ТБТКОС) - жүргізуге өтініш – мәлімдеме (заявление).

(ТБТКОС) - жүргізуге өтініш - келешекте іске асыралуға ұсынылған жобаның жан-жакты қарастырылып (орналастырылатын орны, дамуының әр кезеңіндегі балама қызметтері, тұрғын үй қоры, халықты жұмыспен қамтамасыз етуі) инфрақұрылымы мен бүкіл әлеуметтік-экономикалык саласы талданып көрсетіледі.Топырақтың биологиялық техногенді кешенді объектісін сараптауды жүргізу үшін өтініштің мазмұнында іске асырылуға ұсынылған жобаның коршаған ортаға мүмкін болатын ластағыш әсерін, ластағыштардың негізгі кездерін жеке-жеке атап, мелшерін көрсетіп, кұнарлы топырақтан алынатын көлемді, тарихи, мәдени құндылығы бар ескерткіштерді және жоспарланьш отырған қызметтің жалпы кауіпсіздік дәрежесі көрсетіледі. Сонымен қатар ҚОӘБӨ - әсердің негізгі объектілерінің атауы, олардың ішінде өнеркәсіп орнының немесе өндіріс орнының жұмысшылары, санитарлық-корғаушы және жұмысшы зоналары, әсер тигізетін зонадағы тұрғындар, олардың іс-әрекет жүйесі, демографиялық ерекшеліктер мен этникалық құрылымдары қарастырылады

ТБТКОСӨ-тің осы және басқа да көрсеткіштері жобаланып отырған аудан тұрғындарына тікелей қатысты болғандықтан, олардың талаптарын қамтамасыз ету, олардың шешімінсіз жобаның ары қарай іске асырылуы мүмкін болмайтыны, егер олар наразылық тудырмайтын болса, олардың да объективті бағасын алу, сонан сон ғана жоба заңды түрде өзінің дамуын жалғастыруы мүмкін.

ТБТКОСӨ іске асырылуы ұсынылған жоба қызметінің экологиялық және онымен байланысты салдардың жан-жақты мүмкіндегенше толық талқылануы және қажетті дәрежеде тіркелуіне байланысты. Сондықтан, ТБТКОСӨ - мемлекеттік басқару органдарына, бақылау және басқарудың басқа да органдарына, экологиялық бағыттағы қоғамдық органдарға, жобаның іске асырылуын қадағалап отырған аудан халқына жіберіледі. Жергілікті жердегі басқармаларда, өкілдік органдарда, әкімшіліктің органдарында бұл мәселелерді талқылау үшін тиісті руқсаты мен ақпараты болуы қажет. Сондықтан, ТБТКОСӨ -нің мемлекеттік және жергілікті жердегі тиісті органдардың талқылауынан өтуін үнемі бақылау қажет, өйткені казіргі кезде көпшілік жағдайда халықпен санаспай іске асырылып жатқан жобалар аз емес. Ал, бұл мәселелердің халық арасында талқылануы әлдеқайда тиімді нәтиже беретіні халықаралык тәжірибеде баяғыдан белгілі. Халықтың бұл процесті бақылауы өз аудандарындағы халық депутаттары арқылы, заң органдары мен жергілікті әкімшіліктер арқылы, кейде БАҚ, радио, теледидар, митинг және т.б. жолдармен әсер етуі ықтимал.

ТБТКОСӨ - мемлекеттік органдарда қарастырылумен бірге қоғамдық талқылаудан да өткізілуі қажет. Бұл жұмыстарды қаржыландыратын тапсырыс беруші, ол әрі жауапты, сондықтан ол халықты жобаның негізімен таныстыруы, кашан және қай жерде қарастырылатынын алдын ала хабарлауы керек. Әрине, ең жақсысы жобаны осы кезеңде халықпен жақсылап терең талқылау, олардың тілектеріне құлак салу, олармен ортак мәмлеге келу.

Бұл мәселелерді талқылу кезінде мемлекеттік болсын, қоғамдық болсын БАҚ органдары ТБТКОСӨ -ні талқылауды назардан тыс қалдыр-мауга, дер кезінде хабарландырулар жасап, халық пен үйымдастырушыларды байланыстырып отырғаны жөн. Өйткені талқылаулар нәтижесі жобаның материалдарына тіркеледі, сөйтіп ол жоба іске асырылуы күтіліп отырған аудан халқының жергілікті жердеп бас-қарушы және сол халықтың денсаулығының мүдделі қорғаушысы екеннің көрсеткіші болады.

Мүдделілердің хабарландырылу көлемі (аймағы) жобаның көлеміне байланысты болады. Мысалы, өндіріс орны үлкен алқапты алуы көзделіп отырса (Іле ауданының Энергетик селосындағы темекі фабрикасы) ауданның бірнеше селосының халқы, тіпті басқа аудандардың, облыстың басқа облыстармен байланысы ескеріліп, республика көлемінде қарастырылады.

Әрине, халықтың дайындығы болмағандықтан жергілікті радио, теледидарда хабарлар ұйымдастырып, мамандардың ой пікірлері баяндалып, жиналыста жоба жөнінде дайындалған қысқаша мазмұнды мәтінді тарату, жиналыстарда мамандардын терен тоқталып талдауы және т.б. оларға жобаның пайдасы мен зияны ақпарат мамандар тарапынан баяндалуы нәтижесінде қоршаған ортаның алдағы өзгерістері, немесе баска балама ұсыныстардың болуына көңіл аудару, сөйтіп, талқылау тек жобаның іске асуын ғана шешпей одан да пайдалы іс, халықтын қоршаған орта туралы білімдерін тереңдету және экология туралы әлдеқайда терең ойлар туғызуға әсерін тигізеді. Осы ортада жобаның кейбір қауіп-қатерге де жол ашуы мүмкін екенін, оның көлемі мен зардаптарын жою мәселелері талқыланып ашық айтылған соң әр түрлі қауесеттін алдын алуға, жобаның киындықсыз іске асуына оң әсерін тигізеді.

Жобаны талқылаудың барысында, барлық жақтар-жоба иесі, жергілікті жер әкімшілігі және тұрғындардың ортақ ой пікірге келу нәтижесінде айтылған ұсыныстарды ескеріп, талқыланған жобаның сол өңірде экологиялық жағдайларды бұзбайтынын есепке ала отырып, іске асуы халыққа да, ауданға да тиімді ортақ мәмлеге келеді.

