Саясаттану ” пәні бойынша тест сұрақтары

1. Саясаттанудың негізгі категориясын атаңыз?

А) мемлекет

В) партия

С) саяси билік

D) қоғамдық қозғалыс

Е) кәсіподақтар

2. Билік түсінігін толық ашатын ұғымды атаңыз?

А) саясат

В) идеология

С) ортақ мүдделі мәселерді шешудегі субъектілердің өзара қарым-қатынасы

D) адамдардың іс-әрекеті мен мінез-құлқына түрлі құралдармен ықпал ету мүмкіндігі

Е) субъектілердің өздерінің мүдделерін ұғынуы

3. саяси қатынастардың субъектілеріне не жатпайды?

А) мемлекет, партия

В) жеке тұлға

С) таптар

D) ұлт

Е) идеология

4. Қоғамның саяси жүйесінің құрылымына не жатпайды?

А) саяси институттар

В) саяси қағидаттар мен ережелер

С) саяси сана және саяси мәдениет

D) өндірістік қатынастар

Е) саяси қатынастар

5. Мемлекеттің қызметіне не кірмейді?

А) әлеуметтік мүдделерді білдіру

В) қоғамдық істерді атқару

С) қоғамдық тәртіпті қорғау

D) қайырымдылық шараларын өткізу

Е) территориялық тұтастықты қорғау

6. Азаматтық қоғамның құрылымына не кірмейді?

А) отбасы

В) мемлекет

С) ғылыми, мәдени бірлестіктер

D) білім жүйесі

Е) жеке меншік фирмалар

7. Авторитарлық саяси режимде болмайтын белгі?

А) жеке тұлғаның саяси құқықтарының кепілділігі

В) биліктің шексіздігі

С) күшке арқа сүйеу

D) экономикаға, адамдардың жеке өміріне араласпау немесе шектелген деңгейде араласу

Е) билік пен саясатты монополизациялау

8. Құқықтық мемлекетті атаңыз?

А) Куба

В) Ирак

С) Франция

D) Иран

Е) Түркменістан

9. Қай елде екі партиялық жүйе қалыптасқан

А) США

В) Япония

С) Испания

D) Италия

Е) ФРГ

10. Қазақстан қай кезден бастап тәуелсіз ел болды?

А) 1920 ж. 6 қазаннан ("Қазақстан еңбекшілерінің құқығы декларациясының" қабылдануы)

В) 1991 ж. желтоқсаннан (КСРО-ның күйреуі, ТМД-ның құрылуы)

С) 1990 ж. 25 қазаннан ("Қазақ КСР-нің мемлекеттік егеменділігі туралы декларациясыының" қабылдану)

D) 1993 ж. 28 қаңтарынан (Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясының қабылдануы)

Е) 1991 ж. Желтоқсаннан ( "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" заңның қабылдануы)

11. “Халықаралық саяси қатынастар” түсінігінің толық анықтамасын атаңыз?

А) мемлекеттер, мемлекеттер бірлестігі, халықтар арасындағы саяси, экономикалық, дипломатиялық, әскери, мәдени, ғылыми-техникалық байланыстардың

В) халықтар арасындағы қатынастар

С) мемлекеттер арасындағы қатынастар

D) мемлекеттер одағы арасындығы қатынастар

Е) дипломатиялық қатынастар

12. Саяси мәдениеттің қызметіне не жатпайды?

А) тәрбиелік

В) коммуникативтік

С) реттеушілік

D) интегративтік (бірігушілік)

Е) әкімшілік

13. Тарихтың қай кезеңінің білімі саяси биліктің теологиялық теориясын қалыптастырды?

A) Жаңа уақыт кезеңі

B) Қайта өркендеу кезеңі

C) Көне Грекиялық кезең

D) Орта ғасыр кезеңі

E) Ағарту кезеңі.

14. Тоталитарлық режимнің түріне не жатады?

А) анархизм

В) ұлтшыл - социализм

С) либерализм

D) модернизм

Е) консерватизм

15. Саяси элита дегеніміз не?

А) қабылданған шешімдерді орындайтын, арнайы тағайындалатын топ

В) бюрократия

С) армия, сот, прокуратура

D) саяси шешімдерді қабылдайтын және жүзеге асыратын айрықша әлеуметтік топ

Е) қабылданған шешімдерді орындау үшін халық сайлайтын әлеуметтік топ

16. Мемлекттің негізгі белгісіне не жатпайды?

