Ескі көпір (Stari Most), Босния және Герцеговина

Хеликс көпірі (Helix Bridge), Сингапур

Ескі көпір (Stari Most), Босния және Герцеговина - student2.ru

Сингапурдегі бұл көпірдің құрылымы ДНҚ молекулаларына қатты ұқсайды. Хеликс аталған бұл көпір 2010 жылы ашылған. Толықтай болаттан жасалған. Кешке әдемі көпір тамаша түстерге боялады.

Сағатты көпір (Chapel Bridge), Швейцария

Ескі көпір (Stari Most), Босния және Герцеговина - student2.ru

Бұл таңғажайып көпір Люцерн қаласында 1333 жылы салынған болатын. Ол Рейс өзенін қиғашынан басып өтеді. Еуропада орналасып, ағашпен жабдықталған бұл көпірдің үлкен тарихы бар. Көпірдің іші ХVІ ғасырдың тарихын баяндайтын суреттермен безендірілген. Өкінішке орай, 20 жыл бұрын болған өрттің себебінен көптеген суреттер қалмаған. Шамамен көпірдің ⅔ бөлігі және 110 суреттің 85-і өртеніп кетті. Кейбіреуі 1611 жылға тиесілі еді. Тек 25 картинаны сақтап қалып, 1 жыл өткен соң көпірдің өзі де жөндеуден өткізілді.

Ченъян көпірі (Chengyang Bridge), Қытай

Ескі көпір (Stari Most), Босния және Герцеговина - student2.ru

Бұл көпірді «Жел мен Жаңбыр» деп те атайды. Қытай провинциясындағы Гуанси мен Линси жағалауларын байланыстырған бұл көпір күріш алқабының ортасында орналасқан. Оны 1916 жылы Қытайдың Дун халқы салған болатын. Көпір 5 түрлі ауа райы бар галлереялармен жабдықталған. Қытайдың дәстүрлі сәулет өнері фантастикалық көрікті. Алайда ең қызығы ешбір шегесіз салынғандығында. Көпірдің тірегі көзді арбайтын айлакерлікпен салынған.

Роллинг көпірі (Rolling Bridge), Англия

Ескі көпір (Stari Most), Босния және Герцеговина - student2.ru

Бұл әдемі көпір Лондонның Падингтон ауданында орын алған. Аптаның әр жұмасы сегізбұрышты бұл көпір төңкеріліп жазылады да, жүруге қолайлы кейіпке енеді. Бұл оның басқа көпірлерден басты айырмашылығы. Ал күн соңында қайтадан сегізбұрышқа айналады. Келесі жұмада көпір қайта пайда болады. Механизм гидравликада жұмыс істейді. Жобасы 2004 жылы жасалған, авторы – Томас Хезервик. Айтпақшы, Олимпиада мен Параолимпиадаға арналған алаудың ыдысы Томастың жасағандары.

Аспан көпірі Лангкави (Langkawi Sky Bridge), Малайзия

Ескі көпір (Stari Most), Босния және Герцеговина - student2.ru

Аспан көпірі Лангкавиге тауға көтерілетін жол арқылы жетуге болады. Көпірдің ұзындығы 410 фут, шамамен 125 метр. Ол теңіз деңгейінен 2300 фут, яғни 700 метр биіктікте орналасқан Гангун Мат Чинчанг тауының шыңында орын алған. Көтергішпен көтерілген туристер осында жаяу жүріп, Малайзияның ең керемет жерлерін төбесінен тамашалай алады.

Гейтсхедтегі Миллениум көпірі (The Gateshead Millennium Bridge), Англия

Ескі көпір (Stari Most), Босния және Герцеговина - student2.ru

Ньюкасланың қақ ортасында Тайн өзенінің үстінде орналасқан бұл көпір 2002 жылы патшайымның тапсырысымен салынған. Бұл көпір де ешкімге ұқсамайтын құрылымымен ерекшеленеді. Бір жағымен төңкеріліп тұрған кезінде қарапайым жаяу жүргіншілер өзеннің арғы бетіне өте алады. Ал келесі жағымен төңкеріліп тұрған кезінде, керсінше қайықтар мен кемелер өте алады. Қайталанбас дизайны үшін көпір көптеген марапаттарға ие болды. Оны кейде «Қысық көз» деп те атайды. Себебі бұрылып бара жатқан кезінде, адамның бір үлкен көзіне ұқсайды.

Ескі көпір (Stari Most), Босния және Герцеговина

Ескі көпір (Stari Most), Босния және Герцеговина - student2.ru

Бұл көпірдің атауы тым қарапайым – Ескі көпір. Болжауымызша, көпір 1566 жылы салынып, 1993 жылы босниялық соғыстың зардаптарынан бұзылмайынша жақсы сақталған. ХVІ ғасырда салынған бұл көпірді қайта қалпына келтіру үшін 13 млн. АҚШ доллары кеткен екен. 2004 жылы толықтай жөндеуден өтіп, көпшілік үшін қайта ашылған. Сол жердің тұрғындарында көпірден өзенге секіру дәстүрі сақталған. Мұнымен қатар бұл көпір әлем қазынасы болып танылуда.

Наши рекомендации