Н.Макиавеллидің «Патша» еңбегін қазіргі заманғы саяси менеджментте белсенді деп ойлайсыз ба?
Мемлекет, оның түрлері мен басқару нысандары, саясат және билеушілер туралы ойлар ежелгі заманнан бастап-ақ айтыла бастады. Cаяси ілімнің негізін қалаушы Никола Макиавелли саяси қайраткер, дипломат және тарихшы ретінде де кеңінен танылды. Мемлекет және құқық концепциясы тарихындағы оның саяси идеялары қарама-қайшылықтар мен жаңа ізденістерге толылығымен де ерекшеленді. Оның мемлекет пен қоғам дамуы туралы көзқарастарын жақтаушылар мен сынаушылардың көптігі, олардың бұл мәселедегі даулы айтыстары да Макиавелли еңбегінің қыр-сырын одан әрі көбейте түсті. 1513 жылы «Патша», «Тит Ливийдің алғашқы онкүндігі», 1519 жылы «Әскери өнер туралы», 1520 жылы «Флоренция тарихы» және тағы басқа еңбектерін жазады. Макиавеллидің мемлекет және саясат туралы іліміндегі маңызды жаңалығы саясат саласын жеке ғылым ретінде көрсетуі еді. Бұл салада орасан зор тәжірибе жинақтаған ол саясат қоғамдық өмірдің бөлек саласы болып табылады деген қорытынды жасайды. Ол қоғамдық өмірді түрлі мақсаттары және оларды іске асырудағы мүмкіндіктері бір-біріне ұқсамайтын көптеген әлеуметтік күштер мен әрқилы мүдделердің қақтығысы ретінде қарастырады. Оның айтуынша саясат - адам еркіне бағынышты жанды қозғалыс, дауылды стихия, күштер арасындағы күрес, олардың үздіксіз қақтығысы, қайшылықтардың шешімі, өзгерістер мен қайта құрулар. Оның пікірі бойынша, саясат түрлі әлеуметтік күштердің билік үшін, оны ұстап тұру және пайдалану жөніндегі күрес аймағы. Билік үшін күресте барлық құралды пайдалану заңы қарсыласты жеңу мақсатында қолданылады. Макиавеллидің айтуынша, әлемде теңдей дәреже шамасында қайырымдылық пен жауыздық, әділдік пен зұлымдық бар, бірақ олар бір елден екінші елге жылжи отырып, өздерінің географиялық бағытын өзгертуі мүмкін. Яғни, бір елде қайырымдылық пен әділдік үстем болса, екінші елде жауыздық пен зұлымдық басым болады. Мемлекет тарихында бұл процесс әдет-ғұрып пен мінездің және басқа да факторлардың ықпалымен үнемі өзгеріп отырады. Бірақ әлемдегі жақсылық пен жамандықтың жалпы жиынтығы өзгеріссіз қалады. Макиавеллидің саясат саласындағы ең басты еңбегі – «Патша» шығармасы мемлекет басындағы адамдардың ел билеуде басшылыққа алуына арналған әртүрлі кеңестер мен ұсыныстар және қағидалар берілген туынды болып табылады. Ол бұл шығармасында Италияны біріктіретін диктаторға қажет қасиеттерді іріктеп көрсетеді. Макиавелли елді біріктіру мен билік мақсатына жету үшін барлық амал-айланы қолдануға, яғни, қол астындағыларды алдауға, өтірік айтуға, уәдені аяққа басуға, зұлымдыққа баруға, адамдарды қырып-жоюға, қатал тәртіп пен күш қолдануға және опасыздық жасауға да болады деп үйретті. Бұл үшін, ол билеушінің бойында арыстан мен түлкінің қасиеттері қатар болуы және өтірік пен екіжүзділіктің ұлы өнерін терең меңгеруі керек деп тапты. Оның айтуынша, билеушіде табиғат пен адамның қасиеттері қатар жинақталуы қажет. Аңдардың қасиеттерін айтқанда ол арыстан мен түлкінің қылықтарын үйренуге жөн сілтеді. «Егер князь аңдардың әдіс-тәсілдерін үйренуге мәжбүр болса, онда олардың арасынан түлкі мен арыстанды таңдауы керек, өйткені, арыстан жыланнан, ал түлкі қасқырдан қорғана алмайды. Сондықтан да жыланмен күресу үшін түлкі, ал қасқырды жеңу үшін арыстан болу керек, тек арыстан болғандар істің мәнін түсіне алмайды» деп жазды Макиавелли. «...