Парниктік эффект мәселесі.

Парниктік газдардың әсерінен жылулық баланстың өзгеруі нәтижесінде мүмкін болатын жер шарының температурасының ғаламдық артуын-парниктік эффект деп атайды. Негізгі парниктік газ-көмірқышқыл газы болып табылады. Көмірқышықыл газының парниктік эффектіге қосатын үлесі әр түрлі мәліметтер бойынша 50 %-дан 65 %-ға дейін жетеді. Басқа парниктік газдарға метан, азот оксидтері, озон, фреондар (хлорфтор көміртек) және басқа да газдар жатады. ХIХ ғасырдың ортасынан бастап, атмосферадағы көміртек диоксиді мөлшерінің өзгерісі айтарлықтай артқан. Жер бетіне негізінен жылулық емес, көрінетін сәулелер ағыны түседі. Бұл сәулелер парниктік газдар арқылы өзгермей өтеді. Жер маңы кеңістігінде бұл сәулелердің басым бөлігі әр түрлі денелермен кездескенде ұзын толқын (инфрақызыл) жылулық сәулелерге айналады. Парниктік газдар жылу сәулелерінің космос кеңістігіне кетуіне қарсы әсер етеді. Олар қақпанға түскендей болып жиналады да ауаның температурасының артуына әкеп соғады. Мәліметтер бойынша парниктік газдардың әсерінен соңғы жүз жылдықта Жердің орташа температурасы 0,3-0,6-ға артқан. Қазіргі кезде көмірқышқыл газының концентрациясының арту жылдамдығы жылына 0,3-0,5%. Осыған жақын қарқынмен басқа да парниктік газдардың мөлшері артып келеді. (метан-жылына 1% , азот оксидтері-жылына 0,2%). Атмосферадағы парниктік газдардың мөлшерінің екі еселенуі ХХI ғасырдың екінші жартысында болуы мүмкін. Бұл ғасырда , әр түрлі болжамдарға сүйенсек, планетаның орташа жылдық температурасының 1-3,5%-ға артуына әкеледі. Болжамдар бойынша ауа райының жылынуы әсерінен, мәңгі мұздықтардың еруі салдарынан әлемдік мұхит шамамен 1,5 метрге көтерілуі мүмкін. Бұл құрлықтың көп бөлігінің су астында қалуына әкеледі. Ауа райының жылынуы әлемдік мұхиттың деңгейінің көтерілуінен басқа да құбылыстар: ауа райының тұрақсыздық дәрежесінің артуы, дауылдардың жиіленуі, жануарлар мен өсімдіктердің жойылу жылдамдығының артуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Полюстер мен экватордың температура айырмашылығының кему мүмкіндігі де ғалымдарды алаңдатып отыр. Бұл құбылыс негізінен полюстердің өте күшті жылынуы нәтижесінде болуы мүмкін. Бұл мәңгі тоңды топырақтардың ауданының кемуіне және олардан метанның бөлініп шығуына, ал мұның өзі парниктік эффектінің артуына әкеледі. Көмірқышқыл газының атмосфераға келіп түсуінің негізгі техногенді көзі-органикалық отынды жандыру болып табылады. Қазір тек жылу энергетикасынан атмосфераға шамамен жылына бір адамға 1 т көміртегі немесе Жер шарында жылына 6 млрд т бөлініп шығады. ХХI ғасырдың бірінші жартысында оның мөлшері жылына 10 млрд т жетеді деп болжануда. Атмосферадағы көміртегінің мөлшерін кемітетін негізгі факторлар фотосинтез бен мұхиттың сіңіруі болып табылады. Тәжірибелерде көміртек диоксидінің ауадағы концентрациясының екі есе артуы өсімдіктердің (жүгері) ассимиляциялық аппаратының ауданының артуына және зерттелген дақылдардың өнімділігінің: мақта-124%, помидор мен баклажан-40%, бидай, күріш, күнбағыс-20%, бұршақ пен соя-43% артуына әкелген. Мұхит адам қызметінің нәтижесінде түзілген көмірқышқыл газының 50%-ын сіңіреді. Соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулер мен бақылаулар техногенді процестермен қатар, парниктік газдарды шығару көзі экожүйелердің қалыптасқан зат айналымның адамның әсерінен бұзылуы көмірқышқыл газының, метан мен басқа да газдардың бөлініп шығуына әкеледі. Осыған байланысты парниктік эффект мәселесін шешу көбінесе табиғи-экожүйелік деңгейде қойылып отыр. Көптеген ғалымдар ауа райы мәселесін қарастыруда тек жылыну жағын ғана емес, оған қарама-қарсы құбылыстарды ескеру қажеттігін атап көрсетеді. Атап айтқанда шаңдану жер бетіне күн радиациясының келіп түсуіне кедергі келтіреді де, жылудың жетіспеуіне әкеліп соқтырады. Ауаның ылғалдылығы мен бұлттанудың артуы да ұқсас әсер етеді. Назар аудару қажет, фактордың біріне жер бетінің шағылыстыру қабілетінің өзгеруі де жатады. Оның артуы температураның төмендеуіне әкеледі.

