Дəріс. халықаралық арбитраж. экологиялық даулар.

Жоспар:

Халықаралық арбитраждың экологиялық дауларды шешудегі маңызы мен ерекшеліктері.

Экологиялық дауларды шешудегі халықаралық қағидалардың маңызы. Халықаралық экологиялық құқықтың қағидалары.

Халықаралық экологиялық құқытың қағидалары дегеніміз – ол субъектілердің қарым-қатынасын реттейтін заңды бекітілген халықаралық экологиялық құқтың бастауы болып табылады. Халықаралық экологиялық құқытың қағидасы – барлық субъектілерге міндетті болып табылатын халықаралық экологиялық құқықтық норма болып табылады. Əрбір мемлекет өзінің қоршаған ортаcына байланысты кез келген əрекет жасаған мезгілде өзінің қағидаларымен қатар жалпыға ортақ халықаралық экологиялық қағидаларды басшылыққа алған жөн.

Бір мемлекеттің зиянды əрекеті басқа мемлекеттің де қоршаған табиғи ортасына əсер ететіндігін ұмытпау керек. Бұл жерде негізгі басшылыққа алынатын қағидалар ретінде мыналар болады: мемлекеттің егемендігін сыйлау, мемлекеттердің теңдігі, территориялық қол сұғылмаушылығы жəне тұтастығы, өзара əріптестік, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу, халықаралық құқықтық жауапкершілік. Халықаралық деңгейде қағидалардың алғашқы көрініс табуы ол 1972 жылы «Адамды қоршаған табиғи орта мəселесі туралы» Стокгольм декларациясында баяндалған болатын. Онда негізгі үш қағида баяндалған: - Біріншісі кез келген мемлекет өз ресурстарын ұлттық саясатқа сəйкес жүзеге асыруына құқылы, бірақ ол басқа мемлекеттердің қоршаған табиғи ортасына зиянды болмауы керек; - Екінші қағида кез келген табиғи ресурс ауа, табиғи байлық, жер, су, флора, фауна жəне тағы басқалар бүгінгі жəне болашақ ұрпақ үшін сақталып пайдалануы керек; -Үшінші қағида ол сарқылатын табиғи ресурстар барынша үнемді жəне халықаралық деңгейде барынша пайда əкелуі керек. Бұдан басқа қағидалардың қатарына 1988 жылы 28-қазанда БҰҰ-мен мақұлданған «Дүниежүзілік табиғат хартиясы», БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 45 сессиясында мақұлданған «Глобальді климатты бүгінгі жəне болашақ ұрпақ үшін сақтау» резалюциясы жəне тағы да басқа конвенцияларда əр түрлі қағидалар көрініс тапқан. 2007 жылы 9- қаңтарда қабылданған жаңа экология кодексінде жоғарыда аталған халықаралық келісімдердің қағидалары орын алған.

Қазақстан Республикасының экологиялық кодексінде Қазақстанның қоршаған табиғи ортаны қорғауға байланысты халықаралық келсімдер жасаудың келесідей қағидалары баяндалған: Халықаралық міндеттемелерді өз еркімен орындау; мемлекеттің табиғи ресурстарын өндіру кезінде егеменді құқығын құрметтеу; табиғи ресурастарды пайдалану мен қоршаған ортаға əсер етуде ұлттық мүддені көздеу; басқа мемлекет пен елдерге келтірілген зиян үшін мемлекеттің жауапкершілігі; оңтайлы шаралар қолдану мен абайлылық; жергілікті, ұлттық жəне дүниежүзілік қатынастарда өзара көмек; зиян келтірген тараптың жауаптылығы.

