Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Мазмұны Сағат саны Апта  
Модуль 1. Экологиялық құқық пәні  
Дәріс 1. Экологиялық құқықтың түсінігі мен пәні. Практикалық сабақ 1. Экологиялық құқықтың қағидалары. Экологиялық құқық жүйесі оқу пәні ретінде. Экологиялық құқықтың даму кезеңдері. ОСӨЖ 1. 1.Қазақстан Республикасы экологиялық құқығының объектілері мен субъектілері (конспект). 2. Экологиялық құқық ұғымы (ауызша). 3. Экологиялық құқықтың әдістері (ауызша). 4. Экологиялық құқық жүйесі (конспект).     1-апта  
Дәріс 2.Экологиялық құқықтың тарихы және қайнар көздері. Практикалық сабақ 2. Экологиялық құқықтың пайда болуы, өркендеуі және болашағы. Табиғат қорғау және табиғи ресурстарды ұтымдыпайдалану туралы республикалық заңдылықтардың негізгі даму кезеңдері. Экологиялық құқық қайнар көздерінің ұғымы және жіктелуі. ОСӨЖ 2. 1. Қазақстан Республикасының Конституциясы экологиялық құқықтың негізгі қайнар көздері ретінде (эссе). 2. Экологиялық кодекстер мен заңдар (құқықтық сипаттама). 3. Заңға бағынышты нормативтік құқықтық актілер (талдау).           2-апта  
Модуль 2. Экологиялық-құқықтық қатынастар және қоршаған ортаны пайдалану құқығы  
Дәріс 3.Табиғат обьектілеріне меншік құқығы. Практикалық сабақ 3. Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының мазмұны. Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының объектілері мен субъектілері. Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының пайда болу, өзгертілу және тоқтатылу негіздері. ОСӨЖ 3. 1.Табиғат объектілеріне меншік кұкығының ұғымы (конспект). 2. Табиғат объектілеріне меншік құқығының мазмұны (эссе). 3. Табиғат объектілеріне меншік құқығы туындауының және тоқтатылуының негіздері (презентация жасау). 4. Табиғат объектілеріне меншік нысандары, табиғи ресурстарға меншік құқығының субъектілері мен объектілері (презентация жасау).     3-апта  
Дәріс 4.Табиғатты пайдалану құқығы. Практикалық сабақ 4. Табиғатты пайдалану құқығының мазмұны. Табиғатты пайдаланушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері. Табиғи ресурстарды табиғатты пайдалануға беру негіздері. ОСӨЖ 4. 1.Табиғат пайдалану құқығының ұғымы, жалпы сипаттамасы мен қағидалары (конспект). 2. Табиғат пайдалану құқығының субъектілері, мазмұны мен объектілері (презентуция жасау). 3. Жалпы табиғат пайдалану (эссе). СӨЖ 1. 1.Мемлекеттің экологиялық функциясы. 2.Қоршаған табиғи орта құқық объектісі ретінде. 3.Табиғат қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану туралы республикалық заңдылықтардың негізгі даму кезеңдері. 4.Экологиялық қатынастарды реттеудегі соттық тәжірибенің маңызы. 5.Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының түсінігі және жалпы сипаттамасы. 6.Табиғатты жалпы және арнайы пайдалану. 7.Мемлекет – табиғат объектілеріне меншік құқығының субъектісі. 8.Экологиялық құқықтың жалпы және арнайы қағидалары. 9.«Қазақстан Республикасының экологиялық кодексінің» жалпы сипаттамасы және экологиялық қатынастарды құқықтық реттеудегі маңызы. (СӨЖ КТЖ тапсырмасына қараңыз)       4-апта  
Дәріс 5.Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқарудың ұйымдастырушылық құқықтық нысандары. Практикалық сабақ 5. Экологиялық мониторингті жүзеге асырудың тәртібі. Экологиялық сараптама: мақсаттары, міндеттері, түрлері. Шаруашылық және өзге қызметке қойылатын экологиялық талаптар. Табиғи ресурстардың мемлекеттік есебі мен мемлекеттік кадастлары. Экологиялық бақылаудың міндеттері мен түрлері. ОСӨЖ 5. 1. Экология саласындағы мемлекеттік басқарудың түсінігі мен қызметі (конспект). 3. Экология саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын мемлекетгік органдардың жүйесі мен құзыреті (салыстырмалы кесте құру). 3. Қоршаған ортаның сапасын нормалау (талдау). 4. Экологиялық сараптаманы құқықтық реттеу (презентация жасау). 5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылаудың құқықтық негіздері (талдау).       5-апта  
