Сабақтардың тақырыптық жоспары

СЕМЕЙ Қ. МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Тағамтану және гигиеналық пәндер КафедраСЫ

Силлабус

Бакалавриат МЖМБС

Пән: Экология және тұрақты даму

Пәннің коды:ЕUR 1105

Мамандығы:Мейіргер ісі, 5В110100

Оқу сағатының/кредиттің*көлемі:90/2

Курсы және оқу семестрі:курс: 1, семестр: 1

Семей 2014

Силлабусты (студенттің жұмыс бағдарламасын) Тағамтану және гигиеналық пәндер кафедрасы құрастырды Экология және тұрақты даму Типтік оқу бағдарламасының негізінде

Автор(лар): Пономарева Р.С., Темиржанова А.Е.

_____ ____________2014 кафедра отырысында талқыланды №____Хаттама

Кафедра меңгерушісі/оқу ісін меңгеруші_______________ Токанова Ш.Е.

Оқытушылар туралы мәліметтер

Т.А.Ә. Лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы Ғылыми ықыласы және жетістіктері/категориясы
Токанова Ш.Е. Кафедра меңгерушісі, профессор Экология және денсаулық
Чайжунусова Н.Ж. Профессор Радиация және денсаулық
Ибраев С.С. Аға оқытушы, м.ғ.к. Экология және денсаулық
Кембаева К.У. Аға оқытушы, м.ғ.к. Еңбек гигиенасы
Довгаль Г.Д. Аға оқытушы, б.ғ.к. Эпидемиология
Токешева Ш.М. Аға оқытушы, м.ғ.к. Еңбек гигиенасы
Голубев П.Г. Оқытушы, м.ғ.к. Еңбек гигиенасы
Кулабухова Н.С. Оқытушы, м.ғ.к. Экология және денсаулық
Пчелинцева Т.Р. Оқытушы, м.ғ.к. Экология және денсаулық
Турдунова Г.К. Аға оқытушы Тамақтану және денсаулық
Пономарева Р.С. Оқытушы Экология және денсаулық
Бейсенгазина М.Б. Оқу ісінің меңгерушісі Экология және денсаулық
Темиржанова А.Е. Оқу ісінің меңгерушісі Экология
Бачевская Е.С. Оқытушы Экология және денсаулық
Фролова Н.Н. Оқытушы Экология және денсаулық
Бекжигитова А.А. Оқытушы Радиация және денсаулық
Нуртазина С.К. Оқытушы Тамақтану және денсаулық
Касымова А.А. Оқытушы Экология және денсаулық

Байланыс ақпараты: Семей қ., Уранхаева 6 көшесі, ғылыми зерттеу лабораториясының корпусы, 3 этаж.

Пән саясаты

Пән саясаты – бұл білімалушының (студент, интерн, резидент, магистрант, докторант) оқу материалын анағұрлым толық меңгеруіне және оқытушылар мен білімалушылардың нәтижелі әріптестігіне бағытталған осы пәнді меңгеру үрдісінде білімалушыға кафедраның қоятын жалпы талаптары.

Білімалушы міндетті:

• Білімді, шеберлікті, практикалық дағдыларды және біліктіліктерді толық көлемде меңгеру.

• Таңдалған білім траекториясы бойынша біліктіліктерге жету үшін бірінші курстан бастап электронды нұсқада «Портфолио» жинау.

• Оқытушыларға, қызметкерлерге және білімалушыларға құрметпен қарау.

• Семей қ. ММУ Ұжымдық этика Кодексін, соның ішінде «Сыртқы түріне талаптар» тарауын білу және сақтау.

• Мұнтаздай таза және тәртіпті болу, Университетте, емханаларда өзін лайықты ұстау, тыныштықты және сабақтарда, холлдарда, дәліздерде тазалықты сақтау.

• Білімалушы сабақ басталғаннан соң (оқытушы сабақты нақты бастағаннан соң) аудиторияға тек оқытушының рұқсатымен кіріп шыға алады.

