Негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді есепке алу және аудиті

16«Негізгі құралдар» IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес негізгі құралдар – бұл тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруде немесе жеткізуде пайдалануға, үшінші тұлғаларға жалға өткізуге, немесе әкімшілік мақсаттарға арналған және бір кезеңнен астам уақыттың ішінде пайдалану көзделетін материалдық активтерді білдіреді.Негізгі құралдар мекемеге мынадай жағдайда түседі: күрделі қаржы; жабдықтарды сатып алу және орнату; заңды және жеке тұлғалардан, сондай-ақ аукциондарда жаңа немесе ұсталған негізгі құралдар нысандарын сатып алу; негізгі құралдар нысандарын тауарлық-материалдық құндылықтарға айырбастау; заңды және жеке тұлғалардан жаңа және ұсталған негізгі құралдар нысандардың өтеусіз түсуі; жарғылық капиталға акционерлік кәсіпорындардың жарнасы ретінде түсуі; түгендеу кезінде анықталған есепте жоқ нысандарды кіріске енгізу; ұзақ мерзімді жалға беру шартымен негізгі құралдардың түсуі.Негізгі құралдар түсуі комиссия жасайтын «Негізгі құралдарды қабылдап алу-беру кесімімен» (НҚ-1 нысаны) рәсімделеді. Онда қабылданатын нысанның егжей-тегжейлі сипаттамасы беріледі, оның бастапқы құны және нысанды беру туралы құжаттардың мәліметі бойынша амортизация сомасы көрсетіледі, сондай-ақ нысанның жағдайы туралы комиссияның қорытындысы келтіріледі.Негізгі құралдарды жіктеу кезінде олардың негізгі құралдардың Мемлекеттік жіктемесіне (ҚР МЖ 12-2005), сондай-ақ осы есепке алу саласын реттейтін өзге нормативтік құжаттарға сәйкестігіне баса көңіл бөлінеді. Негізгі құралдардың өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Өндірістік Компанияның материалдық-техникалық базасының негізін құрайды және технологиялық процестің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Өндірістік емес негізгі құралдарға әлеуметтік мақсаттағы объектілер жатады.Негізгі құрал объектілері субъектінің бухгалтерлік балансынан мыналардың нәтижесінде есептен шығарылады:

— физикалық немесе сапалық тозу;

— шаруашылық қызметінде пайдаланылмайтын объектілерді өткізуде;

— басқа субъектілерге негізгі құралды жарғы капиталына салым түрінде

беру;

— басқа заңды немесе жеке тұлғаларға өтеусіз беру;

— объектілерде ұзақ мерзімді жалға беру;

— кему шығу, табиғи апат және басқа себептер.

Қоғамның шоғырландырылған бухгалтерлік теңгерімінен негізгі құралдар объектілерін есептен шығару мыналардың нәтижесінде болады:

— табиғи және моралдық тозу, дүлей апаттар, авариялар салдарынан тарату;

— сату;

— заңды немесе жеке тұлғаларға ақысыз беру (сыйға тарту);

— жарғылық капиталға үлес ретінде беру;

— активтермен алмасу;

— басқа себептер (жетіспеушілік, бүлінуі және басқалай).

Ұзақ мерзімді активтерді мынадай категорияларға жіктеуге болады:

— Материалдық активтер (негізгі құралдар, табиғи ресурстар)

— Материалдық емес активтер.

Материалдық активтердің табиғи натуралдық нысаны бар. Мысалы, оларға жерді жатқызуға болады. Жердің пайдалану мерзімі шексіз болғандықтан, оған амортизация (тозу) есептелінбейді. Ғимараттар, құрал-жабдықтар, құрылғылар амортизациялауға жатады, яғни пайдалану мерзімі ішінде олардың құнын бөліп-тарату үшін тозу есептелінеді. Тозудың есебі бағалау процессі емес, бөліп тарату процессі болып табылатындығын есте сақтау қажет. Бұл мәселелердің барлығы осы тауардың келесі параграфында егжей-тегжейлі қарастырылады.

Негізгі құралдар - кәсіпорын дайын өнім өндіру үшін қолданатын материалды активтер. Яғни басқа ұйымдарға ұзақ мерзімді уақыт пайдаланады деген болжаммен жалға беру үшін жасайды.Негізгі құралдың келіп түсуі негізгі құралдарды қабылдау жіберу актісімен рәсімделеді.Негізгі құралдардың қозғалысы бойынша операциясының синтетикалық есебі компьютерде шоттардың типтік жоспарында 2410 бөлімінде көрініс табады. Негізгі құралдар негізгі құралдар -6 нысан бойынша негізгі құралдардың инвентарлы карточкаларда саналады. Алғашқы құны бойынша келіп түскен сәттен бастап бағаланатын негізгі құралдар 2410 бөлім шоттарына дебеті бойынша сәйкес көрсетіледі. Корреспонденциялар:

Дт 3310 Кт 1010, 1030 Негізгі құралдардың обьектісі есебінен шығарылған шоттар бойынша төлем жүргізілді.
Дт 2410 Кт 3310 ҚҚС-сыз негізігі құралдар кірістелді.
Дт 1420 Кт 3310 ҚҚС сомасында проводка жасалуда.
Дт 3130 Кт 1420 ҚҚС бойынша сома.

Негізгі құралдардың келуі осы обьектінің техникалық құжатнамасымен қабылдау-өткізу актісімен рәсімделеді. Мекемелердің жарғылық капиталға салымы ретінде негізгі құралдарды кіргізу кезінде осы құралдың бастапқы құны болып Қ.Р заңнамасында анықталған құн болады.

Негізгі құралдар 2 топқа бөлінеді:

— Өндірістік арналымды.

— Өндірістік емес арналымда.