Қарапайым азаматтың князь болуына көмегі тие алатын екі түрлі әдіс тағы бар. Оларды басқа кездейсоқ қона салған баққа да, азаматтың жеке өзінің жұмсаған күш-жігеріне де түгелдей жатқыза салуға болмайды. Ол екі әдістің біреуі қарапайым азаматтың князьдікті қылмыстық жолмен әрі заңсыз тартып алуы болса, екіншісі оның өзіне өзге азаматтардың оң қабақ танытып, колдау көрсетуі арқылы өз мемлекетінің князі болуында жатыр. «Макиавеллизм» деген атқа ие болған оның бұл ілімі саясат пен билікте өз мақсатына қалай жетсең де дұрыс деген қағиданың пайда болуына әкелді. Оның бұл көзқарастары феодалдық және буржуазиялық билеушілердің арасында кеңінен таралды. Макиавеллидің бұл ілімін қазіргі кезде де қолданатындар бар. Дегенмен Макиавеллиді зұлымдық пен құйтырқы саясатты ғана уағыздаушы деп түсіну қателік болар еді. Ол ел билеу мен саяси мақсатқа жетудің бұл әдіс-амалдарын жеке бастың мүддесі үшін емес, мемлекет, қоғам игілігі үшін, елдің тұтастығы мен бірлігі, қуаттылығы және тыныштығы үшін қолдануға кеңес береді. Ол ең алдымен өз заманының патриоты, гуманисі, адал ұлы болды. Оның теориясы, концепциясы, көзқарастары – сол дәуірдің саяси жағдайын бейнелейтін еді. Саясат саласында ол ешқашан да зорлықты, азғындықты, жақтаған жоқ. Керісінше, ол билеуші, саясаткер халықтың пікірімен санасуы керек деп есептеді. Егер саясаткер зорлыққа сүйенсе, ол оның жеке мақсаты болмауы керек. Оның айтуынша, зорлықтың мақсаты қирату емес, бүліншілікті қалпына келтіру. Кез-келген зорлық әрекетті мемлекет мүддесі үшін жасалғанда ғана ақтауға болады. Макиавелли билеуші өзін халық алдында қалай көрсетуі керек, билеушінің қатал немесе мейірімді болуы мемлекеттің жағдайына қандай зардабы немесе пайдасы болатындығы туралы мәселеде былай деп жазады: «...Әрбір билеп-төстеуші өзін өзге жұрттың қатал емес, қайырымды деп санауын қалайды... Князь өзінің қол астындағы халықты тұтас бірлікте және өзіне шын берілген адал етіп ұстағысы келсе, онда ол аяушылықты білмейтін қатал адам деген атақтан қорықпауы керек... Барлық билеп-төстеушілер арасында жаңа князьдің қатал деген атақтан өзгелерге қарағанда барынша аз қашқақтауы қажет. Өйткені, кез-келген жаңа мемлекетті жан-жағынан бірдей қауіп-қатер қоршап тұрады. ...Князь біреулерге сенуде және іс-әрекеттер жасауда барынша сақ болуы тиіс, өзінен өзі қорықпай, асығып-үсікпей, байсалды әрекет етуі, біреулерге шектен тыс сенім білдіруі, абайсыз аңғалдыққа, өте қатты күмәндануы төзуге болмайтын шарасыздыққа ұрындырмауы үшін айрықша данышпан ақылдылықпен және адамгершілік мейіріммен алдын ала терең ойланып-толғануы қажет...