• Пән бойынша оқу бағдарламасын толық меңгеру үшін дәрістерге, практикалық (зертханалық, семинар) сабақтарға қатысу міндетті болып табылады. Клиникалық кафедраларда профессордың немесе доценттің қарауына, дәрігерлер консилиумдарына міндетті түрде қатысу.

• СОӨЖ (студенттердің оқытушы жетекшілігімен өздік жұмысы) қатысуға кафедраның талаптарын орындау.

• Дәрістерге, практикалық, зертханалық және семинар сабақтарға, емтихандарға медициналық форма киіп қатысу.

• Клиникалық кафедраларға СЭС рұқсаты бар санитарлық кітаптың болуы.

• Кафедра мүлкіне ұқыптылықпен қарау, үстелдер үстін ластамау, жазу жазбау, мүлікті бұзған жағдайда келтірілген зиянның орнын толтыру.

• Үшкір өкшесі бар аяқ киімді киюге тыйым салынады.

• Өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау.

• Университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтау.

• Кафедра өміріне белсенді қатысу (СҒЖ үйірмесіне, кафедра іс-шараларына және т.б. қатысу).

• Мамандық бойынша ғылыми-практикалық, патологоанатомиялық конференциялар мен ассоциациялардың жұмысына қатысу.

• Дәрістер, сабақтар кезінде ұялы телефондарды өшіріп қою.

• Емтихандарға ұялы телефондарды, i–Phone, i-Pad алуға тыйым салынады. Білімалушы ұялы телефондарды, i–Phone, i-Pad еске түсіру құралы ретінде пайдаланса, ол емтиханнан шығарылады, емтиханнан шығарылғаны туралы акт жасалады және F бағасы қойылады. Емтиханда немесе саралау сынағында білімалушы көмекші қағаздарды қолданса, автоматты түрде қорытынды «қанағаттандырарлықсыз» баға қойылады.

• Кафедраларда өтемдер сабақтан тыс уақытта өткізіледі, дағдылы күндерде де жіберіледі (теориялық кафедрада кезекші оқытушы 18.00 сағатқа дейін болуы тиіс), клиникалық кафедрада өтемдерді профессорлық – оқытушылық құрамының түнгі кезекшілігі кезінде өткізуге болады.

• Себепсіз және себепті жағдай бойынша сабақтарды босатқанда білімалушы сабаққа шыққан күннен бастап деканаттан бір апта ағымында рұқсатнама алуға міндетті.

• Білімалушы себепті жағдай бойынша сабақтарды босатса бір ай ішінде өтеуі керек.

• Себепсіз жағдайлар бойынша босатылған сабақтарды білімалушы 2 апта бойы қосымша оқыту түрі ретінде (ҚОТ) ақылы негізде өткізіледі, ҚОТ көрсетуге келісім шарт жасалады.

• Егер білімалушының қосымша оқыту түріне және факультативті сабақтарға қажеттілігі болған жағдайда, онда да ҚОТ көрсетуге келісім шарт жасалады. ҚОТ барлық түрлері ақылы негізде өткізіледі.

• Дәрістерді босатқан кезде себептерге қарамай білімалушы дәріс материалдарының конспектісі болуы керек және оны дәріскерге көрсетуі керек, босатқан дәрістерді өтеу – дәрісті өтеу үшін деканаттан рұқсатнама талап етілмейді.

• Себепсіз жағдайлар бойынша босатылған сабақтарды өтеу кезінде білімалушыға 2,33 (70 %) артық баға қойылмайды.

• Себепті жағдай бойынша босатқан сабақтарды өтеу кезінде білімалушыға жауап берген бағасы қойылады.

