Экология құрлымдарын сипаттау.
Түрлері *Теориялық экология — тірі организмдердің әр түрлі құрылымдық деңгейлерінің жалпы зандылықтарын зерттейді. *Іргелі экология — биосферадағы тірі организмдер мен сыртқы орта жағдайларының адамның іс-әрекеттері арқылы бүлінуін, оларды болдырмау және табиғат байлықтарын ұқыпты пайдалану жолдарын зерттейді.Жаңа ғылым салалары Қазіргі кезде экология ғылымы көптеген басқа да ғылымдармен тығыз байланыста дамып, жаңа ғылым салалары мен бағыттары пайда болуда. Мысалы, әлеуметтік экология, өнеркәсіптік экология, геоэкология, инженерлік экология, ауыл шаруашылығы экологиясы, ғаламдық экология және т.б.:[3] *Әлеуметтік экология — табиғат пен қоғам арасындағы өзара карым-қатынас заңдылықтарын "табиғат + адам + қоғам" жүйесі негізінде зерттейді. *Өнеркәсіптік экология — өнеркәсіптік нысандардың тірі организмдерге және қоршаған орта жағдайларына әсерін зерттейді. *Геоэкология — жер бетіндегі экожүйелердегі және биосфералық деңгейдегі сыртқы орта құбылыстарының өзара байланысын және олардың тірі организмдермен қарым-қатынасын зерттейді. *Ауыл шаруашылығы экологиясы — ауыл шаруашылығы салаларының сыртқы ортамен өзара қарым-қатынасын агроценоздардың даму өзгеру заңдылықтарын және ауыл шаруашылығы салаларының бір-біріне әсерін зерттейді. *Ғаламдық экология — биосфера деңгейіндегі, тіпті Күн жүйесіндегі әлемдік құбылыстарды, табиғи өзгерістерді зерттейді. Мысалы, эпидемиялық аурулар, климаттың жаппай жылынуы, азон қабатының жұқаруы, ядролық қауіп катерлер, шөлейттенудің алдын алу, т.б.
Тұрақты даму концепциясына сипаттама
Орнықты даму қазіргі уақыт қажеттіктерін қанағаттандыратын, бірақ болашақ ұрпақтардың өз қажеттіктерін қанағаттандыру қабілеттілігіне қауіп төндірмейтін даму болып табылады. (Брундтланд комиссиясы, БҰҰ, 1987ж.) Жаңа өркениеттің басым құндылықтарының біріне «орнықты даму» концепциясы жатады. Ең алдымен, орнықты даму концепциясын адамзат тарихында алғашқы рет Рим клубының өкілдерінің тұжырымдап бергенін еске алған жөн. Рим клубының он баяндамаларында қазіргі экологиялық жағдайды талдау негізінде Батыс өркениетінің ғылыми-техникалық экспансиясының нәтижесінен туындаған қазіргі әлемнің жүйелік дағдарысы туралы қорытынды жасалды. «Қазір, — деп жазады Ф. Сен-Мара, — біз, табиғи кеңістіктің жетіспеуінен және өлсіздігінен болашақ адамзаттың өмір сүру қауіпсіздігін пайымдау арқылы түсінілген» табиғат ғасырына — «жаңа заманға аяқ бастық» {Сен-Мара Ф. Социализация природы. — М., 1977. — С. 54). Рим клубының бірінші баяндамасының авторлары бойынша, өркениеттілік дағдарыс шекті кеңістікте экспоненциалдық дамудан туындайды. Егер өткен ғасырларда ғылыми-техникалық прогресс индустриалдық қоғамды дамыту арқылы адамзат алдында тұрған қиындықтар мен мәселелерді шешуге себебін тигізсе, онда бұл күндерді прогрестің өзі адамзат үшін қауіп төңдіріп түр. 1 – қағида «Адам жөнінде қамдану орнықты дамуды жүзеге асырудағы әрекеттерде орталық орын алады. Адамдардың табиғатпен үйлесімді, салауатты, жасампаз өмір сүруге құқығы бар...»
Ағида «Даму құқығы бүгінгі және болашақ ұрпақтардың даму және қоршаған орта салаларындағы негізгі қажеттіктерін әділетті түрде жүзеге асыруы керек». 6 – қағида «Дамушы елдердің, солардың арасында, бірінші кезекте, ең төмен дамыған және экологиялық жағдайы қауіптілерінің ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне басты назар аудару керек». 25 – қағида «Әлем, даму және қоршаған ортаны қорғау бір-біріне байланысты және бөлінбейді» (Ноосфера — устойчивое развитие. — Алматы, 1996. — № 1. — С. 22—28). «Тұрақты даму» дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. «Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық» (БҰҰ материалынан). 1992жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму» концепциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған. Оның нәтижесі төмендегі кестеде көрсетілген.