А) бұқаралық биліктің болуы

В) қарудың болуы

С) құқықтың болуы

D) нақты бір территорияның болуы

Е) егемендік

17. Адамның саясатқа, билікке, саяси жүйеге, қоғамның саяси мәдениетінің қалыптасуына деген көзқарасын қалыптастыруда “саясаттан басқаның бәріне рұхсат етілген” –деген қағидат, қандай саяси режим яки басқару нысанында әрекет етеді ?

А) авторитарлық

В) парламенттік

С) президенттік

D)тоталитарлық

Е) демократиялық

18. Қазақстан БҰҰ – ға қашан мүше болды?

А) 1990 ж. 25 қазанда

В) 1991 ж. 16 желтоқсанда

С) 1992 ж. 2 наурызда

D) 1991 ж. 8 желтоқсанда

Е) 1995 ж. 30 тамызда

19. Қазақстанда билік кімнен бастау алады?

А) мемлекет

В) кәсіподақ

С) партиялар

D) халық

Е) парламент

20. Бюрократия дегеніміз не?

А) басқарушы элита

В) армия, сот, прокуратура

С) саяси шешімдер қабылдайтын әлеуметтік топ

D) қабылданған саяси шешімдердің орындалуын қамтамасыз ететін, тағайындалатын айрықша әлеуметтік топ

Е) қабылданған сасяси шешімдерді орындау үшін халық сайлайтын әлеуметтік топ

21. Парламенттік республиканың белгісін атаңыз?

А) саясаттың негізгі субъектісі президент болады

В) нақты билік үкімет басшысының қолында болады

С) мемлекет басшысы атқарушы билікті қалыптастырады

D) заң шығарушы орган мемлекет басшысын қызметтен босата алмайды

Е) үкімет парламент алдында жауап береді

22. Осы заманғы халықаралық саяси қатынастардың негізгі ерекшелігін атаңыз?

А) жаһандану, өзара қарым - қатынастардың аясының кеңейуі

В) мемлекетаралық қатынастардың шиеленісі

С) әскери одақтардың арасындағы қарама – қайшылықтардың артуы

D) әлемдік бөліс үшін күрес

Е) дамыған елдер мен дамушы елдер арасындағы қарама – қайшылықтардың

23. Қайсы құжатта “Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл қазақ тілі. Мемлекеттік мекемелер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қазақ тілімен бірге ресми түрде орыс тілі қолданылады”- деп, атап өтілген?

А) Қаз. КСР – ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясында (25.10.1990ж.)

В) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заңында (16.12.1991)

С) 1993 жылғы ҚР-ның Конституциясында.

D) 1995 жылғы ҚР-ның Конституциясында.

Е) ҚР-ның мемлекеттік сәйкестілігі (идентичность) заңында (мамыр 1996 ж.)

24. ҚР- ның екі палаталық парламентіне алғашқы сайлау қашан болды?

А) 1995 ж.

В) 1994 ж.

С) 1993 ж.

D) 1991 ж.

Е) 1990 ж.

25. Азаматтық қоғам түсінігіне не жатпайды?

А) кәсіподақтар

В) шығармашылық одақтар

С) экологиялық қоғамдық ұйымдар

D) мемлекетке қарайтын тәрбиелеуші мекемелер

Е) билік жүргізуші партиялар

26. Тұлғаның, әлеуметтік топтың саясатта өз еркіндігін өткізу қабілеті қалайша аталады:

A) Саяси билік

B) Экономикалық билік

C) Әскери билік

D) Әлеуметтік билік

E) Мәдени-ақпараттық билік.

27. Халықаралық алаңда және мемлекет ішінде бүкіл қоғамның атынан билік жүргізетін монополиялық құқығы бар билік формасы:

A) Әлеуметтік билік

B) Мемлекеттік билік

C) Мәдени-ақпараттық билік

D) Экономикалық билік

E) Әскери билік.

28.Легитимділіктің түріне не жатпайды?

А) дәстүрлік

В) рациональдық-құқықтық

С) харизматикалық

D) репрессивтік

Е) идеолгиялық

29. Демократиялық режимге тән белгілерге не жатпайды?

