Макдональдс корпорациясы

1–тапсырма.Мәтінді оқыңыз және мазмұндаңыз.

«Макдональдс» - тез қызмет көрсететін қоғамдық тамақтандыру орны. Негізгі тағамы туралған бифштекс. «Макдональдс» нарық әлемінде аты әйгілі ірі дәмханалар жүйесі. Ұқыпты ойластырылған маркетингілік бағдарлама өзіне бәсекелес фирмаларды басып озуға алып келді (привело).

1955 жылы сүт коктейльдерін дайындайтын 52 жастағы Рей Крок Ричард және Моррис Макдональдтердің жеті мейрамханадан тұратын жүйесімен танысады. Рей Крокка олардың тез қызмет көрсету идеясы ұнағандықтан, ол осы жүйені бұрынғы атауымен қоса 22 млн. долларға сатып алады.

Крок жүйені кеңейту мақсатында «Макдональдс» атауын басқа кәсіпорындардың иелері пайдалану құқын (право), яғни 150 мың долларға лицензиясын сата бастады. Лицензияны сатып алған кәсіпорын қызметкерлері «Макдональдс» фирмасының «Бифштекс университетінде» он күндік курс оқып, «бифштекстану» және майға қуырылған картоп талшықтарын пісіру жөнінде сертификат алып шығады.

«Макдональдс» дәмханаларын жастардың думан орнына айналдырмау мақсаты көзделген. Ол жерде не саз аспаптары, не теледидар жоқ, темекі де сатылмайды. Дәмханаларда өте таза және қызмет көрсету сапасы жоғары деңгейде. «Макдональдс» дәмханалары жанұялардың тамақтану орнына айналған, оны әсіресе, балалар жақсы көреді.

Рей Кроктың маркетингілік стратегиясын үш сөзбен айтуға болады: сапа, қызмет көрсету (сервис) және тазалық. (Ф.Котлер. «Маркетинг негіздері», 23 б).

2 – тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. «Макдональдс» қандай жүйе?

2. «Макдональдс» аталуының себебін білесіз бе?

3. Рей Крок деген кім?

4. Рей Крок неге осы дәмханалар жүйесін сатып алды?

5. «Макдональдс» сияқты дәмханалар жүйелеріне сіздің көзқарасыңыз қандай?

3-тапсырма. Керекті жалғауларды жалғаңыз.

1. «Макдональдс» нарық әлемі.... аты әйгілі ірі дәмханалар жүйе.... .

2. «Макдональдс» дәмханалар.... жастар.... думан орны.... айналдырмау мақсаты көзделген.

3. Рей Крок..... олардың тез қызмет көрсету идея..... ұнады.

4. «Макдональдс» өзіне бәсекелес фирмалар..... басып озды.

5. Лицензия... сатып алған кәсіпорын қызметкерлер... «Макдональдс» фирмасы.... «Бифштекс университетінде» он күндік курс оқиды.

СӨЖ такпсырмалары

Ұлттық тағам

1-тапсырма. Мәтінді мазмұндап, аудару.

Қазақ өте қонақжай халық. Қонақтың алдына барлық тәтті тағамды қойған. Бұл дәстүр ұрпақтан — ұрпақққа жалғасуда. Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған, әрі қастерлей білген. «Ас-адамның арқауы», «Ас атасы — нан», «Жаман ауруға —жақсы ас» деп халық тегін айтпаған. Асқа байланысты салт-дәстүрлер: қонақасы, табақ тарту, сарқыт, асар, т.б. Ырым бойынша дастарқанға қойылған дәмнен ауыз тимей кетуге болмайды. Қазақ дастарқанына ұннан, сүттен, еттен жасалған тағамдар қояды.

Қазақтың ұлттық тағамдарының ішінде еттің орны ерекше. Eт дәмділігімен және өзінің құрамындағы адам организміне пайдалы белоктық заттармен құнды. Үлкен тойларда, тағы басқа жиындарда мал сойылып, меймандарға табақ тартылады. Алуан турлі қуырдақ, қазақша ет, бұқпа, көмбе, сырбаз секілді тағамдар дастарқанымыздың қадірін арттыра түседі.

Ұлт тағамдарының негізі болып табылатын сүттің орны бөлек. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен «ақ» деп атайды. Сүттен қымыз, шұбат, қатық, малта, май, ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ, айран сияқты тағамдар жасаған.

Сүт тағамдарының қасиеті мол, әрі денсаулыққа пайдалы.

Ұннан жасалатын тағамдар: бауырсақ, шелпек, құймақ, күлше, таба нан. «Дәнді шашпа, нанды баспа» деп халқымыз нанды аса құрметтеген.Бұл тағамдардың бәрін ысырап етпей пайдалана білген.

"Қонақ келсе - құт" деп білген халқымыз үйіне келген мейманына мал сойып, ақ дастарханынан дәм татырып, айрықша ілтипат білдіреді. Осындай жөн-жоралғылар арқылы ұрпаққа өнеге боларлық ұлағатты іс, әдет-ғұрыптар сақталып отырған. Келген қонаққа тартылатын табақтың түрлері өте көп. Ең негізгілері бас табақ, сый табақ, қос табақ, жай табақ болып бөлінеді. Одан кейін мейманның жолына, дәрежесіне қарай күйеу, келін, жеңге, жезде, жастар табағы деп айтылады екен.

2-тапсырма.Ұлттық тағам туралы реферат дайындау

14-сабақ

Жеке кәсіпкерлік.

Етіс категориясы

1-тапсырма.Мәтінді мазмұндаңыз, аударыңыз.

Жеке кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі (активность) және іскерлігі (деловитость). Белсенділік, іскерлік адамдардың мінез-құлқымен байланысты болатын шығар. Өзіңіз ойлаңызшы: холерик пе, сангвиник пе, флегматик пе әлде меланхолик пе? Адамдардың белсенділігі әртүрлі болады: саяси, әлеуметтік, экономикалық, әскери, тарихи т.б.

«Кәсіпкерлік» деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады. Кәсіпкерлік – ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал, оның дамуы орта ғасырдан басталды: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерлік қабілеттілік – адамдардың ерекше дарындылығы.

Кәсіпкер – бұл тәуекелге (риск) баратын адам. Тәуекелге бару үшін істелетін істі айқын талдап, қорытындысында не болатынын білген жөн. Кәсіпкерлікпен айналысу үшін:

1. Экономикалық жағдай.

