Іс-әрекет жоспарын әзірлеуге талаптар

Ндірістік экологиялық бақылау жөніндегі Үлгі ережені бекіту туралы

Жалпы ережелер

1. Осы өндірістік экологиялық бақылау жөніндегі Үлгі ереже (бұдан әрі - Ереже) табиғатты пайдаланушылардың өндірістік экологиялық бақылауды ұйымдастыруы мен өткізу тәртібін белгілейді.

2. Осы Ережеде мынадай негізгі түсініктер қолданылады:
1) табиғатты пайдаланушы - қоршаған ортаны қорғау саласында уәкілетті орган беретін табиғатты пайдалануға рұқсат негізінде (бұдан әрі - рұқсат), қоршаған ортаға ластаушы шығарындылар мен төгінділерге құқығы бар жеке немесе заңды тұлға;
2) өндірістік экологиялық бақылау (бұдан әрі - ӨЭБ) - табиғатты пайдаланушылармен жүзеге асатын қоршаған ортаның жағдайы мен шаруашылық және өзге қызметтің ықпалынан оның өзгерістерін, қоршаған ортаны қорғау және сауықтыру жөніндегі жоспарлар және іс-шаралардың орындалуын тексеру, табиғи ресурстарды қайта жаңғырту және тиімді пайдалануды, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнамаларды, өндірістік мониторинг, есепке алу, есеп беру, нәтижелерді құжаттаумен қоса оның сапасы және экологиялық талдау нормативтерін қадағалауды бақылау үшін шаралар жүйесі;
3) өндірістік мониторинг (бұдан әрі - ӨМ) - өндірістік процестің белгіленген параметрлерінің, шаруашылық немесе өзге де қызметтің нәтижесінде қоршаған ортаға ықпал етудің физикалық және химиялық факторлардың экспериментті (өлшеу негізінде) және/немесе жанама (есептесу негізінде) бағасы;
4) эмиссиялар - қоршаған ортаға ластаушы заттардың немесе физикалық ықпал ету факторларының тікелей немесе орталықтандырылған шығаруы.

3. ӨЭБ - шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыру кезінде, меншіктік түріне қарамастан жүргізіледі.

4. ӨЭБ процесінде қадағаланатын міндетті параметрлер тізбесіне, оның мерзімділігін белгілеу тұрғысы мен критерияларына, өлшеудің ұзақтығы мен жиілігіне, табиғатты пайдаланушымен әзірленген және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген, инструменталды қолданылатын немесе есеп айырысу әдісімен өндірістік экологиялық іс-әрекет жоспарына талаптар қойылады.

5. ӨЭБ жүргізу кезінде табиғатты пайдаланушы:
1) іс-әрекет жоспарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келіседі;
2) іс-әрекет жоспарының шарттарын іске асырады және нәтижелерді құжаттайды;
3) рәсімдік талаптарды қадағалайды және алынған мәліметтердің сапасын қамтамасыз етеді;
4) ӨЭБ нәтижелерін жүйелі түрде бағалайды және қоршаған ортаны қорғау саласында айқындалған сәйкессіздікті жою жөніндегі тиісті шараларды қабылдайды;
5) ӨЭБ нәтижелері бойынша белгіленген тәртіпте өкілетті органға есеп беруді ұсынады;
6) қоршаған ортаны қорғау саласында уәкілетті органмен қойылған тәртіпте, ӨЭБ нәтижелері бойынша ішкі есеп жүргізу, мерзімді есеп беруді қалыптастырады және ұсынады;
7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқару органға, ӨЭБ процесінде анықталған, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнамалардың, оның сапасының нормативі мен экологиялық талаптарының бұзылу фактілері жөнінде кідіріссіз хабарлайды;
8) техникалық қауіпсіздікті қадағалайды;
9) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға, жүзеге асырып отырған ӨЭБ-нің сапасы мен әділдігін растау үшін қолжетімдікті қамтамасыз етеді;
10) ӨЭБ жүргізуге персоналдардың ішкі жауапкершілігінің ұйымдастырушылық және функцияналдық құрылымын өзі белгілейді;
11) өз еркімен кеңейтілген ӨЭБ жүргізеді.

Іс-әрекет жоспарын әзірлеуге талаптар

6. Іс-әрекет жоспары табиғатты пайдаланушының өзімен не табиғатты қорғау жөніндегі жобалау, нормалау және экологиялық сараптама саласында жұмыс істеу қызметіне лицензиясы бар заңды немесе жеке тұлғаны қатыстыра отырып әзірленеді.

7. Іс-әрекет жоспары мынадай ақпаратты мазмұндауы тиіс:
1) ӨМ процесінде қадағаланатын міндетті параметрлер тізімі;
2) ӨМ және өлшеулерді жүзеге асырудың кезеңі, ұзақтығы және жиілігі;
3) ӨМ жүргізуде қолданылатын әдістер туралы мәліметтер (эксперименталды және/немесе жанама);
4) сынамаларды алу нүктесі және өлшеуді жүргізу орны;
5) есепке алудың, талдаудың, мәліметтерді хабарлаудың әдісі мен жиілігі;
6) ішкі тексеру мен қоршаған ортаны қорғау заңнамаларының, оның сапасының нормативтері және экологиялық талаптардың (оларды қадағаламауға ішкі әрекет ету инструментін қоса) бұзушылығын жою рәсімінің жоспар-кестесі;
7) аккредитация және сертификация жөніндегі нақты мәліметтерді қоса, инструменталды өлшеу сапасын қамтамасыз ету тетігі;
8) штаттан тыс жағдайда іс-әрекет хаттамасы;
9) ӨЭБ жүргізуге персоналдардың ішкі жауапкершілігінің ұйымдастырушылық және функцияналдық құрылымы;
10) ӨЭБ ұйымдастыру және жүргізу мәселелерін айқындайтын өзге де мәліметтер.

Наши рекомендации