А) азаматтардың еркіндігі мен құқықтарының болуы

В) биліктің сайланбалы және жауапкершілікті болуы

С) Партиялық жүйенің дамыған болуы.

D) Билік тармақтарының жіктелуі

Е) армия мен полицияның саясатқа араласуы

30. Халықаралық қатынастардың субъектісіне не жатпайды?

А) мемлекет

В) бүкіләлемдік және аймақтық мемлекет аралық бірлестіктер

С) бүкіләлемдік және аймақтық мемлекет үкіметтік емес бірлестіктер

D) әлемдік қаржы институттары және трансұлттық монополиявр

Е) ғылым мен мәдениеттің белгілі қызметкерлері

31. КСРО-да қандай саяси режимнің түрі үстемдік жүргізді

А) тоталитарлық

В) авторитарлық

С) демократиялық

D) диктатура

Е) жеке билік

32. Саясаттанудың қызметіне не жатпайды?

А) теориялық - танымдық

В) әдістемелік

С) ғаламтанулық

D) болжамдық

Е) өндірістік

33. Демократиялық режимге тән белгіні атаңыз?

А) халықтың мемлекеттік істерді шешуге қатысу құқығы

В) саяси мәселелерді шешуде қатал шараларды қолдану

С) азаматтардың құқығы мен еркіндігінің шектелуі

D) қоғам өмірінің барша саласының мелекет тарапынан қатаң бақылауға алынуы

Е) қоғамды басқару қызметінің бір тұлғаның қолына шоғырлануы

34. Саясаттанудың құрылымына не кірмейді?

А) саяси ойдың тарихы

В) саяси философия

С) саяси социология

D) жоғары математика

Е) саяси психология

35. Диктатураға тән:

A) Биліктің бөлінуі

B) Биліктің легитимділігі

C) Қару қолдану

D) Саяси плюрализм

E) Азамат пен тұлға құқықтарының үстемділігі.

36. Институттардың қай түріне кәсіподақтарды жатқызуға болады?

A) Саяси

B) Экономикалық

C) Саяси емес

D) Қоғамдық

E) Мемлекеттік.

37. Көшбасшының жаңа түрін-жоғары сатыдағы адам қалыптастырудың қажеттілігін түсіндірген ғалым.

A) П. Фрейд

B) Г. Спенсер

C) Геродот

D) Ф. Ницше

E) М. Вебер.

38. Толеранттық мінез-құлық деп нені атаймыз:

A) Қарама-қарсы көз-қарасты, ой-пікірді, мінез-құлықты қабылдау

B) Қарама-қарсы мінез-құлықты, көз-қарасты қабылдамау.

C) Тек өз көз-қарастарының айқын болуына сену

D) Барлық пікірді қабылдау

E) Нақты ой-пікірдің болмауы.

39. Мемлекеттің егемендігі дегеніміз не?

A) Биліктің жоғарғы органдарының халықтан тәуелсіздігі

B) Халық биліктің көз-қайнары

C) Қоғам мемлекетке бағынады

D) Мемлекеттің басқа мемлекеттерден тәуелсіздігі

E) Үкіметті тарату құқығы.

40. Референдум дегеніміз не?

A) Азаматтың сайлану құқығы

B) Мемлекет тұрғындарының пікірін білу мақсатында жүргізілетін дауыс берудің арнайы түрі

C) Сайлау өткізуге байланысты іс-шаралар

D) Кандидаттарды ұсыну үрдісі

E) Саяси парияның немесе жеке кандидаттың агитациялық іс-шаралары.

41. Кай мемлекет федеративтік болып табылады?

A) Франция.

B) США.

C) Англия.

D) Казахстан.

E) Япония.

42. Саясаттанудың жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардың өздерін-өздері қалай ұстауын талдауға негізделген әдісі:

A) Бихевиористік

B) Бағалау

C) Жүйелеу

D) Іскерлік ойын

E) Социологиялық

43. Мемлекет тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық болып:

A) Шекаралық белгісіне қарай

B) Әкімшілік бөлінуіне қарай

C) Билікті жүзеге асыруына қарай

D) Экономикалық саясатына қарай

E) Әлеуметтік саясатына қарай бөлінеді

44. Қазақстан Республикасының Үкімет биліктің қандай түрін жүзеге асырады?

