Тау аралық-ойпаттардағы шөлдер

Тау аралық ойпаттарда (Іле, Зайсан) күрделі климаттық инверсия пайда болады.

Әдетте ойпаттың орталық ең төменде орналасқан бөлігінде шөлдердің аридтік құрғақ типі орналасады. Өсімдіктер жабынының орта жолағы ойпаттың аймақтық орналасуына сәйкес болады.

Шөлдердің ботанико-географиялық және негізгі экология-физиономикалық типтері

Шөл аймағының шекарасында өсімдіктер қауымдарының географиялық әртүрлілігін байқауға болады. Оларды ендіктегі және бойлықтағыбағыттарда ауысқанында байқауға болады (Рачковская, 2003).

Шөлдердің негізгі ботаникалық-географиялық типтері болып 1) Жоңғар Солтүстік Тұрандық және 2) Оңтүстік Тұрандық болып табылады.

Ботаникалық-географиялық типтер негізгі өсімдіктер қауымдарының таралуына байланысты региондық категорияларға бөлінеді:

А. Жоңғар-Солтүстік Тұран типіне мынадай региондық варианттар кіреді:

1.Солтүстік Тұран,

2. Солтүстік-батыс Тұран,

3. Каспий маңы,

4. Орал маңы-Арал маңы,

5. Арал маңы,

6. Солтүстік-Орталық Тұран,

7. Солтүстік-Шығыс Тұран,

8. Зайсан,

9. Іле-Алакөл,

В. Оңтүстік Тұран типіне жататындар:

1.Оңтүстік Тұран,

2. Оңтүстік-батыс Тұран,

3. Оңтүстік-шығыс Тұран.

Тау етегіндегі шөлдер 4 ірі ботаникалық-географиялық типтерге және 13 региондық варианттарға бөлінеді:

I Орталық Азиялық (Іле варианты).

II Солтүстік Тянь-Шань маңы 2) Тарбағатай маңы, 3) Солтүстік Тянь-Шань маңы, 4) Қаратау-Шу маңы варианттары.

III Орта Азиялық 5) Батыс Тянь-Шань маңы, 6) Аласа таулы Қызылқұм, 7) Арал маңы, 8) Ферганалық, 9) Бадхыз-Карабаль маңы, 10) Балхаш маңы, 11) Копетдаг маңы варианттары.

IV Оңтүстік Орта Азиялық 12) Гиссар-дарваздық варианттар, 13) Оңтүстік-батыс Түркмения.

Шөлдердің негізгі эколого-физиономикалық типтері

Е.И. Рачковскаяның (2003) түсінігінде эколого-физиономикалық категория доминанттары бір экобиоморфаға жататын және экологиясы ұқсас түрлер тобынан тұратын қауымдарды біріктіреді. Біріктіргенде биоморфолардың даму ритмикасы есепке алынады. Шөл өсімдіктері қауымының физиономикасы, көрінісі доминант және содоминант тіршілік формаларымен анықталады.

Осы критерийлерді негізге алып, Е.И. Рачковская және т.б. (2003) шөл өсімдіктерінің мынадай эколого-физиономикалық типтерін айқын көрсетті: Олар мыналар:

1. жусанды шөлдер

2. көпжылдық сораңды шөлдер

3. псаммофитті-жусанды шөлдер

4. псаммофитті-қоңырбасты шөлдер

5. псаммофитті терескенді шөлдер

6. псаммофитті-бұталы шөлдер

7. сексеуілді шөлдер

7.1 қара сексеуілді шөлдер

7.2 ақ сексеуілді шөлдер

7.3 аралас сексеуілді шөлдер

7.4 Зайсан сексеуілді шөлдер

8. астрагалды және шырмауықты шөлдер

8.1 астрагалды шөлдер

8.2 шырмауықты шөлдер

9. қысқа өмірлі шөлдер

10. талломды шөлдер

Қазақстандағы және Орта Азиядағы шөлдер өсімдіктері жабындарындағы эколого-физиономиялық типтерінің қатысы № 16 кестеде келтірілген.