2 Әлеуметтік жағдай. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру үшін тұтынушыларда тауар сатып аларлық қаражаты болуы керек. Олардың тауарға, қызметке деген талғамы, сұранысы болуы шарт. Әлеуметтік (социальное) жағдай әрбір адамның еңбекақы (зарплата) мөлшерімен байланысты.

3. Құқықтық жағдай. Ең бастысы, кәсіпкерлік істерді реттейтін заңдар болуы шарт. Оған мыналар жатады: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, салық туралы заңдар, шағын орта бизнесті қолдайтын органдар т.б.

(Кәсіпкерлік негіздері, оқу құралы)

1-тапсырма.Сөздікті дәптерге жазып, жатта.

айқын – ясный, явный, заметный тұтынушы–потребитель, употреблять тәуекел – риск, тәуекелге баратын, идет на риск әлеуметтік – социальный ежелден – древний, давные дамуы – развитие, развиваться қабілеттілік – способность ерекше – особый дарындылығы – одаренный, талантливый, способный выгоду - пайдасын кәсіпкер - предприниматель талдап – анализ, разобраться қаражаты – средство, деньги талғамы – вкус сұраныс – спрос байланысты – зависимый шарт – договор, условия белсенді – активный іскерлігі – деловитость еңбекақы – зарплата на процветание - гүлденуіне квалифицированные -білікті мамандар решают- шешеді,

2-тапсырма.Мына сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Кәсіпкерлік дегеніміз не?

2. Кәсіпкерлік қай кезден бастап дами бастады?

3. Кәсіпкер адам қандай болуы керек?

4. «Тәуекелге бару» дегенді қалай түсінесіз?

3-тапсырма.Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қазақ кәсіпкері қандай болуы керек?

2. Кәсіпкер (неге?) белсенді араласып, жағдай жасауы керек.

3. Кәсіпкерлікті дамыту үшін (нені?) дамыту керек және (неге?) көңіл бөлу қажет.

4. Кәсіпкерлік – ежелден келе жатқан (кімнің?) белсенділігі және іскерлігі.

5. Кәсіпкерлік қабілеті бар қоғам құру үшін бірінші, (не?), екінші, (не?) қажет.

4-тапсырма.Берілген сөздерді сөз тіркестеріне айналдырыңыз.

кәсіпкер,
белсенді
тәуекелге баратын іскер тұтынушы...................... .

Ойтүрткі.

1. Кәсіпкерлікпен айналысатын адам белсенді болуы керек.

Сіздің ойыңыз: __________________________________________

2. Кәсіпкерлік қабілеттілік – адамдардың ерекше дарындылығы.

Сіздің ойыңыз: __________________________________________

5-тапсырма.Екі бағанадағы сөздерді сәйкестендіріп, төмендегі үлгі бойынша толтырыңыз.

1. Кәсіпкерліктің ерекшелігі А) белгілі бір істі істей білу
2. Пайда Ә) дербестік және тәуелсіздік
3. Кәсіпкерлік дегеніміз Б) кәсіпорынның басты мақсаты
4. Кәсіпкерлік қабілеттілік В) бұл тәуекелге баратын кісі
5. Кәсіпкерлікпен айналысу үшін Г) адамдардың ерекше дарындылығы
6. Кәсіпкер Ғ) экономикалық жағдай керек
(Ә) (Б) (А) (Г) (Ғ) (В)

6-тапсырма.Жақшаның ішіндегі сөздерді қазақ тіліне аударып, өз ойыңызбен толықтырыңыз.

1. Елдің болашақ тағдырын (квалифицированные) кәсіпкерлер (решают).

Сіздің ойыңыз: ..............................................................

2. Кәсіпкер өз елінің (на процветание) аянбай жұмыс істейтін, өзінің де (выгоду) табатын, іскер азаматтар болуы керек.

3. Аш-жалаңаш (у народа) (предприниматель) де, халық та байымайды.

7-тапсырма.Тиісті жалғауларды қойыңыз.

1. Кәсіпкер өз ісі [-нің, -нде] шын берілген және одан қанағат алу [-да, -ы, -ға] парыз.

2. Кәсіпкерлік [-тің, -пен, -ке] айналысу үшін бизнес-жоспар [-ы, -мен, -ды] болуы шарт.

3. Кәсіпкер пайда табу үшін қоғам [-ның, -ға, -мен] керекті тауарлар мен қызметтерді өндіру керек.

4. Кәсіпкер [-дің, -ге, -мен] басты мақсаты жұмсаған қаржысы [-мен, -на, -н] қосымша өсім алу.

8-тапсырма.Тіркестерді қазақ тіліне аударыңыз, сөйлем құрастырыңыз.

Малое предприятие, до понедельника, с бизнес-планом, от пользы крупному предпринимателю, идти на риск, активность человека, особенности предприятия.

9-тапсырма.Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз.

1. Бұл, баратын, тәуекелге, кәсіпкер, кісі.

2. Кәсіпкер, істейтін, жұмыс, кісі, аянбай.

3. Тек қана, өз, уақытын, тәуекелге, іс қабілеттілігін, сонымен бірге қаржыларын, акционерлердің, салады, кәсіпкер, салмайды, тәуекелге.

4. Елде, кәсіпкер де, аш-жалаңаш, болмайды, халық та, байымайды.

5. Адамдардың, кәсіпкерлік, ерекше, қабілеттілік, таланттылығы.

10-тапсырма.Мына сөйлемдердегі ойды кеңейтіңіз.

Үлгі:Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу.

1. Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі ерекше ынталылықпен, жауапкершілікпен істей білу.

2. Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі ерекше ынталылықпен, жауапкершілікпен істей білу және сол істен мол пайда табу.

3. Елдің тағдырын кәсіпкерлер шешеді.

4. Өз елінің гүлденуіне жұмыс істейтін азамат болуы керек.

5. Кәсіпкерлікпен айналысу үшін жағдай керек.

11-тапсырма.Сөйлемді толықтырыңыз.

1. Кәсіпкер ........................................................кісі.

2. Кәсіпкер ........................................................адам.

3. Кәсіпкерлікпен айналысу үшін............................... .

4. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қалыптастыру үшін .................................... болуы шарт.