Дәріс 6. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері. Практикалық сабақ 6. Арнайы табиғатты пайдалану үшін төлемдер. Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық жағынан ынталандыру. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды жүргізуге арналған қаражаттық құралдарды жұмсау. Экологиялық аудиттің құқықтық жағдайы. ОСӨЖ 6. 1. Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің ұғымы мен жалпы сипаттамасы (конспект). 2.Қоршаған ортаны қорғау шараларын жоспарлау мен қаржыландыру (талдау). 3. Экологиялық төлемдер (конспект). 4. Экологиялық сақтандырудың құқықтық негіздері (құқықтық талдау). 5. Экологиялық аудиттің құқықтық негіздері (презентация жасау).       6-апта  
Модуль 3. Экологиялық құқық бұзушылық  
Дәріс 7. Экологиялық шарттарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік. Практикалық сабақ 7. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түсінігі және түрлері. Экологиялық зиянның түсінігі мен түрлері. Табиғи ресурстарға келтірілген зиянды өтеудің тәртібі. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін басқа да экологиялық жауапкершіліктің түрлері. ОСӨЖ 7. 1. Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік ұғымы және жалпы сипаттамасы (конспект). 2. Экологиялық құқық бұзушылықтың ұғымы мен жалпы сипаттамасы (эссе). 3. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңды бұзғаны үшін заңдық жауапкершіліктің түрлері (презентация жасау). 4. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңды бұзумен келтірілген зиянды өтеу тәртібі (баяндама). СӨЖ 2. 1. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы жоспарлау, бағдарламалау және стандарттау мәселелері. 2.Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау туралы дауларды қарау және шешу тәртібі. 3.Қоршаған ортаны қорғау саласындағы прокуратура мен ішкі істер органдарының қызметі. 4. Экологиялық құқық бұзушылықтың түсінігі мен құрылымы. 5.Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін әкімшілік, тәртіптік, қылмыстық жауапкершілік. 6. Экологиялық төлемдер мен алымдарды алу және есептеу тәртібі. (СӨЖ КТЖ тапсырмасына қараңыз)                 7-апта  
Модуль 4. Экологиялық-құқықтық режимдер  
Дәріс 8. Жердің құқықтық режимі. Практикалық сабақ 8. Жер учаскесіне меншік құқығының және жер пайдалану құқығының туындау, өзгеру және тоқтату негідері. Жерді құқықтық қорғаудың мақсаттары мен міндеттері. Жерді пайдалану мен қорғаудың мемлекеттік бақылау. ОСӨЖ 8. 1. Қазақстан Республикасының жер қорының түсінігі және жекелеген санаттары (презентация жасау). - Жерге меншік құқығының түсінігі және түрлері; - Жерді пайдалану құқығының түсінігі, түрлері; - Жерді қорғаудың мақсаттары мен міндеттері.     8-апта  
  Аралық бақылау 1 (коллоквиум жазу)      
Дәріс 9. Жер қойнауының құқықтық режимі. Практикалық сабақ 9. Жер қойнауына меншік құқығы және оны іске асыру нысандары. Жер қойнауын пайдалану құқығы және оның түрлері. Пайдалы қазбаларды есепке алу, оларды жіктеу. ОСӨЖ 9. 1. Жер қойнауы туралы заңдар және жер қойнауына меншік құқығы (ауызша). 2. Жер қойнауын пайдалану құқығының түсінігі және түрлері, мазмұны (конспект). 3. Жер қойнауын пайдалану құқығының пайда болу және тоқтатылу негіздері (таблица құрастыру). 4. Жер қойнауын құқықтық қорғау (талдау). 5. Жер қойнауы туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік (презентация жасау).       9-апта  
Дәріс 10. Судың құқықтық режимі. Практикалық сабақ 10. Су қорына меншік құқығы және оны жүзеге асыру нысандары. Жер қойнауын пайдалану құқығы және оның түсінігі. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және сараптама. ОСӨЖ 10. 1. Су қатынастарын құқықтық реттеу, су қорының түсінігі және құрамы, суға меншік құқығы (конспект). 2. Суды пайдалану құқығының түсінігі және түрлері (таблица құрастыру). 3. Суды пайдалану құқығының мазмұны, пайда болу және тоқтатылу негіздері (ауызша). 4. Суды құқықтық қорғау (талдау). 5. Су заңдарын бұзған үшін жауапкершілік (презентация жасау).           10-апта  