Екі үғымды салыстырғанда айқындалатын - олардың принциптік айырмашылығы, яғни мемлекеттік экологиялық сараптама ТБТКОС кезінде жүргізілген зерттеулер мен болжаулар нәтижелерін қайта бағылау деп қарауға болады.

ТБТКОС жобасы негізгі құжаттың құрамдас бір белігі ғана емес, біржолы аяқталған зерттеулер нәтижесі, әр түрлі органдар үшін түсінікті түрде, бағаланатын объектінің келтіретін барлық мүмкін әсерлері ескеріліп әрі мамандарға әрі мүдделі кісілерге түсінікті құжат болып саналады.

Бұл нәтижеТБТКОС құрылымының мазмұды біртұтас және дұрыс үйлесімді жұмысымен түсіндіріледі.

ТБТКОС -ның құрылымының екі саласы бар. Оның біріншісі: көлбеу құрылым - жобаның барлық элементтері мен факторларының бірізділікпен өзара байланыста әрекеттесуін қарастырады. Мысалы, табиғи факторлардьң атмосфера, гидросфера, литосфера, биота және әлеуметтік ортамен мүмкін болатын басқа әсерлері қарастырылады.

Екіншісі: тікшіл құрылым - бұның мағынасы белгілі бір аймақтағы көптеген тәбиғи процестердегі заңдылықтарды талдап, өзгеру және бұзылу дәрежесін бағалау, нәтижесі объекті қызметі жобасының негізі болып табылады. Осы талдаудын негізінде болжамды бағалаулар жүргізіледі де ол ТБТКОС -ның негізгі зерттеуі болып саналады. Сонымен, ТБТКОС - ның әрбір бөлімі "көлбеу құрылымның" үш деңгейінен тұрады:

-спонтанды (іштейгі) ерекшеліктері мен заңдылықтары;

-қазіргі жай-күйі;

-жоба бойынша мүмкін болатын әсердің салдарын бағалау.

Әрбір бөлімде тікелей және жанама әсерлердің басқа факторлар жағынан ықпалы қарастырылып, әрбір бөлімнен шығатын қорытындыларды жинақтап қолдана отырып, кешенді баға беру мүмкін болады.

Топырақтың биологиялық техногенді кешенді объектісін сараптауда міндетті түрде қаупті-қатердің болу сипаты және оның тереңдігі, оның қоршаған ортаға әсерінің салдары мен жою жолдары көрсетілуі қажет.

ТБТКОС жобаларында объектінің жұмыс жасау мерзімі аяқталған кезде оны жою жұмыстары да есепке алынуы шарт.

Қолданылып отырған халықаралық келісімдер бойынша қоршаған ортаға үлкен зиян келтіретін қауіп-қатер, апаттар, олардан сақтандыру жүйесі алдын-ала ескерілуі қажет. Бұл сақтандыру жүйелері кауіпті деп саналатын барлық объектілерді қамтып ҚОӘБ жобаларында орын алуы керек.

Өндіріс орындарының кауіпсіздігін бағалаудың негізгі жолдары тиісті нормативті-құқықтық құжаттарда келтірілген.

Қазіргі кезде елімізде жобалау мен экологиялық сараптау тәжірибесіне белсенді түрде әлемнің көптеген дамыған және дамушы елдерінің заңдарында бекітілген қоршаған ортаға әсерді бағалаудың идеологиясы мен методологиясы енгізілуде.

ТБТКОС) - жүргізуге өтініш – мәлімдеме (заявление). - student2.ru

Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау заңы бойынша өндіріс және басқа өнеркәсіп орындарын, түрлі объектілерді орналастыруда төмендегі талаптарды орындау қажет: объектілер қызметі кезінде қысқа және ұзақ мерзімді экологиялық, экономикалық, демографиялық, мінез-құлықтық зардаптарынан халықтың денсаулығы мен әлауқаттының жоғары дәрежеде болуы қамтамасыз етелуі тиіс. Бұл қойылған талаптардың орындалу кепілдігінің толықтығы мен жет-кіліктілігі, ҚР қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқару органдары мен оның жергілікті бөлімшелерінің тарапынан жоспарлау алдында, жобалау алдында және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде бағаланады. Бұл қойылған шарттардың жоспарлау алдындағы, жобалау алдындағы және жобалау құжаттарын дайындау кезіндегі толық орындалуын қамтамасыз ету үшін қоршаған ортаға әсерді бағалау процедурасының кезіңделіп (этапталып) жүргізілгені жөн (1-сызба-нұсқа).

Топырақтың биологиялық техногенді әсерін бағалау процедурасының орындалу нәтижесі жобалау және басқа шешімдердің мемлекеттік экологиялық сараптамаға берілуі болып табылады.

Топырақтың биологиялық техногенді әсерін бағалауды өткізудің халықаралық тәжірибе процедурасы

Бұл бағыттағы өте маңызды адым деп санауға болатын нәрсе, ол қоршаған ортаға әсерді бағалаудың жаңа методологиясы. Р.Манның анықтауы бойынша, коршаған ортаға, халыктың денсаулығына келтіруі ықтимал әсерлерді болжай білу және оларды егжей-тегжейлі талдап, қажетті шараларды ұсына отырып алынған ақпаратты жариялау.

ТБТКОС -дың методологиясының негізгі мәні - іске асырылуға дайындалған жобалардың экологиялық кауіпсіздік бойынша қоршаған ортаға әсер ете алатын, ғылыми негізде, жүйелі түрде талданған шешімдердің қабылданылуында.

ТБТКОС -ды және бастапқы материалдарды дайындауды жаңа сапалық деңгейде еткізу үшін Л.Леопольд пен әріптестерінің жәнеАҚШ-тың геология институтының қызметкерлері жасаған әдісті пайдаланған тиімді. Әдісті кейде Леопольд матрицасы деп те атайды.

Ол әдістің ұғымдылығы біріншіден, бақылаушы тізімнен тұруы (тізімде себеп-салдар байланысының сапалық ақпараты болады), екіншіден,нәтижелер туралы нәтижелер туралы хабардың болуы. Бұл матрицада 100 түрлі әсер ететін факторлар "келбеу" сызық бойында, ал 88

түрлі қоршаған ортаға әсердің "сипаттамасы" мен "шарттары" тік сызық бойына орналастырылады.

