Орман ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау

Дүние жүзіндегі ормандардың жалпы ауданы 4 млрд/га астам. Жалпы ормандардың ішінен таза ормандарды жеке бөледі. Оған орманды алаңқайлар,жолдар,шалғындықтар кірмейді. Таза ормандар шамамен 3 млрд/га алып жатыр. Бір адамға есептегенде жалпы орманды жерлер шамамен 0,8 га-дан келеді.
Құрлықтың жалпы ауданына қатысты ормандар алып жатқан территориялардың пайызбен көрсетілген шамасын ормандылық деп атайды. Дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 32,2%-ға тең.
Өзінің тарихында адам шамамен 2/3 орманды аудандардағы орманды жойған. Мұның нәтижесінде ормандылық бастапқы 75%- дан қазір 25-30%-ға дейін кеміген. Ормандарды аудандарының кему процесі қазір де жалғасуда. Бұл процесс тропиктік ормандар үшін өте қауіпті болып отыр.
Соңғы кезде, әсіресе, шаруашылық қызметтің әсері тимеген немесе әлсіз болған ормандарды есепке алу мен қорғауға көп көңіл бөлінуде.
Аталған территориялардың дүниежүзілік шамасы 20%. Кейбір елдерде бұл шама жоққа дерлік болса, Еуропа үшін жалпы ауданы бар болғаны 4 %.
Дүние жүзінің ормандарында өсімдік массасының 1,65-1,96 триллион м³ шоғырланған. Бұған барлық жер үсті және жер асты массасы кіреді. Ағаш діңінің ағашының жалпы массасы шамамен 50%. Ормандарды сипаттайтын маңызды көрсеткіш ағаштың жылдық өсімі болып табылады.
1992 жылы Рио-де-Жанейродағы БҰҰ-ның конференциясында «Ормандарға қатысты мәлімдеме принциптерінде» былай делінген: «Ормандар атмосфераға түсіп,парниктің эффектке әкелетін көміртегі мен сутегін сіңіретін қойма болып табылады». Дүниежүзілік форумда мұндай құжаттың қабылдануы ғаламдық, эклогиялық, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешудегі ормандардың маңыздылығын көрсетеді.
Ерте заманнан-ақ жасыл орман диқанның қажымас серігі болып келеді. Диқанның қамқорлығы нәтижесінде орман мен егін алқабы нағыз «одақ» түзіп, адам баласына қажеттіазықтық өнімдер беруде. Бұл екеуінің «одақтасуы» нәтижесінде күн сәулесінің энергиясы, ауа, су, топырақтың құнарлығы өсімдіктердің бойынан орын табуда. Орман егін алқабын эрозиядан сақтауда үлкен көмек корсетеді. Сондықтан да жер-жерде егін қорғау алқаптарын жасау кең қолданылады. Егін қорғау алқаптары егістікті аңызақ желден, құм борандардан сақтап, онда ылғалдың мол жиналуына мүмкіндік жасайды. Өткен ғасырда орыс шаруасы Игнатьев өз усадьбасын қар көшкіннен қорғау үшін оған жақын жерге қайың орманын отырғызады. Сонда ағаштарға қыста қар мол жиналады да усадьба маңындағы учаскеде мұнда соғатын аптап және аңызақ желдерге карамастан ұзақ уақыт ылғал сақталады. Бірнеше жылдан кейін Игнатьев усадьбада қазылған құдық суының кобеіп келе жатқандығын байкайды. Тіпті, жақын маңдағы деревняларда құдықтар тартылып қалған қуаңшылық жылдары да оның құдығы мол сулы болады. Бұл құбылыстың қайыңды орманға байланысты екендігін түсінген Игнатьев усадьбаны айналдыра үлкен жеміс бағын отырғызады. Сол кезден бастап ол ешқашан су тапшылығын көрмеген екен. Орманның ылғал сақтайтындығын білгеннен кейін оны шаруашылықтың әр түрлі учаскелерде кеңінен пайдалана бастайды. Сөйтіп,бұл мысалдан жер бетіндегі су режимін реттеудегі орманның рөлін көреміз.
Еліміздің басты табиғат байлығының бірі – орман. Совет Одағы орманға бай ел болып саналады. Дүние жүзілік орман қорының төрттен бір бөлігі СССР териториясында орналасқан. Бұл шексіз де шетсіз байлық деп есептеуге болады.
Еліміздің орман байлығы 800 миллион гектарға жуық алқапты алып жатр. Бұл – дүние жүзінде өзіне теңдесі жоқ орманды өлке біздің еліміз деген сөз. Аса орманды елдер болып саналады Канада мен Америка Құрама Штаттарын, Қытай мен Швецияны, Финляндия мен Францияны артта қалдыра отырсақ та бұл байлықты жылма-жыл арттыра тусу жолында қажырлы еңбек етіп келеді. Тоғызыншы бесжылдықта ғана 12 млн га жас орман пайда болды. Елімізде жылына 400 миллион текше метр ағаш сүрегі дайындалатындығын айтсақ та бұл байлық қорының орасан зор маңызы айқындала түседі. Келешекте ағаш сүрегін тұтынудың арта түсері созсіз. Республикамызда да орман байлығы жөнінен көрнекті орын алады. Қазақстан орманға кедей өлке емес. Орманды териториясының көлемі жағынан Қазақстан Россия Федерациясынан кейін екінші орында тұр. Қазақстандағы орман қорының жалпы ауданы – 21,5 млн га. Кенді Алтай ормандарының ағаштары құрылысқа, химия және целюлоза өнеркәсібінде, мебель жасауға пайдаланады. Алтайдың майқарағай ормандары ғана 371 мың га алқапты алып жатыр, ал балқарағай орманы 300 мың га жерге орналасқан.. Ормандардың жыл өткен сайын азайып бара жатқандығына жол беруге болмайтындығы белгілі. Өйткені орман – планета ландшафтының құрам бөлігінің бірі, ол-табиғи боиценоз, ол-басты байлықтың бірі, оман-жер атмосферасында оттегін өндіруші жасыл лаборатория, ол-климатты реттеуші фактордың бірі,т.т.
Кавказдағы әлемге белгілі «Есентуки» минералды су көзі бұдан 60 жыл бұрынғыға қарағанда суды тәулігіне жеті есе кем береді. Тексере келгенде мынадай жайт анықталған. Су көзінің айналасындағы тау беткейінің орманы өткен ғасырдың соңы мен үстіміздегі ғасырдың басында көп кесілген. Ал қазіргі кезде тау беткейі ормандары бұл төңіректе біртіндеп қалпына келтіріле бастаған кезде шипалы су мөлшері де көбейе түсті.

Наши рекомендации