеуге корпорацияның қабілетін анықтайды. Бұл коэффициент ағымдық активтердің ақша бірліктері ағымдық (қысқа мерзімді) міндеттемелердің бір ақша бірлігіне қаншасы келетіндігін көрсетеді. Егер арақатынас 1:1-ден аз болса, ағымдық активтерден міндеттемелердің асып кетуін білдіреді. Бұл қаржы жоғары тәуекелділік туралы, сонымен бірге өнімді өткізу қиындықтары туралы, сондай-ақ материалды-техникалық жабдықтауды нашар ұйымдастырғандығы туралы куә бола алады. Бұл корпорация активтері жеткіліксіз рационалды пайдаланғандығы туралы және корпорация қызметі көбінесе кредиторларға байланыстылығы жөнінде алдынала ескерту болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. [14, 50 б]

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы деген ұғым келешектегі төлем қабілеттілікпен тығыз байланысты. Қаржылық тұрақтылықты бағалау талдаудың сыртқы субъектілеріне (әсіресе инвесторларға) кәсіпорынның қаржылық мүмкіндіктерін ұзақ мерзімге (бір жылдан аса) анықтауға мүмкіндік береді. Нарықтық экономика жағдайында өндіріс процесін жүзеге асыру, оны ұлғайту, кәсіпорынның әлеуметтік және басқа да мұқтажын өзін-өзі қаржыландыру, яғни меншікті қаражаттар, ал олар жеткіліксіз болғанда - қарыз қаражаттары есебінен жүргізілетіндіктен, сыртқы қарыз беру көздерінен қаржылық тәуелсіз болудың мәні зор, алайда оларсыз да жұмыс жүргізу қиын, ал кейде тіпті мүмкін емес. Сондықтан заемдық, меншікті және жалпы капиталдардың ара-қатынастары әр түрлі қырынан зерттеледі. Ол үшін бірнеше жылдардағы К³1, K³2, К³3 капитал құрылымының коэффициенттері есептеледі және талданады:

K³1 = Заемдық қаражаттар (4)

Жалпы капитал

Осы жағдайдағы заемдық қаражаттар кәсіпорынның міндеттемелерін білдіретін ағымды пассивтерді, ұзақ мерзімді пассивтерді, басқа да пассивтерді білдіреді (яғни II және III баланс пассиві бөлімінің қорытындысы).

Қаржылық тұақтылық дегеніміз сенімді кепілдігі бар төлем қабілеттілік, нарық конъюктурасының кездейсоқтығы мен серіктестердің әрекеттеріне тәуелді болмау. Сондықтан бағалаудың осы түрі, жақыннан қараған кезде, төлем қабілеттілікке жатады. Көбінесе төлем қабілеттілікті өтімділікке ұқсатады және керісіше. Сондықтан кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы деп, менің ойымша, қаржылық тұрақтылықты біршама ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін қаржылық теңдестік нүктесін түсіну керек. Теңдестік нүктесі - бұл нормативтік база емес, қауіпсіздік алаңы, бұл қаражаттарды қарызға алуға тиым салуды және меншікті қаражаттарды жинауды емес, керісінше тек теңдестіктің ұтымды деңгейін білдіреді. Яғни бір сөзбен айтқанда мүмкін болатын шеткі деңгей (өзін-өзі өтеу нүктесі).

Кәсіпорынның қаржылық жағдайынының маңызды сипаттамаларының бірі - ұзақ мерзімді болашақ позициясынан қызметінің тұрақтылығы. Шаруашылық жүргізуші субъектінің қызметі жан-жақты сипатталуы мүмкін, бірақ ең жалпы жағдайда оны ақша қаржаттарының кезектескен ағып келуі мен ағып кетуінің жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Ақша ағымының бір бөлігі кәсіпорын қызметінің кысқа мерзімді болашағы сипаттамасына жатады, ал екінші бөлігі осы қызметті ұзақ мерзімді аспектіде сипаттайды. Соңғысы ең алдымен кәсіпорынның жалпы қаржылық құрылымына және кредиторлар мен инвесторлардан тәуелділік дәрежесіне байланысты болады (Ковалев В.В.,2003).