Халықаралық экологиялық құқықта қайнар көзді екі мағынада түсінуге болады: 1) Материалдық мағынада; 2) Формальдық мағынада; Бірінші жағдайға тоқталсақ, халықаралық экологиялық құқықтық қатынастың материалдық мағынадағы қайнар көзі дегеніміз – қоршаған табиғи ортаны пайдалануға жəне ұтымды қолдануға байланысты дүниежүзілік қоғамдастық мүшелерінің еркін айтамыз. Ал формалдық мағынада, халықаралық экологиялық құқықтық қатынастың қайнар көзі дегеніміз – негізгі басшылыққа алынатын құқықтық нормаларды айтамыз. Олар шарттар, келсімдер, конвенция, резалюция жəне тағы басқалар. Кейбір жағдайда сонымен қатар белгілі бір мемлекеттің ұлттық заңдарыда қайнар көз қатарына жатады.

Қоршаған табиғи ортаны халықаралық құқықтық қорғау аясындағы орталық қайнар көз ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының резолюциялары орын алады мəселен, «Табиғатты қорғау жəне экономикалық даму» 1962 жыл; «Жердің табиғатын сақтауға байланысты мемлекеттің бүгінгі жəне болашақ ұрпақ алдында тарихи жауапкершілігі» 1980 жыл. Қоршаған ортаны халықаралық құқықтық қорғаудың қайнар көзі ретінде шарттардың орны ерекше. Қазақстан Республикасының 30.05.2005 жылы қабылданған «халықаралық шарттар туралы» заңында халықаралық шарттарды жасасудың, қолданудың өзгертудің жəне тоқтатудың тəртібі баяндалған.

Халықаралық шарттар екіге бөлінеді: 1) Екі жақты; 2) Көп жақты; Шарттарды реттеу пəніне байланысты үшке бөлуге болады: 1) Қоршаған ортаны қорғауға жанама қатысы бар шарттар; 2) Қоршаған ортаны қорғаудан басқа бірақ, кейбір табиғи обьектілер мен ресурстарға қатысы бар шарттар; 3) Тұтастай қоршаған ортаны қорғауға байланысты шарттар. Келесі қоршаған ортаны халықаралық құқықтық қорғауының көлемді қайнар көзі болып конвенциялар табылады. Конвенцияға қосылу біраз шығын шығартады, мысалы мүшелікке өтуге байланысты, бірақ оның пайдасы өте көп. Себебі көптеген конвенцияларға қосылу арқылы əртүрлі мемлекеттерден қолдау көрсетіліп, көмектер беріледі. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы көптеген конвенцияға қосылып оларды ратификациялаған. Тағыда бір жеке топ, ол қоршаған табиғи ортаны халықаралық құқықтық қорғауға байланысты келсімдер табылады. Кесімдер түрлері: екі жақты, көп жақты, мемлекет аралық, аралас (халықаралық ұйымдардың қатысуымен), үкіметаралық, ведомства аралық, глобалді, регионалді, субрегионалді, табиғи ортаның барлық элементтерін қамтитын немесе жекелей элементтерін қамтитын болып бөлінеді. Бүгінгі таңда Қазақстан Ресей, АҚШ, Канада, Англия, Турция, Япония, Қытай жəне тағы басқа мемлекеттермен қоршаған табиғи ортаны қорғауғам байланысты түрлі келісімдерге отырған. Қайнар көз ретінде əдет-ғұрыптар мен хаттмалар да табылады.Мысалы «Мұнаймен қоршаған ортаны былғағаны үшін азаматтық жауапкершілік туралы» халықаралық конвенцияның хаттмасы 1969 жыл Лондон. Халықаралық шарттар болмаған жағдайда мемлекеттер арасында дау əдет-ғұрып арқылы шешуге болады. Мысалы əдет- ғұрып қағидасы ретінде көрші мемлекеттің табиғатына зиян келтірмеуді жатқызуға болады.