A) Парламент

B) Әділет Министрлігі

C) Жоғарғы Сот

D) Үкімет

E) Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті

45. Саяси режим конституциялық тәртіппен сипатталып, саяси билікті жүзеге асыратын мемлекеттің типі:

A) Зайырлы

B) Әлеуметтік

C) Құқықтық

D) Әскери

E) Тоталитарлық

46. Саяси партиялардың саяси институт ретінде қалыптасуы мен қызмет етуі:

A) Партогенез

B) Даму

C) Этногенез

D) Қалыптасу

E) Генезис

47. Саяси партиялардың олигархиялануы теориясын ұсынған:

A) М. Дюверже

B) Д. Урвин

C) Р. Даль

D) Р. Михельс

E) У. Кларк

48. Парламенттік президенттік немесе муниципиалдық сайлауларда белгілі бір партияға дауыс беруші сайлаушылар ортасы:

A) Элита

B)Электорат

C) Люмпендер

D) Азаматтар

E) Әлеуметтік топ

49. Партияның негізгі қызметі:

A) Саяси әлеуметтану

B) Парти идеологиясын құру

C) Саяси іріктеу

D) Билік үшін курес, оны жүзеге асыру, бақылау

E) Коммуникативтік

50. Партиялық жүйе:

A) Барлық саяси партиялардың жиынтығы

A) Партиялармен мемлекет арасындағы қатынастар жүйесі

B) Партиялардың билік жүргізуі

C) Өкілдік мекемелер жиынтығы

D) Лобби топтары

51. Партиялық жүйені сипаттайтын:

A) Демократиялық партиялық жүйелер

B) Тоталитарлық және авторитарлық жүйелер

C) Автократиялық партиялық жүйелер

D) Консервативтік-реформаторлық саяси жүйелер

E) Барлық саяси жүйелер

52. Билік жүргізу мен саяси шешімдер қабылдауда ықпал ете алатын қысымшы топтар ұғымын саяси лексиконға енгізген ғалым:

A) Г. Спенсер

B) Ю. Хабермас

C) Э. Гидденс

D) А. Турен

E) А. Бентли

53. Авторитаризмнің теориялық негізін салушылар:

A) Ж.Де Ментр, Лю.Д Бональд

B) Ш.Л. Монтескве, Ж.Ж. Руссо

C) А. Токвиль,Д. Локк

D) Р. Михельс, М. Острогорский

E) Г. Моска, В. Парето

54. Саяси процесс - бұл:

A) Биліктің қызметімен келіспеуді білдіру

B) Саяси құбылыстардың жүруі

C) Билік құрылымдарын қайта өзгерту, өлшеу үрдісі

D) Белгілі мақсаттық, жүйелі жалғастық

E) Сайлау компаниясы

55. Қай ойшылдың еңбегінде ең алғаш рет «саяси мәдениет» термині қолданылды?

A) Платон

B) Кант

C) Гердер

D) Гегель

E) Ницше

56. Саяси мәдениеттің концептуальды тұрғыдан ең алғаш кім қарастырды?

A) Д. Истон

B) Г. Алмонд

C) Д. Белл

D) У. Кларк

E) Дж. Гэлбрейт

57. Саяси субмәдениет - бұл:

A) Әдеттегі үлгілер мен тәртіптердің жиынтығы

B) Рухани құбылыстар мен символдардың жиынтығы

C) Саясат объектілеріне бағыттылық жүйесі

D) Қоғамда үстемдік еткен мәдени бағыттан айтарлықтай ерекшеленетін саяси бағдар

E) Нормативтік талаптардың көрінісі

58.Саяси мәдениеттің (дәстүрлік, қоластылық, белсенділік) деп аталатын «таза» түрлерінің типологиясын берген авторлар:

A) Г. Алмонд, С. Верба

B) Ф. Хайек, Р. Нозик

C) М. Вебер, И. Шумпетер

D) Г. Моска, В. Парето

E) О. Тоффлер, Е. Масуда

59. Либерализм идеологиясының негізін қалаушы?

A) Г. Спенсер

B) Ж. Боден

C) Г. Тард

D) Д. Локк

E) Э. Гидденс

60. Мұрагерлік ретінде жоғарғы мемлекет билікті бір қолға беружің түрі?