5. Кәсіпкер ............................................................... қанағат алуы парыз.

12-тапсырма. «Егер де мен кәсіпкер болсам....» тақырыбына шығарма жазып келіңіз.

13 тапсырма. Мәтін бойынша өз пікіріңізді білдіріңіз.

ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІК

Азаматтардың өз атынан мүліктік жауапкершілікке негізделе отырып, жүзеге асыратын дербес бастамалық қызметі. Жеке кәсіпкер әдетте кәсіпорынды өзінің меншікті капиталымен қаржыландырады. Барлық тәуекелді өзінің мойнына алады және осы қызметке байланысты өзінің міндеттемелері бойынша барлық мүлкімен жауап береді.

Жеке кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті пайдаланып не пайдаланбай жүзеге асыры алады. Сонымен қатар заң актілерімен шектелмеген шаруашылық қызметтің барлық түрін де жүргізеді. Жеке кәсіпкердің мынадай құқықтары бар:

- мемлекеттік кәсіпорындардың және басқадай меншік түрлеріне негізделген кәсіпорындардың мүліктерін толық немесе жартылай иемденеді,

- шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметіне өз мүлкімен қатысі,

- келісімшарт негізінде жұмыскерлерді жалдау және жұмыстан босату,

- еңбекақы нысандарын, жүйесін, мөлшерін өздерінше белгілеу,

- шаруашылық қызметтің бағдарламасын қалыптастыру,

- жабдықтаушылар мен тұтынушыларды таңдау,

- бағалар мен тарифтерді белгілеу,

- таза пайданы пайдалану,

- сыртқы экономикалық қатынастарда болу, және т.б.

Біздің елімізде шағын және орта бизнеспен айналысатын адамдарды кәсіпкерлер деп атайды. Кәсіпкерлер өздерінің жеке фирмасын, серіктестігін, акәионерлік қоғамын, т.б. шағын бизнес түрлерін құрады.

Кәсіптік мекеме өзінің Жарғысында көрсетілген және Қазақстан Республикасының Заңдарына қайшы келмейтін жұмыстармен айналысады. Олар мемлекетке салық төлеп отырады. Сондай-ақ, халықтың тұрмысына, мәдениетіне, денсаулығына қолдау көрсетіп, қайырымдылық шараларға қатыса алады. Олар өндіріс, сауда, көлік, тамақ, мәдениет т.б. кәсіптің түрлерімен айналысуға құқылы.

Қазақстан Республикасының экономикалық және мәдени салаларында үлкен бизнестің маңызы зор. Олар: корпорациялар, компаниялар, трестер мен банктер, т.б. үлкен бизнеспен айналысатындарды ірі кәсіпкерлер дейді. Мемлекеттік, бүкілхалықтық немесе аймақтық маңызы бар салаларда мемлекеттен қаржы алмай, өз қаржыларымен жұмыс істеуді үлкен бизнес дейді.

14-тапсырма. Сұрақтар бойынша ой бөлісіңіз.

1. Елімізде қандай күрделі өзгерістер болды?

2. Халқымыздың тұрмыс жағдайын көтеру үшін не істеп жатыр?

3. Кәсіпкер деген кім? Егер кәсіпкер болсаң не істер едің?

4. Кәсіпкер қандай салаларда бизнес аша алады?

5. Ол мемлекетке қандай көмек көрсете алады?

6. Адамдарға қандай көмек көрсете алады?

15-тапсырма. Жапон менеджері Коносуке Мацусита бизнесменнің бойында мынадай 7 қасиет болу керек дейді. Оларды есіңізде сақтаңыз.

1. Қулық жасама.

2. Адал бол.

3. Өз орнында қожайын бол.

4. Кешегі күнді місе тұтпа.

5. Таным-білімінді ұдайы жетілдіре түс.

6. Айналаңдағыларға түсіністікпен қара. Сырт дүниені ешқашан ұмытпа.

Қолында барға, алатын нәрсеңе шүкіршілік ет.

7. «Кім үшін жұмыс істеймін?» - деген сұрақты қайталаудан жалықпа. Жауап біреу – қоғам үшін.

3-тапсырма. Берілген сөздерді оқып, түбірлес сөздерді жеке-жеке бағанаға жазыңдар. Басқа сөздермен толықтырыңыз.

Кәсіпкерлер, серіктестік, қоғам, кәсіппен, қаржы, жарғы, кәсіптік, қаржылық, қаржысыз, өндіріс, бизнес, кәсіби, қаржылай.

16-тапсырма. Кәсіпкер, іскер адамның бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыз? Ақыл-кеңес ретінде «Білгенге маржан» деген айдармен 10 сөйлем жазыңыз.

Үлгі: Уақытты жоспарлай білуі керек. Тәртіпті жақсы көруі керек.

1. ...

2. ...

3. ...

4. ...

СОӨЖ тапсырмалары

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС

2008 жыл Қазақстанда «шағын және орта бизнесті қолдау жылы» ретінде жарияланды.

1-тапсырма.Мәтінді мазмұндеп, аудару.

Шағын кәсіпкерлік – нарықтық экономиканың қайнар көзі болып табылады. Қазір Қазақстанда 455 мың жеке кәсіпкер,
169 мың фермерлік шаруашылық, 120 мыңға жуық шағын және орта кәсіпорын жұмыс істейді. Еуропаның дамыған елдерінде шағын және орта кәсіпкерліктің өнімі ішкі жалпы өнімнің 40-60 пайызын құраса, бізде бұл көрсеткіш әлі 15,7 пайызды құрайды екен. Осыған қарап-ақ елімізде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны өсіп келе жатса да, олардың Қазақстан экономикасына қосар үлесі әлі де мардымсыздау екенін мойындауға тура келеді. Кәсіпкерліктің салалық құрылымы да әзірге көңіл көншітерліктей емес. Соңғы 10 жылдың ішінде сауда мен қызмет көрсету саласының үлесі 60 пайыздан асып кеткен көрінеді. Ал өндіріс пен өнеркәсіпке бет бұрғандар аз. Бұл да еліміздегі кәсіпкерліктің салаларын әртараптандыру қажеттігін көрсетеді.

2-тапсырма. Сұхбатты оқып, көзқарасыңызды білдіріңіз.

Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының төрағасы Азат Перуашев 2008 жылы болған «Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту» атты халықаралық конференцияда былай деді:

«Жыл басынан бері кәсіпкерлікті дамытуды тежейтін бірқатар әкімшілік кедергілерді алып тастау үшін Үкіметтің ондаған қаулысы шықты. Қызмет көрсету саласындағы 24 қызмет түріне міндетті лицензиялау талабы жойылды. ҚазірҮкіметтің кезекті қаулысымен кедендік рәсімдерді жеңілдету тәртібі бекітілді. Қажетті құжаттар саны азайып,оларды рәсімдеу мерзімі қысқарды. Бұрын кеденде 9 бақылаушы орган болса, қазір екеу-ақ қалды. Сол себепті мен мемлекеттің шағын кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған шараларына тек қана оң баға беремін».

Экономикалық палатаның төрағасы, сондай-ақ қосымша құн салығына қатысты наразылықтардың бар екенін де жоққа шығармады. Қазір кейбір депутаттар қосымша құн салығын жойып, оның орнын үш пайыздық саудадан түскен салықпен алмастыруды ұсынуда. Олардың пікірінше, қосымша құн салығы күрделі әрі салық органдарының жемқорлығына жол беретін тетік болып отырған көрінеді.

3-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңыз.

Үкіметтік органдар ...

Бизнес өкілдері ...

Қаржылық құрылымдар ...

Даму институттары ...

Отандық кәсіпкерлік ...

4-тапсырма. Қажетті сөздерді қойып, сөйлемдерді толық-тырыңыз.

Шағын және орта кәсіпкерлікті ... – кез-келген ел экономи-касына тиімді. Дамыған елдердің ... көрсетіп отырғандай, шағын және орта бизнесті қалыптастыру мен дамыту экономиканы нығайту үшін қолайлы ... жасайды. Атап айтқанда, салалық және өңірлік монополизм жойылады, рынокта тауарлар мен қызмет-тер көбейеді, жаңа жұмыс ... ашылады, ғылыми-техникалық прогрестің ... өмірге енгізіледі, қоғам тұрақтылығының ... болып табылатын орта тап қалыптасады. Нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлік жүздеген мың адамдар үшін ... сипатқа ие болып, нарық экономикасының қажетті элементіне айналады.

Қажетті сөздер: Алғышарттар, дамыту, орындары, тәжіри-белері, кепілі, жетістіктері, жағымды.

5-тапсырма. Мына сөздерді қатыстырып, жоға-рыдағы сұхбат бойынша пікір алысыңыздар.

Әкімшілік кедергілер, үкіметтің қаулысы, лицензиялау талабы, кедендік рәсімдер, бақылаушы органдар, шағын кәсіп-керлікті қолдау, қосымша құн салығы.

6-тапсырма. Шағын мәтінді оқып, пікіріңізді ортаға салыңыз.

Шағын бизнес – экономикадағы нарықтық қатынастарды қалыптастырудың неғұрлым тиімді әрі икемді түрі. Шағын кәсіпорындар өзгермелі нарық конъюктурасының «өзгеруіне» қарай жылдам бейімделе алады. Қазақстандағы шағын кәсіпорындар меншік түріне қарай мемлекеттік, жеке меншік және аралас болып үшке бөлінеді. Жеке меншік кәсіпорындар барлық шағын кәсіпкерлікпен бизнес нысандарының шамамен 80 пайызын құрайды. Расында, елімізде экономиканың әр түрлі салаларын қамтыған көптеген шағын бизнес кешендерін құру арқылы ғана толыққанды нарық қалыптастыруға болады. Өйткені нақ сол кәсіпорындар ішкі нарықты тұтыну тауарларымен тез толықтыра алады.

2004 жылдың 4 шілдесіндегі «Қазақстанда шағын бизнесті қолдау мен дамытудың басымдылықтары мен аймақтық бағдар-ламалары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жар-лығы шағын кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламалық құжаты болып табылады.

7-тапсырма. Мына сөздердің қарама-қарсы мағынасын табыңыз.

Тиімді –

Дамыту –

Көптеген –

Өзгермелі –

Шағын бизнес –

Толыққанды –

Ішкі нарықты –

8-тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыз.

Малый и средний бизнес Казахстана набирает вес.

В любой стране малый и средний бизнес (МСБ) является «питательной средой» для выращивания заветного среднего класса. Того самого класса, без которого трудно представить политически стабильное государство, свободную от олигархи-ческого давления экономику, достойный уровень занятости населения, рассудительный, но не равнодушный электорат.

Давая определение МСБ в условиях Казахстана, учитывая зарубежный опыт, можно предположить следующую характери-стику. Предприятиями МСБ следует считать те, которые создаются одним или несколькими инвесторами, функционирует в геогра-фически ограниченных зонах и имеют ограниченную долю рынка. Главная особенность МСБ – стремление к коллективному труду, к работе бригадой общая совместная заинтересованность в максимальном результате работы, обусловленная участием в прибылях и желаниям сохранить занятость.

9-тапсырма. Шағын және орта бизнестің басқа да мүмкіндіктерін көрсетіңіз.

Қоғамда орта тапты қалыптастыруға;

Халықтың негізгі бөлігін жұмыспен қамтуға;

Әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге;

Елдің тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз етуге;

___________________________________________________

___________________________________________________

10-тапсырма. Ой-отауға үңіліңіз.

- Кедейлік неден? – деп сұрапты біреу Төле биден.

- Кедейлік үш ағайынды. Оның тұңғышы – кежірлік, ортаншысы – еріншектік, кенжесі – ұйқы. Осы үшеуін бойына үйір қылмаған адам кедей болмайды, – деп жауап беріпті Төле би.

СӨЖ тапсырмалары

Іскер адамдар

1-тапсырма. Мәтінді мазмұндау және аудару.

Қазір іскер адам – ол ең алдымен тұрақты табысы бар, әр түрлі қоғамдармен байланысы бар, табысты, белсенді, өзіне сенімді, өз лауазымына лайықты адам. Этикетпен имедж іскер адамға өз серіктестерімен табысты қарым-қатынас құруға мүмкіншілік береді.

