Шектеулі ресурстар жағдайындағы таңдау мәселесі
Экономикалық жүйенің өндірістік мүмкіндіктері өндірісте қолданылатын ресурстардың сиректігімен шектелінеді.Олар қоғамның дамуымен бірге сақталынып қана қоймай,сонымен қатар өсе түсуде.Бұл шектеулі табиғи ресурстардың сарқылуына,жаңа тауарлар мен қызметтердің өндірісті дамытуға жаңа серпілістерінің төмендеуіне әкеледі.Өз ретінде тауарлар мен қызметтердің сапалыө сипаттамасы өзгеріп,тұтыну тауарлары мен инвестицияларға деген қажеттілік өседі.Бірақ ресурстар шектеулі болғандықтан,қоғам таңдау жасауы қажет.Таңдау жасай отырып,қоғам біреуінен бас тартуы керек,күткен нәтижеге жету үшін құрбандыққа баруға тура келеді.
Егер де экономикалық ресурстар тұрғын үйлерді салуға пайдаланылса,онда олардың ақшалай құнын жерге,материалдарға және жұмыс күшіне деген шығындар құрайды.Балама шығындар аурухана,мектеп,кітапхана,офистерді салуға жұмсалатын шығындар болады,олар сол экономикалық ресурстардың есебінен салынуы мүмкін.Қоғам барлық ресурстарын дерлік тұрғын үйлерді салуға жұмсауы мүмкін.Сонымен бірге түрғын үйлер мен ауруханаларға және басқа да ғимараттардың құрылысына жұмсалатын шығындар балама шығын емес,өзара бірін-бірі толыөтырушы болады.
Егер де көп түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қлданылатын әрбір фактор шектеулі болса,онда оларды қолданудың баламалық нұсөасын табу мен өндіріс факторларының ғылыми үйлесімділігін іздеу мәселесі орын алады.
Бұл мәселенің көрінуі экономиканың басты үш сұрағын аныөтаумен байланысты.1.Не өндіру керек?-Мүмкін болатын тауарлар мен қызметтердің қайсысы сол экономикалық жүйеде өндірілуі керек және қандай уақыт кезеңінде. 2.Қалай өндіру керек?-Мүмкін болатын нұсқалардан таңдап алынған тауарлар мен қызметтер өндірістік ресурстардың қандай комбинациясында қандай технологияны қолданып өндірілуі керек? 3.Кім үшін өндіру керек?-Таңдап алынған тауарлар мен қызметтерді кімдер сатып алады,кімдер пайдалана алады,ол қалай пайда болады?Осы тауарлар мен қызметтер өндірісінен түсетін қоғамның жиынтық табысы қалай анықталуы керек?
32. Инфляция: мәні, себептері, түрлері.
Инфляция термині латынша- inflatio- қазақша- ісіну , қампаю дегенді білдіреді.Түңғыш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кету процесін білдірген.
Инфляция өндіріс процесінің бұзылуы, шаруашылық салаларының бір-бірімен үйлесімсіз дамуы және мемлекеттің эмиссиялық саясаты мен коммерциялық банктердің іскерлігінің икемсіздігі салдарынан туындайтын күрделі әрі көп факторлы құбылыс.
Сұраныс инфляциясы негізінен ақшалы факторларға байланысты туындайды, яғни айналыстағы ақша массасы өссе, соның нәтижесінде төлем қабілеті бар сұраныс та жоғары болады.Шығындар инфляциясы өнімге баға белгілеуде әсер ететін ақшасыз факторларға байланысты туындайды. Ол ең алдымен жалақы төлеуге шығындардың өсуі.
Дүниежүзілік тәжірібиеде инфляцияны мына шартты түрлерге бөледі:
- экономиканы қамтитын аумағына байланысты- жергілікті және әлемдік инфляция.
- жүру қарқынына байланысты- біркелкі (баға үнемі төмен қарқынмен өседі), үздіксіз және сатылы (бір қалыпты емес) инфляция.
- даму қарқынына байланысты- жылжымалы инфляция (ползучая), онда бағаның өсу қарқыны жылына орташа есеппен 5-10 %-тен аспайды; қарқынды инфляция (галопирующая)- онда бағаның өсуі орта есеппен 10 %-н 50%-ға дейін жетеді. Кейде бұл инфляцияның жоғарғы көлемін көптеген ғылыми әдебиеттер 100 % жеткізеді; ұшқыр иифляция (гиперинфляция)- онда бағаның өсуі жылына 100 %-тен асады; Халықаралық Валюта Қоры баға айына 50%-ға өссе, оны ұшқыр инфляцияның ішіндегі аса ұшқыры (супергиперинфляция) деп атайды. Егер инфляцияның өсуі жұмыссыздықтың өсуімен және өндірістің құлдырауымен ұштасса, ондай құбылысты «стагфляция» деп атайды.