Қоршаған табиғи ортаға əсер ететін құралдарды қолдануды шектеу жəне тыйым салу туралы нормативті заңнамаларды қамтитын халықаралық-құқықтық актілерге мыналар жатады: 1925 жылғы Соғыс кезінде тұншықтырғыш, улағыш жəне сол сияқты басқа да газдар мен бактериологиялық құралдарды қолдануға тыйым салу туралы Хаттама; 1972 жылғы бактериологиялық жəне токсиндік құралдардың қорын жинақтау, жасап шығаруға тыйым салу жəне оларды жою туралы Конвенция; 1977 жылғы Табиғи ортаға əсер ететін əскери немесе кез келген басқа əрекеттерге тыйым салу туралы Конвенция; 1980 жылғы Шектен тыс зақым келтіретін немесе жаппай əсердегі деп саналатын қарапайым қарулардың нақты түрлерін қолдануды шектеу немесе тыйым салу туралы Конвенция; Жоғарыда атап өтілген 1949 жылғы соғыс құрбандарын қорғау туралы Женева конвенциялары жəне оларды толықтыратын 1977 жылы қабылданған Хаттамалар жəне т.б. Осыған байланысты, атап өту қажет, 1977 ж. I Толықтырушы хаттамада ғана, қоршаған ортаға үлкен жəне ұзақ мерзімді залал келтіреді деп күтілген немесе мақсатты түрде осы залалды келтірген соғыс əрекеттерін жүргізу құралдары мен тəсілдерін қолдануға тыйым салуға бағытталған нормалар қамтылған (35-бап, 3-тармақ).

Хаттамада, сондай-ақ, қоршаған ортаға зиян келтіретін репрессалийлерді қолдануға тыйым салу бекітілген, себебі, олар бүкіл адамзатты толығымен жазалайды. Сонымен бірге «азаматтық тұрғындардың өмір сүруіне қажетті объектілерді қорғау», «қауіпті күштерді қамтитын қарулар мен қондырғыларды қорғау сияқты экологиялық нормалар да бар (54, 56-баптар). «IAC» Халықаралық төрелік соты тұрақты тұрде қызмет етіп, сыртқыэкономикалық қарым–қатынастарға қатысты келісімшарттардан туындайтын келіспеушіліктердегі жақтардың бірден–біреуі Қазақстан Республикасының резиденті болмаған жағдайындағы келіспеушіліктердің жоғары деңгейдегі талқылауын ұйымдастыратын халықаралық коммерциялық арбитраж болып табылады. «IAC» Халықаралық төрелік соты мен Қазақстан Республикасының «IAC» Аралық Сотының құрылуы, ішкі аралық соттар мен халықаралық коммерциялық арбитраждардың бөлінуін заңдастырған, 2004 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының «Аралық соттар жайында» жəне «Халықаралық коммерциялық арбитраж жайында» заңдарының қабылдануымен тікелей байланысты. «IAC» Халықаралық төрелік соты өз жұмысын қазіргі заманға сəйкес коммерциялық қарым–қатынастардан туындайтын келіспеушіліктерді қарастыру рəсімдерін ұйымдастырудың халықаралық шарттарына сəйкес атқарады. Əрине, бұл осы соттың жақсы атағы мен осы сотқа деген қызығушылықтың арта түсуіне өз септігін тигізеді. Қазақстан Республикасының «IAC» Аралық Сотына ұқсас «IAC» Халықаралық төрелік сотында арнайы арбитрлар алқасы құрылған. Осы арбиторлар алқасының құрамы құқық, қаржы, экономика, өндірістік – техникалық жəне де қоғам саласындағы ірі мамандармен толықтырылған.

Əрине, айтылған арбитрлар алқасы, қызығушылық білдірген жəне де іскер тұлғалардың «IAC» Халықаралық төрелік сотына жүгінген күндерінде ие болатын ең негізгі артықшылықтардың бірі болып табылады. Сонымен қатар, туындайтын келіспеушіліктердің талқылауын «IAC» Халықаралық төрелік сотының қарамағына беруді қарастыратын төрелік ескертуді келісімшартқа қосқан жағдайда, келіспеушіліктің қарсы жақтың елінде орналасқан сотта немесе Европе мен Америка елдерінде орналасқан халықаралық төрелік соттарында қарастырылған жағдайдағы кететін уақыт пен қаржыны əлдеқайда үнемдеуге мүмкіндік береді. Төрелік талқылаудың өткізілу рəсімі, мұқият қарастырылған «IAC» Халықаралық төрелік сотының Регламенті, жақтарға келіспеушіліктің талқылау барысының анықтығын, сонымен қатар механизімі тəуелсіздік пен бейтараптық қағидаларына сəйкес келетін соттың құрамын құрастыру рəсімдерінің қол жеткізерлігін қамтамасыз етеді.