• Білімалушы белгілі себептермен (стационарда емделсе, төтенше жағдайлар болған кезде: табиғат апаты, апаттар және басқалар) басқадай себептермен сабақ босатқан жағдайда топ старостасы немесе куратор бір тәулік ішінде кафедраны және деканатты (телефонмен және басқадай жолмен) болған жағдай туралы хабардар етуге тиісті және үш күн ішінде осы жағдайды куәландыратын құжат әкелуі керек. Ақтау құжаттары болып табылады: студенттік емханадан анықтама (нөмірі емхананың анықтама беру журналындағы нөмірмен бірдей болуы керек), жақындарының қайтыс болуы туралы куәлік, донорлық анықтама, некелесу туралы куәлік, баланың туу туралы куәлігі. Интерндер, резиденттер, магистранттар, докторанттар жұмысқа жарамсыздығы парағын беруі керек. Ақтау құжаттары болмаған жағдайда себепсіз болып саналады. Жалған анықтамалар берген жағдайда рұқсатнама берілмейді және білімалушыға қатысты ішкі тәртіп Ережелеріне сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады.

• Кафедраға рұқсатнамамен бірге растайтын құжат көшірмесі беріледі. Білімалушы себепті жағдаймен босатылған 2 сабақты бір ретте өтеуіне болады.

• Себепті жағдаймен босатылған сабақты өтеу кезінде қағаз журналда «бж» дөңгелектенеді және алынған баға қағаз және электронды журналға енгізіледі. Электронды журналға бағаларды қою үшін өтінім деканаттан рұқсатнама беру сәтінен бастап бір ай ішінде жүргізіледі.

• Білімалушы бекітілген уақытта екі және одан да көп сабақтарды өтемеген жағдайда аттесталмаған деп есептеледі. Пәндердің аудиторлық (дәрістер, практикалық) сабақтары жалпы сағаттар көлемі босатылғандар санына байланысты мынадай әкімшілік шаралар енгізілсін:

- 5 - 10% - ескерту

- 11 - 15% - сөгіс

- 16-24% - қатаң сөгіс

• Білімалушы ағымдағы үлгеріміне бақылау оқу пәнінің әрбір тақырыбы бойынша өткізіледі.

• Соңғы сабақта пән бойынша жіберу рейтингісінің бағасы (ЖРБ) есептеледі, ЖРБ ведомостіне танысқаны туралы білімалушы өзінің қолын қояды, ал ЖРБ жетекші оқытушымен сынақ кітапшасында ЖРБ қойылады.

• Пәндердің (дәрістердің, практикалық) аудиторлік сабақтардың жалпы көлемінен 25% себепсіз жағдаймен босатқан білімалушы пән бойынша аралық аттестаттауға (емтиханға/дифсынаққа) жіберілмейді және жазғы (ақылы) семестрден өтуге міндетті. Себепсіз жағдаймен босатқан білімалушы жеке кесте бойынша барлық өтеулерді өтеуге міндетті.

• Деканаттан рұқсатнамалар оқу топтары журналдарында сақталады.

• Егер білімалушы себепті жағдай бойынша аралық бақылауды босатқан және оны бір ай бойы өтемеген жағдайда, «бж» орнына журналда «0» қойылады. Және оның рейтингі автоматты түрде төмендейді.

• Егер интеграцияның бір пәні немесе аралас пәндер бойынша «Жалпы медицина» мамандығы 4,5 курстары білімалушысы «F» алса, онда білімалушы жазғы (ақылы) семестр кезінде «F» бар пәнді ғана өтейді. Толық пән бойынша қорытынды баға ақылы семестрді өткеннен кейін қойылады.

• Кафедра әрбір практикалық дағды (ҚКЕБ, ҚПЕБ, науқас төсегі қасындағы мини – клиникалық емтихан және б.) бағасының әдісін анықтауы керек, білімалушылармен дағдылар семестр бойы тапсырылады, оқу журналына қойылады, қосылады, практикалық дағдыларға қорытынды баға сессия кезінде эмтихандық ведомсотіге қойылады.

• Егер емтихан екі және одан да көп кезеңдерден тұрған жағдайда және білімалушы кезеңдердің бірінен «0» алса, онда ол білімалушы үшін емтиханның келесі кезеңіне өту үшін кедергі болып табылмайды, емтихан бағасы әрбір кезеңнің үлес салмағына сәйкес саналады.

