Тақырып. Мемлекеттік реттеу: пайда болуы, мақсаты, құралдары

Дәріс мақсаты: Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістеріне түсінік беру. Мемлекеттің монетаристік және фискалдық саясатын түсіндіру.

Жоспар:

1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігі мен оның мәні.

2. Ақша-несие жүйесі.

3. Мемлекеттің қаржы жүйесі және қазына саясаты.

Негізгі сөздер:болжау, жоспарлау, монетаристік саясат, фискальдық саясат, әкімшілік-экономикалық реттеу, құқықтық реттеу

Иллюстрациялық материал: электронды оқулық, интернет материалдары, кесте, слаид

1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігі мен оның мәні.

Тиімді экономиканың шведтік моделін жасаушы және көрнекті маман Класс Эклунд «таза күйінде мүлдем реттелмейтін нарық ешбір елде жоқ және нақтылы айтқанда, ешқашан болған емес» - деп жұжырым жасай келіп, ұжымдық шаруашылықтардың сыртқы-ішкі әсерлерін ескеру және табыстарды әділетті болуді қамтамасыз ету мақсатындағы мемлекеттік реттеу қажеттілігін көпшілік танып-білгендігін атап көрсетті.

Мемлекеттік реттеудің объективті қажеттлігін анықтайтын факторлардың мәнісін қарастыруда ең алдымен «таза қоғамдық тауарлар», яғни нарықтық қатынастар механизмдерінің әсерін қабылдамайтын тауарлар жөнінде болмақ. Экономиканы мемлекеттік реттеу – мемлекеттің ел экономикасына қатысу формаларын әлеуметтік-экономикалық процестерге әсер етуші әдістер мен тәсілдерді қарастырады, сөйтіп тиімді рыноктық қатынастар қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік реттеудің мақсаты – қазіргі заманғы рынокты қалыптастыру, яғни әр-түрлі тауарларға сұранысты қанағаттандыру, қызмет көрсету деңгейін арттыру, дефицитті жою болып табылады.

Рынок үшін әкімшіл-әміршіл жүйенің қажеті жоқ, оған ерекше инфрақұрылым қажет. Ал мемлекеттік реттеу – осы инфрақұрылымды жасап, оның тиімді іс-әрекет етуіне қол жеткізуі қажет, яғни мемлекеттік реттеу рыноктық экономиканың кемшіліктерінің орнын толтыруы қажет.

Мемлекеттің экономикаға тікелей әсер етуіне мыналар әсер етеді:

- индикативті жоспарлар арқылы ел экономикасы дамуының стратегиялық мақсаттарын анықтау;

- белгілі бір тауарды жеткізу үшін мемлекеттік тапсырыстар мен келісім-шарттар;

- бағдарламалар, тапсырыстар және шарттарды мемлекеттік қолдау;

- технология мен өнімнің сапасына нормативтік талаптар қою;

- белгілі бір тауарларға құқықтық және әкімшілік шектеулер қою;

- тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялау.

Мемлекеттік реттеудің жанама әсер ету әдістері:

- салық салу және салық деңгейі, жеңілдіктер жүйесі;

- бағаны реттеу және оның деңгейімен арақатынасын анықтау;

- ресурстар үшін төлемдер, кредиттеге, пайыздық ставкаға жеңілдіктер беру;

- экспорт және импортты кедендік реттеу;

- валюта курстары, оларды айырбастау шарттарын реттеу.

Көптеген экономистер салықтық реформаны тиімді деп санайды, сонымен бірге қатаң реттеушіліктердің босаңсуы экономикаға тиімдірек жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бірақ мұндай проблемалардың көпшілігі Паретто бойынша жақсы болып табылмайды. Жеңгендер немесе табысы жоғарлағандар саны көп болса, салықтық өзгерістерден кейін зардап шегетіндер табылады. Осы факт реформаны қиындатады. Ерекше мүдделі топтар сол салықтың режимді орнату үшін көптеген уақыт пен ақшаларын жұмсайды.

Барлық елдерде жүргізіліп отырған саясат елдің экономикасын дамытуға бағытталуы тиіс, яғни ол халықтың әл-ауқатын жоғарлатып, экономикалық тұрақтылыққа негізделуі тиіс. Сол себепті мемлекет әртүрлі экономикалық саясат жүргізеді, олар:

1. қаржы – несие саясаты

2. фискальді саясат

3. еңбек ақы және тариф саясаты

4. мемлекеттік инвестиция саясаты

5. әлеуметтік саясат т.б.

Меншік қатнастарына байланысты: адамның қоғамдағы алатын орыны, қоғамдық өнімдегі адамның үлесі, қоғамдық өмірдегі адамның ролі және тағы басқа анықталады. «Ешкімдікі емес» қоғамдық меншік белсенді шаруашылық қызметін ынталандырмайды. Жеке меншік керісінше жеке мүдделер тұрғысынан анағұрым нәтижелі еңбекке жетелейді. Бірақ мұнда байлық пен кедейлік жіктеліп, әлеуметтік шиеленіс пайда болады.

Қолайлы әлеуметтік ортаны қалыптастыру үшін мемлекет игіліктердің бір бөлігін жалпыға ортақ игіліктер ретінде қалыптастыруы қажет. Мысалы, табиғи байлықтар, орман, парктер т.б.

Мемлекет – қоғамдық мақсатты қамтамасыз ету үшін шаруашылық тұлғалары мен рынокты бақылауды қамтамасыз ету үшін заңды және саяси билікті іске асыратын үкімет мекемелерінен тұрады.

Экономиканы мемлекеттік реттеу – рыноктық экономиканың кемшіліктерінің орнын толтыру, басқару органдарының қоғамдық тиімді нәтижеге жетуі үшін жалпы өндірістік процеске әсер етуі болып табылады. Басты мақсаты – қазіргі заманғы рынокты қлыптастыру яғни әртүрлі тауарларға сұранысты қанағаттандыру, қызмет көрсету деңгейін арттыру, тапшылықты жою болып табылады. Ол қоғам дамуының объективті заңдарына сүйенеді. Экономикалық ретеудің мазмұнына «белсенді әлеуметтік саясат» жүргізу (кедейшілікке қарсы) кіреді.

Мемлекеттің экономикаға араласу сфералары:

- бәсекелестікті қолдау;

- жалпы экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Яғни, рынокта табыс бойынша бөліну т.б. салдарынан халық шаруашылығында ішкі тұрақтылық бұзылады. Салалық диспропорция пайда болады. Сондықтан мемлекет ұзақ мерзімді, орта және қысқа мерзімді ауытқуларға араласады.

- әлеуметтік қамсыздандыру және тепе-теңдік. Жаңа қоғамда жалдамалы жұмысшылар, зейнеткерлер, балалар мен жастарды құрғау қажеттілігі туады. Рыноктық экономикада олар ешнәрсе өндірмейді және ештеңе ұсына алмайды. Яғни табыссыз, сондықтан мемлекет оларға көмектер көрсетеуі қажет.

- микродеңгейдегі тапшылықтарды жою. Мысалы, фирмалардың банкроттығын болдырмау, салықтық көмектер беру т.б.

-Мемлекеттің мақсаты: -экономикалық өсу;

- толық жұымбастылықпен қамтамасыз ету;

- бағалардың тұрақтылығы;

-сыртқы және ішкі экономикалық тұрақтылық.

2. Ақша-несие жүйесі.

Ақша-несие саясаты ең алдымен экономикалық құлдырауды, жұмыссыздық пен инфляцияны болдырмауға бағытталған. Мемлекет бұл жерде келесі көрсеткіштерге әсер етеді: ақша массасы (ақша ұсынысы), жиынтық шығындар, есеп мөлшерлемесі (ставка рефинансирования).

Несие-ақша саясатының мақсаттары:

1. Өндіріс көлемін ұлғайту.

2. жұмыспен толық қамтылу

3. инфляцияны төмендету.

Несие-ақша саясатының құралдары:

1. ашық рыноктағы операциялары

2. Мәндетті резевтер нормасын өзгерту

3. есептік мөлшерлеменің өзгеруі.

Несие (кредит) сөзбе-сөз аудармада сенім деген түсінік береді. Бұны белгілі бір капиталдың басқа бір кәсіпорындағы солардың айналымы деп және сол кәсіпорынмен келісім деп түсінуге болады. Несиелік келісім — бұл төлемі мезгілінен кешіктірілген сатып алу-сату болып табылады.

Несие туралы оның мәнін ашып көрсету үшін мынадай жайт-тарды айту керек: несие дегеніміз қарыз қорының болмысының (қозғалысының) формасы, қарыз қорына меншіктің жүзеге асы-рылуының ерекше формасы.