Айтарлықтай ыңғайлы жағдайлардың бірі, «IAC» Халықаралық төрелік сотында төрелік талқылаудың барысын қозғау рəсімінің біршама жеңілдендірілуі. Төрелік талқылаудың барысын қозғау үшін, талап арызды жіберу жетерлікті. Алайда, көптеген қазіргі заманғы халықаралық коммерциялық арбитраж орталықтарында сот ісі арбитраж жайында өтінішті ұсынудан кейін басталады, ал талап арыздың өзі істің арбитраждық талқылауға қабылданғаннан кейін ұсынылады. Халықаралық сипатқа ие коммерциялық келіспеушіліктердің қарастырудың бүкілəлемдік тəжірибесі, төрелік ескертудің жөнді жасалуынан жəне де халықаралық коммерциялық арбитражды дұрыс таңдауынан, соттың қандай шешім шығаратыны да байланысты. Алайда, қандай да болсын халықаралық коммерциялық арбитражды таңдау кезінде, келіспеушіліктерді қарастырудағы рəсімдердегі, халықаралық коммерциялық арбитраждардың қызмет атқаруын реттейтін мемлекеттік заңнамалардағы айырмашылықтардың болуы біршама қиындықтарды туындатады. Осындай жағдай туындағанда, халықаралық коммерциялық арбитраждық талқылаудың теориясы мен тəжірибесіндегі маңызды деген жетістіктерді сіңірген «IAC» Халықаралық төрелік соты жақсы таңдау бола алады.

ҰСЫНЫЛАТЫН ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

Негізгі әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу құқығы: Ерекше бөлім. Сотқа дейінгі сатылар.- Алматы: КазГУ, 2013.- 307б.

2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Iс жүргiзу кодексi.- Алматы: Жетi жарғы, 2012.- 608б.

3. Төлеубекова, Б.К. Қазақстан Республикасының, қылмыстық іс жүргізу құқығы. Жалпы бөлім: Оқулық / Б.К Төлеубекова.- Алматы: Жетi жарғы, 2010.- 416 б.

4. Когамов, М.Ч. Комментарий к Уголовно-процессуальному кодексу Республики Казахстан. Общая и особенная части / М.Ч. Когамов.- Алматы: Жетi жарғы, 2011.- 896с.

5. Уголовно-процессуальное право Республики Казахстан. Общая часть. Кн. 1.: Академический курс / Под ред. д.ю. н., профессора Б.Х.Толеубековой.- Алматы: Жетi жарғы, 2012.- 424с.

6. Уголовно-процессуальное право Республики Казахстан. Общая часть. Кн. 2.: Академический курс / Под ред. д.ю. н., профессора Б.Х.Толеубековой.- Алматы: Жетi жарғы, 2011.- 432с.

7. Уголовно-процессуальное право РК. Часть особенная. Досудебные стадии.: Учебник / Толебекова Б.Х., Капсалямов К.Ж., Шнарбаев Б.К., Бекишев Д.К.- Астана: Данекер, 2012.- 276с.

8. Оспанов, С.Д. Уголовный процесс Республики Казахстан: Общая часть / С.Д Оспанов.- Алматы: Юрид.лит., 2010.- 266с

9. Оспанов, С.Д. Уголовный процесс РК (Общая часть): Учебник / С.Д Оспанов.- Алматы: Юрид.лит., 2009.- 266 с.