• Егер жіберу рейтингісі бойынша және қорытынды бақылаудан да (емтихан/дифф сынақтан) білімалушы оңды баға алса ғана қорытынды баға есептеледі. Сонымен бірге оңды баға болып 50% -дан 100% -ға дейінгі баға болып саналады, қанағаттанарлықсыз баға - 0 -дан 49% -ға дейінгі баға болып саналады.

• Егер емтихан үш кезеңнен тұрған жағдайда, онда тестілік емтихан үлес салмағы 20 % құрайды, практикалық дағдылар 10%, ауызша жауап - 10%. Егер емтихан тек қана ауызша сұраудан және практикалық жағдыдан тұрса онда тиісінше әрбіреуі -20%.

• Ағымдағы сабақтарда және аралық бақылауда алынған қанағаттанарлықсыз бағалар өтелмейді. Қанағаттанарлықсыз бағалар болған жағдайда білмалушылар төмен ЖРБ алады, ол өз кезегінде емтихан рұқсатнамасына әсер етеді.

Аралық аттестаттау бойынша оңды бағаны көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

• ЖРБ сынақ кітапшасының оң жағына қойылады. Дифференциалды сынақ бағасы шәкіртақы тағайындауға әсер етеді.

• Осы семестрдің оқу жоспарымен қарастырылған семестрдің барлық пәндері бойынша оқу бағдарламасын орындау шарттары барлық сынақтарды тапсыру/ алуда білімалушылар аралық және қорытынды аттестаттауға жіберіледі. Емтихан сессиясына жіберу деканат өкімімен рәсімделеді, сонымен қатар білімалушы сынақ кітапшасына «сессияға жіберілді» мөртабаны қойылады.

• Білімалушыны курстан курсқа ауыстыру студенттің үлгерімінің орта баллы (GPA) негізінде жүргізіледі.

• Егер білімалушы қажетті өту баллының GPA санын ала алмаса, білім грантынан айрылуымен қайталау курсын өтеді немес өз еркімен оқудан шығарылады.

• Толық көлемде курс бағдарламасын орындаған білімалушы, бірақ өту баллын (GPA) жинай алмаған, өзінің үлгерімінің орта баллын көтеру мақсатында ақылы негізде пәнді қайта жазғы (ақылы) семестрде оқуға мүмкіндік беріледі («Қазақстан тарихы» пәнінен басқа, ол бойынша мемлекеттік емтихан тапсырылады) және және қайта емтихан тапсырады.

Қайта тапсырғанда алынған оңды баға шәкіртақыны тағайындауға әсер етпейді.

Академиялық демалыстан кейін оқуға келген немесе бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысқан кезде білімалушы барлық курсты толық өтуі және емтихан тапсыруы қажет.

• «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан студент «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, ол ақылы негізде осы пәнге қайта жазылады, қайтадан келесі академиялық мерзімде немес жазғы семестрде оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, ағымдағы бақылаудың талаптарын орындайды, рұқсатнама алады және мемлекеттік емтиханды қайтадан тапсырады. (ҚР білім және ғылым Министрінің №125 бұйрығы 85т. 18 наурыз 2008ж.)

• «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан оңды бағасын оны көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. (ҚР білім және ғылым Министрінің №125 бұйрығы 85т. 18 наурыз 2008ж.)

• Жұмыс және жеке оқу жоспарының және жұмыс оқу бағдарламаларының талаптарын орындамаған бітіруші курс студенті жазғы семестрді өтпей оқытудың қайталау курсына қалады. (ҚР білім және ғылым Министрінің №125 бұйрығы 85т. 18 наурыз 2008ж.)