Онда келтірілген шөлдердің кейбір негізгілерінің ерекшеліктеріне қысқаша тоқталып өтейік.

Жусанды шөлдер

Жусанды шөлдердің эколого-физиономиялық типі Artemisia (Seripidium туыс тармағының) туысы түрлері басым болатын қауымдарды біріктіреді. Бұл түрлер биіктіктері орташа 20-45см шамасындағы ксерофитті жартылай бұташалар. Олар әртүрлі топырақ типтерінде яғни механикалық құрамы әртүрлі және тұздану мөлшері әртүрлі топырақтарда кездеседі.

16 кесте

Қазақстан және Орта Азия шөлдері өсімдіктер жабындарындағы эколого-физиономиялық типтердің қатысуы (Рачковская және т.б. 2003)

Рельеф типі Экология-физиономиялық типтер және фитоценохорлар ауданы
мың км2 аймақтағы ауданының мөлшері % аймақ тармағындағы аудан мөлшері %
Жазықтықтар және ұсақ шоқылар   Солтүстік шөлдері 389,1 20,6 100,1
жусанды 167,4 8,9 43,0
Көпжылдық сораңды 133,9 7,1 34,4
Псаммофитті –жусанды және псаммофитті қоңырбасты 70,0 3,7 18,0
Псаммофитті жартылай бұталы 5,9 0,3 1,5
Псаммофитті бұталы 7,4 0,4 1,9
Қара сексеуілді 4,5 0,2 1,2
Ортадағы шөлдер 534,3 28,3 100,0
Жусанды 62,5 3,3 11,7
Көпжылдық сораңдар 330,6 17,5 61,9
  Псаммофитті-жусанды және Псаммофитті-қоңырбасты 19,4 1,0 3,6
Псаммофитті жартылай бұталар 16,0 0,9 3,0
Псаммофитті бұталар 27,5 1,4 5,1
Аралас сексеуілді 29,2 1,5 5,5
Ақ сексеуілді 34,3 1,8 6,4
Қара сексеуілді 14,8 0,8 2,8
Оңтүстік шөлдері 531,1 28,1 100,0
Жусанды 68,7 3,6 12,9
Астрагальді және шырмауықты 3,8 0,2 0,7
Көпжылдық сораңдар 53,6 2,8 10,1
Псаммофитті бұталы 45,0 2,4 8,5
Ақ сексеуілді 343,0 28,1 64,6
Қара сексеуілді 17,1 0,9 3,2
Жазықтықтағы және ұсақ шоқылардағы барлығы 1454,4 76,9  
Тау аралық ойпаттар Жусанды 5,2 0,3 38,0
Көпжылдық сораңды 6,7 0,4 49,2
Псаммофитті-бұталар және Псаммофитті-қоңырбастар 1,8 0,1 12,8
Барлығы 13,7 0,7
Тау алды жазықтықтар және аласа таулар Жусанды 143,7 7,7 63,0
Көпжылдық сораңды 16,7 0,9 7,2
Псаммофитті-жусанды және псаммофитті қоңырбасты 9,6 0,5 4,2
Псаммофитті бұталы 24,8 1,7 10,8
  Ақ сексеуілді 20,0 1,0 8,3
Қыста көк қысқа өмірлілер 7,6 0,4 3,3
Талломды 7,4 0,4 3,2
Барлығы 229,8 12,2 100,0
Сорлы депрессиялы Біржылдық сораңды, галофитті жартылай бұташықты,галофитті қоңырбасты 92,8 4,1 -
Аңғарлар, өзен авандельтылар Ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктер 99,5 5,3  
Барлығы 1890,2 100,0  

Мысалы механикалық құрамы ауыр саз топыраққа дейін. Seriphidium туыс тармағының жусандары шөлдену дәуірінде (плиоцен) Тұран шөлі кеңістігінде пайда болған деп қаралады (Рачковская және т.б. 2003). Оларға полиморфизмдік қасиет тән. Яғни белсенді түрлер пайда болу процестері тән.

Жусанды қауымдар Қазақстан және Орта Азияның шөлдерінің барлық тармақтарына тән. Олар аймақтың жалпы ауданының 24% алып жатыр. Әсіресе Солтүстік шөлдерде жусандар 43% (167,4 мың шаршы км) алып жатыр (№ 16 кесте). Бұл қауымдарда батысында (Каспий маңы, Маңғыстау).

Artemisia Lerchinum шығысында - A. Semiarida, A. terrae-albae басым. Ортадағы шөлдерде жусандар рөлі төмендейді 12% дейін (62,5 мың шаршы км) бұл шөлдерде Artemisia terrae-albae басым.

Оңтүстік шөлдерде жусандар рөлі аз деуге болады 13% (68,7 мың шаршы км). Оңтүстік шөлдерінің батысында Artemisia Kemrudica, ал шығысында A. diffusa басым. Оңтүстік Тұран және Солтүстік Тұран шөлдерінде Artemisia turanica түрі кеңінен таралған.

Тау алды шөлдерде жусандардың ролі тағыда артатынын көруге болады 63% (143,7 мың шаршы км).

Жоңғар және Іле Алатаулары алдында Artemisia heptapotamica, Батыс Тянь-Шанда және Памир Алайда A.diffusa, Копегдат тауы алдында A. badhysi өсімдіктер қауымдары кездеседі. Сирек кездесетін жусанды өсімдіктер қауымына A. Koshgarica өсімдігін Алакөл және Зайсан ойпаттарында және A. gurganica өсімдігін Маңғыстауда жатқызуға болады.

Жусанды шөлдер аймақтағы ең жақсы жайлымдықтар типіне жатады. Кейде жусандарды отын ретінде де пайдалануға болады. Жусандар терпендер, фенолдар, камфора майлары, сантонин алуға пайдаланылады. Олар медицинада,парфюмерияда қолданылады. Жусанды шөлдердің экологиялық және фитоценотикалық ерекшеліктері және негізгі қауым құрушылары толығырақ семинар сабақтарында және магистранттардың өздігінен жұмысы барысында қаралады. Сондықтан бұл жерде тек қысқаша тоқталамыз.

1. Лерхов жусанды (Artemisia Lercheana - полынь Лерховская) шөлдер.

Лерхов жусаны Шығыс Қаратау маңы - батыс Қазақстандық далалық шөлдік түр (Лавренко 1970,Филатова 1970).

Лерхов жусаны ареалы 3 бөлектенген учаскеден тұрады:

1. Батыстық- Румынияда

2. Орталық-Қырымда

3. Шығыстық-Дон өзенінің ортаңғы ағысы, Каспий маңы ойпатында, Орал маңы қыраты, Солтүстік Арал маңы, Үстірт қыратының Солтүстігі, Маңғыстаудың Солтүстік бөлігі учаскелерінде кездестіруге болады. Лерхов жусаны-биіктігі 20-25 см жартылай бұта-ксерофит.

2. Құрғақ жусанды шөлдер (Artemisiа Semiarida - Полынь полусухая). Құрғақ жусан - Солтүстік Тұранда Қазақстандық түр. Шөлді далалық, биіктігі 35 см дейін жартылай бұташа. Бұл түрдің ареалы - Батысында Подуральск қыраты шығысында Тарбағатайға дейін, Солтүстігінде Солтүстік Қазақстанның құрғақ далаларынан (500 солтүстік ендігі) оңтүстігінде Қырғыз жотасының тау етегіндегі жазықтыққа дейін алып жатыр. Құрғақ жусан қауымдары солтүстік шөлі алқабында шығысқа Каспий маңы ойпатынан тау алды шөлдері алқабында Сырдария Қаратауынан Тарбағатай жотасына дейін алып жатыр. Құрғақ жусан саздақ (суглинистая), құмайт (супесчаная) топырақтарда, өте жиі ұсақ тасты топырақтарда таралған. Құмдарда кездеспейді.

