Тәжірибелік тапсырма №8

Негізгі өндірістің жұмысшыларына еңбекақы есептеңіз.

Жұмысшы қаңтар айында 24 жұмыс күнін атқарды. Осы кезеңде 152 бұйым бірлігін дайындады. Әрбір бұйымның бірлігі 255 теңгені құрайды.Еңбекақыдан міндетті зейнетақы жарнасы мен жеке табыс салығы ұсталды (Соманы анықтаңыз). Алынатын соманы анықтаңыз.Шаруашылық операциялардың мазмұнын жазып, еңбекақы есептеу және ұсталымдар бойынша шоттар корреспонденциясын көрсетіңіз. Сонымен қатар, кәсіпорын кассасынан жалақының төленуін, ағымдағы шоттан бюджетке салық сомаларының аударылуын да көрсетіңіз.

Тәжірибелік тапсырма №9

Шоттар корреспонденциясы бойынша шаруашылық операцияларының мазмұнын анықтаңыз:

р\н     Өткізбе   Сома    
Дт Кт

Тәжірибелік тапсырма №10

ЖШС «Вега» ағымдағы жылдың 1 қаңтарында 1250 «Қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шотында келесідей қалдықтары бар.

А) Сидоров С.Д - 28.12 №7 журнал ордерінің 5-ші беті - 3600 (Дт 1250)

Б) Идрисов И.В - 24.12 №7 журнал ордерінің 8-ші беті – 100 (Кт 3390)

(аванстың артық жұмсалуы)

Ағымдағы айда келесідей операциялар орындалған.

1250 шоты бойынша қаңтар айындағы шаруашылық операциялар:

Күні Шаруашылық операциялар Дебет Кредит Сома
05.01   №1 аванстық есептілік – Сидоров И.В a)№18 шот фактура бойынша 36780 тг-ге материалдар сатып алынды б) Соның ішінде ҚҚС-12%       ?   ?
12.01     №2 аванстық есептілік – Оспанова И.В a)75000тг-ге тоңазытқыш сатып алынды б) Соның ішінде ҚҚС – 12%       ? ?
18.01     №3 аванстық есептілік Идрисов И.В бекітілген мөлшер шегінде әкімшілік шығындарға іс-сапар бойынша шығындар есептен шығарылды.     64 000
18.01   №4 аванстық есептілік КиреевК.В Темір сатып алу үшін есептегі сома пайдаланылды.     54 000
23.01 Аванстық есептілік - Қыдыров К Шаруашылық шығындарға есептегі сома пайдаланылды     10 000

Тәжірибелік тапсырма №11

Шоттар корреспонденциясы бойынша шаруашылық операциялардың мазмұнын анықтаңыз:

р/н Өткізбе Сома
Дт Кт

Тәжірибелік тапсырма №12

Тапсырма :

1. Экономист Омароваға еңбекақы есептеңіз.

2. Еңбекақысынан табыс салығы мен зейнетақы жарнасын ұстаңыз.

3. Қолына алатын соманы есептеңіз

Экономист Омарова Д.В айдағы 22 - жұмыс күнінің 18 күнін ғана атқарды. Экономистің қызметтік еңбекақысы 49000тг құрайды. Жұмыс сапасы үшін кәсіпорын жарлығы бойынша 20% мөлшерінде оған сыйақы тағайындалды. Экологиялық төлем 1,5 АЕК.

Тәжірибелік тапсырма №13

Жүргізуші Амиров Ю.А еңбекақысын есептеңіз:

Айдағы 23 жұмыс күнінің 19 күнін ғана атқарды.Еңбекақыдан зейнетақы аударымын, табыс салығын және алимент (екі бала-иждивенец) ұстау керек. Қолына алатын соманы анықтаңыз:

Еңбекақысы 50 000 тг. Сыйақы мөлшері -20 000тг құрайды. Экологиялық төлем -1,5 АЕК.

Тәжірибелік тапсырма №14

Шаруашылық операцияларды шоттарда бейнелеңіз:

1. Қолма-қол есеп айырысу арқылы өнімді өткізуден түскен түсім кассаға келіп түсті – 125 630 тг, соның ішінде ҚҚС- 12% ?

2. Орындалған жұмыс үшін кассадан аванс берілді – 54 200тг

3. Арнайы шоттардағы қаржылар есебінен ұйымдастырушылар қызметі төленді – 22 480 тг

4. Сауда жұмысшыларына кассадан еңбекақы берілді – 96 800 тг

5. Еншілес серіктестіктерден кассаға төлемдер келіп түсті -31 650тг

6. Қолма-қол есеп айырысу арқылы тауарлар сатып алынды-37 500тг, соның ішінде ҚҚС-12% ?

7. Өнімдерді жарнамалау бойынша шығындар есеп айырысу шотынан төленді - 21 500 тг

8. Жарғылық капиталдағы салымдар есебінен ақша қаржылары есеп айырысу шотына келіп түсті – 150 000тг

9. Шетел валютасы бойынша оң бағамдық айырма бейнеленді-4 200 тг.

10.Еңбекақыдан міндетті зейнетақы жарнасы ұсталынды -10 638тг.

Тәжірибелік тапсырма №15

Экспедитор Сүлейменов Г.Б демалысақы сомасын анықтаңыз: Жұмыс күні аптасына 5 күн. 01.03.2011 жылдан бастап кезекті еңбек демалысына шықты.

Белгілі:

а) Демалыс 34 -күнтізбелік күнге берілген.

б) 12 айдағы еңбекақысы 536000тг құрайды.

в) осы кезеңдегі сыйақы -28000тг құрайды.

г) есеп айырысу кезеңі жұмысшымен толықтай өтелді.

Наши рекомендации