Шөл туралы жалпы түсінік. Шөлдер классификациясы. Шөлдердің пайдаланылуы

Қалыптасуы және дамуы жер бетінде ылғалдылық пен жылудың таралуының біркелкі еместігіне бағынатын температура және атмосфера қысымының аймақтық таралуы желдің бағытын, атмосфераның жалпы айналымын анықтайды.

М.П. Петров (1975) бойынша шөлге климаты өте құрғақ территориялар жатады. Жауын-шашын мөлшері жылына 250 мм-ден аз, булану мөлшері жауын-шашын мөлшерінен артық, егін шаруашылығы қолдан суарылмаса мүмкін емес.

1977 жылы ЮНЕСКО жасаған картада төрт биоклиматтық аймақ көрсетілген. Египет экологы М. Кассас континенттердегі шөлдерді (аридті және жартылай аридті) климат ерекшеліктеріне байланысты аудандарын есептеген. Бірақ та әдебиеттердегі мәліметтер әртүрлі болғандықтан біз оны келтірмедік.

1. Аса құрғақ (экстра-арид) аймақ

Жауын-шашын мөлшері № 13 кестеде келтірілген, өсімдік жабыны жоқ, тек су ағатын жылға бойларында эфемерлер және кейбір бұталар болуы мүмкін. Егін және мал шаруашылығымен айналысу мүмкін емес. Тек оазистерде (мәдени алқап) болмаса.

Экстра-арид аймағы бір жыл немесе бірнеше жыл құрғақшылық болатын шөл. Африкадағы Орталық Сахара, Азиядағы Такла-макан.

Рғақ аймақ Такла-макан шөлі Батыс Қытайда Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданында

Жауын-шашын мөлшері жылына 50-75 мм. Өсімдіктер жабыны өте сирек, кедей. Негізінен көпжылдық және біржылдық суккуленттер. Суарусыз егін шаруашылығы мүмкін емес. Бұл аймақта көшпенді мал шаруашылығымен айналысуға болады.

3. Жартылай құрғақ аймақ

Жауын-шашын мөлшері 150-250 мм. Өсімдік жабыны бұталардан олардың араларында кейде шөптер болуы мүмкін. Суарылмайтын ауыл шаруашылығы дақылдарымен және мал шаруашылығымен айналысуға болады.

4. Субгумидті (ылғал жеткіліксіз) аймақ

Жауын-шашын мөлшері жылына 250-400 мм. Бұл аймаққа кейбір тропикалық Саванналар, Жерорта теңізіндегі кейбір қауымдар (Маквис және Чапарал), қара топырақты далаларды жатқызуға болады.

Бұл картадағы мәліметтер бойынша құрғақ территориялар көлемі 48 млн. шаршы км яғни құрылықтың 1/3 бөлігін алып жатыр. Шөлдерді бұлай бөлу әрине шартты түрде ғана.

Шөлдер классификациясы

А. Топырақ типіне байланысты шөлдерді бірнеше типтерге бөледі:

1. Құмды (песчаные) - борпылдақ шөгінділерде

2. Сары топырақты (лессовые) - сары топырақты шөгінділерде

3. Сазды топырақты

4. Саз балшықты (глинистые) - тақырлар

5. Саз балшықты

6. Майда тасты және құмды

7. Майда тасты гипстенген

8. Тасты

9. Кебірлі

Б. Жауын-шашынның динамикалығына байланысты:

1. Жағалаулық-ыстық жағалаулардың суық теңізбен шекаралас жерлері (Намиб, Атакама) жауын-шашыны мүлде жоқ, тіршілік те жоқ деуге болады.

2. Орталық Азиялық типтес (Гоби, Бетпақдала) жыл бойында аз да болса жауын-шашын тұрақты болады. Сондықтан тіршілік бар.

3. Жерорта теңіздік типтес (Сахара, Қарақұм, Австралиядағы үлкен құмды шөл).

Жауын-шашын мөлшері алғашқыдағыдай, бірақ та жауын-шашын жыл бойы емес, бір-екі апта ішінде жауып өтеді. Сол кезде әртүрлі эфемерлер қысқа уақыт болса да қарқынды өседі. Сосын келесі жылға дейін латенттік күйге ауысады.

13 кесте

Шөлдердің негізгі географиялық сипаттамасы (117)

Наши рекомендации