Жақсы билеушінің басты қасиеттерінің бірі халық сеніміне ие бола білуі деп есептеді. Халық билеушінің билік қызметін жүргізуіне кедергі жасамауы үшін, олар билеушіге толық бағынышты болуы да қажет. Макиавеллидің айтуынша, халықты өзіне толық бағынышты етудің екі жолы бар. Оның біріншісі – халықтың билеушіге деген сүйіспеншілігі, екіншісі - оның алдында қорқынышта болу. Қол астындағыларды өзіне мүлтіксіз бағынышты ету үшін билеуші ең қатал және ауыр шараларды ғана пайдаланып қоймай, ең бастысы айламен билей білуі керек. Макиавелли қаталдық соғыс және төтенше жағдайларда ғана емес, бейбіт уақытта да қажет деп есептейді. Мысалы, мемлекеттік билік жаулары мен сатқындардың көзін жойып отыру билеушінің міндеті болып саналады. «Билеуші сотқа бағынышты емес». «Патша» шығармасында Макиавелли «билеуші қандай әдістермен мемлекетті басқара алады және билікті ұстап тұрады» деген сұраққа «биліктің мықты негізін қалау» арқылы қол жеткізуге болады деп жауап береді. Оның айтуынша, қандай да бір мемлекет болсын, биліктің негізі жақсы заңдар бола алмайды, мықты әскер бар жерде ғана жақсы заңдар өмір сүре алады. Яғни, Макиавеллидің сөзімен айтсақ: «Барлық мемлекеттердің ең басты негіздері - мейлі олар жаңа болсын, ескі болсын немесе аралас болсын бәрібір - жақсы заңдар мен күшті әскер. Күшті әскер жоқ жерде жақсы заң бола алмайды, ал күшті әскер бар жерде, әрине, жақсы заңдар болады.Мемлекеттің басқару формалары туралы ойларында Макиавелли антикалық заманнан сақталып келе жатқан Платонның, Аристотельдің және Полибийдің еңбектерінде көрініс тапқан классификацияларды дұрыс көреді. Ол Полибийдің басқарудың үш дұрыс формасы - монархия, аристократия, демократиясын және үш дұрыс емес формасы - тирания, олигархия және охлократияны бөліп қарайды. Оның алғашқы үшеуі басқарудың жетілген, соңғы үшеуі жетілмеген формасы болып есептелінеді. Макиавеллидің көзқарасы бойынша, мемлекеттің шын мәнінде таза күйіндегі жақсы немесе жаман формалары болмайды. Дұрыс формалар тарихи жағдайлар мен міндеттерге, оқиғаларға қатыстылығымен ғана дұрыс форма болуы мүмкін. Ол мемлекеттік басқару формасының бір түрден екінші түрге ауысу заңдылығы туралы антикалық ойшылдардың пікірімен келіседі. Монархия тиранияға айналады, тиранияға қарсы қастандық аристократияның жеңісіне әкеледі, аристократияның эволюциялық дамуы билік басындағы бай адамдардың олигархиясына жеткізеді. Бай билеушілердің жүгенсіз әрекеттері халық наразылығын туғызып, ол олигархияны құлатумен және демократияны орнатумен аяқталады. Демократия өз кезегінде тобыр билігі - охлократияға ұласады. Охлократиялық биліктен жәбір көрген халық монархиядан әділдік күтеді және осылай жалғаса береді. Ол мемлекеттік формалардың ең тұрақтысы және сыртқы қауіп төнген шақта диктаторлық биліктің енгізілуін жақтаған ежелгі Рим тарихынан мысалдар келтіреді және бейімдеп қолдануды ұсынады. Италия ойшылының еңбектері саяси даналық пен саяси тәжірибенің өзінен кейінгі дәуірге жинақтаған энциклопедиясы болып та танылды. Макиавеллидің саясат және билік туралы ілімі қазіргі мемлекет саясаты мен басқаруда да кеңінен қолданылады. Оны кез-келген мемлекеттік басқарудан және елден де көруге болады. Өзіміз көріп, естіп жүрген өтірік айту мен басқа да қитұрқы әрекеттер шын мәнінде елдің болашағы мен өркенді дамуы, көпшіліктің амандығы және ұлттың қауіпсіздігі үшін айтылған және жасалған болса онда бұл әрекеттердің ақталғаны. Ал егер олай болмай шықса, олар болашақ алдында жауап беретін болады. Адамдардың мүдделерінің көптүрлілігіне қарамастан, оның негізгісі - өзінің меншігін сақтау, және оны өсіруге, көбейтуге тырысу. “Патша² деген еңбегінде Н. Макиавелли “Адамдар меншігінен айырылғаннан гөрі әкесін өлтіргенді кешіруі мүмкін², дейді. Сонымен, Н. Макиавеллидің ойынша, мемлекет - адамдардың өз іс-әрекеттері арқылы дүниеге келеді, ал Құдайдың оған ешқандай қатысы жоқ,- деген ашық пікірге келеді. Сонымен, өзінің әлеуметтік-саяси философиясында, Н. Макиавелли Құдайдың керектігін қажет етпейді, бәрі де адамның табиғаты мен тәлім-тәрбиесінен шығады. Оның ойынша, христиан діні алғашқы қалыптасқан идеалдардан анағұрлым алшақтап кетті. Католик дінінің қызметкерлері Папа мен бірге жемқорлық жолына түсіп, халық алдындағы абыройынан жұрдай болды.