Экологиялық құқықтың принциптері
Құқық саласының принциптерімен негізгі басшылыққа алатын ережелер танылады, оларға сәйкес белгілі бір қоғамдық қатынастар реттеледі.Қазақстанның қазіргі осы заманғы құқықығында құқықтың әрбір саласы үшін құқықтық принциптердің өз жүйеснің болуы сипатты болады. Бұл Қазақстанның жалпы құқықтық принциптерінің қолданылуын теріске шығармайды,бұл принциптер республика Конституциясында баянды етілген-бұл ізгілікшілдік құқықтық мемлекеттің, халық билігінің, заңдылықтың жариялылықтың, азаматтардың тең құқылығы және т.б принциптері.Ал бізідің зерделеуіміздің мәні экологиялық құқықтың айырықша принциптері болып табылады..
ҚР-ның «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңның 3-бабында былай делінген: қоршаған ортаны қоргау мен табиғатты ұтымды пайдалану мына принциптер негізінде жүзеге асыралады:
- адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдылығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демаласы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру;
- ҚР ның нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қазіргі және болашақ ұрапақтарынң салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтіе экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіруге отырып шешу
- Экологиялық жағдайы қолайсыз аймақтардағы экологиялыққауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;
- Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру, табиғатты пайдалағаны үшін кезең кезеңмен ақы төлеуді енгізу жәнеқоршаған ортаны қорғауға экономикалық жағынанын ыталандыру енгізу;
- Биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық,ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызыз бар қоршаған орта обьектілерін сақтауды қамтамасыз ету:
- Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекетті реттеу мен мемлекеттік бақылау,оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы;
- Қоршаған ортаға нұқсан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкіндігін бағалау;
- Халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін өзі басқару органдарынң қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысуы:
- Халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық принциптерін сақтау негізінде жүзеге асырылады.
Экологиялық құқық ұғымы.
Экологиялық құқықта құқық саласы дербес деп танылуы үшін қажетті белгілері болады-экологиялық принциптердің өз мәні, өзінің әдістері, жүйесі болады.Бұдан басқа, бүгінгі кезде экологиялық құқықтың ерекшелігі мынада: дербес сала ретінде ол біршама жуықта ғана ресімделді, бірақ оны дамыту үшін алғы шарттар бұдан көп бұрын қалыптасқан болатын.
Экологниялық құқық жалпы және ерекше бөлім болып бөлінеді.Жалпы бөлімнің зерттейтін және реттейтін нысанасы қоғамдық қатынастар болып табылады, олардың обьектісі ретінде бүкіл табиғаттың сапалық жай-күйі, мемлекеттің бүкіл табиғатқа меншік құқығы қатысады.Тиісінше жалпы бөлімнің құқықтық институттары арасында мыналарды бөліп көрсеткеен жөн:
Жалпы бөлім:
1.экологиялық құқық ұғымы
2.экологиялық құқық көздері
3.меншік құқығы және табиғат пен ресурстарына өзге де мүліктік құқықтар
4.экология саласында басқарудың мемлекеттік-құқықтық тетігі
5.экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік
Экологиялық құқықтың ерекше бөлімі табиғаттың жекелеген обьектілері бойынша дербес салалардың жиынтығы болып табылады. Сондай-ақ ерекше бөлімге біз «ерекше қорғалатын табиғи аумақтары», «экологиялық апат аймақтарын» және «өндірістік және өзге де шаруашылық қызметіне экологиялық талаптарды» жатқызамыз.
Ерекше бөлім:
1.жер құқығы
2.су құқығы
3.тау құқығы
4.орман құқығы
5.фауналық құқық
6.атмосфералық ауа құқығы
7.ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
8.экологиялық шаруашылық қызметі
Сондай -ақ арнаулы бөлімді көрсеткен жөн, табиғатты халықаралық қорғау мәселелері
Арнайы бөлім
1.Халықаралық экологиялық құқық
2.Қазақстан Республикасының халықаралық экологиялық ынтымақтастығы
Зін -өз і бақылау сұрақтары.
Экологиялық құқық ұғымы, түсінгі және мәні
Экологиялық құқық терминдер
Экологиялық құқық саласы ретінде ерекшелігі
Басқа құқықтың саларымен ара-қатынасы
Ұсынылған әдебиеттер:
Тақырып 2. Экологиялық құқықтың тарихы және қайнар көздері
Жоспар: