Тақырып: табиғатты тиімді пайдалануды басқару

Басқа мемлекеттер секілді, Қазақстан Республикасында да қоршаған

ортаны қорғау, табиғат байлақтарын пайдалану, азаматтарға экологиялық білім және тәрбие беру мәселелерін мемлекет тарапынан басқаратын, іске асыратын, бақылау жасайтын, жауапқа тартатын мемлекеттік органдар бар. Олар: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі, Министрлер Кабинеті, Министрліктер мен мемлекеттік комитеттер және жергілікті әкімдер. Қазақстан Республикасының Ата заңында Конститутциясында жерге, сімдіктерге, жер қойнауы байлықтарына, ормандарға, суларға, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне табиғаттың басқа да байлықтарына иелік ету құқығы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесіне берілген. Оған мемлекеттік экологиялық саясатты белгілеп, табиғи ортаны, биосфераның жеке бөлшектерін қорғау туралы заңдар шығарып, қоршаған ортаны сақтау және пайдалану жөнінде халықаралық қарым-қатынас жасап, табиғат қорғау заңдарының орындалуын бақылау жүктелген.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылға дейін табиғат қорғау мәселелеріне қатысы бар келесі заңдар мен Кодекстерді (заңдар жиынтығын) қабылдады:

1980 жылы атмосфералық ауаны қорғау туралы Заң;

1990 жылы – Жер кодексі;

1991 жылы-жер реформасы туралы Заң;

1991 жылы-Қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы заң;

1992 жылы- Халықтың денсаулығын сақтау туралы Заң;

1992 жылы- Жер қойнауы және минералды шикізатты өңдеу туралы Кодекс;

1993 жылы – Орман кодексі;

19993 жылы- Су кодексі;

1993 жылы - жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молауту және пайдалану туралы заң.

Қазақстан Республикасының министрлер Кабинеті мемлекеттік атқарушы органы ретінде табиғат қорғау туралы алынған заңдардың орындалуын ұйымдастырып, министрліктер, мемлекеттік кабинеттер, облыстық, қалалар әкімшіліктері жұмыстарына басшылық етеді. Министрлер кабинеті қоршаған ортаны және табиғат байлықтарын пайдаланудың тәртібін белгілейді, есебін жүргізеді. Табиғат байлықтары қорын бекітіп, аса қымбаттыларының тізімін жасайды, оларды пайдаланғаны үшін төленетін ақының мөлшерін белгілейді. Экология және биоресурстар министрлігіне қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша басқа министрліктер мен мемлекеттік комитеттердің, кәсіпорындар мен ұжымдардың жұмыстарын бақылау құқығы берілген. Бұл министрлік шаруашылықтың, басқа да іс-әрекеттердің табиғи ортаға тигізетін әсерін

анықтау үшін, табиғат ресурстарын пайдалану дұрыстығын біл үшін мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізе алады. Қорықтар мен басқа да ерекше қорғауға алынған аймақтардың жұмыстарын басқарады.

Табиғатты қорғауды реттейтін ережелерді, нормалау құжаттарын және мемлекеттік стандарттарды белгілейді, бекітеді. Табиғат қорғау заңдарын бұзғандарды экономикалық, әкімшілік және қылмыстық жауапткершілікке тарту жөніндегі құжаттарды әзірлеп тиісті шаралар қолданады. Бұл министрліктің табиғатты қорғау жөніндегі нұсқаулары мен шешімдерін барлық министрліктер, мемлекеттік комитеттер, кәсіпорындар мен ұжымдар, лауазымды адамдар мен жеке азаматтар міндетті түрде орындауы тиіс. Биосфераның жеке бөлшектерін қорғау жұмыстары басқа министрліктер мен мемлекеттік комитеттерге де жүктелген. Ғылым мен жаңа технология министрлігі табиғат байлықтарын қорғауға, дұрыс пайдалануға және өсіп-өнуіне көмектесетін жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізуді басқарады.

Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі минералды шикізат қорларын, жерасты суларды сақтау және дұрыс пайдалануды басқарады. Республиканың Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі комитет пен оның жергілікті органдары жер туралы мәселелердің дұрыс шешілуіне тікелей қатысып, жер заңдарының қолданылуына үлкен ықпал етеді. Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер туралы Кодексін сақталуына с алааралық бақылау жасайды. Денсаулық сақтау министрілігі адамдардың денсаулығына зиян келмес үшін қоршаған ортаның жағдайын үнемі бақылап отырады. Ішкі істер министрігі көлік қатынасы мен жер қазатын машиналардың, техниканың ауаға, су қоймаларына зияны болмауын бақылайды. Тау және өндіріс жұмыстары жөніндегі кломитет пайдалы кендерді қазу жұмыстарының ережеге сай ұйымдастырылуына, жарылыс жұмыстарын жүргізгенде, кен қазғанда апат болдырмау шараларының алынуын бақылайды. Су қорлары жөніндегі комитет Су кодексі талаптарының орындалуын, су қорларының ластануынан, таусылудан, құрақ және балдыр басп кетуден сақтау шаралары жүргізілуін басқарады.

Ауа райы мен суларды бақылау жөніндегі комитет атмосфералық ауаның жағдайын, ластануын, ылғалын тексеріп, климаттың құбылыстары мен өзгерістерін алдын-ала болжау жұмыстарымен айналысады.

Лекция № 15

Наши рекомендации