Дәріс Атмосфералық ауаның сапасын және оған зиянды физикалық әсер етуді экологиялық нормалау
Сабақтың мақсаты мен міндеттері: студенттерге атмосфералық ауаның сапасын және оған зиянды физикалық әсер етуді экологиялық нормалауды түсіндіру.
Жоспар:
9. Атмосфералық ауаның сапасын және оған зиянды физикалық әсер етуді экологиялық нормалауды
Атмосфералық ауаны, қорғау - атмосфералық ауаның сапасын жақсартуға және оның адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсер етуiн болғызбауға бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық шаралар жүйесi.
Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдардың мынадай талаптары бұзылған жағдайларда:
— атмосфералық ауаға лас заттар шығарудың жол берілу шегінің нормативтерінен асып кеткені;
— атмосфералық ауаға зиянды физикалық ықпалдың жол берілу шегінің нормативінен асып кеткені;
— атмосфераға шығарылатын заттарды тазалау және бақылау үшін орнатылған құрылыстарды, жабдықтарды, аппаратураларды пайдалану ережесін бұзғаны, сондай-ақ оларды пайдаланғаны;
— атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі талаптарды қанағаттандырмайтын жаңадан салынған және қайта құрылған кәсіпорындарды, құрылыстарды және басқа объектілерді пайдалануға қосқаны;
— шығаратын заттарында лас заттардың құрамын белгіленген нормативтерден, мәселен, автомобильдер, ұшақтар, кемелер және басқа қозғалыс құралдары мен қондырғыларын артық өндіріп, оларды пайдаланғаны үшін;
— өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинап қою, өсімдік қорғау құралдарын, өсімдіктің өсуін шапшаңдататын заттарды, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да аппараттарды тасымалдау, сақтау және қолдану ережелерін бұзғаны, атмосфералық ауаны ластағаны немесе ластайтын қатер төндіргені;
— мемлекеттік бақылауды жүзеге асырушы органдардың атмосфералық ауаның қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі нұсқауларын орындамағаны үшін кінәлы адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік, материалдық және басқадай жауапқа тартылады .
Лауазымды адамдардың және басқа қызметкерлердің кінәсынан кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар зиянды өтеуге байланысты шығынға ұшыраса, ол адамдар белгіленген тәртіп бойынша материалдық жауапқа тартылады. Жоғарыда аталған факторларды қорыта келіп, биологиялық, техникалық, экономикалық, санитарлык, гигиеналық және әлеуметтік шаралармен қатар атмосфералық ауаның тазалығын сақтау үшін, мынадай ұсыныстар жасағым келіп отыр:
— өнеркәсіп орындарынан шыққан қалдық заттарды өңдейтін шетелдік жаңа технологияларды алдырып, қолданысқа ендірсе; Мысалы: Қытай Халық республикасында қаладан шығарылған қалдық заттардың өзінен 42 түрлі зат өндіріліп алынады екен.
— өнеркәсіп орындарының, жол қатынастары көліктерінің және басқа атмосфералық ауаға әсер ететін машиналар мен механизмдердің, сондай-ақ басқалардың қолданылуын нормаласа;
— ормандар мен жасыл алаңдарды, ағаштарды, бұталарды сақтау, қорғау және олардың саны мен көлемі ұлғайтылса, ол үшін Қазақстан Республикасының барлық азаматтары ат салысса;
— жерді топырақ пен су эрозиясынан сақтауға және басқа да атмосфералық ауаны қорғауға байланысты мемлекеттік шараларды жүзеге асыру қажет деп ойлаймын.
Ең бастысы заңдар қабылданып, қолданысқа ендіріліп жатса, нұр үстіне нұр болар еді.
Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдары
1. Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Атмосфералық ауаны қорғау мынадай негiзгi принциптердi:
1) адамның, қазiргi және болашақ ұрпақтардың өмiрi мен денсаулығын қорғаудың басымдығы;
2) атмосфералық ауаны ластаудың қоршаған орта үшiн орны толмас зардаптарына жол бермеу;
3) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарылуын және оған зиянды физикалық әсер етудi мемлекеттiк реттеу;
4) атмосфералық ауаның жай-күйi, оның ластануы туралы ақпараттың жариялылығы, толымдылығы және анықтығы;
5) атмосфералық ауаны қорғауға және жалпы қоршаған ортаны қорғауға көзқарастың ғылыми негiздiлiгi, жүйелiлiгi және кешендiлiгi принциптерiн сақтау негiзінде жүзеге асырылады.

Оқытудың техникалық құралдары: интербелсенді тақта
Лекция оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: түсіндіру, баяндау, пікір алмасу, сұрақ-жауап
Бақылау сұрактары: (20 балға дейін)
1. Табиғи ортаның сапасы қалай анықталады?
2. Жұмыс зонасындағы шектеулі рауалды концентрация қалай орнатады?
СӨЖ және ОБСӨЖ тапсырмалары (слайд):(30 балға дейін) Атмосфераның автокөліктермен, оның ішінде авиациялық транспорттармен ластануы. Ластануыдың деңгейлері. ШРК аныктаудың әдістері.
Әдебиет:
Негізгі:
1. Полонский В.М. Охрана воздушного басссейна.-М., 2006.
2. Брюхань Ф. Промышленная экология.-М.: «Форум», 2013.
3. Воровьев В.И. Эколого-градостроительные основы расчёта приземных
концентраций газа.-М., 2006.
4. Брюхань Ф. Промышленная экология.-М.: «Форум», 2011.
5. Рекомендации по оформлению и содержанию проектов нормативно
предельно допустимых выбросов в атмосферу (ПДВ) для предприятия
Республики Казахстан. РНД 211.2.02.02-07. Алматы, 2007.
Қосымша:
1. Методическое пособие по расчету, нормированию и контролю выбросов
загрязняющих веществ в атмосферный воздух. НИИ Атмосфера.- Спб., 2005.
2. Пыле – и газоулавливающие устройства. Методические указания к
выпускной работе для студентов – бакалавров специальности 5В0717 -
Теплоэнергеника. - Алматы: АИЭС, 2010 - 44 с.