Қарыз қорын орталықтанған ақша қорының бөлшегі деуге болады және ол кейбір жағдайда ақша ретінде есептелмек, солай болып елестейді. Одан терең талдау қордың күрделі қайшылығы мол екі процестермен байланысты қатынас екенін айқындатады: қайтарылып берілетін уақытша қолданылатын ақша қүралдарының қалыптасуы және оларды пайдалануымен байланысты қатынастар екенін аңғартады. Бүл — қайшылықта болатын бірлік және тек қарыз қорының қайшылықтарынан несие пайда болады.

Абстракцияның бүдан жоғары сатысында несие несиелік қаты-настарға айналады. Осы қатынастар қарыз қорының қозғалысы туралы кредитор мен кредит алушылар арасында пайда болып қалыптасады. Бүл қатынастар, айталық венчур капиталына дем беріп, дамуға импульс бере алады немесе олар экономика дамуы-ның кедергісіне айналуы мүмкін.

Микро- және макроэкономикалық тепе-теңдікті орнатуда несие маңызды қызметтер атқарады. Несиенің көмегімен әр түрлі салалар және кәсіпорындар арасывда капиталдың қайта болінуі жүріп отыра-ды. Несие берудің негізгі принциптері — белгілі мерзімге берілуі және оньщ қайтарылуы — несиенің нарық механизмінің тәртіп сақтаушы тиімді қүралы болып қызмет атқаруына жол ашады.

Несие өзінің қозғалысын әр түрлі формада жүргізеді. Несиенің классикалық формаларына коммерциялық және банктік несие жатады.

Коммерциялық несие толем мерзімі кешіктірілген тауардың сатылуында қолданылады. Оның объектісі — тауарлық формадағы қүралдар. Мақсаты - тауарлар мен қызметтердің өтуін тездету. Коммерциялық несие формасында жасалатын келісім қүжатының қызметін вексель атқарады.

Вексель — қүнды қағаздардың бір түрі. Ол белгілі уақыт мерзімі өткеннен кейін, сонда корсетілген соманың төленуін талап етуге құқық береді. Вексельдің жабайы және аударма түрі болады. Жабайы вексель — осыны берген адамның белгілі соманы вексельді үстаушыға корсетілген мерзімде төлеймін деген міндеттемесі.

Аударма вексель, немесе тратта,вексельді үстаушының (трас-санттың) төлеушіге (трассатқа) озіне толем жасау міндеттемесін алған, немесе, вексель бойынша төлем жасау кепілдігін өзіне алған үшінші жаққа — акцептантқа, вексельде көрсетілген ақша сомасын төле деген жазбаша бүйрығы.

Банк несиесін кәсіпкерлерге жоне басқа қарыз алушыларға ақшалай қарыз формасында банктер береді. Кредитор қызметін банк атқарады.

Банк несиесі бір жылдық мерзімге дейін берілетін қыска мерзімдік және одан үзақ мерзімге берілетін үзақ мерзімдік болып бөлінеді.

Мемлекеттік несие — бүнда қарыз алушы мемлекет, ал кре-дитор көбінесе халық болады. Осы несие мемлекетгік қарыз (заем), мақсатты процентсіз қарыздар, қазыналық міндеттемелер түрін алады.

Нарықтың қалыптасу кезеңінде, түрмыстык жағдайлар үшін берілетін түтынушылық несие және мемлекеттер арасындағы бай-ланыстарға қызмет ететін халықаралық несие дами бастайды.

Несие қатынастарының еркениетті елдерде кең қолданылатын жаңа формалары дамып отыр: лизинг-несие, факторинг, фарфей-тинг және т.б.

Лизинг — несиенің ақшалай емес формасы. Бүнда машиналар, жабдықтар және басқа материалдық қүралдар жалға беріледі, ал кейін осылардың қүны бірте-бірте төленіп болғаннан соң, олар жалға алушылардың меншігіне айналады. Лизингтің қолданылуы меншік қызметтерінің бөлінуіне негізделеді. Мүлікке меншік қүқы жалға берушіде қалады, ал жалға алушы осы мүліктің қүнын толық өтелгенше оны пайдаланады.