Әдістің көптеген кемшіліктерімен бірге жетістіктері де баршылық. Олардың ішінде біреуі - көрнекілігі, өйткені талдау нәтижелерінің барлығын бір бағдарламада көрсетуге болады. Енді бір жетістігі -икемділігі яғни"фактор-әсер" және "сипаттама" мен "шарттар" әрбір мақсатпен жағдайға бейімделіп жасалуы мүмкін.

ТБТКОС өте күшті құралы картографиялық моделдеу болып табылады. Бұл батыста күрделі геожүйедегі әр түрлі қызметтерді, материалдарды, жер бедерін, картографиялық ерекшеліктерін ескере отырып түрлі мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

ТБТКОС-дың процедурасы үшін қолда бар картографиялық мәліметтерді жасалатын жобаның мақсаты мен мүддесіне қарай қоршаған ортаға әсерді бағалауға немесе сараптауға қолдануға болады.

Осы күнгі болашақта мүмкіндігі зор әдістердің бірі космостық зондтау. Бұл әдіс тек жер бедерін және түрлі өзгерістердің суретін сандық, код түрінде ғана емес, сонымен қатар қарастырылып отырған процестердің динамикасының дамуын, оның геометриялық, калориметриялық және басқа өзгерістерін моделдеуге мүмкіндік береді. Экологиялық сараптаманың көп параметрлік жүйесінде жана әдіс-''тәсілдерді тиімді пайдалану, соның ішінде географиялық және картографиялық зерттеулерді қолдану - қоршаған ортаға әсерді бағалау туралы жаңа сипатты ақпарат алуға көмектеседі. Жобаланайын деп отырған объекті туралы түбегейлі материал жинап, оның қоршаған орта компоненттерімен байланысын, басқа күрделі процестер дамуының әсерлерін, қоршаған ортаға ықтимал әсердің келешек салдарын болжауға септігін тигізеді.

ТБТКОС негізгі әдістеріне 1968 жылы Я.М.Харг ұсынған бірлестірілген қарталардың талдау әдісін жатқызуға болады. Бұл әдіс бойынша зерттелетін территория географиялық бөліктерге бөлінеді де, олардың орнына қарай топографиялық координаттары белгіленеді. ТБТКОС -ды жүргізу үшін аэрофотосуретке түсіру, топографиялық карталар және топырақты межелеудің мемлекеттік картасы, далалық зерттеулер, қоғамдық талдаудың нәтижелері: сарапшы мамандардың бағалары қажет болады. Әрбір қызықтыратын фактор бойынша талданатын территорияның картасы жасалады. Талдау үшін 10 картадан артық алу қажет емес деп саналады. ТБТКОС процедурасын жүргізу карталардың бөліктерін белгілі бір ретпен біріктіруге негізделіп, бақылауға алынған объектінің жаңа агрегацияланған сапалық денгейі талданады. Әдістің объективтілігі ТБТКОС -ны жүргізуші мамандардың біліктілігі мен картографиялық білім негіздерінің дұрыстығына байланысты болады.

Әдістің негізгі артықшылығы онда көрсетілген әсерлердің шығу көздері мен объектілері туралы мағлүматтарының кеңістіктегі таралуына негізделеді, ал ол күрделі үлкен аймақтық жобаларды іске асыру кезіндегі түрлі әсерлерді болжауға мүмкіндік береді.

Біріктірілген карталарды талдау әдісі (анализі) Ресейде де
қолданылады, онда ол экологиялық карталау әдісі деп аталған. Іс
жүзінде бұл әдісті ландшафттық-географиялық зерттеулердің
практикалық қосымшасы деп те қарастыруға болады. Оны қоршаған органы қорғаудың территориялық кешенді сызба нұсқасы ("Территориальная комплексная схема охраны природы" ТерКСОП) деп атаған орынды.

Осы зерттеу негізінде сараптамашылар мен мамандардын қатысуымен бірыңғай картографиялық карталар құрастырылған:

1. Су ресурстарының қазіргі халі және су қорларын қорғау.

2. Ауаның ластануы.

3. Жер қойнауы ресурстары. Инженерлік-геологиялық аудандастыру.

Европалық Экономикалық Одақтың (ЕЭО) Директивасы және ТБТКОС процедурасының принциптері.

ТБТКОС –дың бұл нақты және қарапайым әдістемесі тнз арада көптеген дамыған мемлекеттер тарапынан қолдау тауын, олар өз мемлекеттің заңдарына енгізіп бекітіп жібеді 1988ж шілде айында Европалық Экономикалық Одақтың (ЕЭО) Директивасы қабылданды (85/337/ЕЭС, 27.06.1985), онда «кейбір және мемлекеттік жобалар мен шаруашылық қызметтердің қоршаған ортаға әсерін бағалауң қажет делінген. Бұл құжатқа сай, қоршаған ортаға әсер ете алатын үлкен жоспарлары бар жобаларды іске асыру алдында оған рұқсат алу үшін ЕЭО-ға мүше барлық елдер ТБТКОС өткізуі шарт.

ЕЭО директивасымен ТБТКОС процедурасының жалпы принциптері белгіленеді. ТБТКОС - өтініштің негіздеу әдістері және олардың мемлекеттік органдардан өткізілу тәртібі ЕЭО-ға мүше елдердің әрқайсысының өздерінің заңдарына сәйкес жүргізіледі.

Бүкіл дүние жүзілік экологтар ассоциациясының 16.11.1990ж Лиможда өткізілген конференцияның экологиялық құқық жөніндегі декларациясы бойынша, ҚОЭБ – ның процедурасын қоршаған ортаны қорғаудың ұлттық стратегиясын жасайтын негізгі құқықтық және ғылыми құралы деп қарастыру қабылданған. Декларация ТБТКОС негізгі принциптерін бекітіп (ЕОЭ директивасында белгілегендер) және ТБТКОС қосымша төмендегілерді енгізу ұсынылған:

1. Жобаның көрші мемлекеттер территориясына келтіретін зиянды әсерін анықтау үшін экспресс – жолдау жүргізу.

2. Жабаны іске асыру үшін табиғат қорғау істерінің қажеттігі жөнінде құқықтық құжаттардың бар немесе жоқтығын білдіру.

3. Жобаның бар балама нұсқаларының болуы.

4. Қоршаған орта сапасы мен сол жер тұрғындарына қатысты әсерді бағалау.