Дәріс 11. Ормандардың құқықтық режимі. Практикалық сабақ 11. Орман иелену және орман пайдалану құқығы. Орман шаруашылығын ұйымдастыру мен жүргізудің негізгі тараптары. Орман пайдалану түрлері және орман пайдалануды жүеге асыру. ОСӨЖ 11. 1. Орман қатынастарын құқықтық реттеу (ҚР Су кодексімен жұмыс жасау). 2. Қазақстан Республикасының орман қорының түсінігі және құрамы (конспект). 3. Орманды иелену және пайдалану құқығы (конспект). 4. Орманды құқықтық қорғау (талдау). 5. Орман заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік (презентация жасау). СӨЖ 3. 1. Жер қорының түсінігі және оның жекелеген санаттарының құқықтық режимі. 2. Меншік иелеріне немесе жер пайдаланушыларға келтірілген шығындарды өтеудің негіздері мен тәртібі. 3. Жер қойнауы мен басқа да пайдалы қазбаларды ұтымды пайдалану және қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік-құқықтық механизмі. 4. Пайдалы қазбалардың кен орындарының мемлекеттік кадастры. 5. Су объектілерін қорғау және судың зиянды әсеріне қарсы күресу. 6. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық. 7. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау. 8. Ормандарға келтірілген зиянды өтеу және орман заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық. 9. Жер қойнауын пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау. 10. Жер ресурстарының құқықтық режимі. (СӨЖ КТЖ тапсырмасына қараңыз)         11-апта  
Дәріс 12. Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимі. Практикалық сабақ 12. Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау, кадастр және мемлекеттік есебі. Жануарлар дүниесіне келтірілген зиянды өтеу тәртібі. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық. ОСӨЖ 12. 1. Жануарлар дүниесін құқықтық қорғау объектісі ретінде (конспект). 2. Жануарлар дүниесін пайдалану құқығы (талдау мысалдар келтіре отырып). 3. Аң аулау және аң аулау шаруашылығын жүргізуді құқықтық реттеу (құқықтық сипаттама). 4. Балық аулау және балық шаруашылығын жүргізуді құқықтық реттеу (презентация жасау). 5. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік (ауызша).             12-апта  
Дәріс 13. Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау. Практикалық сабақ 13. Атмосфералық ауаны қорғау туралы дауларды шешу тәртібі. Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік. Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық. ОСӨЖ 13. 1. Атмосфералық ауа қоршаған ортаның құрамдас бөлігі ретінде (ауызша). 2. Атмосфералық ауаны құқықтық қорғаудың түсінігі және жалпы сипаттамасы (конспект). 3. Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау саласындағы мемлекеттік басқару (презентация жасау).     13-апта  
Дәріс 14. Ерекше қорғалатын табиғи объектілердің құқықтық режимі. Практикалық сабақ 14. Мемлекеттік органдардың ерекше қорғалатынтабиғи аумақтар саласындағы құзыреті. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлері мен санаттары. ОСӨЖ 14. 1. Мемлекеттік табиғи қорық қорының түсінігі. 2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету режимдері мен қорғау (презентация жасау). 3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы экологиялық талаптар (ауызша). СӨЖ 4. 1.Аң аулау және аң аулау шаруашылығын жүргізуді құқықтық реттеу. 2.Балық аулау мен балық аулау шаруашылығын ұйымдастыру және жүргізуді құқықтық реттеу. 3.Атмосфералық ауаның сапасын және оған зиянды физикалық әсер етуді экологиялық нормалау. 4.Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы бақылау. 5.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы бақылаудың міндеттері мен түрлері. 6.Мемлекеттік табиғи қорықтарды қорғау режимінің ерекшеліктері. 7.Қазақстан Республикасының табиғатын қорғауға халықаралық экологиялық ұйымдардың қатысу нысандары. 8.Қоршаған ортаны халықаралық-құқықтық қорғауға Қазақстан Республикасының қатысу нысандары. (СӨЖ КТЖ тапсырмасына қараңыз)         14-апа  
Модуль 5. Халықаралық экологиялық құқық.  
Дәріс 15. Қоршаған ортаны халықаралық құқықтық қорғау. Практикалық сабақ 15. Табиғатты халықаралық-құқықтық қорғаудың объектілері мен субъектілері. Қоршаған ортаны қорғау салсындағы халықаралық ынтымақтастық. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық келісімдер, конвенциялар, шарттар. ОСӨЖ 15. 1. Қоршаған ортаны халықаралық-құқықтық қорғаудың түсінігі және жалпы сипаттамасы (презентация жасау). 2. Қоршаған ортаны халықаралық қорғаудың арнайы қағидалары (талдау). 3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық келісімдер, конвенциялар, шарттар (құқықтық сипаттама жасап, тізім құрастыру).     15-апта  
  Аралық бақылау 2 (коллоквиум жазу)      
  Барлығы: дәріс практикалық сабақ СӨЖ (оның ішінде ОСӨЖ)    

Наши рекомендации