Пәннің мақсаттары мен міндеттері

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

Мұнай және газ факультеті

Экология және химиялық технологиялар» кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

МГФ деканы м.а.

А.Р. Тоғашева

«____»_________2014ж.

СТУДЕНТТІҢ ПӘНДІК

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«OVB 3307- Ауа бассейнін қорғау»

(пәннің коды мен аталуы)

Шифр: 5В073100 - «Қоршаған ортаны қорғау және өмір-тіршілігінің қауіпсіздігі»

мамандығы

Кредит саны: 3

Семестр: 7

Ақтау – 2014

Оқу-әдістемелік кешен пәннің «Мұнай және газ» факультетінің әдістемелік кеңесінде 2014 жылдың _______________ №____ хаттамамен бекітілген оқу жұмыс бағдарламасы негізінде жасалды.

ОӘК құрастырушы: «Экология және ХТ» кафедрасының т.ғ.к., доценті Нурбаева Ф.К.

«Экология және ХТ» кафедрасының мәжілісінде талқыланды.

«_____» ___________201_ ж. Хаттама № «____»

Кафедра меңгерушісі Тлепиева Г.Ш

Мұнай және газ факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды.

«_____» ___________ 201_ж. Хаттама № «____»

Төрайымы Жолбасарова А.Т.

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. ЕСЕНОВ атындағы

КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК

ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

БЕКІТЕМІН
Оқу ісі жөніндегі проректор
____________М.Б. Имандосова
____________

«Мұнай және газ» факультеті

«Экология және химиялық технологиялар» кафедрасы

5В073100 - «Қоршаған ортаны қорғау және өмір-тіршілігінің қауіпсіздігі»

мамандығы

«Ауа бассейнін қорғау»

ПӘНІНІҢ ЖҰМЫСТЫҚ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

АҚТАУ 2014

«Ауа бассейнін қорғау»:

Пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасын

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесі бекіткен 24.062014 күнгі №5 хаттама;

Факультеттің оқу-әдістемелік бюросы ұсынған(12.06.2014 күнгі № 6 хаттама);

Бюро төрағасы       А.Р. Тоғашева
    (қолтаңбасы)   (аты-жөні,тегі)

Кафедра отырысындамақұлданған(11.06.2014 күнгі № 19 хаттама);

Кафедра меңгерушісі       Г.Ш.Тлепиева
    (қолтаңбасы)   (аты-жөні,тегі)

Құрастырған:

Т.ғ.к.,доцент       Ф.К.Нурбаева
(лауазымы)   (қолтаңбасы)   (аты-жөні,тегі)

Пәннің сипаттамасы

«Ауа бассейнін қорғау» пәні бакалавриаттың 5В073100 - «Қоршаған ортаны қорғау және өмір-тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығы бойынша 4 курсқа (7 семестр) арналған базалық пәндер блогының таңдау курсы болып табылады.

Пәнді оқуға барлығы 135 академиялық сағат бөлінген, оның ішінде: 45 сағат аудиториялық сағаттар, оқытушының басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысы– 9 сағат, студенттің өзіндік жұмысы 81 сағат.Аудиториялық сағат 45 сағатты құрайды: дәрістік –30 сағат; тәжірибелік сабақ– 15 сағат.

Курс Се- местр Кредиттер Аудиториялық сағаттар Аудиторидан тыс сағ. ∑, са- ғат Бақылау түрі
ҚР ECTS ДС ТС ЗС БОӨЖ БӨЖ
- емтихан
БАРЛЫҒЫ: -  

Қысқартулар:ҚР – Қазақстан Республикасы; ECTS –Еуропалық трансферт (аударым) және несиелік жинақтау жүйесі; ДС – дәрістік сабақтар; ТС – тәжірибелік (семинарлық) сабақтар; ЗС – зертханалық сабақтар; БОӨЖ – білім алушының оқытушының басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысы (СБӨЖ– студенттің, МОӨЖ - магистранттың); БӨЖ - білім алушының өзіндік жұмысы.

Пәннің мақсаттары мен міндеттері

Пәннің мақсаты –Болашақ мамандарды жалпы экологияның, соның ішінде өндірістегі ауаны ластайтын қалдықтардан қорғаудың теориялық және практикалық сұрақтарын оқыту, сонымен қатар мұнай шикізатын өңдеу деңгейін арттырудағы, аз қалдықты және қалдықсыз технология құруда, табиғи байлықтарды комплексті түрде тиімді пайдалану процестерінде ауа бассейнін таза сақтап қалудың техникалық шешімдерін айқындап көрсету болып табылады.

Пәннің міндеттері:

- табиғатты игеру, пайдалану, қоршаған ортаны бақылау , аймақтың, елдің, жер бетінің экологиялық-экономикалық дамуы, сонымен қатар адам өмір сүру кезіндегі іс-әрекеттерінің қоршаған ортаға, соның ішінде ауа бассейніне теріс әсерінің салдарлары мен оны болдырмау жолдары бойынша практикалық шаралар жасау;

- өндірістің қоршаған табиғи ортаға, соның ішінде ауа бассейніне тигізетін әсерін және өндірістік газ қалдықтардан тазарту әдістерін үйрету;

- өндірістік газ қалдықтарының табиғатын, олардың табиғатқа және адам организміне әсерін және сол кері әсерлерді азайту жолдарын табуды қарастыру;

- экологиялық талаптарды сақтай отырып химиялық, мұнай химиялық және мұнайды өңдеу өнеркәсіптерінде жасалынатын кешенді жұмыстардың негізін меңгеру.

3. Пререквизиттер және постреквизиттер:

3.1. Пререквизиттер(оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білім, икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пәндер):

1. Бейорганикалық, органикалық химия

2. Өнеркәсіптік желдету

3. Физика

4. Экология және тұрақты даму

3.2 Постреквизиттер(аталған пәнді оқыту аяқталғанда оларды зерделеу үшін меңгерілген білім, икемділіктер мен дағдыларды қажет ететін пәндер):

1) Дипломалды тәжірибеден өту және дипломдық жұмыс қорғауға.

Наши рекомендации