Дегенмен, қоғамға дін керек, өйткені езілген зардап шеккен халық дін арқылы өзіне рухани сүйеніш тауып, өмірдің қиындығына төзе алады, мемлекеттік тәртіп дінсіз мүмкін емес,- деген ащы пікірге ұлы ойшыл келіп тоқталады. Менеджмент (ағылшынша мanage – басқару, меңгеру, ұйымдастыру) – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы.[1] “Менеджмент” ұғымының мәні мен мазмұны “басқару” түсінігіне ұқсас. Француз саясаттанушысы Ф.Шабо: Макиавелли концепциясы қазіргі заманғы басшының бейнесі, әр қайраткер осы бағытты ұстануы керек.
Макиавелли был человеком, верящим в действие — в то, что дела должны делаться, т. е. его идеи вполне можно использовать в качестве аналогий в менеджменте. «Государь» стал альтернативным учебником современного менеджера. В ходе исследования мы с удивлением для себя открыли, что многие менеджеры имеют под рукой экземпляр «Государя». Идея четкого и последовательного менеджмента силы — суть Макиавелли; уклончивость и нерешительность растрачивают ресурсы и ведут к упадку или забвению. Храбрость должна поощряться. Сторонников нужно поддерживать при условии, что они действительно необходимы. «Государь» актуален как в бизнесе, так и в политике (Терри Берроу). А. Макалпайн подчеркивает важность понимания человеческой натуры. Макиавелли сознавал способность человека творить зло. Он изучал тех, кто окружал его, а затем использовал примеры из прошлого для подтверждения своих выводов. Лорд Макалпайн написал две книги, касающиеся Макиавелли, — «Слуга» («The Servant», 1992 г.) и «Новый Макиавелли 1997 г.). В своей статье он знакомит нас с последней из них. Он отмечает поразительное сходство между Италией XV в. и крупными корпорациями конца XX в.
4. Баласағұнның, әл-Фарабидің, Алаш» партиясының негізін салушылардың саяси көзқарастары қазақ мемлекеттілігінің дамуына үлес қоса алды ма?
Әл-Фарабидің азаматтық, саяси, адам, қоғам жөніндегі ойлары "Фусул ал-мадани" ("Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері") трактатында қаралады. Бұл трактаттың тақырыптары әр түрлі болса да, негізінен бір мақсатқа — адам мен қоғамның арақатынасы, оның жетілуіне арналған. Еңбектің өзіне тән бір ерекшелік сипаты — тәндік және рухани құбылыстардың салыстырылып отыратындығы. Фараби "Азаматгық саясатга" коғамды талдауды қаладан бастаса, "Нақыл сөздерде..." ол мұны ең кішкене ұядан, отбасынан немесе үйден бастайды. Аристотель сияқты ол үйді бірнеше бөлікке — ері мен әйелі, қожайыны мен қызметшісі, ата-анасы мен баласы, мүлкі және иесі деп бөледі. Үйдің өзіне тән мақсаты болады, бірақ қаланың бір бөлшегі болғандықган, ол қала белгілейтін ортақ мақсатқа қызмет етуге арналады, сөйтіп, бұл арада адамның өз басының мүдделерін қоғам мүдделеріне бағындыру туралы пікір айтылады. Бұл жерде Фарабидің қала дегенін мемлекет деп түсінетіні көрінеді. Әл-Фараби адам міндетті түрде адал ниетті болу керек деп есептейді. әл-Фарабидің мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды. Қазақтардың ұлттық мемлекеттілік, азаттық және адам құқықтары үшін күресінің жарқын бір бейнесі ретінде «Алаш» партиясы және «Алашорда» үкіметінің тарихы (1917-1920 жж.) танылады. Ресейдегі күрделі саяси жағдайда қазақ либералдық қозғалысының көш басшылары жалпықазақ съезін (1917 жылғы 21-26 шілде) өткзуді жеделдетті. Ресейдегі ревалюциялық оқиғалардың әсерімен 1917 жылдың желтоқсан айында « қырғыздардың облыстық съезінде» құрамына тұрғылықты халықтармен бірге бірнеше облыстар мен аймақтар енген аумақтық ұлттық Алаш автономиясы құру туралы шешім қабылданды. Бағдарламалық құжат