Іскер адам өзінің сырт көрінісімен: қимыл-қозғалысы, жүріс-тұрысы, киім киісі, дауыс ырғағы, шешендігі, бірнеше тілді білетіндігі, адамгершілігі, байсалдылығы, батылдығы, бейімделгіштігі, еркіндігі, заманауи техниканы меңгергендігі, сонымен қатар тәртіпті және жоспар құра білетіндігімен ерекшеленеді.

Іскер адам дауыс ырғағына, шешен сөйлей білуге мән беру керек. Көбіне құлаққа жағымды қоңыр даусы бар, байыппен сөйлейтін жан өзіне еріксіз назар аудартады. Кәсіби терминдер, қанатты сөздер мен мақал-мәтелдерді қойын дәптерге жазып жүрген дұрыс.

Іскер адам шетелдіктермен де жиі қарым-қатынас жасайтындықтан бірнеше тіл білсе, өзі де қиналмайды, жалақысы да соған сәйкес болады.

Іскер адамның күн тәртібі белгілі бір жоспарға бағынады. Бұл жоспарда барлығы: іскерлік кездесулер, тамақ ішу, жолға кететін уақыт, т.б. түгел көрсетіледі.

Соңғы кеңес – іскери адам өз білімін: кәсіби және рухани жағынан үнемі көтеріп отырғаны жөн. Ал өз елін, жерін сүйген патриот болуды әрбір жан кеңессіз де білетін шығар деген ойдамыз.

Әлемдегі ең бай адам – Билл Гейтс – кәсіпкер

1-тапсырма. Мәтінді мазмұңдаңыз.

Байлық..... Иә, ол кімдерді қызықтырмаған дейсіз. Адамзат тарихында соғыстың үлкені осының жолында болған. Кешегі әлемнің жартысын жаулап алған Шыңғысхан мен Наполеонның көкірек көздерінде байлықтың жарқын сәулесі жатпады дегенге ешкім сене қоймас.

Қазір әлемдегі ең бай адамдар кімдер? Олар мұндай дәрежелерге қалай, қайтіп қол жеткізді? Осы сұрақтарға жауап бермес бұрын миллиардерлердің бірі Билл Гейтстің өмір жолына қысқаша тоқтала кетейік.

Сонымен, әлемнің ең бай адамы Билл Гейтс АҚШ-тың Сиэтл қаласында 1955 жылы дүниеге келген. Жастайынан математика ғылымының білгір маманы болуды армандаған ол, небәрі 15 жасынан бастап кәсіпкерлікпен айналысқан. Гейтс ең алғашқы еңбек жолын «көше қозғалысын қадағалау» қызметінен бастапты. Одан кейін бизнестегі бастамасы сәтті болып, оған 20 000 доллар пайда әкелді. Содан соң жас кәсіпкер өзі ашқан технологиялық еңбектерін жарыққа шығару үшін «ТрофоДэита» деп аталатын компания құрды.

1975 жылы Гарвардта оқып жүрген Гейтс пен оның досы Алленге «МІТS» компаниясының әуесқойлары компьютер бағдарламаларын жасауға ұсыныс білдіреді. Олар бағдарламаны жасап шығару жолында тәулік бойы 18 сағат үздіксіз жұмыс істеді. «Майкрософт» жөніндегі идеяның іргетасы дәл осы кезден бастап қаланады. Ерен еңбектің арқасында небәрі 7-8 жылдың ішінде «Майкрософт» операциялық жүйелер мен компьютерлер технологиясының дара көшбасшысына айналып үлгерді.

Билл Гейтс қандай бәсекеде болсын қарсыластарын жеңіп, көздеген мақсатына жетпей, тоқтамайтын жан. Мәселен, «Майкрософт» бағдарламасының алғашқы кезеңінде сол кездегі басты бәсекелесі болып саналатын DOS-ты құрған «АйБиЭм-ді» (IBM) басып озу үшін 21 сағат бойы үздіксіз қызмет істеп, небәрі 3-ақ сағат ұйықтаған. Сөйтіп, таңнан таңға жұмыс жасаудың нәтижесінде «Майкрософттың» 1992 жылғы жеке қорындағы қаржысы 7,4 миллиард долларға бір-ақ көтерілген.

Компьютер ХХ ғасырдың ғаламат жетістігі. Ол адамзат баласының жұмысын 70% (пайызға) жеңілдетті. Содан болса керек, кез-келген қызметкер онымен жұмыс жасауға мүдделі болып отыр.

«Менің бар арманым жердің әр тұрғыны үшін жеке компьютер жасап шығару»,- дейді бірінші миллиардер. («Астана» журналы, шілде-тамыз 2006)

Тірек сөздер мен сөз тіркестерін меңгеріңіз.

Қызықтырмаған – неинтересовал Қозғалысы - движение Қадағалау - контролировать Бастамасы - начало пайда – прибыль, польза, әуесқой - любитель үздіксіз - беспрерывный, бесперебойный іргетасы - основание, фундамент операциялық жүйелер – операционные система қарсыластары - противники жеңіп - победил тоқтамайтын - безостановки бағдарлама - программа кезеңде - время, пора саналатын - считается құрған - образовал озу - перегнать, опередить, обогнать, опережать басып озу - перегнать, уходить вперед үздіксіз қызмет істеп – непрерывно работав небәрі - всего лишь нәтижесі - результат таңнан-таңға жұмыс жасау - с рассвета до расцвета работать жеке қоры - личный фонд, личный запас мүдделі - заинтересован  

2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Билл Гейтс қандай адам?

2. Ол қашан, қай жерде дүниеге келді?

3. Билл өз мақсатына жету үшін не істеді?

4. Билл Гейтс жастайынан кім болуды армандады?

5. Билл Гейтстің арманы не?

3-тапсырма.Керекті жалғауларды жалғаңыз.

Билл Гейтс қандай бәсеке... болсын қарсыласта.... жеңіп, көзде.... мақсаты....жетпей, тоқтамай..... жан.

4-тапсырма. Жақшаның ішіндегі сөздердің қазақ тіліндегі аудармасы

1. Әлемнің (самый богатый) адамы Билл Гейтс АҚШ-тың Сиэтл қаласында 1955 жылы (родился).

2. Олар (программу) жасап шығару жолында (сутками) 18 сағат үздіксіз (работали).

3. Компьютер ХХ ғасырдың ғаламат (достижение)

5 – тапсырма. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін жазыңыз және меңгеріңіз.