A) Монархия

B)Федерация

C)Конфедерация

D)Унитарлық мемлекет

E)Республика

61. Саясат ғылымының негізін салушы кім?

A)Каутила

B)Сюнь-цзы

C)Аристотель

D)Мо-цзы

E)Лао-цзы

62. Саясаттану-ол:

A) Қоғамның саяси өмірінің даму үрдісі, мемлекеттік институттар, партиялар және қоғамдық қозғалыстарды зерттейді.

B) Адамдардың саяси тәртіптерінің психологиялық факторын зерттейді.

C) Қоғамды және ондағы адамдар тәртібін реттейтін ғылым

D)Адам қоғамының саяси саласының ұйымдастыру мен жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым

E) Қоғам өмірі үрдісіндегі қатынастар мен адамдар жүріс-тұрысын реттейтін ғылым

63. Саяси ғылымдардың халықаралық ассоциясы қашан құрылды?

A) 1945

B) 1946

C)1949ж.

D) 1950ж.

E)1951ж

64. Саясаттанудың саяси үрдістерді айнытпай бейнелеу озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған қызметі:

A)Методологиялық

B)Болжау

C)Аксиологиялық

D)Реттеу

E)Көзқарастық

65. Конституция бойынша ҚР-да мемлекеттік биліктің негізгі қайнар көзі:

A) Президент

B) Парламент

C) Үкімет

D) Жоғарғы кеңес

E) Халық

66. Азаматтық қоғамның басталуы:

A) Ортағасырда

B) Ежелгі дүниеде

C) Жаңа заманда

D) Қайта өрлеуде

E) Жаңарған заманда

67. Мемлекеттік саясат саласында көппартиялыққа жол беретінб,билік буындарын, ашық аппозицияны, көпшілікті мойындайтын ілім:

A) Пассионарлық

B) Пацифизм

C) Этатизм

D) Тоталитаризм

E) Плюрализм

68. Партиялар жалпыұлттық саяси құрылымдарға қашан қалыптасқан?

A) ХҮІ ғасырда

B) ХҮІІ ғасырда

C) ХҮІІІ ғасыр

D)ХІХ ғасырда

E) ХХ ғасырда

69. Аристотелдің ойынша басқарудың мейлінше жетілген түрі, және оның маңызы:

A) Аристократия

B) Тирания

C) Олигархия

D) Полития

E) Демократия

70. Саясаттың алғашқы субъектісі – бұл:

A) Тұлға

B) Тап

C) Халық

D) Қабат

E) Топ

71. Саяси бағыттың қайсысында биліктің қайнар көзі тұлға деп, ал мемлекетті ерікті адамдардың жалпы консенсус және келісімінің нәтижесі деп қарастырады?

A) Коммунизм

B) Либерализм

C) Консерватизм

D) национализм

E) протекционизм

72. Адамның мемлекетке толықтай бағынуының саяси үлгісі:

A) Социал-демократия

B) Протекционизм

C) Либерализм

D) Ұлтшылдық

E) Тоталитаризм

73. Саясатқа тұлғаның қатысуының жоғарғы формасы:

A) Түрлі кампанияларға қатысуы

B) Митингдерге қатысу

C) Сайлау кампанияларына қатысуы

D) Саяси кәсіби қызмет

E) Наразылық акциясына қатысуы

74. Өзара байланысты және өзара әрекетті әлеуметтік топтар жиынтығын сипаттайтын түсінік:

A) Қоғам

B) Әлеуметтік құрылым

C) Әлеуметтік таптық құрылым

D) Мемлекет

E) Мәртебе

75. Қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті, қабаттарды сипаттайтын түсінік:

A) Әлеуметтік стратификация

B) Әлеуметтік қабат

C) Әлеуметтік-таптық құрылым

D) Әлеуметтік жүйе

E) Қоғамдық жүйе

76. Қоғамның жалпы көлемді саясиландыруынан шығатын, экономиканы, мәдениетті және т.б. саясаттың басқаруын деп түсіндіретін саяси тұжырымдама:

A) Анархисттік

B) Тоталитарлық

C) Либералдық

D) Консервативтік

E) Теократиялық

77. Саясат парадигмасы - бұл:

A) Жасалатын өзгерістердің нәтіжесінде туатын болашақтақтағы қоғамдық құбылыстың бейнесі, үлгісі

B) Болып өткен жағдайларды лақап негіздеу

C) Саяси жүйенің өзгерусіз қалуы туралы үлгі

D) Саяси қызметтің әдісі

E) жалпыға міндетті норма жүйесі

78. Маркстың таптық теориясында қандай критерия қарастырылған?

