Басқарушылық шешiмдердi қабылдау әдiстерi

Басқарушылық шешiмдер қабылдаудың барлық әдiстерiн үш топқа бiрiктiруге болады:

1) бейресми (эвристикалық) әдiстер;

2) ұжымдық әдiстер;

3) сандық әдiстер.

Басқарушылық тәжiрибе көрсеткенiндей шешiм қабылдау кезiнде басшылардың белгiлiктi бөлiгi басқарушылық шешiм қабылдайтын тұлғалардың талдау қабiлетiне негiзделетiн бейресми әдiстердi пайдаланады. Бейресмиәдiс – бұл жинақталған тәжiрибенi ескере отырып, баламаларды теориялық талдау жолымен басшының оңтайлы шешiмдердi таңдауының логикалық тәсiлдерi мен әдiстемесiнiң жиынтығы. Көбiне бейресми әдiстер менеджердiң интуициясына негiзделедi. Жедел қабылдануы олардың артықшылығы болса, қате (тиiмсiз) шешiмдердi таңдаудан кепiлдiк бермеуi кемшiлiк болып табылады, өйткенi кейде интуиция менеджердi отырғызып кетуi мүмкiн.

Басқарушылық шешiмдердi қабылдаудағы ұжымдық әдiстiң негiзгi жайы осы рәсiмге қатысушылар аясын анықтау болып табылады. Әдетте, бұл құрамына басшылар да, орындаушылар да кiретiн уақытша ұжым. Мұндай топты қалыптастырудың басты критерийлерi құзырлылық, шығармашылық мiндеттердi шешу қабiлетi және коммуникабельдiлiк болып табылады. Топтық жұмыстың ұжымдық нысандары әр түрлi болуы мүмкiн: отырыс, мәжiлiс, комиссиядағы жұмыс және т.с.с.

Басқарушылық шешiмдердi ұжымдық дайындаудың «ми шабуылы» сияқты әдiсi кең таралған. Егер күрделi мәселенi шешу қажет болса, оны шешудiң кез келген өз шешiмдерiн ұсынатын адамдар тобы жиналады. «Ми шабуылының» негiзгi шарты – идеяларды еркiн генерациялау үшiн барынша қолайлы жағдай жасау. Оған қол жеткiзуi үшiн алғашқыда қандай болып көрiнгенiне қарамастан идеяны сынауға тыйым салынады. Барлық идеялар жазылып, содан соң мамандармен талданады.

Дельфи әдiсi өз атын онда өмiр сүрген болашақты болжаушы-даналарымен танымал болған гректiң Дельфы қаласынан алған. Дельфи әдiсi – бұл көп турлық анкеталау рәсiмi. Әрбiр турдан кейiн анкеталаудың деректерi түзетiледi және алынған нәтижелер бағалардың орналасуын көрсете отырып, сарапшыларға хабарланады. Бiрiншi турда анкеталау негiздеусiз жүргiзiледi, екiншiде - өзгелерден оқшауланатын жауап негiзделуi тиiс немесе сарапшы өз бағасын өзгерте алады. Бағалар тұрақтанған соң сұрау салу тоқтатылады және сарапшылар ұсынған немесе түзетiлген шешiм қабылданады.

«Кингисё» – жапондық, сақиналық деп аталатын, шешiм қабылдау жүйесi. Оған сәйкес қарастыруға жаңашылдық жобасы дайындалып, талқылау үшiн басшы құрастырған тiзiм бойынша тұлғаларға берiледi. Әркiм ұсынылған шешiмдi қарастырып, жазбаша түрде өз ескертпелерiн беруi тиiс. Содан соң мәжiлiс өткiзiледi. Оған, әдетте, басшыға пiкiрi онша түсiнiктi емес мамандар шақырылады. Сарапшылар өз шешiмiн жеке қалауларына сәйкес таңдайды. Егер де олар сәйкес келмесе, қалаулар векторы пайда болады. Ол келесi қағидалар бiрiнiң көмегiмен анықталады:

- дауыстардың көпшiлiгi қағидасы – жақтаушыларының саны ең көп шешiм таңдалады;

- диктатор қағидасы – топтың бiр тұлғасының пiкiрi негiзге алынады;

- Курно қағидасы – коалиция жоқ, яғни сарапшылардың санына тең шешiмдер саны ұсынылатын, жағдайда пайдаланылады. Бұл жағдайда жеке-жеке алғанда ешкiмнiң мүддесiне қысым жасалмайтын дара ұтымдылық талабына сай келетiндей шешiмдi табу қажет.

- Парето қағидасы – барлық сарапшылар бiрыңғай тұтастықты, бiр коалицияны құрған кезде шешiм қабылдау үшiн пайдаланылады. Бұл жағдайда жалпы мақсатқа жетуде оларды бiрiктiретiндiктен топтың барлық мүшелерiне бiрден өзгерту тиiмсiз болатындай шешiм оңтайлы болып табылады.

- Эджворт қағидасы – егер топ бiрнеше коалициядан тұрып, олардың әрқайсысына өз шешiмiн бұзу ұтымсыз болатын жағдайда пайдаланылады. Коалициялардың қалауларын бiле отырып, бiр-бiрiне нұқсан келтiрмей, оңтайлы шешiм қабылдауға болады.

Сандық әдiстердiң негiзiнде ақпараттың көп көлемiн өңдеу арқылы оңтайлы шешiм таңдауды ұйғаратын ғылыми-тәжiрибелiк көзқарас жатыр. Үлгiлер негiзiне қаланған математикалық функциялардың тұрпатына байланысты олар былайша жiктеледi:

- сызықтық үлгiлеу – сызықтық тәуелдiлiктер пайдаланылады;

- динамикалық бағдарламалау – мiндеттi шешу барысында қосымша айнымалыны енгiзуге мүмкiндiк бередi;

- ықтималдық және статистикалық үлгiлер – бұқаралық қызмет көрсету теориясының әдiстерiнде қолданылады;

- ойындар теориясы – түрлi бөлiмшелер мүдделерiнiң үйлеспеуiн ескеруi тиiс шешiм қабылданатын жағдайды үлгiлеу;

- елiктеме үлгiлер – шешiмдердi iске асыруды тәжiрибе түрiнде тексеруге, бастапқы алғышарттарды өзгертуге, оларға қойылатын талаптарды нақтылауға мүмкiндiк бередi.

Наши рекомендации