мемлекеттік биліктің автономиялық нысаны «федеративти республикадағы жеке мемлекет»ретінде анықтады. Бұл жерде біріншіден,парламенттік республика; екіншіден, жоғарғы өкілетті органның екі палаталы құрамы; үшіншіден, министірлердің парламент алдындағы жауапкершілігі айтылады. [1,91-95 бет] Жоғарды өкілді органның екі палаталы құрылымы – парламенттік республиканың ұсынылуы сол кездегі жағдай үшін бірден – бір дұрыс қағида болатын. Екі палатаның бірлескен отырысында сайланған Президент жоғарғы өкілді орган алдында жауапты болмады. Егер Парламент алдында Президент те жауапты болса, онда бұл органның билігі абсолютті болар еді. сондықтан да партия бағдарламасында мемлекеттік құрылыс үшін билікті бөлісу идеясы енгізілді. мемлекеттік Дума құзырында болды және атқарушы орган қызметіне бақылау жасау мүмкіндігі берілітін сауал салу құқығыда берілд. [2,276-280 бет] . «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінің рөлі мен маңызын бағалай келе, «Алаш» партиясын қазақ халқының құқығы мен суверенитеті үшін күрескен ұлттық демократиялық типтегі партиялар қатарына жатқызуға әбден болады. [1,94-95 бет] Бағдарламаның «билік һәм сот» деп аталатын бөлімінде сот билігі және оның ішінде билер соты туралы айтылады. Қала мен ауыл арасындағы айырмашылықты ескерген алаш қайраткерлері « қырдағы ауыл, болыс ішіндегі билік пен сот жұрт ұйғарған ереже жолмен атқарылғаны жөн » деп табады. Олар: би мен судьяныңжергілікті халықтың тілін білу, аралас халық тұратын жерлерде көпшілік болып табылатын халық тілінде жүргізілуі, билер мен судьяның тергеусіз орнынан түспеуі, заң мен сот алдында барлық адамдардың тең болуы, құдайдан кейінгі ең күшті би мен судья болып танылып, барлық адамның солардың үкіметіне мойынсұнуы, сот шешімінің дереу орындалуы, ауыр қылмыстардың присяжный сотта қаралуы, қазақ көп жерде сот тілінің қазақ тілінде болуы , присяжныйлардың қазақтан алынуы және т.б. «Алаш» партиясының бағдарламасын жасушылар мемлекеттің зайырлық негізін бекітудің қажеттігін де атап көрсетеді. «Дін ісінің мемлекет ісіне бөлінуі» бағдарлама жобасының прогресшіл маңызды көрсеткіштерінің біріне салынды. Мұндағы ең басты нәрсе – діннің мемлекет ісіне, мемлекеттің дін ісіне араласпауы. « Дін біткенге тең құқық. Дін жаюға ерік. Кіру – шығу жағына бостандық ». Яғни, әркім діни сенімі бойынша тең және еркін. Діни сенімі бойынша артықшылық немесе кемсітушілікке жол берілмейді. Бағдарлама жобасындағы жер мәселесінде бұрынғы жылдары қазақтардан жердің жаппай тартып алынғаны ескеріліп, жерді ең алдымен тұрғылықты халыққа қайтарып беруде әділ шешу міндеті қойылды және жерді сатуға үзілді – кесілді тиым салынған. Бағдарламаның «Ғылым – білім үйрету » деп аталатын бөлімінде «оқу ордаларының есгі әркімге де ашық және ақысыз. Білім барша жұрттың игілігі болуы тиіс» деген өте құнды қағида бар. Бағдарламада, сонымен бірге, бастауыш мектептерде ана тілінде оқытылу, қазақтардың өз тілінде мектеп, университет ашуы, оқу орнының өз алдына автономия түрінде болуы, үкіметтің оқу үрдісіне араласпауы, мұғалімдер мен професорлардың сайланып қойылуы, ел ішінде кітапханалардың ашылуы туралы ұсыныстар бар. Бұл қағидалардың қазіргі күнге дейін мәні жоғары ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев ХХ ғасырдың басында қазақтың ұлттық идеясы мен ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан саяси қайраткерлердің жанкешті қызметін жоғары бағалап, «Тарих толқынында» деген кітабында былай деп жазған: « Алаш » партиясының бағдарламасының жүзеге асыру барысында дәстүр мен жаңашылықты ұштастыру арқылы бұрынғы қазақ қоғамындағы белгілі қайшылықтардан арылуға мүмкіндік туды. Олардың ұлттық бағдарламасы сол тұста өлкеде тұрған барша ұлттың бас бірігуіне жағдай туғызды. Бір сөзбен айтқанда, олар елді өркендетудің демократиялық баламасын ұсынды, бірақ ол авторитарлық үрдістер салдарынан жүзеге аспай қалды... А.Сембаева «ҚР Адам құқығы».