10. Ережепов, Н.А. Назначение главного судебного разбирательства:вопросы, решения, перспективы / Н.А Ережепов.- Алма-Ата: Данекер, 2009.- 145 с

11. Капсалямов, К.Ж. Уголовно-процессуальное принуждение:гарантии, принципы, реализация / К.Ж Капсалямов.- Астана: Фолиант, 2011.- 160 с.

12. Есина, А.С. Дознание в органах внутренних дел.: Учебно-практическое пособие / А.С Есина, Е.Н Арестова.- М.: Проспект, 2012.- 192с

Қосымша әдебиеттер:

1. Алпысбаева, М.А. Правовое положение УВД области в системе органов внутренних дел РК: Учеб.пособие / М.А Алпысбаева.- Алматы: Данекер, 2012.- 701 с.

2. Алмаганбетов, П. Назначение судебной экспертизы в уголовном процессе: Учебно-практическое пособие / П Алмаганбетов.- Астана: КазГЮУ, 2011.- 812 с.

3. Алмаганбетов, П. Назначение судебной экспертизы в уголовном процессе: Учебно-практическое пособие / П Алмаганбетов.- Алматы: Жетi жарғы, 2011.- 680с.

4. Алтаев, Чингиз Ж. Методика расследования преступлений в сфере банковского кредитования: Автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата юридических наук / Чингиз Ж. Алтаев.- Алматы, 2012.- 24с

5. Аубакиров, А. Фиксация доказательств в криминалистике и судопроизводстве: Учебное пособие / А Аубакиров.- Алматы: ВШП Әділет, 2009.- 198с

6. Бегалиев, Е. Н. Расследование преступлений, связанных с подделкой денег: Учебное пособие / Е. Н. Бегалиев.- Алматы: Дайк-Пресс, 2011.- 268с.

7. Бегалиев, К. Меры борьбы с преступностью несовершеннолетних. Правовые и организационные основы деятельности органов прокуратуры в борьбе с правонарушени / К Бегалиев.- Алма-Ата: Казахстан, 2009.- 208 с.

8. Волынский, В.А. Раскрытие и расследование бандитизма - первоначальный этап: Учебное пособие / В.А. Волынский, И.В. Тишутина.- Москва: Книжный мир, 2009.- 88с.

9. Гинзбург, А.Я. Предъявление для опознания в уголовном судопроизводстве Казахстан : Учеб. пособие / А.Я. Гинзбург.- Алматы: Жетi жарғы, 2013.- 224с.

10. Торбин, Ю.Г. Освидетельствование как способ собирания доказательств на стадии предварительного расследования: Научно-пратическое пособие / Ю.Г. Торбин.- М.: Юрлитинформ, 2011.- 232с.

11. Новиков, А. Практикум по уголовно-процессуальному праву Республики Казахстан / А Новиков.- Алматы: Жетi жарғы, 2011.- 256 с

Нормативтік құқықтық актілер:

1. «Қазақстан Республикасының Конституциясы» 30.08.1995 ж.

2. Қазақстан Республикасының Жер кодексі 20.06.2003ж.

3. ҚР Экологиялық кодексі. 09.01.2007 ж.

4. ҚР Су кодексі. 2003 ж. 9 шілде.

5. ҚР Орман кодексі. 2003 ж. 8 шілде.

6. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану туралы ҚР заңы. 2004 ж. 9шілде.

7. ҚР Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылы 7 шілдедегі

8. заңы.

9. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы жəне арнайы бөлім) 27.12.1994 ж.

10. Сандық геоақпараттық жүйелер негізінде Қазақстан Республикасы табиғи объектілерінің бірыңғай мемлекеттік кадастрлар жүйесін құру туралы ҚР Үкіметінің қаулысы, 2000 ж. 25 қыркүйек № 1449.

11. Қазақстан Республикасының Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын 2030 жылға дейін дамытудың жəне орналастырудың тұжырымдамасы туралы ҚР Үкіметінің қаулысы, 2000 ж. 10 қараша № 1692.