47. Ғаламдық мәселелер: Әлемдік мұхиттардың техногендік ластану мәселесі.Ғаламдық проблемалар - әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады. Қазіргі таңда Халықаралық деңгейде мынадай ғаламдық проблемалар бар:- ресурстар проблемасы;- азық-түлік немесе ашаршылық проблемасы;- энергетикалық проблема;- демографиялық проблема;- климаттың өзгеруі;- экологиялық проблемалар;- «үшінші әлем» елдерінің артта қалуын жою;- қауіпті ауруларды жою;- Әлемдік мұхит пен космосты игеру;- қылмыспен және терроризммен күрес;- наркобизнеспен күрес.Әлемдік мұхиттың негізгі байлығы – ондағы биологиялық ресурстар (балықтар, зоопланктон, фитопланктон және басқалары). Мұхиттың биомассасы жануарлардың 150 мың түрін, 10 мың балдырлар түрін біріктіреді. Ондағы тіршілік әлемі – дұрыс және үнемді пайдаланудың арқасында таусылмайтын үлкен азық ресурсы болып та табылады.Әлемдік мұхит планета халқының тағам ретінде пайдаланатын барлық жануарлар белоктарының 1/6 бөлігімен қамтамасыз етеді. Жер бетіндегі тіршілікті сақтауда негізгі рөл мұхитқа, оның ішінде мұхиттың жағалаудағы аймақтарына тиесілі. Өйткені планета атмосферасына түсетін оттегінің 70%-ы планктон­дарда жүретін фотосинтез процесінің нәтижесі. Әлемдік мұхит биосферадағы тепе-теңдікті сақтауда үлкен рөл атқаратын болғандықтан, оны қорғау - халықаралық экологиялық өзекті мәселелердің бірі.Жағалаудағы шельфтерде мұхит мұнайын барлау және өндіру қарқынды жүруде. Әсіресе, Парсы, Венесуэла, Мексика шығанақтарында, Солтүстік теңіздегі кен орындарында мұнай өндіру жұмыстары қарқынды жүрсе, бүкіл Калифорния, Индонезия жағалауларын, Жерорта және Каспий теңіздерін мұнай платформалары алып жатыр.Мұхиттар әртүрлі ресурстардың қойнауы ғана емес, құрлықтарды, аралдарды байланыстыратын ыңғайлы, тегін жол болып та есептеледі. Теңіз транспорты мемлекеттер арасындағы жүк тасымалының 80% қамтамасыз етеді.Теңіздерге шығу мүмкіндігі бар көптеген елдер әртүрлі материалдар мен заттарды, өнеркәсіп қалдықтарын, құрылыс қоқыстарын, химиялық және жарылыс заттарын, радиоактивті қалдықтарды теңіздерге көмеді (дампинг).Өнеркәсіп орындарынан шығатын қоқыстарда әртүрлі органикалық заттар мен ауыр металдардың қосылыстары кездеседі. Тұрмыстық қоқыстарда органикалық заттардың орташа шамамен 32-40% бар. Оның ішінде: азоттың 0,56%, фосфордың 0,44%, мырыштың 0,15%, қорғасынның 0,08%, сынаптың 0,001% бар.Әлемдік мұхиттың зиянды және улы заттармен, мұнай және мұнай өнімдерімен, радиоактивті қалдықтармен (РАҚ) ластануы үлкен алаңдатушылық тудырып отыр. Ластанудың масштабын мына мәліметтерден көруге болады: жағалаудағы суларға жыл сайын 320 млн. тонна темір, 6,5 млн. тонна фосфор, 2,3 млн. тонна қорғасын бөлінуде. 