Тауарлы-материалдық қорлардың қалыптасу көздерін сипаттау үшін үш негізгі көрсеткішті анықтайды:

1. Меншікті айналым капиталы. Ол меншікті айналым қаражаттарын сипаттайды, өткен кезеңмен салыстырғандағы оның ұлғаюы кәсіпорын қызметінің онан арғы дамуын дәлелдейді. Бұл көрсеткіш келесі формуламен (5) анықталады [18, 275-285 б]:

Со.к.= Ск - Да , (5)

мұндағы Со.к. – меншікті айналым капиталы;

Ск – меншікті капитал;

Да – ұзақмерзімді активтер.

2. ТМҚ-ның меншікті және ұзақ мерзімді қарыздық қалыптасу көздері немесе перманентті айналым капиталы. Ол алдыңғы көрсеткіштің ұзақмерзімді міндеттемелер соммасына ұлғаюымен анықталады, оның формуласы (6) келесідей анықталады:

Сок]д= Со.к. + До, (6)

мұндағы, Сок]д- перманентті айналым капиталы;

До – ұзақмерзіміді міндеттемелер.

3. ТМҚ негізгі қалыптасу көздеренінің жалпы мөлшері келесі формуламен (7) анықталады [18, б.275-285]:

ИО= Сок]д + Кк, (7)

мұндағы, ИО- ТМҚ негізгі қалыптасу көздеренінің жалпы мөлшері;

Кк – қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар.

- Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бейнелейтін негізгі көрсеткіштердің бірі баланс валютасында меншікті қаражаттардың үлесін анықтайтын тәуелсіздік коэффиценті болып табылады, ол формула (8) бойынша анықталады [19, 249-256 б]:

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау мен болжамдауды дамыту мәселелері және жетілдіру жолдары - student2.ru , (8)

мұндағы, Кн- тәуелсіздік коэффиценті;

Ск – меншікті капитал, мың теңге;

∑К – капиталдың жалпы соммасы, мың теңге.

- Қалыптасқан қауіпті жағдайды тәуелсіздік коффицентіне кері көрсеткіш болып табылатын тәуелділік коэффиценті де көрсетеді. Ол келесі формула (9) бойынша қарастырылады [19, 249-256 б]:

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау мен болжамдауды дамыту мәселелері және жетілдіру жолдары - student2.ru Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау мен болжамдауды дамыту мәселелері және жетілдіру жолдары - student2.ru немесе Кз = 1- Кн, (9)

мұндағы, Кз- тәуелділік коэффиценті;

Зк- қарыз капиталы.

- Қаржылық тұрақтылықты сипаттайтын келесі көрсеткіш қаржыландыру коэффиценті болып табылады, оның формуласы (10) [19, 249-256 б]:

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау мен болжамдауды дамыту мәселелері және жетілдіру жолдары - student2.ru(10)

мұндағы, Кф – қаржыландыру коэффиценті.

Коэффицент кәсіпорынның қызметінің қай бөлігі меншікті қаражаттар арқылы, және қай бөлігі қарыз қаражаттары арқылы қаржыландырылатынын көрсетеді. Оның мәні Кф ≥ 1 болуы қажет.

- Қарыз және меншікті қаражаттар арақатынас коэффиценті активтерге салынған меншікті капиталдың 1 теңгесіне қанша қарыз капиталы тартылғанын сипаттайды, ол келесі формуламен (11) есептеледі [19, 249-256 б]:

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау мен болжамдауды дамыту мәселелері және жетілдіру жолдары - student2.ru (11)

Бұл көрсеткіштің қалыпты шегі Кз]с ≤ 1.

- Қаржылық тұрақтылықты сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі болып маневірлілік коэффиценті табылады. Коэффицент еркін маневр жасауға мүмкіндік беретін кәсіпорын меншікті капиталының қай бөлігі мобильді түрде екенін көрсетеді. Бұл көрсеткіштің төменгі деңгейі кәсіпорын меншікті капиталының маңызды бөлігі қысқа уақыт аралығында қолма-қол ақша-қаражаттарына айналу мүмкіндігі жоқ, аз өтімді болып табылатын иммобильді сипаттағы құндылықтарға шоғырланғанын білдіреді.

