ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс.

Оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу.Көркем жазу.

24-жаттығу. Мақалдарды жатқа жазып, құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдау.

25-жаттығу. Мәтінді оқып, құрмалас сөйлемдерді көшіріп жазу.

26-жаттығу. Берілген сызба бойынша сөйлем құрап жазу.

Бекіту.

27-жаттығу. Өтірік өлеңнің құрмалас сөйлем екенін дәлелдеу.

ҮІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік?

Бекітемін:_________________________

Тіл және сөйлеу.

Мерзімі:________________

Тақырыбы: Сөйлем мүшелері.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Сөйлем мүшелері туралы түсініктерін кеңейту, оқушыларды өздеріне сөйлем мүшелеріне талдай білуге үйрету.

2. Дамытушылық:Байланыстырып сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.

3. Тәрбиелік:Үлкенді сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, талдау, жинақтау, көрнекілік. Көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жан-жақты білімдерін тексеру.

Сөйлем мүшелері дегеніміз не?

Ол қаншаға бөлінеді?

ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс.

а) Оқулықпен жұмыс.

29-жаттығу. Сурет бойынша жұмыс. – сөйлем

18-жаттығу. Мәтінді түсініп оқып, мәтіннің қай түріне жататынын анықтау.

ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу.

19-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, екінші шумағын көшіріп жазу. Бұлан мен құланды өзара салыстырып сипаттау.

Ү. Бекіту: 20-жаттығу. Аңды немесе төрт-түліктің бірін сипаттап жазу.

ҮІ. Қорытындылау.

Балалар, бүгін біз не үйрендік?

Сипаттау мәтіні деген не екен?

Сипаттау мәтіні не үшін қажет екен?

Бекітемін:_________________________

Тіл және сөйлеу.

Мерзімі:________________

Сабақтың тақырыбы:Қайталауға арналған жаттығулар.

Дыбыс және әріп.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Дыбыс және әріп туралы білімдерін тиянақтау.

2. Дамытушылық: Тіл байлықтарын дамыту.

3. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас Әдісі: Сұрақ –жауап, түсіндіру

Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы:

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз

ІІ:Жан-жақты білімдерін тексеру

ІІІ. Мақсат қою:Сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІҮ.Жаңа сабақ: Дыбыс және әріп.

а.Дәптермен жұмыс.

б. Көркем жазу «Г».

Оқулықпен жұмыс

12-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді жаз.

Күрект...р, Талдық...рған,қауынд...р, қобызш..., балал...р, к...гершін, т...йе,қ...дық, өр...к, қ...с. 13-жаттығу. Жұмбақты оқып, жатқа жаз, шешуін тап.

Қарнында бір көлдің балығы

Немесе жандының алыбы.

14- жаттығу. Шығармашылық тапсырма.

15-жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз.

Маркакөл- үлкен, мөлдір сулы, балықты көл. Оның айналасы тасты, орманды тау. Бұл көлге бірнеше өзендер мен бұлақтар, жылғалар құяды.

16- жаттығу. Жаңылпашты оқып жатқа айт. Ауызша.

Ү. Қорыту. Дауысты дыбыстарды атаңдар.

Түсінік хат

«Тіл және сөйлеу» таңдау пәні қазақ тілінің граматикасына және әдебиет туралы білім жүйесіне кіріспе болып табылады. Оқушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, қарапайым граматикалық ұғымдармен таныстыру, айтатын ойын толық, түсінікті жүйелі жеткізе білуге, байланыстыра сөйлеуге үйрету., ауызша, жазбаша тілін дамыту, сөздік қорын байыту және белсендіру мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталады.

Оқу пәнінің 4- сыныптағы базалық білім мазмұны:

Тіл және сөйлеу

1. Сөйлеу туралы берілген ұғымды кеңейту. Сөйлеу мәнерлілігі. Дауыс ырғағының сөйлеу жағдайына сәйкес болуы.

2. Ауызекі және жазба тілде сөйлеу ерекшеліктері.

Дыбыс және әріп

1. Дыбыс туралы 3- сыныпта өткенді қайталау.

2. Мәтін туралы түсінік беру. Мәтін түрлеріне мысалдар келтіру

3. Сөйлем түрлерін меңгерту.

4. Сөз таптарына тоқталып, тереңдетіп жаттығулар орындау

Қазақ тіл – бастауыш сынып оқушыларын алғашқы тілдік білім негіздеріме қаруландыратын, тіл арқылы қарым-қатынас жасау қызметінің барлық түрін меңгертетін және олардың ақыл ойын дамытатын пән.

Пәнді оқытудың жалпы мақсаты:

Оқушыларға тіл туралы тұтас ғылыми ұғым қалыптастыру, тіл туралығылыми негізгі ережелерді меңгерту

Ауызша және жазбаша сөйлеудің коммуникативтік білігі мен дағдысын игерген тілдік тұлға қалыптастыру.

Бастауыш мектептегі

«Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты:

Алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгерту, сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру.

Интеллектісі мен шығармашылық қабілеттерін, қатысымдық құзыреттілігін дамыту.

Жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.

Наши рекомендации