Бағдарлама, компания, операциялық жүйелер, компьютерлік технологиялар

15-сабақ

ЛЕКСИКА: Ғылым және инновациялық технология.

Көмекші етістік.

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.

Ғылыми-техникалық прогресс XVI-XVIII ғасырлардағы мануфактуралық өндірістен алшақтап, ғылым мен техниканың бірлесуінен басталады. Сол кезеңде табиғатты ғылыми тұрғыдан зерттеу басталады. Алайда сол уақыттағы діни-теологиялық ілімдер ғылыми-техникалық прогрестің дамуына кедергі болды.

XVI - ғасырда басқа елдермен сауда-саттықты дамыту, сол арқылы теңіз жолын меңгеру, мануфактураларды жаңа жолға қою мәселелері жаңа шешімдері талап етті. Қайта өркендеу дәуірі кезеңінде ғылым ескі дәстүрлерден қол үзіп, практикаға сүйене бастады. Шығыста компас, оқ-дәрі ойлап табылды, кітап басу тәсілі меңгерілді. Бұл сол кезеңдегі ұлы жаңалықтар болып саналды. Жалпы, бұл ғылыми-техникалық прогрестің бірінші кезеңі болып есептеледі. Мануфактуралық өндірісті дамыту үшін су диірменін пайдалану қажет болды. Мұндай мұқтаждық кейбір механикалық процестерді теориялық тұрғыдан зерттеуге жетеледі. Су қысымы, қарсыласу және үйкелу сияқты ілімдер пайда болды. Сол кезеңде ірі өнеркәсіптің дамуы орын ала бастады. Г.Галилей, И.Ньютон, Э.Мариотт және т.б. ғалымдардың аты шығып, олар «өндіріс қызметшілері» деген атпен тарихта қалды. Дж. Уаттың бумен жүретін машинасы «ғылымның жемісі» деп саналды. Ал машина өндірісі ғылыми-техникалық тұрғыдан шексіз мүмкіндіктер ашты. Бұл кезең ғылыми–техникалық прогрестің қарқынды дамуына ықпал жасады. Екінші кезеңде қолданбалы зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық шешімдер, өндірістік жетілдіру үрдісі қалыптасты. Ғылым техниканың үздіксіз дамуына септігін тигізіп, қолдану аясын кеңейтті. Бүгінде ғылыми- техникалық прогресс адам өмірінің барлық салаларын қамтиды, оның дамуы жалғасуда. Сөздік өндіріс – производство дәстүр – традиция алшақтау – отдалиться сүйену – опираться бірлесу – объединение оқ-дәрі – патроны ілімдер – учения кітап басу – книгопечатание кедергі – препятствие су диірмені – водяная мельница сауда-саттық – торговля мұқтаждық – нужда меңгеру – освоение қысым – давление шешім – решение тәсіл – метод үйкелу – трение қайта өркендеу дәуірі – эпоха Ренессанса сала – отрасль қарсыласу – сопротивление жеміс – продукт кеңейту – расширять қарқынды – мощный қамту – охватывать қолданбалы - прикладное қамту – охватывать қалыптасу – формирование кеңейту – расширять септігін тигізу – содействовать

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Ғылыми-техникалық прогресс қашан басталды?

2. Ғылыми-техникалық прогресс қалай басталды?

3. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуына қандай себептер ықпал жасады?

4. Қайта өрлеу дәуірінде қандай өзгерістер болды?

5. Шығыста қандай жаңалықтар ашылды?

6. Су диірмені не үшін қажет болды? 7. «Өндіріс қызметшілері» деп кімдерді атаймыз?

8. Бумен жүретін машинаны кім ойлап тапты?

9. Ғылыми-техникалық прогресс қандай салаларды қамтиды?

10. Ғылым техниканың дауына септігін тигізді ме?

3-тапсырма. Сөйлемдерді мәтін бойынша рет-ретімен қойыңыз.

1. Шығыста компас, оқ-дәрі ойлап табылды, кітап басу тәсілі меңгерілді.

2. Қайта өркендеу дәуірі кезеңінде ғылым практикаға сүйене бастады.

3. Дж. Уаттың бумен жүретін машинасы «ғылымның жемісі» деп саналды.

4. 16-ғасырда басқа елдермен сауда-саттықты дамыту, сол арқылы теңіз жолын менгеру, мануфакураларды жаңа жолға қою мәселелері жаңа шешімдері талап етті.

5. Діни-теологиялық ілімдер ғылыми-техникалық прогрестің дамуына кедергі болды.

6. Мануфактуралық өндірісті дамыту үшін су диірменін пайдалану қажет болды.

7. Г.Галилей, И.Ньютон, Э.Мариотт және т.б. ғалымдар «өндіріс қызметшілері» деген атпен тарихта қалды.

8.Машина өндірісі ғылыми-техникалық тұрғыдан шексіз мүмкіндіктер ашты.

9. Ғылым техниканың үздіксіз дамуына септігін тигізді. Қолдану аясын кеңітті.

10. Ғылыми-техникалық прогресс ғылым мен техниканың бірлесуінен басталады.

4-тапсырма.Жақшаны ашып, берілген сөздерді аударыңыз.

1. Ғылыми-техникалық прогресс ғылым мен техниканың бірлесуінен (начинается). 2. Сол кезеңде (природу) ғылыми тұрғыдан (исследование) басталады. 3. Сол уақыттағы (религиозно-теологические учения) ғылыми- техникалық прогрестің дамуына (препятствие) болды. 4. (В эпоху Ренессанса) кезеңінде (наука) ескі дәстүрлерден қол үзіп, практикаға сүйене бастады. 5. (На востоке) компас, оқ-дәрі ойлап табылды, (книгопечатание) тәсілі меңгерілді. 6. Мануфактуралық (производство) дамыту үшін су диірменін (водяные мельницы) пайдалану қажет болды. 7. Су қысымы, (сопротивление). және (трение) сияқты ілімдер пайда болды. 8. Ғылым техниканың үздіксіз дамуына (развитию) септігін тигізіп, қолдану аясын (расширил).

5-тапсырма. Берілген сөздермен және сөз тіркестерімен сөйлем құрыңыз.