1995 жылы тек Қара теңіз бен Азов теңіздерінің өзіне ғана 7,7 млрд/м3 лас тұрмыстық және өнеркәсіптік ағын сулар төгілген. Әсіресе, Парсы және Аден шығанақтарының сулары және Балтық теңізі мен Солтүстік теңіздің сулары қатты ластанған. 1945-1947 жылдары кеңес, ағылшын және американдық команда басқармалары қолға түскен және өздерінің улы заттары бар (иприт, фосген) 300 мың тонна оқ-дәрілерді суға батырды. Суға батыру операциялары асығыс, экологиялық қауіпсіздік нормалары сақталмай жасалды. Теңіз суының әсерінен қазіргі кезде химиялық оқ-дәрілердің корпустары қатты зақымдалды, ал мұның арты жақсылыққа апармайтыны белгілі.АҚШ-тың Тынық мұхитта жүргізген сутекті бомбасының жарылысының (1954 ж.) әсерінен 25600 км2 жер радиоактивті сәулеленуге ұшырады. Жарты жылдың ішінде ағыстың әсерінен жұқтырылған аумақ 2,5 миллион км2-ге жетті. Радиоактивті заттармен уланған өсімдіктер мен жануарлар организмдері қоректік тізбек арқылы бір-біріне беріледі. Мұхитты қатты ластаушылардың бірі - мұнай және мұнай өнімдері. Әлемдік мұхитқа жыл сайын орта есеппен 13-14 млн тонна мұнай өнімдері төгілуде. Мұнаймен ластанудың екі түрлі қаупі бар: біріншіден, су бетінде теңіз фаунасы мен флорасына қажетті оттегіні жібермейтін пленка түзіледі; екіншіден, мұнайдың өзі жартылай ыдырауы ұзақ уақытқа созылатын улы зат болып есептеледі. Судың құрамында мұнайдың мөлшері 10-15 мг/кг болған жағдайда планктон мен майда шабақтар қырылып қалады. Үлкен танкерлердің апатқа ұшырауы кезінде мұнай өнімдерінің суға төгілуін нағыз экологиялық апат деп айтуға болады.Мұнай - тұтқыр, жабысқақ, қара қоңыр түсті майлы сұйықтық. Мұнай мен мұнай өнімдері Әлемдік мұхитты қатты ластайтын кең тараған ластаушылар болып табылады. ХХ ғасырдың 80-ші жылдарына дейін мұхиттарға жыл сайын 16 млн. тоннаға жуық мұнай, яғни бүкіл өндірілген өнімдердің 10,2%-ға жуығы түсіп отырды. Ластану, әсіресе, өндіру аймақтарынан мұнайды тасымалдау кезінде жүріп отырады. Апатты жағдайлар танкерлердің шайылған және балласты суларды сыртқа шығаруы нәтижесінде теңіз жолдарының ластануына алып келеді. Кейбір мәліметтер бойынша 2000 жылдардың бас кезінде Әлемдік мұхитта 12 000-ға жуық скважиналар болған.Мұнайдың едәуір бөлігі теңіздерге тұрмыстық және ақпа сулармен өзендер арқылы, ал өнеркәсіп орындары арқылы жылына 10,5 млн. тонна мұнай түсіп отырады.Мұнайдың негізгі компоненттері – көмірсутектер (98%-ға дейін) - 4 класқа бөлінеді:1. Парафиндер (алкендер, жалпы құрамының 90%-ға дейін) – молекулалары көміртегі атомының тіке және тарамдалған тізбегінен тұратын тұрақты заттар. Жеңіл парафиндердің тез ұшпалы және суда еритін қасиеті бар.2. Циклопарафиндер (жалпы құрамының 30-60%) сақинасын­да 5-6 көміртегі атомы бар қаныққан циклді қосылыстар

Наши рекомендации