5. Келешектегі әсердің кумулятивті әсерін зерттеу.

6. Әңгіме болып отырған территорияға жалпы әсері.

7. Ғылыми белгісіздікті айқындау.

Декларацияда қоғамның әр түрлі қабаттарының ТБТКОС – ды талқылауға қатысуына және шешім қабылдаудағы орнына ерекше көңіл бөлінген.

Бақылау сұрақтары:

1. Негізгі терминдер мен анықтамалар

2. Топырақтың биологиялық техногенді кешенді объектісін сараптау

(ТБТКОС) - жүргізуге өтініш – мәлімдеме (заявление).

3. Топырақтың биологиялық техногенді кешенді объектісін сараптау кезеңдері, құрылымы

3. Топырақтың биологиялық техногенді кешенді объектісін сараптауды өткізудің халықаралық тәжірибе процедурасы.

4. Картографиялық модельдеу

5. Европалық Экономикалық Одақтың (ЕЭО) Директивасы, ТБТКОС процедурасының принциптері.

6. Атмосфераның ластануы және Қазақстандағы қалыптасқан экологиялық жағдайлар.

Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі.

1. Бақылау сұрақтарына жауап.

2. А.Н. Каримов, Н.Р. Мажренова, А.Г. Сармузина Экологиялық сараптама бағалау, бақылау А., 2003,12 бет.

Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі.

1. Букс И.И., Фомин С.А. Экологическая экспертиза и оценка воздействия на окружающую среду (ОВОС): Программа курса и учебно – методические материалы. М.: изд-во МНЭПУ, 1997. – с 96.

2. Мамбетказиев Е.А., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Алматы, Қайнар 1990.

3. Демегенов А.М., Жаңбыршин Е.Г., Аренова А.Қ. Экология. Атаулар мен анықтамалар. Тараз, 2000.

4. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Алматы: Ғылым, 1998.

5. Жумадиллаева С.А., Баешов А.Б., Жарменов А. Қоршаған орта химиясы. Алматы, 1998.

6. Сағынбаев Г.К. Экология негіздері. Алматы, 1995.

7. Баешов А., Дәрібаев Ж.Н., Шакиров Б.С., Мәдиев Ө.Қ., Сарбаева А.С. Экология негіздері. Туркестан: Яссауи университеті, 2000.

8. Бейсенова Э.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаева Г.З. Экология. Алматы: ұылым, 2001.

9. Европа экономикалық бірлестігі Директивасы 85/337/ЕЭС «По оценке воздействия некоторых частных проектов на окружающую среду Европейское экономическое сообщество, Люксембург, 1985.

10. ҚР «Қоршаған ортаны қорғау туралы заңы. 15.02.1997 № 160-1.

№2 Дәріс тақырыбы Топырақтың биологиялық техногенді кешенді объектісін сараптаудың теориялық негізі

Сабақ жоспары:

1. Экологиялық сараптама жәнеТБТКОС теориялық негіздері.

2. ТБТКОС мақсат, мінделлері мен принциптері.

3. Экологиялық сараптама мен ТБТКОС тұжырымдарының объективтілігі мен ғылыми негізділік принципі.

5. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың (МЭС) міндеттілік принципі.

6. ТБТКОС сараптама органдары мен сарапшылардың өз өкілеттігін жүзеге асыруда тәуелсіз болу принципі.

7. ТБТКО сараптаудың кешендік принципі.

Сабақтың мақсаты:Шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған орта сапасының экологиялық талаптарына сәйкестігін, осы қызметтің қоршаған ортаға әлеуметтік, экономикалық және т.б. әсерлерінің және соларға байланысты зардаптарының алдын - алуды үйрету.

Қысқаша теориялық мәліметтер. Экологиялық сараптама мен ТБТКОС теориялық негізіне, экологиялық факторларды үнемі есепке алу, сараптау әрекеттерінің қимылдарының экологияның басқа салаларымен кешенді байланыстағы мақсат міндеттері, экологиялық негіздеме жүргізілетін обьектілермен субьектілер типі және олардың негізгі қызметтері жатады. Бұл процесті шаруашылық қызметтің экологиялық сүйемелдеуі, шаруашылық қызметтің экологиялық реттелуі деуге болады.

Экологиялық сараптаманың мақсаты мен ТБТКОС мақсаттары принциптері жағынан түйіседі және экологиялық сараптама заңындағы сияқты- экологиялық сараптама-шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған орта сапасының экологиялық талаптарына сәйкестігін, осы қызметтің қоршаған ортаға әлеуметтік, экономикалық және т.б. әсерлерінің және соларға байланысты зардаптарының алдын алу болып табылады.

Экологиялық сараптама мен ТБТКОС міндеттерін (ҚР экологиялық сараптама заңында 1 тарау, 4-бап) жалпы түрде үш топқа топтастыруға болады.

1. Сараптау обьектісінің тиімділігі тұрғысынан, жобаның немесе жоспарланып отырған қызметтің қауіпсіздік дәрежесінің қоршаған ортаға әсерімен қаупі туралы берілген мәліметтерінің нақтылығы.

2. Сарапталып отырған обьектінің экологиялық стандарттарға сәйкестігі, жоспарланып отырған немесе әрекет етуші обьектінің стандарттарға сәйкестік дәрежесінің обьекті иесі дайындаған құжаттарындағы қауіпсіздік дәрежесінің ТБТКОС–дағы дұрыстығы, мемлекеттік экологиялық бақылау жүргізуді қамтамасыз етуі.

3. Жоспарланып отырған қызметтің болуы мүмкін кері өзгерістерінің қоршаған ортаға және онымен байланысты әлеуметтік, экономикалық және т.б. зардаптарынан туындайтын қиыншылықтардан алдын-алу (қоғамдық экологиялық сараптаманың міндеттері).

Халықаралық тәжірибеге сүйенетін болсақ, экологиялық сараптама (ЭС) мен ТБТКОС ұйымдастыру үшін, төмендегі ұғымдарды қарастырып, олардың мағыналарын талдаған соң, ЭС мен ТБТКОС принциптері негізінде қажетті құжаттарға сүйене отырып, белгілі тәртіппен ұйымдастыру процедурасының өткізілуі мүмкін. Енді осы ұғымдардың әрқайсысына тоқталып өтейік.

Дәйек (негіздеме) және оқиға (основание и случай) мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізуге қажетті оқиғаны анықтау белгілеріне мыналар жатады:

1. Өзінің құрамы мен көлемі жағынан нормативті және құжатталған
талаптары белгіленген объектілер мен жобалар.

2. Мемлекеттік мекемелердің немесе тиісті құқықты органдардың
шешімдерінің болуы.

3. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге құқықты осы
саладағы органның баспама шешімі.

4. Жергілікті жердегі органдардың немесе сол территорияда
тұратын тұрғындардың пікірлері (анкеталар немесе референдум
нәтижелері).

Кез келген қызметтің экологиялық қауіптілік принципін көз алдымызға елестете алатын болсақ және экологиялық сараптаманы жүргізудің міндеттілігін ескерсек, онда заңда көрсетілген объектілердің барлығына біркез келген уақытта келтірілген барлық құжаттар негізінде экологиялық сараптама жүргізіледі. Бірақ, бұдан экологиялық сараптаманың міндетті түрде жүргізілуі емес, тек жанама қажеттілігі туады, ал оның экологиялық сараптама саласындағы мемлекеттік өкілетті органдар тарапынан шығарылған шешім бойынша жүргізілуі туралы қарар алынады. Тек заң жүзінде бекітілген сот немесе арбитражды соттардың қаулысы негізінде қабылданған шешім ғана мемлекеттік экологиялық сараптауды қайтара жүргізуге тікелей негіз бола алады (ҚР Экологиялық сараптама заңының ІІІ тараудын 13-бабы).

Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу нұсқауында (төмендегідей) жағдайларға байланысты ТБТКС жүргізіледі:

1. Өкіметтің тапсыруы бойынша.

2. Өкімет органдарының, территорияларда облыстық әкімшіліктері
мен атқару органдары шешімдерімен.

3. ҚР экология және биоресурстар министрлігі үкімі бойынша.

4. Сот органдарының шешімі бойынша.

5. Тапсырысшының (заказшиктің) өтініші бойынша.

Заңда алғашқы мемлекеттік ТБТКС жүргізіліп оң қорытынды алған объектілерге қайтара экологиялық сараптама жүргізу үшін кейбір толықтырулар енгізілген:

-алғашқы алынған мемлексттік экологиялық сараптама бойынша жасалған ескертулерді жою жұмыстары;

- мемлекетік экологиялық сараптамадан оң қорытынды алынған соң құжаттарға енгізілген өзгертулер;

- оң шешім алынған ТБТКС - мерзімінің аяқталуы.

ТБТКС жүргізуде дәйек пен жағдаймен бірге ЭС жүргізуге қажетті шарттың анықталуы да өте маңызды. Заңдағы шарттардың кейбіреулерін ерекше атап өтуге болады. Мысалы, (мемлекеттік экологиялық сараптама заңының 3 тарауы, 15-бабы) мемлекеттік экологиялық сараптамаға берілетін құжаттар пішіні мен мазмұны жағынан белгіленген шарттарға сәйкес болуы, яғни жоспарланып отырған қызметтің жүзеге асырылуы кезеңінде оның қоршаған ортаның жай күйіне, халықтың денсаулығына тигізетін әсеріне, жоспарланып отырған қызметті іске асыру туралы орталық және жергілікті атқарушы органдармен келісу құжаттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы белгілейтін тәртіпке сәйкес қоғамдық пікірді ескеру және т.б.

Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу тәртібінде заңдағы кейбір нормативтерді нақтылап ТБТКС төмендегі шарттарға сәйкес болғанда ғана жүргізіледі:

1. Сараптама жасауға қажетті құжаттардың толықтығы белгілі
тәртіппен тіркеліп алдын-ала тексерілгендігі.

2. Материалдардың нұсқаудағы (инструкцияға) белгіленген
талаптарға сәйкестігі.

3. Сараптаушы комиссияның тағайындалуы және оның құрамының
бұйрық бойынша бекітілуі.

4. ТБТКС сараптама жүргізілу мерзімінің анықталуы (бұл мерзім 3 айдан аспауға тиіс, ал құжаттар көлемі мен күрделілігіне қарай алты айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, МЭС заңы, 26-бап).

5. Сараптау нәтижесін мүдделілерге жариялау.

Жоғарыда қарастырылған ТБТКС ұйымдастыру мен өткізу шарттары мемлекеттік сараптама үшін де, қоғамдық сараптама үшін де қолданылады.

Бұл шарттар және басқа да нормативті-әдістемелік құжаттар, сонымен қатар табиғи, әлеуметтік-экономикалық және т.б. факторларды есепке алу тәртібі жоба алды және жобалау құжаттарында төмендегі аспектілерді ескеруді ұсынады:

1. Экожүйе компоненттерінің күйін көрсететін көрсеткіштер.

2. Территорияның қазіргі экологиялык күйінің бағасы.

3. Жобаланып отырған қызмет сипаты туралы деректер мен оның
қоршаған ортаға әсерінің түрлері.

4. Халықтың денсаулығы, әлеуметтік орта және экономикалық
потенциал туралы деректер.

5. Жобаланып отырған қызметтің іске асуы нәтижесінде қоршаған
ортада мүмкін болатын өзгерістер болжамы.

6. Табиғи ресурстарды немесе қоршаған табиғи ортаны пайдалану
жөніндегі шектеулер.

7. Объектінің қоршаған ортаға және халыққа әсерінің зардаптарын бағалау.

8. Объектінің немесе қызметтің негативті әсерін азайту үшін
жасалатын табиғат қорғау істерінің тиімділігінің бағасы және сипаты.

ТБТКОС сараптамаға берілетін материалдар мен құжаттарға қойылатын талаптар (экологиялық негіздемелер, жобалар, инвестицияланған және құрылыс жобалары т.б. құжаттар, нормативті құжаттар сонымен қатар техника мен технологиялардың экологиялық негіздемелері) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі нұсқауда көрсетілген.

ТБТКОС мемлекеттік экологиялық сараптама процедурасы тізбектелген сатылардан тұрады да, сараптаушы органдар сарапталушы объектіні зерттеу және бағалауды өткізіп, негіздемені тұжырымдап шынайы сараптама қорытындысын жасайды.

ТБТКОС мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуді қаржыландыру "Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу мен қаржыландыру және төленетін төлемдер тәртібі" құжаты негізінде жүргізіледі. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу үшін тағайындалатын төлем көлемі ҚР экобиоресурстар министрлігі жағынан қабылданып, бектілген нормативті құжаттармен немесе үкімет каулысы бойынша анықталады (5 тарау, 33- бап).

ТБТКС жүргізу үшін құжаттардың қарастырылу тәртібі және оның негізгі қағидалары нұсқауда келтірілген (21.02.1997ж. бекітілген).

ТБТК сараптамаға берілген жобалау құжаттары ҚР қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы белгілеген тәртіппен тіркеу жүргізеді. ТБТКОС мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу туралы реквизиттердің болуы, барлық информацияның толымдылығы, соның ішінде жоспарланып отырған шаруашылық кызметтің коршаған ортаға әсерін бағалауды және олардың Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген жағдайлардың ескерілгені тексеріледі.

Бұл құжаттарды сүйемелдеуші (сопроводительное) хатта сараптау жұмыстарының төленетіні туралы (Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 29.06.1993 ж. №549 қаулысына сәйкес) объекті тапсырысының (заказщик) қолы қойылып, мөрі басылу керек. Материалдардың қарастырылуға қабылдану фактісі Бас-мемсараптама немесе облыстық экология және биоресурстар басқармасының әдейі арналған журналына жазылады да, содан кейін облэкобиоресурстар бөлімінде немесе Басмемсараптаманың бір бөліміне беріледі, сөйтіп олар әрбір қызметтің ерекшеліктеріне қарай бұл жобаның сараптама жұмысын ұйымдастыруды бастайды.

ТБТКОС сараптауға берілген құжаттарды рұқсатсыз қызмет бөлмелерінен алып шығаруға немесе басқа біреуге беруге болмайды.

Сараптаманың алғашқы сатысында мемлекеттік экологиялык сараптауға берілген құжаттардың толықтығы мен жоба материалдарының негізділігі нұсқаудың бесінші бабына сәйкес өткізіледі. Алдын-ала сараптаудың талаптарын қанағаттандыратын материалдар ары қарай қарастырылуға жіберіледі. Бұл сатыдағы талаптарға сай келмейтін құжаттар одан ары қарастырылуға жіберілмей қайтарылады. Ол үшін қайтарылу себептері көрсетіліп жоба иелеріне хабарландырушы хат (уведомление) қоса жолданады.

Барлық құжаттар талаптарға сай болған жағдайда, жауапты қызметкер жобаның мемлекеттік сараптамалау категориясын, оны жүргізу мерзімін, істі жүргізу үшін қажетті мамандар санын және мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізудің төлем ақысын анықтайды. Сонымен бірге, ол тапсырысшыға ескертпе хатпен (уведомление) құжаттарының қабылданғанын және 30 күн ішінде мемлекеттік экологиялық сараптама жұмыс ақысының төленуі туралы хабарлаушы хат жібереді (істелетін сараптама жұмыстарының көлемі және төленетін құжат көшірмесімен бірге).

ТБТКОС сараптау категориясының күрделілігі сарапталушы объектінің күрделілігіне байланысты: жоспарланып отырған қызметтің қауіптілігіне, табиғи жағдайларының күрделілігіне, жоспарланып отырған шаруашылық және басқа қызметтің орналастырылатын территориядағы экологиялык жағдайға және сараптауға ұсынылып отырған құжаттардың көлеміне байланысты болады.

Объектінің ТБТКС сарапталу күрделілігі экологиялық қауіптілік класси-фикаторы бойынша анықталады. Сараптама жүргізілу мерзімі де объектінің күрделілігіне байланысты болады. Ол мерзім 30 күн, 60 және 120 күн болуы мүмкін. Классификациялау бойынша күрделі, орташа күрделілікті және жай деп үш категориялы процедурамен жүргізіледі.

Сараптама мерзімі мемлекеттік экологиялық сараптама басқармашылығы немесе облыстық экологиялык басқармашылық ұйымдары жағынан ұзартылуы мүмкін, бірақ ол мерзім 6 айдан аспауы тиіс. Егер сараптама жүргізу төлем ақысы 30 күн ішінде төленбесе, онда барлық құжаттар объекті иесіне хабарландырушы хатпенен қайтарылып жіберіледі.

ТБТКОС жүргізудің басталу мерзімі төлем ақысы жасалғаннан кейін 30 күннен аспауы қажет. Бұл мезгіл ішінде жауапты қызметкер сараптама комиссияларының мүшелері бастығын, жауапты хатшысына кандидаттар жөнінде ұсыныс дайындайды. Сараптаушы комиссияның бастығы және жауапты хатшы; сараптаушы комиссия мүшелерінің санын; сараптаушы комиссияның календарлық жоспарының жобасын; сараптамашылар тобының жауаптысы үшін техникалық тапсырмалар дайындайды.

Күрделі емес объектілердің ТБТКС жүргізу мемлекеттік экологиялық сараптаушы органдардың қатардағы сараптаушылардан тағайындалған комиссия тарапынан жүргізілуі де мүмкін.

ТБТКОС штаттық сарапшысының бюджеттік емес объектілерді сараптау жұмыс ақысының төленуі "ҚР мемлекеттік сараптама жүргізу мен қаржыландыру және төленетін төлемдер" құжаты негізінде жүргізіледі.

Жауапты қызметкер ТБТКС жүргізу үшін техникалык тапсырманы дайындап, сараптаушы комиссияның әрбір мүшесі мен келісім-шарт жасап бұл құжаттардың жобасы мен бұйрықты Республикалық мемлекеттік экологиялық сараптама басқару органына немесе оның территориялық органдарына береді.

Объектінің ТБТКС Қазақстан Республикасының экология және биоресурстар министрлігі тарапынан бұйрыққа қол қойылған күннен басталады.

ТБТКОС сараптама жүргізілу мерзімі сарапталушы объектінің жұмыс көлеміне байланысты болады, бірақ 120 күннен аспауы керек, ал жалпы МЭС жүргізуге айырылған уақыт алты айдан артық болмауы қажет. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың жауапты қызметкері сараптау жұмысы басталғаннан он күннен кейін мемлекеттік экологиялық территориялардың органдарын және жергілікті жердегі басқарушы органдарды істелейін деп отырған жоба туралы хабардар етуі тиіс.