Ғылыми-техникалық прогресс, мәселелерді шешу, ұлы жаңалықтар, өндірісті дамыту, шексіз мүмкіндіктер, өндірістік жетілдіру, аясын кеңіту, мұқтаждық, практикаға сүйену, ойлап табу, зерттеу жүргізу, қолданбалы. 6-тапсырма. Мәтіннен тірек сөздерді теріп жазыңыз. Оларды қолдана отырып, мәтінді мазмұндаңыз.

СОӨЖ тапсырмалары

Танымал ғалымдар.

1-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

Тәуелсіз мемлекетіміздің экономикасын өркендетуде ғалымдардың еңбегі зор. Ғылымсыз, терең зерттеусіз не нәрседен болса да нәтиже шықпайды. Оған дәлел іздеудің қажеті жоқ.

Қазақстанда экономика ғылым саласы ретінде көптен бері зерттеліп келеді. Бұрын ғалымдарымыз негізінен Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Экономика ғылыми-зерттеу институтында шоғырланған еді. Атақты ғалымдар: С.Б.Бәйішев, Т.Ә.Әшімбаев, С.Е.Толыбеков, М.Е.Бутиндер осы ғылым ордасында қызмет етті. Әрине, болашақ экономистер алғашқыда ҚазМУ-дің экономика факультетінде даярланды. Кейін ол факультет жеке институтқа (Алматы халық шаруашылығы институты) айналды. Біраз уақыт Қазақ мемлекеттік басқару академиясы деп аталды. Қазір бұл оқу орны «Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті» жабық акционерлік қоғам деп аталып отыр.

Кезіндегі факультетті бітірген түлектер – бүгін белгілі ғалымдар, осы саланың білікті мамандары. Кейбірін әлем таныған.

Экономист-ғалымдар: К.Ә.Сағадиев, Н.Қ.Мамыров, К.Н.Нәрібаев, О.Б.Баймұратов, Д.Қ.Қабдиев, Қ.О.Оқаев, т.б. ғылыми еңбектері өз бағасын алды.

Кейінгі ұрпақтың берері көп боларына сеніміміз мол.

(Қазақ тілі. Алматы «Экономика» 2001. 198-б.).

Тірек сөздер мен сөз тіркестерін меңгеріңіз.

ғылым-наука терең-глубокий нәтиже-результат дәлел іздеу-искать доказательства өз бағасын-свою оценку ғылым саласы-отрасль науки ғылыми-зерттеу-научно-исследовательский түлектер-выпускники сенім-доверие әлем таныған-был известен по всему миру жабық акционерлік қоғам- закрытое акционерное общество. бұрын-раньше

2-тапсырма. Сұрақтарға мәтіннен жауап іздеңіз.

1. Атақты экономист ғалымдар қай білім ордасында қызмет етті?

2. Болашақ экономистер қай университетте даярланды?

3. Қазір ол қандай оқу орны болды?

4. Бүгінде жабық акционерлік қоғам болып отырған қай университет?

5. Әлем таныған қандай экономист-ғалымдарды білесің?

6. Олардың еңбектерін халық қалай бағалады?

3-тапсырма. Сөз тіркестерін жасаңыз.

1. Реформаларды зерттеу үстінде

2. Экономикасын қарсы алу үшін

3. Шаруашылығын саласы ретінде

4. Ғылымның ұйымдастыру кезінде

5. Мамандарын өркендету барысында

6. Еңбектерін жүзеге асыруда.

4-тапсырма. Ілік септігі мен тәуелдік жалғаулы сөздерді теріп жазыңыз.

5-тапсырма. Мына сөздермен сөйлем құраңыз.

Экономист-ғалымдар, факультет, академия, түлектер, сала, зерттеу, реформа, мемлекет, әлем, ұрпақ, сенім.

6-тапсырма. Сұхбатты жалғастырыңыздар.

1. – Атақты экономист-ғалымдардан кімдерді білесің?

– ………….

2. – Болашақта кім болғың келеді?

– ……………..

3. – Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев туралы білесің бе?

– ………………

4. – Қазақстанда экономистерді қай оқу орындары дайындайды? (Бірнешеуін атаңыз.)

– ………………

5. – Еуразия ұлттық университетіндегі экономист-ғалымдар жайында не білесің?

– ………………

6. – Қандай ғылыми еңбектері бар?

7-тапсырма. Сөйлемді сөз құрамына талдаңыз.

Ұлыбритания Қазақстан экономикасына аса ірі көлемде инвестиция салған мемлекеттердің ішінде үшінші орында тұр.

5-тапсырма. Қазақстандағы экономист ғалымдардың ғылымға сіңірген еңбегі. Баяндама.

СӨЖ тапсырмалары

Атақты экономистер туралы рефератдайындаңыз.