A) Меншік

B) Билік

C) Жұмыс престижі

D) Білім

E) Пайда көзі

79. Либерализмнің саяси ойлаудың басты идеясы –:

A) Бостандық - негізгі құндылық;

B) Құқық өркениетті адамдардың табиғи қажеттілігін қамту ретінде;

C) Тарих мақсаты – әлем вестернизациясы;

D) Халықтық билік идеясы;

E) Индивидуалдылық: қоғам және оның институттармен салыстырғанда жеке адам мейлінше алғашқы және шынайы

80. Саяси шиеліністе қандай қарама қайшылықтар бар?

A) Экономиканың нарықтық және жоспарлы тараптарының арасындағы қайшылықтар

B) Өндіріс пен қажеттілік арасындағы қайшылықтар

C)Мемлекет пен қоғам арасындағы, саяси билік субъектілері арасындағы қайшылықтар

D) Әлеуметтік топтар арасындағы қайшылықтар

E) Индивидтер арасындағы қайшылықтар

81. Саяси партиялардың саяси жүйедегі негізгі мақсаты?

A) Халық еркін қалыптастыру

B) Әлеуметтік топтардың мүддесін білдіру

C) Саяси күрес формаларын, әдістерін жасау

D) Тұрғындардың саяси өмірге қатысу мүмкіндіктерін кеңейту

E) Саяси билікке қол жеткізу жолындағы күрес

82. Демократияның негізгі белгісі бұл:

A) Жалпы сайлау негізінде қалыптасқан биліктің өкілетті органдарының болуы

B) Биліктегі бір топтың немесе партияның монополиясы

C) Оппозиция қызметіне белгілі бір шектеулердің болуы

D) Шектеулі плюрализмнің сақталуы;

E) Биліктің орталықтандырылған моноисттік құрылымы

83. Демократия белгілі бір жағдайлардың сақталғанында және болғанында ғана пайда болады:

A) Қоғамдағы толенранттылықтың болуы, азшылықтың құқықтарын сыйлау

B) Қоғамның дәстүрлі типін сақтау

C) Саяси мәдениеттің патриархалдық типін сақтау

D) Діни нормалардың белгілі бір деңгейде әсер етуі

E) Қоғамдағы шиеліністіктің жоғары деңгейі

84. «Полиархиялық демократия» авторы кім:

A) Р. Даль;

B) Э. Даунс;

C) С. Липсет;

D) Д. Курт:

E) В. Джэкмен

85. Адам құқығы эссесі және онда мемлекетке қарама-қарсы басты етіп азаматтық қоғамды қоя білген автор?

A) Т. Ходжескин

B) Ж. Сиэйс

C) Т. Пейн

D) И. Бентом

E) О. Конт

86. Партия- ол:

A) Өз мүшелерінің өмірлері мен еңбегін жақсартуда жалпыға ортақ мүдделерді жүзеге асыруда жалдамалы қызметкерлердің бұқаралық қоғамдық ұйымы

B) Әлеуметтік-экономикалық және рухани келісімі негізінде белгілі психологиясы мен өзіндік сана сезімі бар тарихи қалыптасқан қауымдастық типі

C) Мемлекеттік билікті қолға алуға күресе алатын және билік жүргізуге қатысуға бағытталған саяси қоғамдық ұйым, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы

D) Саяси қауымдастық

E) Адамгершілік саяси одақ

87. Кадрлық партиялардың сипаттамалық белілері:

A) Саны көп идеологиялық бейімделген, мүшелері тығыз байланысты және қайта ұйымдасқан

B) Саны аз, партия мүшесінің билеті болады, кәсіби саясаткерлер мен қаржы элитасына сүйенеді

C) Жалпы ұлттық мүддені білдіреді

D) Партияның төменнен жоғарыға бағынуы

E) Радикалдық идеологияны жақтаушы

88. Азаматтық қоғам – бұл:

A) Мемлекеттік құрылымынан тыс қалыптасатын қоғамдық институттар және мәдени рухани қатынастар жиынтығы