Лизшгтік келісімдер 1 жылдан 10-15 жылға дейін жасалады. Әдетте, компаниялар техниканы өздері емес, лизингтік фирмалар арқылы береді. Лизингтік компаниялар қызметін әр түрлі үйымдар аткдрады — башсгер жоне олардың болімшелері, немесе, өнеркәсіптік корпорациялардың филиаддары мен еншілес компаниялары. Қазақ-станның нарықтық механизмінде несиенің осы формасының дамуы ойдағыдай болып отырған жок. Көбінесе жабдықтардың қысқа мерзімді бір жылға дейінгі (рентинг) прокаты (жалға берілуі) қолданылып отыр.

Коммерциялық банктер несиенің факторинг деген формасьш пай-далана бастады. Факторинг — бөтеннің қарызын сатып алу (сату), немесе, сенімхат арқьшы коммерциялық операциялар жүргізу. Банк немесе басқа комиссионер кәсіпорнының, ассоциацияның және т.б. «дебиторлык, есепшотын» колма-қол ақшаға сатып алады, бұдан соң, ассоциацияның сатқан тауарын немесе көрсеткен қызметін накды сатып алушыдан қарызды өндіріп алады.

Фарфейтинг — қарызды банкке сатумен байланысты ұзақ мерзімді факторинг, қарызды өндіріп алу мерзімі 1-5 жылдан кейін келеді.

Несиелік механизмнін қалыптасуының бастапқы кезеңі тура-лы мәселе несиенің теориясы мен практикасының дамуында басты рөл атқарады. Несиелік механизмді несиелік қатынастарды ұйым-дастырудың формасы деп және пайдалану тәсілі деп қарастырған жөн. Несиелік механизм — қарыз қорына меншікті жүзеге асыру-дың экономикалық механизмі болып табылады. Несиелік қаты-настар несие саясатының негізін қүрайды.

Өтпелі экономиканың несие механизмі дамыған нарықтық несиелік қатынастарға парапар келмейді. Бүгін нарықтық қаты-настарға бағытталған, бірақ әкімшілдік басқарудың элементтерінен толық қүтылмаған несиелік механизмнің тек өтпелі нысандары женінде әңгіме қүруға болады.

3. Мемлекеттің қаржы жүйесі және қазына саясаты.

Қаржы дегеніміз – қоғамның ақшалай қаржы қорларын құру мен пайдалану жөніндегі экономикалық қатынастар жиынтығы.

Қаржы жүйесі мемлекеттің көптеген қаржыландыру институттарын қамтиды. Олар әр түрлі бағыттағы несие институттарымен тығыз байланыс негізінде әрекет жасайды.

Қаржы механизмі арқылы мемлекет өзінің саяси, экономика-лық және әлеуметтік сфералардағы көптеген қызметтерін атқаруға қажет ақшалай каражаттар қорын жасап қолданады.

Қаржы жүйесінің көрсеткіштері жалпы ұлттық экономикадағы жағдайдың сенімді индикаторы болып табылады. Осында шаруашылық әрекеттердің барлық маңызды аспектері тікелей не-месе жанама түрде бейнеленеді: өндірістің құрылымы, салааралық және территориялық пропорциялар, жеке салалардың іс-әрекетгерінің тиімділігі және т.б.

Қаржы деп ақша қаражаттарын (қаржы ресурстарын) бөлу және пайдалану туралы қатынастардың жүйесі аталады. Басқаша айтқанда, қөзғалысы ерекше қорлар арқылы жүріп отыратын акша қатынастары.

Қаржы қатынастары бұл:

• мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы;

• физикалық және занды тұлғалар арасындағы;

• занды тұлғалар арасыңцағы;

• жеке мемлекеттер арасындағы қатынастар.

Осы қатынастар жүйесі қаржы жүйесі деп аталады. Қаржы жүйесінің буындары: әр дәрежедегі бюджеттер, әлеуметгік, мүлікгік, жеке адамдарды сақтавдыру қорлары, мемлекетгің валюта резерві, кәсіпорындардың, үйымдардьщ, фирмалардың, басқа коммерциялық және коммерциялык емес құрьшымдардың ақша қорлары, басқа арнаулы ақша қорлары.

Қаржылар шаруашылық субъектілерінің, тұрғындардың, мемлекеттің қаржысы болып болінеді. Шаруашылық субъектілерінің қаржысы — бүл занды тұлғалар арасындағы, занды тұлғалар мен мемлекет, занды тұлғалар мен физикалық тұлғалар арасындағы қаржы қатынастары. Осы қаржы қатынастарының болмысының негізгі көрсеткіші — ол жеке шаруашылық субъектілерінің пайдалары мен шығындарының есепшоты.