1. Кіріспе. Қазіргі таңда адамзаттың табиғатпен қарым-қатынасы басты экологиялық мәселелердің қатарына жатады. Адам пайда болғаннан батап биосфераға тигізер салмағын уақыт өте келе ұлғайтып келеді. Индустриалды қоғам мен демографиялық жарылыс жағдайларында адамзаттың табиғатқа деген тигізер кері әсері ғаламдық деңгейге көшті. Өте үлкен көлемде қоршаған орта компоненттері зиянды әсерлерге ұшырауда. Минералды және қазба байлықтар қорының азаю тенденциясы байқалуда. Антропогендік іс-әрекеттің әр түрі кейбір өсімдіктер мен жануарлардың тура немесе жанама түрде жойылуына әкеп соқты. Мұндай іс-әрекеттің барлығы қазіргі биосфера жағдайының әлсіреуіне және адамзаттың жан дүниесінің кірлеуіне, денсаулығының нашарлауына әкеп соқты. Алайда барлық іс-шараларды қолға алған кезде мәселенің шешімі табылатынына бірнеше елдер күмән келтірмейді. Мұндай шаралар ғаламдық деңгейде оңай шешіле қоймайтын мәселелер санатына жатады. Осы ғаламдық мәселе бүкіл адамзат алдында Рио-де-Жанейро қаласында 1992 жылы қойылды. Осы жылы Тұрақты дамудың концепциясы бекітілді. «Қоғам – табиғат» ғаламдық жүйесінде Тұрақты даму термині келесі мағынаға ие болады - әр түрлі деңгейдегі әлеуметтік экожүйелердегі динамикалық тепе – теңдікті қадағалау. Адамзат неғұрлым бұл мәселе жайлы ертерек ойланып тұрақты даму жолымен жүретін болса, соғұрлым оның Жер ғаламшарында тіршілік етуі ұзақ болады. Бұл ретте шешуші роль экологиялық білімге тән. Экологялық білімнің мәні мен мағынасы тұлғада экологиялық сананы қалыптастыру болып табылатыны баршылыққа аян. Экологиялық сананың негізі болып өз кезегінде «Экология және тұрақты даму» дисциплинасы саналады. Пәннің мақсаты - өз денсаулығына және қоршаған ортаға аса бір үлкен жауапкершілікпен қарайтын тұлғаны (студентті) қалыптастыру болып табылады. Бұндай типтегі әрекеттер жоғарғы білімі бар болашақ мамандарға келешекте дұрыс экологиялық шешім қабылдай алуына септігін тигізеді. Соның негізінде биосфераның тұрақты дамуына үлесін қосады.

2. Пәннің мақсаты:Табиғат пен қоғамның тұрақты дамуының негізгі заңдылықтары туралы студенттердің толық түсінігін қалыптастыру.

3. Оқыту мақсаттары:

- тірі ағзалардың, əртүрлі деңгейде ұйымдастырылған экожүйелердің, бүкіл биосфераның қызмет атқаруының негізгі заңдылықтарын жəне олардың тұрақтылығын оқып-білу;

- биосфера компоненттерінің өзара əсерлесу заңдылықтары жəне адамның шаруашылық əрекеттерінің, əсіресе табиғатты қарқынды пайдалану кезіндегі салдарлары туралы білімдерді қалыптастыру;

- əртүрлі мемлекеттердегі жəне Қазақстан Республикасындағы тұрақты дамудың тұжырымдамалары, стратегиясы жəне практикалық міндеттері туралы заманауй түсініктерді қалыптастыру;

- студенттердің экологияның, қоршаған ортаны қорғаудың жəне тұрақты дамудың күрделі жəне шиеленіскен мəселелерін талқылауда ауқымды кешенді, объективті жəне шығармашылық көзқарасын қалыптастыру.

Пəнді оқыту нəтижесінде студенттер білуі тиіс:

- тірі ағзалардың тіршілік ортасымен қарым-қатынастарының жалпы заңдылықтарын;

- тірі ағзалардың кеңістікке таралуын жəне сан динамикасын, қауымдастықтардың құрылымы мен динамикасын;

- энергияның тірі жүйелер арқылы ағып өтуі жəне заттар айналымының заңдылықтарын, экологиялық жүйелердің жəне бүкіл биосфераның қызмет атқару заңдылықтарын;

- табиғатты қорғау мен табиғатты ұтымды пайдаланудың негізгі принциптерін;

- антропогендік əрекеттің əлеуметтік – экологиялық салдарларын;

- тұрақты дамудың тұжырымдамасын, стратегиясын, проблемаларын,

оларды əлемдік, аймақтық жəне жергілікті деңгейде шешуге қатысты

көзқарастарды.