B) Мемлекеттік мекемелер мен қатынастар

C) Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар

D) Партиялық жүйелер

E) Сайлаушылар қауымдастығы

89. Құқықтық мемлекеттің белгілеріне жататындар:

A) Мемлекеттіктің заңынан адам құқығының басымдығы

B) Әлеуметтік қауіпсіздік

C) Азаматтардың материялдық және мәдени әл-ауқатының қамтамасыз етілуі

D) Көпшілік партияның билікті иеленуі

E) Мемлекеттің бұқаралық ақпарат құралдарына үстемдік етуі

90. Саяси партиялардың құрылу тарихындағы 3 кезеңге аристократиялық үйірмелер, саяси клубтар,көпшілік партиялар деп бөлген ғалым:

A) Э. Бернштейн

B) Р. Арон

C) А. Бентли

D) М. Вебер

E) Р. Даль

91. Саяси шешім – бұл:

A) Саяси әрекеттер жобасын таңдау және негіздеу

B) Мәселелерді ашу, анықтау

C) Мақсаттарды қалыптастыру және оның басым бағыттарын анықтау

D) Саяси процестің жүру әдісі

E) Саясат субъектілерінің саяси қатынастарға тартылуы

92. Саяси қатынастар субектілерінің бір-бірімен және билік институттарымен өзара қатынастарын қамтамасыз ететін саяси сана қызметі:

A) Тәрбиелік

B) Коммуникативтік

C) Болжау

D) Нормативтік

E) Реттеушілік

93. Мажоритарлық жүйе.... сипатталады:

A) Заңда қарастырылғандай көп дауыс жинаған кандидат жеңген болып саналады

B) Саулау округтері бөлінбейді;

C) Сайлаушылар саяси партия үшін дауыс береді

D) Депутатстық мандаттар партия ықпалына қарай бөлінеді

E) Депутаттар өз партиясынан тәуелсіз болады

94. Қазіргі заманғы Қазақстанның сыртқы саяси әріптестіктегі ұстанған негізгі бағыты:

A) Экономикалық байланыс және сауда жүйесі

B) Идеялық саяси бағыт;

C) Тарихи дәстүр;

D) Тұрғындардың этномәдени ерекшеліктері

E)Геосаяси мүдделер

95. Саясаттың маңызды қызметін анықтаңыз?

A) Қоғамдағы түрлі топтар мүдделерін білдіру

B) Әлеуметтік дамудың жаңашылдығын қамтамасыз ету

C) Қоғамдық процестерге жетекшілік ету және басқару

D) Тұлғаның әлеуметтенуі

E) Қоғамдық жүйенің бүтіндігін, тұрақтылығын және тәртіпті қолдау

96. Саяси ғылымның тарихын үйренудегі басты мән?

A) Білімділік деңгейінің кеңеюі

B) Өткенге деген табиғи мүддені қанағаттандыру

C) Өркениет тарихын тану

D) Ұлттық өзін өзі тануды ояту

E) Адамдардың саяси қызметін жаңартудың тарихи үрдіске әсері

97.Төмендегі көрсетілгендердің қайсысы олигархия анықтамасы болып табылады:

A) Бюрократтар блогы, ұлттық буржуазия, әскерилер билігі

B) Аздаған байлар мен артықшылығы бар адамдардың билігі

C) Шенеулік аппаратқа сүйенген жеке адамның билігі

D) Қоғам өміріне толықтай бақылау жасайтын билік

E) Әскери басшылардың билігі

98. Ұлт мемлекеттің түбегейлі мұқтаждығын сезіну және ұғыну:

A) Ұлттық саясат

B) Ұлттық сана

C) Ұлттық сұрақ

D) Ұлттық қауіпсіздік

E)Ұлттық мүдде

99. «Ұлттық мүдде» концепция авторы:

A) У. Кларк

B) Ф. Фукуяма

C) Е. Масуда

D) Г. Моргентау

E) А. Белл

100. Билік ұғымын дәлірек түсіндіретін не?

A) Саясат

B) Идеология

C) Өзара мүддені шешудегі субъектілердің өзара іс қимылы

D) Әр түрлі құралдардың көмегімен адамдардың тәртібі мен кызметіне қабілеттілік пен мүмкіндік

E) Субъектілердің өз мүдделерін ұғынуы

Наши рекомендации