Кез-келген кәсіпорынның көптеген қаржыландыру көздері бар. Олардың мөлшерін, құрамы мен құрылымын таңдай отырып, кәсіпорын белгілі мүмкіндіктер алады да, өзіне кейбір міндеттемелерді жүктейді. Қаражаттарды қатыстыру әдісін басқару мүмкіндігі нарықтық қатынас жүйелерінің келесі ерекшеліктерімен анықталады.

Біріншіден, ресурстар (материалды, қаржылық, интеллектуалды, ақпараттық және т.б.) жеке меншік иелері арасында тең бөлінбеген.

Екіншіден, белгілі көлемді және құрылымды ресурстарды қалай және қайда пайдамен салуды білетін, бірақ ресурстары жоқ, немесе, керісінше, уақытша бос ресурстарды иемденетін, бірақ оларды қолданудың нақты жолын білмейтін көптеген жеке және заңды тұлғалар кездеседі.

Үшіншіден, ресурстарды қайта бөлуді реттеу жүйесінің екі жағы бар: нормативті (бизнес жүргізудің әртүрлі аспектілері заң жүзінде реттеледі, мысалы, кредиторлар талаптарын қанағаттандырудың кезектілігі) және көтермелеу (ресурстарды уақытша пайдалануға беру кейбір сыйақы орнату жолымен көтермеленеді: еңбекақы, жалдық төлем, пайыздар, дивидендтер және т.б., көтермелеу мөлшері көптеген факторлармен белгіленеді, соның ішінде ұсынылған ресурстарды жоғалту тәуекелі факторларымен).

Кәсіпорынның қаржылық бюджетінің шығыс бөлігі әр бабы бойынша дұрыс немесе бұрыс жұмсалған артық шығынның себебін анықтай отырып талданады. Талдаудың қорытындысы бойынша кәсіпорынның келешектегі төлем қабілетінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ақша қаражаттарының кірісін жоспарланған түрде көбейту резервтері айқындалуы тиіс.

Талдау процессінде аталған көрсеткіштердің динамикасы. Олардің деңгейі бойынша жоспардың орындалуы зерттеледі, шарауашылық аралық салыстырулар жүргізіледі. Осыдан кейін олардың мөлшеріңің өзгеру факторлары зерттеледі.

НӨҚ-дың құрылымы мен динамикасын талдау барысында кәсіпорынның негізгі құралдарға капитал салымының өлшемін бағалау қажет, ол арқылы өндірістік қызметтің функционалды ерекшеліктерін анықтауға болады.

Бұндай бөлшектеу оларды оптималды құрылымға негізіде қолданудың тиімділігін көтеру резервтерін анықтау үшін қажет.

Директордың міндеті ЖШС «ФудМастер» компаниясының жарғысында көрсету коэфиценті (К түзету)

Тозу

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау мен болжамдауды дамыту мәселелері және жетілдіру жолдары - student2.ru К түзету = ­­­­­­­­

НҚЖ баланс құны

Жарамадылық коэффиценті (К жарамдық)

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау мен болжамдауды дамыту мәселелері және жетілдіру жолдары - student2.ru К жарамдық = НҚЖ қалдық құны

НҚЖ бастапқы құны

Келесі талдау амалы бұл кәсіпорынның негізгі өндірістік корларымен қамтамасыз етуін талдау, яғни жеке машина түрлерімен қамту өнім шығаруы бойынша жоспардың орындалуына қажетті жоспардың қажеттілігімен нақты саны салыстырып олардың механизімі белгіленеді.

Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларының қамтамассыз етуін көрсететін жалпылама көрсеткіштердің бірі бұл – қаржырықтандыру мен техникалық жарақтандыру мен техникалық көрсету.

Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты келесілер болып табылады:

- қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;

- активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;

- айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;

- қаржы – есептік және несие ережесін сақтау;

- кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;

- ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;

- баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалық көрсеткіштерін анықтау;

- кәсіпорынның табыстылығын бағалау;

- кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерің, сондай ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;

- кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;

- кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.

Талдаудың негізгі мақсаты - қаражаттың қызметтегі кемшіліктерді дер мезгілінде анықтап, оларды жою, кәсіпорын қаражатының жағдайын және төлеу қабілеттілігін жақсарту резервтерін табу.

Наши рекомендации