Сараптамашылар комиссиясының Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес өзін құрған орган беретін құқықтары мен міндеттері болады (Мемлекеттік экологиялық сараптама заңы, 3-тарау, 19- бап).

Сараптамашылар комиссияның мемлекеттік немесе қоғамдық экологиялық сараптама тағайындауға, оған басшылық етуге және оны жүргізуге құқығы бар орган нақты объектіге экологиялық сараптама жүргізу үшін құрылады. Сараптамашылар комиссиясының құрамында сараптаудың зерттеу бағыттары бойынша топтар құрылады.

Сараптамашылар комиссиясы жұмысының нәтижелері сарапшылар комиссиясының жиынтық қорытындысы түрінде баяндалады. Сарапшылар комиссиясының құрылымын, мазмұнын, қорытындысын іске асыру мен оған шағым жасау тәртібін экологиялық сараптама жүргізуді ұйымдастырушы сарапшылық орган белгілейді, сараптамашылар комиссиясының нақты жұмыс тәртібін де сол бекітеді.

Мемлекеттік сараптама комиссиясының жұмысы, сараптамашылар комиссиясының мүшелері мен тапсырысшы объектінің жауапты адамдары және басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысқан ұйымдастырушы жиналыстан басталады. Бұл жиналыста: сараптама­шылар мемлекеттік экологиялық сараптама туралы бұйрықпен таныстырылады; сараптау комиссиясының төрағасы объектінің ТБТКС жүргізу тәртібімен таныстырады: тапсырысшы өкілі жоспарланып отырған жобаның сипаттамасымен таныстырады; сарапшылардың сараптама топтарымен сараптаушы комиссия жұмыстарының күнтізбелік жоспарлары қарастырылады; әрбір сарапшының жеке және сарапшылар топтарының қорытындыларын дайындау мерзімдері белгіленеді; сараптама комиссиясының қорытынды жобасын дайындау мерзімі анықталады.

Ұйымдастыру жиналысының қорытындысы хаттама түрінде жасалады және оған қатысқан кісілердің тізімі комиссия төрағасы мен жауапты хатшы тарапынан қол қойылып бекітіледі. Комиссияның әрбір мүшесі мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылған жобамен танысып, әрқайсысы жеке-жеке сараптама қорытындысын жазады. Бұлар комиссияның топтары алдында талқыланады. Бұйрық бойынша қажет болған жағдайда сарапшылар объектіге тікелей баруы және басқа сала мамандарын комиссия мүшесі етіп қосымша алуына да болады. Егер сараптау комиссиясы қосымша материалдар қажеттігін талап ететін жағдай туса, тапсырысшыдан комиссия төрағасы ресми хабарландыру хат (уведомление) жазу арқылы ол қажеттерін сұрай алады.

Сараптаушы комиссияның жұмыс жиналыстары да хаттама түрінде жазылып комиссияның төрағасы және жауапты хатшы тарапынан қол қойылып жалпы іс қағаздарына тіркеледі.

Әрбір сарапшы қорытындыларын топ жетекшілері жинап, әр топ атынан өздері қорытынды дайындап, комиссия бастығына ұсынады. Сараптау комиссиясының бастығы сарапшылардың корытындылырын талдап, жиынтық корытындының жобасын дайындайды.

Соңғы жиналысқа дейін сарапшылар комиссиясының жауапты хатшысы тапсырысшыны мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысымен таныстырады да, жиналысқа дейін комиссияға құжаттарын өткізіуін хабарлайды.

Сараптаушылар комиссиясының соңғы қотырысында қорытынды жоба талқыланады. ТБТКС сарапшылар кеңесінің бұл отырысында кеңес төрағасы - Басмемэксараптама бастығы, ал облыстық басқармаларда - экология және биоресурстар басқармасының бастығы немесе бастықтың орынбасары өткізеді. Оған тапсырысшы өкілдері, құжаттарды дайындаушылар, басқа да мүдделі ұйымдар өкілдері қатысады. Сараптаушылар комиссиясының жетекшісі сараптау комиссиясының жұмысы туралы баяндама жасап, қорытынды жобасының тұжырымдарымен таныстырады. Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы жөнінде шешімді қабылдауда тек сараптау комиссиясының мүшелері қатысуы қажет.

Сараптаушылар комиссиясының соңғы мәжілісі де хаттама түрінде жазылып және қатысқандар тізімі сараптама комиссиясының жетекшісі мен жауапты хатшы тарапынан қол қойылып бекітіледі.

ТБТКОС сараптаманың оң қорытындысында ескертулер болмауы керек. Ал егер ұсыныстар немесе толықтырулар болатын болса, олар жоба шешімдерін бұзбайтын, оған әсер ете алмайтындай өзгеше, яғни мазмұнын өзгерте алмайтындай болуы кажет.

Егер сарапшылар тарапынан қорытындыға байланысты ескертулер болатын болса, онда қорытындыдағы немесе құжаттардағы ескертулерді түзетіп қайтадан "ескертулерімен" деген белгі жасап, сараптаушы комиссияның жетекшісі, жауапты хатшысы және комиссияның барлық мүшелері қол қояды.

Егер бұл аталғандардың ішінде біреулері өзгертулермен немесе ескертулермен келіспейтін болса (мысалы экологиялық сараптама процедурасының бұзылуы, немесе қорытындының кейбір баптарымен келісілмеуі) онда, қорытынды қайтадан қарастырылу үшін мемлекеттік экологиялық сараптама басқару органдарына “ерекше пікір” таңбасымен және келіспеуші сарапшының қолы қойылып, комиссия мүшелерінің көпшілігінің оң пікірде болу немесе болмауына байланысты комиссия жетекшісі сарапшылар кеңесімен бірге ҚР-ның экология және биоресурстардың территориялық бөлімшелерінің басқарушы органдарына баяндап, бұл құрамдағы комиссия мүшелері тарапынан ТБТКС қорытындысының қабылдана алмайтынын, сондықтан оны қайта өткізу үшін комиссия құрамына қосымша сараптамасы енгізе отырып, сараптама мерзімінің ұзартылуын сұрайды.

Шешім қабылдаудың негізгі белгілері (критерийлері)

Қарастырылатын объектілердің жоспары мен жобалары сараптаманың қорытындының хаттамасын дайындау қамтуымен анықталады:

- жоспарланып отырған қызметінің сипаттамасы ; жоспарланып отырған қызметке дейінгі территориядағы қоршаған ортаның күйі.