игеруі тиіс:

- табиғи жəне антропогендік экологиялық процестерді анықтап,

талдауы жəне олардың реттелуінің ықтималды жолдарын болжауы;

- биосфераның тұрақтылығын сақтау жəне адамзат қоғамының апатты

күйзелістерсіз дамуын қамтамасыз ету мақсатында, шаруашылық жүргізудің

дəстүрлі формалары мен адамдардың тіршілік салттарын жоспарлы түрде

өзгертуге бағытталған, адамзаттың тұрақты дамуының осы заманғы

тұжырымдамалары мен стратегияларын ажырата білуі;

- тірі организмдер мен қоршаған ортаның əсерлесу заңдылықтары

туралы алған білімдерін күнделікті қызметінде экожүйелердің тұрақты

дамуын сақтау үшін қолдана білуі тиіс.

машықтануы тиіс: экологиялық процестерді талдап, табиғат қорғау

қызметінде нақтылы міндеттер қойып басым бағыттарды белгілеуге жəне

алған білімдерін экологиялық мəселелерді шешу үшін пайдалануға

машықтануы тиіс; биосфераның даму заңдылықтары, оның тұрақтылығының

сақталу шарттары, сондай – ақ, əртүрлі мемлекеттерде, соның ішінде

қазақстан республикасында, тұрақты даму идеясының іске асырылуы

жөнінде білімдер жинақтауы тиіс.

4. Реквизитке дейінгі:Қазақстан тарихы, жоғары математика, информатика, әлеуметтану, тіршілік қауіпсіздігінің негіздері

5. Реквизиттен кейінгі:Фармациялық гигиена негіздері, ботаника, фармакология, дәрілік құралдарды талдау және зерттеудің жалпы әдістері, фармакотерапия

6. Пәннің қысқаша мазмұны:

Экологияның мақсаты, міндеттері мен әдістері. Экологияның басқа ғылымдармен өзара байланысы. Экология тараулары. Жеке түрлердің экологиясы: организм және оның тіршілік ету жағдайы, экологиялық факторлар және олардың жіктемесі. Либихтың минимум заңы, Шелфордтың толеранттылық заңы. Популяция экологиясы: статистикалық және динамикалық сипаттамасы. Бірлестіктер экологиясы: биоценоз, биогеоценоз, және экожүйе туралы түсініктер. Экожүйедегі түраралық байланыстардың негізгі формалары. Экожүйедегі энергия ағымы мен химиялық элементтердің айналымы; биоценоздың трофтық құрылымы; экожүйелердің өнімділігі. Экожүйелердің тұтастығы мен тұрақтылығы, тұрақтылық механизмдері (гомеостаз және экологиялық сукцессия). Биосфера және оның тұрақтылығы. В.И. Вернадскийдің биосфера және ноосфера туралы ілімдері. Тірі зат концепциясы. Жаһандық биогеохимиялық циклдер. Қазіргі биосфера. Тұрақты даму концепциясы. Тұрақты даму факторлары: экологиялық, экономикалық, әлеуметтік. Тұрақты даму стратегиялары мен принциптері. Табиғат ресурстары және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану – тұрақты дамудың маңызды аспектісі ретінде. Таза экологиялық альтернативті энергия көздерін пайдалану. Биосферадағы тұрақсыздықтың пайда болуының антропогендік себептері (факторлары). Қазіргі таңның әлеуметтік – эологиялық проблемалары және тұрақты даму. Қоршаған ортаны қорғау принциптері мен әдістері. Қорықтық аймақтар қоршаған ортаны қорғаудың формалараның бірі. ҚР тұрақты даумының өзекті экологиялық проблемалары.