Турғындар қаржысыпың табыс болігін отбасыларының біріншілік
табыстары, шығындар бөлігін - тұрғындардың барлық шығында-
ры мен жинақтары күрайды. Мемлекетшік қаржылар барлық
каржы жүйесінің басты бөлігін күрады, ал мемлекет қаржылары-
ның жетекші буыны — мемлекеттің табыстары мен шығындарының мемлекеттік (федералдық) бюджеті болып табылады. Осы арқылы мемлекет жалпы ұлттык өнімге территориялық және сала-аралық бөлу жоне қайта бөлу жүргізеді.

Қаржы жұйесінің құрылуыньщ принциптері ор түрлі болады.

Көп тараған принципке фискалдық федерализм жатады. Осы принцип Қазақстанда қаржы жүйесін қалыптастыруда қолданыла-ды. Бүның мәні — қаржы жүйесінің жеке буындарының қызметтерін анықтап айыру, кім қандай қызмет атқаруына шек кою. Демек, мемлекет түтас үлтқа кдтынасы бар қорганысқа, ғарышқа, мемлекетгің сыртқы байланыстарына шығьшдарды белгілеуде толық тәуелсіз болады. Үкіметтің жергілікті органдары мектептерді, қоғамдық төртіп сақтауды және т.б. қаржыландырады.

Жергілікті бюджеттер өздерінің табыстарымен және шығында-рымен, мемлекеттік бюджетке кірмейді. Мысалы, АҚШ-та феде-ралдық бюджетгің табыс жағын көбінесе тікелей салықтар (45%), жұмыскерлер және жұмыс берушілер төлейін салықтар және жар-налар (35%), акционерлік компаниялар пайдасына салынатын са-лықтар (10%) құрады. Жанама салықтардың үлесі көп емес: ак-циздер — шамамен — 5%, баж салықтары — 1,5—2%, Штаттардың бюджеттерінің табыстары көбінесе жанама салықтардан тұрады, ал жергілікті бюджет табыстарының қайнар көзіне неше түрлі жергілікті салықтар жатады. Қазақстанның өтпелі экономикасында осыған үқсас құрылым қалыптасып келеді.

Сонымен, қаржылар акшалай құралдар қорының қалыптасу, болу және пайдаланумен байланысты қатынастарды көрсетеді.

Ақша қорларының жасалып пайдалануына болу қатынастары әсер етеді. Осы жағдай қаржылық бақылаудың объективтік түрде қажеттігін талап етеді. Құндық, қаржылык көрсеткіштердің қалыптасуына және пайдаланылуына бақылау жүргізу кәсіпорындар мен үйымдардың өндірістік, жабдықтау және откізу іс-әрекеттерінің әр түрлі жақтарын қамтиды. Сондықтан, қаржылык бақылауды экономикалық бақылаудан ажырату оңай болмайды, ойткені қар-жы операциялары кәсіпорындары мен үйымдардың экономикалық қызметтерінде көрсетіледі.

Нарықтық қатынастар жағдайында құқықтық мемлекетге қар-жы — экономикалық бақылаудың қажеттігі өте зор болады. Бақылауды мемлекет үкіметтің ең жоғарғы органдарының тарапынан жүргізуге тиісті. Бүл жағдайдың маңызы осіресе бүгін оте жоғары болып отыр, өйткені Қазақстанда бюджеттік тапшылық сөзылып кетті. Бүндай бақылау осы күнге дейін оқтын-оқтын ғана, кобінесе бюджет жобасы жоне оның орындалуы туралы есеп бергенде жүргізілетін.

Бюджетгің табыс бөлігіне бақылауды қаржы, салық, кеден және басқа органдар жүргізеді — Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының кіріс министрлігі, т.т.с.

Меншіктің акционерлік нысандарының дамуы тоуелсіз сыртқы қаржылық бакылаудың біздің ел үшін жаңа институтын — аудитті дүниеге әкелді. Аудиторлық фирмалар жүйесі каржылық бақылау-дың ақиқат экономикалық принциптерін қолдануға жол ашты.

Мемлекеттік бюджет - елдің негізі қаржы құжаты, онда заң жүзінде бекітілген және нақты мерзімге шығындар мен кірістер көрсетілген. Бұл орталықтандырылған ірі ақша қоры, шығындарды бөлу арқылы мемлекет өз қызметін іске асырады.

Салықтар дегеніміз мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті төлемдер болып табылады.

Наши рекомендации