- жоспарланып отырған қызметінің қоршаған ортаға әсерінің бағасы;

- жоспарланған қызмет іске асырылғаннан кейінгі қоршаған ортаның күйі;

- қоршаған ортаға әсерді азайтудың, жоюдың немесе технологиялық шешімдерді ескере отырып болдырмау шараның жеткіліктігі;

- қоршаған ортаны қорғау жұмысының техникалық жағынан орындалу мүмкіндігі.

- қоғамдық ортаның жоспарланып отырған жоба турасы хабарландырылғандығын растайтын құжаттардың болуы және олардың тіркелкендігі;

Жоспарланып отырған қызметтің іске асырылуы алдындағы территорияның қоршаған ортасының күйін анықтау үшін төмендегілер туралы толық ақпарат қажет:

- территорияның табиғи ерекшеліктері;

- қоршаған орта компоненттерінің (ауа бассейіні), жер асты және жер үсті сулары, топырақ және оның қатты қабаты, жер қойнауы, өсімдіктер дүниесі, жануарлар дүниесі, әлеуметтік орта құрамы туралы.

- қоршаған ортаны ластағыш компонентердің мөлшерлік көрсеткіштері;

- территорияны осы замандағы шаруашылыққа пайдалану мүмкіндігі;

- табиғат қорғау (ерекше қорғалатын табиғат объектінің болуы), мәдени (тарихи және мәдени ескерткіштердің болуы) территорияда.

Жоспарланып отырған қызметке сипаттама беріп отырған материалдар төмендегілерді қамту керек;

- республика және жоспарланып отырған объектінің лрналасатын ауданына әлеуметтік – экоэкономикалық қажеттілігінің негізділігі және мақсаты;

- техникалық процестердің сипаттамасы және шығарып тастау мен ағызу көздері;

- шығарылатын өнімдер мен түзілетін қалдықтардың экологиялық қауіптілік деңгейі, сонымен қатар оларды қайта өңдеу арқылы зиянсыз өнімдер алу мүмкіндігі;

- қолданылатын технологияның отандық және шетелдік ұқсас технологияға сайкестік деңгейі;

- жоспарланып отырған қызметтің қалыпты режимде жұмыс істеуі және техникалық апат кезіндегі белгіленген экологиялық тәуекел дәрежесі.

Жоспарланып отырған қызмет іске асырылған соң қоршаған ортаның күйін айқындаушы құжаттардан төмендегілер болуы қажет:

- қоршаған ортамен халықтың тіршілік жағдайының жеке компоненттік (деградация тұрақтану) өзгеруінің анализі;

- қоршаған ортаны қалпына келтіру мен халықтың әл - ауқатын жақсарту үшін істелетін кешенді істердің негіздемесі.

Жоспарланып отырған қызметтің нәтижесіндегі антропогенді әсерді мейлінше аз және жеткілікті әрі тиімді деңгейде ұстап тұру үшін қажетті кешенді жұмыстардан мыналарды қамтуы қажет:

- табиғат қорғау жұмыстарының сапасы мен мөлшерінің сипаттамасы (құрал жабдықтар, әдіс-тәсілдер, қондырғылар), оларды пайдалану режимі;

- істелетін жұмыстардың тиімділігі мен қызметін бақылау әдіс-тәсілдері;

- осы шараларды орындау үшін жұмсалатын қаржылар .

ТБТКОС қорытындысының (ҚР-ң мемлекеттік экологиялық сараптама заңының 3-тарау, 27 бап) мазмұны мен тұжырымдары төменде көрсетілген:

-Жүргізілген ТБТКОС нәтижелері бойынша сараптама қорытындысы жасалады, онда экологиялық сараптама объектілерін іске асыру жөнінде шешімдер қабылдауға болатындығы мен мүмкіндігі туралы тұжырымдар болуы керек.

-ТБТКОС қорындысының тұжырымдары мен ұсыныстары ҚР-ң қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы қабылдаған барлық заң жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылады.

-ТБТКОС – теріс қорытынды берген жағдайда тапсырысты сараптамалық қорытындысының ұсыныстарына сәйкес оларды жетілдіруді қамтамасыз етуге және бөлгіленген мерзімде қайта экологиялық сараптама жүргізуге, барлық материалдарды табыс етуге немесе көздеп отырған қызметінен бас тартуға міндетті.

-ТБТКОС оң қорытынды бермейінше жобаларды мемлекеттік коммерциялық банктердің , сондай –ақ, кез-келген меншік нысандар-ындағы өзгеде қаржы мекемелерінің қаржыландыруына және іске асыруына тыйым салынады.

Бақылау сұрақтары:

1. Экологиялық сараптаманың жәнеТБТКОС теориялық негіздері.

2. ТБТКОС мақсат, мінделлері мен принциптері.

3. Экологиялық сараптама мен ТБТКОС тұжырымдарының объективтілігі мен ғылыми негізділік принципі.

5. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың (МЭС) міндеттілік принципі.

6. ТБТКОС сараптама органдары мен сарапшылардың өз өкілеттігін жүзеге асыруда тәуелсіз болу принципі.

7. ТБТКО сараптаудың кешендік принципі.

Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі.

1. Бақылау сұрақтарына жауап.

2. А.Н. Каримов, Н.Р. Мажренова, А.Г. Сармузина Экологиялық сараптама бағалау, бақылау А., 2003, 27 бет.

Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі.

1. Букс И.И., Фомин С.А. Экологическая экспертиза и оценка воздействия на окружающую среду (ОВОС): Программа курса и учебно – методические материалы. М.: изд-во МНЭПУ, 1997. – с 96.

2. Мамбетказиев Е.А., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Алматы, Қайнар 1990.

3. Демегенов А.М., Жаңбыршин Е.Г., Аренова А.Қ. Экология. Атаулар мен анықтамалар. Тараз, 2000.

4. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Алматы: Ғылым, 1998.

5. Жумадиллаева С.А., Баешов А.Б., Жарменов А. Қоршаған орта химиясы. Алматы, 1998.

6. Сағынбаев Г.К. Экология негіздері. Алматы, 1995.

7. Баешов А., Дәрібаев Ж.Н., Шакиров Б.С., Мәдиев Ө.Қ., Сарбаева А.С. Экология негіздері. Туркестан: Яссауи университеті, 2000.

Наши рекомендации