Негізгі құралдар анықтау әдісі өндірістік процесске тура және тікелей қатысу.

Дт 5110 Кт 5000 Мекемелердің негізгі құралдарды жарғылық капиталға салымы ретінде салуы.
Дт 2420 Кт 5110 Мекемелерден келіп түскен негізгі құралдар келісімділігіне.
Дт 2420 Кт 7270 негізгі құралдар қайтарымсыз алыну кезінде бастапқы құны аталған құралдардың негізгі құралдар -1 нысаны бойынша қабылдау жіберу акті деректері бойынша анықталады бірақ оның нарықтық құнынан артық емес.
Дт 2410 Кт 2420 Қабылдау жіберу актісінің деректері бойынша тозу соммасына.

Негізгі құралдардың бухгалтерлік баланста дұрыс есептелініп жазылуының екі түрлі жағдайы қарастырылады:

1) Негізгі құралдардың белгіленген түрлерінің сол баптарға қосылып есептелінгендігі;

2) Негізгі құралдардың кіріс етілінуі, тозуы және шығыс етілінуінің дұрыс есептелінуі.

Барлық кәсіпорындардағы негізгі құралдардың түгелділігі мен оларды қолда барлығын тексеру барысында аудитор алдымен ол активтердің инвентарлық карточкаларының бар-жоқтығын тексереді. Осылардың ішінде аудитор мыналарға басты көңіл бөледі:

- негізгі құралдардың жіктелінуіне, олардың дұрыс

жіктелінуі тозу сомаларының дұрыс есептелмеуіне

әкеліп соқтырады, ал бұл шығынның өндірілген

өнімнің өзіндік құнына дұрыс қосылмауына септігін

тигізеді;

- негізгі құралдардың өндіріске қатысуы бойынша

жіктелінуіне, бұл негізгі құралға амортизациялық аударым сомаларының дұрыс есептелінбеуіне әсер етеді;

- белгілі бір мақсатқа арналғандығы бойынша негізгі

құралдың жіктелінуі, егер бұл тұрғыдан негізгі құрал дұрыс жіктелінбеген жағдайда жоғарыда аталғандай амортизациялық аударым сомаларының дұрыс есептелінбеуі мүмкін;

Сонымен қатар негізгі құралдардың дұрыс жіктелінбеуі мен олардың дұрыс бөлінбеуі (топталынбауы) бухгалтерлік есепте қателіктердің пайда болуына және негізгі құралдарды қайта бағалағанда қателіктердің жіберілуіне септігін тигізеді.

Негізгі құралдарға аудиторлық тексеру жүргізуші ол активтердің дұрыс бағалануына көңіл бөлуі қажет. Бұл нәтиже қор қайтымының мөлшеріне, бухгалтерлік есеп берудің дұрыстығына өз ықпалын тигізеді. Негізгі құралды бағалаудың әртүрлілігін ескере отырып аудитор кәсіпорынға кіріске алынған, яғни келіп түскен негізгі құралдардың дұрыс бағаланғандығын ескеріп қана қоймай, сонымен қатар мыналарды тексеруі қажет:

- кәсіпорында негізгі құралды кіріске алу үшін және олардың нәтижесін құжаттау үшін арнайы комиссияның тағайындалғандығын;

- кәсіпорынға сатылып алынған негізгі құралдар үшін сатып алу-сату келісім шартының бағасы көрсетілініп жасалынғандығын (егер негізгі құрал заңды тұлғалардан сатылып алынған жағдайда);

- келісілген бағасы бойынша хаттамалардың жасалынғандығын (егер негізгі құрал үлес қосушы, акционерлерден жарғылық қорды арттыру мақсатымен келіп кіріске алынған жағдайда).

- үлгілі түрі НҚ-1 санды қабылдау-тапсыру актісінде негізгі құралдың бастапқы бағасының дұрыс көрсетілгендігін;

- жал бойынша келісім шартта объектінің бағасының көрсетілгендігін (негізгі құралды ұзақ мерзімге жалға алған уақытта)

- негізгі құралды жаңартқаннан, қайта құртқаннан немесе жартылай бұзғаннан кейін бастапқы құнының дұрыс көрсетілгендігін;

- салынып біткен негізгі құралдың кіріске алынған бағасының дұрыстығын;

- пайдалануға берілген негізгі құралдың дұрыс құжатталғандығын және тағы да басқа.

Материалдық емес активтер және бұлардың амортизациясы.

Метериалдық емес активтер және бұларды пайдалану мерзімі нақтылы объектілер бойынша тиісті нормативтік құжаттар мен осы объектілер мазмұнын жетік білетін мамандардың қатысуымен анықталады. Егер материалдық емес активтерді пайдалану мерзімін нақтылы анықтау мүмкіндік болмаған жағдайда тиісті нормативтік құжаттарға сай 10 жыл мерзім белгіленеді. Материалдық емес объектілер өрісін амортизация есептеу екі түрлі әдіспен жүзеге асырылады:

— түзу сызықты бір қалыпты

— өндірілген өнімдер көлеміне пропорционалды түрде амортизация есептеу әдіс.

Материалды емес активтердің түсу есебі

Операция мазмұны Корреспонденциялық шот
Дебет Кредит
Материалды емес активтердің жарғы капиталына салым ретіндегі түсімдері 5020, 5030
Материалды емес активтердің қайтарымсыз беру тәртібі бойынша түсімдері
Заңды тұлғалардың материалды емес активтерін сатып алу
Қосылған құн салығы

Материалды емес активтердің істен шығуы келесі түрде болуы мүмкін:

- басқа ұйымдардың жарғы капиталына салым;

- бірегейлі істің қайтарымсыз берілуі;

- жою және іске асыру.

Наши рекомендации