Сабақтардың тақырыптық жоспары

Дәрістердің тақырыптық жоспары:

Дәріс тақырыптарының аталуы Сағат саны
  1 кредит  
1. Кіріспе. Экологияның ғылым ретіндегі анықтамасы. Экологияның мақсаттары, міндеттері және әдістері. Экологияның даму тарихы. Экологияның тараулары: аутэкология – даралар экологиясы, демэкология – популяциялар экологиясы, синэкология – бірлестіктер экологиясы.
2. Биосфера құрылымы және оның шекаралары. В.И.Вернадскийдің Ноосфера туралы ілімінің Тұрақты даму концепциясын даярлаудағы негізін қалаушылық ролі. Табиғи ортаның сапасы мен тұрғындар денсаулығы.
3. Тұрақты даму концепциясы. «Тұрақты даму» түсінігінің пайда болу тарихы. Адамзат қауымының табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу мәселелері. Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану.
4. Бүгінгі таңның ғаламдық экологиялық мәселелері. Олардың шығу себептері және салдары. Қазіргі заманның әлеуметтік-экологиялық мәселелері мен тұрақты даму.
5. Қазақстан Республикасында тұрақты дамудың өзекті экологиялық мәселелері. Қазақстан республикасының ерекше қорғалатын табиғи аймақтары.
  Барлығы: 10

Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары:

Тәжірибелік сабақ тақырыптарының аталуы Сағат саны
  1 кредит  
1. Экология табиғатты қорғау және табиғатты ұтымды пайдаланудың теориялық базасы ретінде. Дара экологиясы – аутэкология. Организм және оның тіршілік ету ортасы. Экологиялық факторлар және олардың жіктелуі. Негізгі өмір сүру ортасы және оларға сипаттама.
2. Популяция экологиясы – демэкология. Популяцияның статистикалық сипаттамасы: популяцияның саны, тығыздығы және биомассасы, жастық және жыныстық құрамы.
3. Бірлестіктер экологиясы – синэкология. Биоценоз, биогеоценоз және экожүйе туралы түсініктер. Экожүйеде түр аралық байланыстың негізгі формалары (нейтрализм, комменсализм, протокооперация, мутуализм, жыртқыштық паразитизм).
4. Биосфера және оның тұрақтылығы. Биосфера концепциясының қалыптасуы. В.И.Вернадскийдің биосфера және ноосфера туралы ілімі. Тірі заттардың концепциясы. Экологиялық жүйеде адамның ролі.
5. Тұрақты даму концепциясы. «Тұрақты даму» түсінігінің пайда болу тарихы: Рим клубы, Медоуз және Форестердің жұмыстары (Өсу шегі, 1972). Тұрақты даму факторлары, стратегиясы және принциптері. Тұрақты даму үлгісі, оның жұмыс істеу белгілері және принциптері. 1-5 тақырыптар бойынша аралық бақылау.
  Барлығы 10 сағат  
  2 кредит  
1. Адамзат қоғамының табиғи ресурстармен қамтамасыз етілу мәселелері. Жердің табиғи ресурстарына сипаттама: атмосфера, гидросфера және литосфера. Табиғи ресурстардың жіктелуі: сарқылатын, сарқылмайтын, қайта қалпына келетін, қалпына келмейтін. Биосферада тұрақсыздықтың пайда болуының антропогенді факторлары. Табиғат пен қоғамның өзара әрекетінің тарихы: негізгі сатылары (биогенді, аграрлы, өнеркәсіптік, ақпараттық), ерекшеліктері және сабақтары.
2. Қазіргі заман мен тұрақты дамудың әлеуметтік-экологиялық мәселелері. Әлеуметтік-экологиялық кризис және тұрақты даму. «Үшінші әлем» мәселелері. Артта қалуды жеңу – тұрақты дамудың өзекті мәселесі.
3. Қоршаған ортаны қорғаудың принциптері мен әдістері. Қорық аймақтары қоршаған ортаны қорғаудың бір түрі ретінде.
4. Табиғи ортаның сапасы және тұрғындар денсаулығы. Экологиялық мониторинг, оны ұйымдастыру принциптері.
5. Қазіргі заманғы жаһандық экология мәселелері бойынша халықаралық конвекциялар мен келісім шарттар. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ҚР-ң заңдылықтары. Аралық бақылау. Қорытынды сабақ.
  Барлығы 10 сағат  
  Барлығы:

Студенттің өздік жұмысының тақырыптық жоспары:

Наши рекомендации