Президентінің қандай бастамасы Қазақстанның бірлігін нығайтты?
ҚР басшысының республика қауіпсіздігін қамтамасыз ететін реформаны батыл да тездетіп жүргізуі; елінің азаматтарын алауыздықтан аулақ ұстауы, миллиондаған адамдардың алдында оның беделін арттырды. 1990-9 жж. Қиын қыстау кездерде Назарбаев екі мәрте «жыл адамы» атанды. Қол жеткізгенге қанағат ету Назарбаевқа тән емес. «Бүкіл әлем бес-алты ықпалды саясаткерлерді таниды, соның бірі – Назарбаев мырза» -1991 ж қазанда М. Тэтчер. ҚР Президенті мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындаушы ең жоғарғы лауазымды тұлға. ҚР егемен мемлекет ретінде қалыптасуының және дамуының стратегиясы. 1991 ж Қытайға баруы сыртқы саясаттағы екінші батыл қадамы. 1995 ж – 111 мемлекет таныды, 92 елмен дипломатиялық қатынастар жүргізді. 2050 жылы Қазақстан жұдырықтай жұмылған біртұтас халық, үлгілі ұлттық мемлекет болады - Нұрсұлтан Назарбаев
І. Қалыптасқан Қазақстан– мемлекеттілігіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы
1. Қуатты да табысты мемлекет
2. Демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты процесі
3. Түрлі әлеуметтік, этностық және діни топтардың келісімі мен татулығы
4. Ұлттық экономика. Халықаралық еңбек бөлінісіндегі біздің рөліміз
5. Қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ететін күшті әлеуметтік саясат
6. Әлемдік қоғамдастық таныған ел
7. Ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі біздің белсенді рөліміз
8.Қазақстан-2030 стратегиясы. Негізгі қорытындылар
Қазақ халқы қашанда бірлік пен татулық мәселесіне ерекше мән беріп, оны тірліктің тұтқасы, өмірдің өзегі ретінде бағзы заманнан бағалап келген.Бірлік пен татулық тәлімінің қазіргі көпұлтты Қазақстан жағдайында маңызы ерекше. Мемлекет құраушы, елдің, жердің иесі ретінде қазақ халқы өзге ұлттар мен ұлыстарға оның асқан үлгісін көрсетіп келеді десек артық емес. Тарихымызға үңілсек, оған анық көз жеткізе аламыз. Қиын-қыстау кезеңге тап болған өзге ұлт өкілдеріне қашанда қамқор болып, ағалық мейрімін аямаған. Алаш елі тағдырдың жазуымен жер аударылып келген түрлі ұлыстарға төрінен орын беріп, бір үзім нанын бөліскені белгілі. Сол үшін көптеген ұлыстардың өткен және бүгінгі буыны қазақ халқына шексіз риза. Қазақ жерінде қазір 140-тан аса ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүріп жатыр. Оларға Қазақстан азаматтары ретінде тең құқық берілген. Олар білім алу, емделу, жоғары лауазымды қызмет атқару мүмкіндіктеріне ие. Елімізде мекен еткен ұлт пен ұлыстарға өз мәдениетін дамытып, салт-дәстүрлерін сақтауға лайықты жағдайлар жасалған. Олардың әрқайсысының ұлттық мәдени орталықтары тұрақты жұмыс істейді. Мәдени орталықтар әр халық өкілдерінің өз ұлттық дәстүрлері сақтауға зор ықпал жасап келеді. ТМД, Американдық бағыт, АТА – Оңт Шығыс Азия Пекин-Сеул-Токиа; Азия- Орталық Азия, Түркия; Еуропалық бағыт. Елбасы бастамалары – сот реформасының қайнар көзі. Елімізді ұлы жетістіктерге жетелеп келе жатқан Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы қай тұрғыдан айтсақ та жарасады. Президент мемлекет басына ел мен ұлт мүддесін көздің қарашығындай сақтап қалуда, халық шаруашылығын қақыратып алмауда өте қиын мәселелер қат-қабат шиеленіскен аса жауапты кезде келді. КСРО-ның ыдырауы алдында еліміздің болашағы мен тәуелсіздігі таразы басында тұрды. Сол кезде, яғни шешуші сәтте ел басқару тізгіні Нұрсұлтан Назарбаевтың қолына табысталды. Сол кезден бастап ата-бабалар аңсаған егемен ел болуға, толыққанды тәуелсіз мемлекет құрудың мақсат-мұраты, әрбір ісі осыған ұйытқы бола бастады.Ол уақытта басқа одақтас республикалармен экономикалық байланыстар үзілуге жақындап, елдің тұрмыстық-әлеуметтік жағдайы төмендей түсті. Одақтас елдермен арадағы экономикалық қарым-қатынастарды қал-қадерінше сақтау, әсіресе, ел ішіндегі саяси ахуалды тұрақтандырып, қоғамдық тәртіпті және халықаралық татулықты сақтау сынды келелі міндеттер тұрды. Осыған байланысты мемлекет құрылымын, оның ішінде құқықтық органдарды жаңаша құру мәселелерін Елбасы алдын ала болжай білді.
Ол кез дүние ай сайын емес, күн сайын емес, сағат сайын сан алуан өзгерістерге түсіп жатқан беймаза шақ еді. Сол жылдары бүкіл елдің тағдыры үшін жеке басын бәйгеге тігіп, Президент халқына қанатымен су сепкен қарлығаштай қалтқысыз қызмет жасап келеді.Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігінің жиырма жылдығын түбегейлі әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар жүргізу бағытында кең ауқымды жетістіктермен қарсы алып отырған болса, ал халықаралық қоғамдастық Қазақстанды бүгінде жаһандық үдерістерге беделді де ықпалды қатысушы ретінде таниды. Қазақстанда ұлттық мемлекеттіліктің берік іргетасы қаланып, елдің аумақтық тұтастығы қамтамасыз етілді. Ел сенімді түрде дамудың нарықтық қатынас жолына қадам басып, әлемдік экономикаға сәтті енді. Бүгінде Қазақстан – бұл табысты, динамикалық сипатта дамып, әлемдік үдерістерде елеулі рөл атқарып отырған мемлекет. Тұрақты ішкі саяси ахуал, ұлтаралық татулық пен дінаралық келісім, мемлекеттік құрылысты ұтымды жүргізу – осының бәрі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың табанды да салиқалы саясатының нәтижесі.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 1997 жылғы қазанда жасап ұсынған Қазақстанның дамуы жөніндегі алғашқы бағдарламасы – «Қазақстан-2030» Стратегиясы болатын. Ауқымды да кешенді бұл жоспарда ұзақ мерзімдік модернизациялық қайта жаңғыртудың негізгі бағыттары мен мақсаттары анық айқындалып, елдің негізгі әлеуметтік және экономикалық салалары қамтылды, Қазақстанды тәуелсіз және бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде қалыптастыру көзделді.
Дамудың стратегиялық бағыты 2009 жылғы мамырда 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламада тиянақталып, айқындалды. Бағдарламаның негізгі міндеті – үдемелі қарқынмен, ең алдымен инновация және озық технологияларды енгізу арқылы жаңа индустриялық экономика құру болды.
Қазақстан Президенті – Қазақстан мен Ресей арасындағы шынайы стратегиялық әріптестіктің сенімді жақтаушысы.