Дәрістік сабақтар
Мамандығы
«Жер ресурстарын қорғау»
ПӘНІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
(SYLLABUS)
АҚТАУ, 2016
Оқитын пәннің сипаттамасы
«Жер ресурстарын қорғау» пәні 5В060800-Экология бакалавриат мамандықтарына базалық пәндерінің таңдау компоненті болып саналып ІІІ курста оқытылады.
Пәнді меңгеру барысында студенттер топырақтың физикалық, физико-химиялық, су-аралық және жылулық қасиеттерін, генезисін және жіктелуін оқып үйренуге мүмкіндік алады.
Пәнді оқылуға жіберілген барлығы 225 академиялық сағат, сабақтардың түрлеріне қарай бөлінеді: дәріс сабақтар-45сағат, тәжірибе сабақтар-30 сағат, білім алушының өзіндік жұмыстар-150 сағат.
Пәннің мақсаттары мен міндеттері
Мақсаты:Жер ресурстарының қазіргі жағдайы мен тенденциялары туралы түсінік беру, жер ресурстарын қорғау және рициональды пайдалану мәселелерін сипаттау.
Міндеті:
- жер ресурстарын қорғау тәсілдерін ұғындыру;
- топырақ қабатының маңызды экологиялық міндеттірін анықтау;
- маңызды топырақ түзүлу факторларымен таныстыру;
Оқытудан күтілетін нәтижелер:
шеберлігі:
- топырақ қабатының қазіргі заманғы терминологиясын білу;
- далалық зерттеулерімен таныстыру, топырақтың құрамы және қасиеті, сырт қабілеті түзүлу заңдарын игеру;
- топырақтың таралу мен топырақтың типтердің ерекшеліктерді зерттеу.
дағдысы болуы керек:
- алынған білімді жер ресурстары бойынша экологиялық процестерді іс-жүзінде жүзеге асыру туралы түсінігі мен дағдысы болуы керек;
- топырақты қорғау деңгейі мен тиімді пайдалану,қорғау жобаларын,заңдарын білу;
- топырақ эрозиясынын бағалау тәсілдерін меңгеру;
құзыреті:
- жер ресурстарын бұзылу әсерлерінен қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу, оны іске асыру;
- оқулық және анықтамалық әдебиеттермен, электрондық және баспа көздерінен жер ресурстары туралы ақпараттарды өз бетінше саралап жұмыс жасай білуі;
Пәннің қысқаша мазмұны
Жер ресурстарының өзгеру тенденциясы мен қазіргі күйі. Жер ресурстары түсінігі. ҚР Жер фонды(қоры). Топырақ жамылғысы өздігінен реттелетін биологиялық жүйе. Топырақтың жіктелуі. Топырақ картасы және оны құрастыру принциптері мен топырақтың зерттеу материалдар қолдану. Топырақ эрозиясы. Топырақты ластанудан,лайланудан,тұзданудан,су басудан,қышқылданудан,тақырланудан, орман деградациясынан, пестицидтерден,өндірістік токсиканттар мен радиоактивті ластанулардан қорғау. Өндіріспен бұзылған жерлерді рекультивациялау. Жер рекультивациясының негізгі бағыттары мен сатылары. Рекультивация технологиялары мен әдістері. Биологиялық рекультивацяи әдісі және оның мәні. Қазіргі жер пайдаланудың негативті факторлары. Топырақ мониторингінің принциптері мен міндеттері. Жер ресурстарын қалпына келтіру мен рациональды пайдалану және қорғау проблемалары. Топырақтану ғылымының даму тарихы. Топырақ түзілу процесі және топырақтың құрамы. Топырақтың қасиеттері. Топырақ сапалылығы (бонитировкасы) және жерді бағалау. Топырақ географиясы. Қазақстан топырақтарын пайдалану жолдары. Топырақтың органикалық қосындысы және оның топырақ құнарлылығындағы маңызы. Топырақтақтың табиғи зоналдығы.
Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
Дәрістік сабақтар