инфляцияның тауар бағаларының өсуінен көрінуіне байланысты инфляцияны ашық және басыңқы деп бөледі.
33. Ұсыныс.Ұсыныс заңы. Ұсыныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар.
Сатушылардың тарапынан болатын іс-әрекет ұсыныс деп аталады.
Ұсыныс- берілген бағада тауар өндірушілердің рыноққа шығара алатын тауарларының мөлшері.
Рыноктағы барлық сатушылардың бағаны өсіруге, сол арқылы көп мөлшерде тауар сатып, пайданы арттыруға ұмтылысы ұсыныс заңы арқылы сипатталынады.
Ұсыныс заңы- басқа жағдайлар тұрақты болғанда (ұсыныс көлеміне әсер ететін бағадан басқа факторлардың әсері қарастырылмайды), бағаның өсуі ұсыныстың көлемін арттырады немесе бағаның төмендеуі ұсыныс көлемін төмендетеді.
График бойынша Q – ұсыныс көлемі, Р – рыноктағы баға, S – ұсыныс қисығы. Баға P1-ден P2-ге өскенде, ұсыныс көлемі Q1-ден Q2-ге өседі. Ұсыныс пен баға арасындағы тура байланыс болғандықтан, ұсыныс қисығының көлбеуі жоғары бағытталған.
|
Ұсыныс қисығы.
Ұсыныс функциясы сызықтық болғандықтан, ұсыныс теңдеуі:
Qs = a + b * Р
Ұсыныс функциясының теңдеуі рыноктық баға (Р) мен ұсыныс көлемі (Qs) арасында тікелей байланысты көрсетеді. а және b параметрлері ұсыныстың бағалық емес факторлары. а мөлшері өзгергенде ұсыныс қисығы қозғалады, ал b мөлшері өзгергенде ұсыныс көлемі өзгереді.
Тауардың бағасы өскен сайын, сол саланың тартымдылығы артады, сол салада алынатын пайда өседі, бұл өндірісті ұлғайтуға мүмкіншілік береді.
Әрбір тауардың өзіне тән сұраныс пен ұсыныс қисықтары болады және көптеген факторлардың әсеріне ұшырайды.
Ұсыныс қисығының қозғалысын туындататын бағадан басқа факторлар:
1) тауар өндірісінің шығындар шамасы,яғни шығын жоғарылаған сайын ұсыныс көлемі төмен б/ды.
2) нарықтағы сатушылардың саны. Берілген тауарларды өндірушілер санының өсуі ұсыныс көлемінің өсуіне әкеледі.
3) басқа тауарлар бағасының өзгеруі.ұқсас бір тауар бағасының өзгеруі.екінші тауар ұсынысын бір уақытта өзгертеді.
4) Салықтар ж/е жәрдемақылар.салықтарды төмендету ж/е жеңілдіктерді қысқарту өндірістегі шығындарды азайтады ж/е ұсыныс жоғарылайды.
34. Экономикалық цикл теориясы. Цикл фазалары.
Экономикалық цикл дегеніміз- бұл экономикада қысқа және ұзақ мерзім аралығындағы өндіріс, жұмысбастылық және табыс мөлшері деңгейінің үнемі ауытқып отыруы. Экономикалық циклдың болуының себептері: автономды инвестициялардың таусылуы, ақша массасының ауытқуы, негізгі капиталдың жаңартылуы, мультипликатор әсерінің әлсіреуі және көптеген экономистердің пікірлері бойынша ең маңызды себеп- тұтыну мен инвестиция арасындағы ауытқудың болуы. К. Маркс экономикалық цикл мәселесіне алғаш көп көңіл бөлген экономист ғалымдардың бірі болып саналады. Ол циклдың бірін-бірі кезектесе алмастырып отыратын негізгі төрт сатысын бөліп қарастырды. Олар: құлдырау, тоқырау, жандану және өрлеу Құлдырау сатысына тән ерекшеліктер:
-тауар артықшылығы
-бағалардың төмендеуі
-жұмыссыздықтың артуы
-өндіріс көлемінің кысқаруы
-пайыз мөлшерлемесінің өсуі
Дағдарыс сатысына тән ерекшеліктер:
-өндіріс құлдырауының қысқаруы
-тауар қорының көбейюуі
-жаппай жұмыссыздық
-төмен жалақы
-ссудалық пайыз мөлшерлемесінің төмен деңгейі
Жандану сатысына тән ерекшеліктер:
-құлдырауға дейінгі өндірістің өсуі
-өндіріске инвестицияның келуі
-тауарлар бағасының өсуі
-жұмыссыздық мөлшерінің аздап болсын қысқаруы
-халықтың табысының біртіндеп өсуі
Өрлеу сатысына тән ерекшеліктер:
-өндірістің құлдырауға дейінгі мөлешрінен артуы
-тауарлар бағасының жоғарлауы
-жұмыссыздықтың қысқаруы
-жалақының көбейюі
-несиеге деген сұраныстың артуы