3. Тамыр жусанды (Artemisia terrae-albae - Полынь белоземельная) шөлдер. Тамыр жусан-солтүстік тұрандық шөл түрі, оңтүстік батыс Монғолияға дейін таралған. Тамыр жусан ареалы батысында Каспий теңізі шығысында Жоңғар төбесіне дейін.

Тамыр жусан-биіктігі 25 см дейін жартылай бұта - әртүрлі жағдайларда механикалық құрамы әртүрлі топырақтарда кездеседі.

4. Майқара жусанды (Artemisia sublessingiana - Полынь Лессинговидная) шөлдер. Майқара жусан – Солтүстік-шығыс тұрандық-жоңғарлық түрі. Орталық Қазақстандағы ұсақ шоқыларды (дала аймағының оңтүстік бөлігі шекарасында), Бетпақдала, Балқаш маңы шөлдерінде және Қаратаудан Тарбағатайға дейін (тау етегі және тауалды жазықтықтарында) Зайсан және Іле ойпаттарында кездеседі. A. sublessingiana - ксерофит, биіктігі 20-45 см жартылай бұта.

5. Жетісу жусанды (Artemisia heptopatamica - Полынь Семиреченская) шөлдер. Жетісу жусаны - Оңтүстік Шығыс Қазақстанда таралған. Ол Іле, Күнгей, Жоңғар тау алды және Алтынемел, Кетпен, Сөгеті,Торайғыр аласа тау не жоталары алды жазықтықтарында және Іле ойпатында таралған. Жетісу жусаны - ксерофилді жартылай бұташа, биіктігі 20-45 см.

6.Тұран жусанды (Artemisia turanica - Полынь Туранская) шөлдер. Тұран жусаны - Иран-Тұрандық түр. Оның ареалы Арал теңізінің Солтүстік Шығыс бөлігін, Торғай қыраты оңтүстігін, Бетпақдаланы, Мойынқұмды, Солтүстік Иранды, Солтүстік Афганистанды қамтиды. Локальді-Копегдагтың Шығыс тау алдында, Обручев еңістігінде (ойпатында) Түркменияда Келифск Узбой ауданында. Солтүстік Балқаш маңының Солтүстігінде тарғыл жартылай аралының шығысында және Іле өзені аңғарында (Оңтүстік Балқаш маңы) кездеседі. Тұран жусаны – ксерофилдік биіктігі 20-35 см, жартылай бұта.

7. Кемруд жусанды (Artemisia Kemrudica - Полынь Кемрудская) шөлдер. Кемруд жусаны – Батыс Оңтүстік Тұрандық түр, биіктігі 20-30см болатын жартылай бұташа.

Кемруд жусанды өсімдіктер қауымдары: Маңғыстау жартылай түбегінде, Үстірт қыратының оңтүстігінде және Батыс Түркменияда таралған. Олар әртүрлі дәрежеде ұсақ тасты, тұзды саздақ және құмайт топырақтарда, тақырларда бекінген құмдарда қалыптасады.

8. Басты жусанды (Artemisia diffusa - Полынь развесистая) шөлдер. Басты жусан - Шығыс Оңтүстік Тұрандық түр. Оның ареалы Қызылқұм шөлін, Каршын даласын, Сундуклі құмдарын, Сырдария Қаратауының Памир-Алайдың Оңтүстік Тәжікістан тауларының Оңтүстік-батыс беткейі тау етегі жазықтығын қамтиды. Фергана, Сурхан және Ширабад аңғарларына кіреді. Басты жусан - биіктігі 20-40 см жартылай бұташа.

9. Жусандардың сирек қауымдары (Artemisia gurganica, A. Kaschgarica). Artemisia gurganica (Krasch) Filat және Artemisia Kaschgarica Krasch түрлері басым шөлдер туралы семинар сабақтарында әдебиеттегі мәліметтері толығырақ талқыланады.

Наши рекомендации