Апта Тақырыптардың мазмұны Сабақ түрі Сағат саны
І семестр 2015 ж.
01-05.09.15 Лексикалық тақырып: Мемлекет әлеуметтік-географиялық орны, ерекшелігі. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз, аударыңыз. Жай сөйлем. Интонация. Екпін. 1. Тәжірибелік сабақ  
01-05.09.15 1.Ел ордасы – Астана. Астана қаласының көзтартарлық орындарын әңгімелеу. 2.«Менің елім- Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбына шығарма жазу Туған елге.Өлеңді жаттап алыңыз. СОӨЖ тапсырмалары
01-05.09.15 1.Қазақ халқының өнеріжайлы тапсырмалар жүйесін әзірлеңіз. 2. Ежелгі қалалар (Отырар, Түркістан, Тараз, Сайран, Сығанақ) мәдениеті туралы реферат әзірлеу. СӨЖ тапсырмалары
07-11.09.15 Лексикалық тақырып: Ел басқару жүйесі. Президент,«ҚАЗАҚСТАН-ПРЕЗИДЕНТТІК РЕСПУБЛИКА»- аударыңыз, мазмұндаңыз. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз, аударыңыз. Бөгде сөз. 2. Тәжірибелік сабақ
07-11.09.15 Парламент Мәтінді оқып, мазмұндаңыз және аударыңыз. СОӨЖ тапсырмалары
07-11.09.15 Үкімет, Сот. Мәтінің оқып, мазмұндаңыз және аударыңыз. Үкімет, Сот туралыбаяндама дайындау СӨЖ тапсырмалары
14-19.09.15 Лексикалық тақырып: Ұлттық қауіпсіздік. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз, аударыңыз. Сұрау мәнді сөйлем. 3. Тәжірибелік сабақ
14-19.09.15 Қарулы күштер. Мәтінді мазмұндау және аудару. СОӨЖ тапсырмалары
14-19.09.15 Құқық қорғау органдары. Мәтінді мазмұндау және аудару. СӨЖ тапсырмалары
21-25.09.15 Лексикалық тақырып: Экономика. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз Болымсыздық категориясы. «Отбасы экономикасы» Мәтінді мазмұндау және аудару. 4. Тәжірибелік сабақ
21-25.09.15 Қазақстан экономикасы Мәтінді мазмұндаңыз. СОӨЖ тапсырмалары
21-25.09.15 Ішкі және сыртқы сауда. баяндама жазу СӨЖ тапсырмалары
28.09-02.10.15 Лексикалық тақырып: Ақша-кредит саясаты. Банк жүйесі. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз, аударыңыз. Сан-мөлшер категориясы. 5. Тәжірибелік сабақ
28.09-02.10.15 Ұлттық валюта Мәтінді оқып, мазмұндаңыз. СОӨЖ тапсырмалары
28.09-02.10.15 Ұлттық байлық дегеніміз не? Мәтінді мазмұндаңыз,аударыңыз СӨЖ тапсырмалары
05-09.10.15 Лексикалық тақырып: Халықаралық ынтымақтастық. Халықаралық ұйымдар. Мәтіндерді оқып, мазмұндаңыз, аударыңыз. Анықтауыштық қатынас. 6. Тәжірибелік сабақ
05-09.10.15 Дүниежүзілік Сауда ұйымы Мәтінді аударыңыз, мазмұндаңыз. СОӨЖ тапсырмалары
05-09.10.15 Еуропалық одақ Мәтіндерді оқып, мазмұндаңыз, аударыңыз. СӨЖ тапсырмалары
12-16.10.15 Лексикалық тақырып: Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары. ҚР Конституциясындағы Азаматтық құқық туралы. Мәтіндерді оқып, мазмұндаңыз, аударыңыз. Меншік мәнді сөйлем. 7. Тәжірибелік сабақ
12-16.10.15 Адам құқықтары мен бостандықтары. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз, аударыңыз. СОӨЖ тапсырмалары
12-16.10.15 Азаматтық құқықты қорғау Мәтінді аударыңыз. СӨЖ тапсырмалары
19-23.10.15 Лексикалық тақырып: Отбасы. Баспана. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз, аударыңыз. Көмекші есімдер қызметі. 8. Тәжірибелік сабақ
19-23.10.15 Бала тәрбиесі. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз, аударыңыз. СОӨЖ тапсырмалары
19-23.10.15 Неке. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз және аударыңыз. СӨЖ тапсырмалары
26-30.10.15 Лексикалық тақырып: Білім. Кәсіби бағдар. Мәтіндерді оқып, мазмұндаңыз, аударыңыз. Қимыл есімдер қызметі. 9. Тәжірибелік сабақ
26-30.10.15 Оқу орындары. Мәтінді мазмұңдаңыз. СОӨЖ тапсырмалары
26-30.10.15 Мамандық. Мәтінді аударыңыз. «Менің мамандығым мақтанышым» атты тақырыпқа шығарма жазу СӨЖ тапсырмалары
02-06.11.15 Лексикалық тақырып: Еңбек.Еңбек тәртібі, Жұмыссыздық мәтіндерін мазмұндаңыз, аударыңыз. «Еңбексіз рақат жоқ» тақырыпына әңгіме-сұхбатқұрыңыз. «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» деген тақырыпқа шығармажазыңыз. Міндет, жауапкершілік мәнді сөйлем. 10. Тәжірибелік сабақ
02-06.11.15 Еңбек нарығы, Мәтінді оқып, мазмұндаңыз және аударыңыз. СОӨЖ тапсырмалары
02-06.11.15 Еңбек демалысы. Мәтінді мазмұндаңыз және аударыңыз. СӨЖ тапсырмалары
09-13.11.15 Лексикалық тақырып: Денсаулық. Мәтінді мазмұндаңыз, аударыңыз. Тыйым мәнді сөйлем. 11. Тәжірибелік сабақ
09-13.11.15 Халық медицинасы. Мәтінді мазмұндаңыз және аударыңыз. СОӨЖ тапсырмалары
09-13.11.15 Медициналық қызмет. Мәтінді мазмұндаңыз және аударыңыз. СӨЖ тапсырмалары
16-20.11.15 Лексикалық тақырып: Салауатты өмір салты. Спорт кешендері. Атақты спортшылар Мәтінді оқып, мазмұндаңыз, аударыңыз. Етістік категориясы 12. Тәжірибелік сабақ
16-20.11.15 Ұлттық спорт. Мәтінді мазмұндаңыз және аударыңыз. СОӨЖ тапсырмалары
16-20.11.15 Атақты спортшылар. Баяндама дайындау СӨЖ тапсырмалары
23-27.11.15 Лексикалық тақырып: Тағамтану.Мәтінді оқып, мазмұндаңыз, аударыңыз. Есімше категориясы. 13. Тәжірибелік сабақ
23-27.11.15 . Мейрамхана бизнесі Макдональдс корпорациясы Мәтінді мазмұндау. СОӨЖ тапсырмалары
23-27.11.15 Ұлттық тағам Мәтінді мазмұндеп, аудару СӨЖ тапсырмалары
30.11-04.12.15 Лексикалық тақырып: Жеке кәсіпкерлік. Мәтінді мазмұндаңыз, аударыңыз. Етіс категориясы 14. Тәжірибелік сабақ
30.11-04.12.15 Шағын және орта бизнес Мәтінді мазмұндеп, аудару. СОӨЖ тапсырмалары
30.11-04.12.15 Іскер адамдар Мәтінді мазмұндеп, аудару. СӨЖ тапсырмалары
07-11.12.15 Лексикалық тақырып: Ғылым және инновациялық технология. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз, аударыңыз. Көмекші етістік. 15. Тәжірибелік сабақ
07-11.12.15 Танымал ғалымдар. Қазақстандағы экономист ғалымдардың ғылымға сіңірген еңбегі. Баяндама. СОӨЖ тапсырмалары
07-11.12.15 Атақты экономистер туралы реферат дайындаңыз. СӨЖ тапсырмалары

Наши рекомендации