12. Жердің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу жəне жерді осы аумақтардың резервіне қалдыру ережесін бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі № 910 қаулысы.

13. Қазақстан Республикасының Жер қойнауын пайдалану мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін құру тəртібі туралы ҚР Үкіметінің қаулысы, 2002 ж. 29 желтоқсан № 1444.

14. Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын берудің тəртібін бекіту туралы ҚР Үкіметінің қаулысы, 2000 ж. 21 қаңтар № 108.

15. Қазақстан Республикасындағы жер қойнауының мемлекеттік мониторингі туралы ережені бекіту туралы ҚР Үкіметінің қаулысы, 1997 жылғы 27 қаңтардағы № 106.

16. Су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың басты жəне бассейндік схемаларын жəне су шаруашылығы теңгерімдерін əзірлеу əрі бекіту ережесін бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 10 ақпандағы № 159 қаулысы.

17. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру əрі жүргізу ережесін бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы № 144 қаулысы.

18. Су объектілерінің мемлекеттік мониторингін жүргізу, суды мемлекеттік есепке алу жəне оны пайдалану ережесін бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы № 85 қаулысы.

19. Су объектілеріне зиянды əсерлердің рұқсат етілетін шекті нормативтерін əзірлеу жəне бекіту ережесін бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 19 қантардағы № 50 қаулысы.

20. Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысы.

21. Мемлекеттік су кадастрын жүргізу ережесін бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1378 қаулысы.

22. 14.Қазақстан Республикасы экономикасының су секторын дамытудың жəне су шаруашылығы саясатының 2010 жылға дейінгі тұжырымдамасын мақұлдау туралы ҚР Үкіметінің қаулысы, 2002 ж. 21 қаңтар № 71.

23. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман күзеті туралы ережені бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 9 наурыздағы № 291 қаулысы.

24. Мемлекеттік орман кадастры мен ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу ережелерін бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 17 ақпандағы № 188 қаулысы.

25. Мемлекеттік орман қорының аумағында орман орналастыруды жүргізу ережесін бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 45 қаулысы.

26. Орман қорының мемлекеттік есебін жүргізу ережесін бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1182 қаулысы.

27. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы туралы ережені бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1330 қаулысы.

28. Казақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің кейбір мəселелері туралы ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 7 мамырдағы № 517 қаулысы.

29. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын бекіту туралы ҚР Үкіметінің қаулысы, 2002 ж. 15 сəуір № 429.

30. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану туралы заңнаманы бұзумен келтірілген зиянды өтеу мөлшерін бекіту туралы ҚР Үкіметінің қаулысы, 2001 ж. 4 қыркүйек № 1140.

31. 2003ж. 1 тамызындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №776 қаулысы «Қоршаған орта сапасын тұрақтандыру жөніндегі комиссияны құру туралы» қаулысы (20.07.04ж. №772, 01.03.05ж №177 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына.

32. «Өсімдіктердің биоəртүрлілігі мен жануарлар əлемін сақтау жəне қоршаған ортаны қорғау заңнамаларындағы бұзушылықтар мен күрес жөніндегі сұрақтар бойынша комиссияны ұйымдастыру туралы 3 наурыз 2005ж. Қазақстан Республикасы Үкіметінің №202 қаулысы.

33. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру шаралары туралы» 29 қыркйек 2004ж. Қазақстан Республикасы Президентінің №1449, жарлығы.

34. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік заемдардағы кепілдіктерді ұсыну жəне мемлекеттік кепілдіктерді ұсынудағы инвестициялық жобаларды таңдау ережесін бекіту туралы» 28 қаңтар 2004ж. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

35. 27.«Экологиялық аудит қызметін енгізу жəне лицензияландыру жөніндегі сұрақтар туралы» 23 тамыз 2004ж. №889 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

36. «Қоршаған ортаны қорғаудағы лицензиялауды жобалау, нормалау жəне экологиялық сараптамадағы жұмыстардың кейбір мəселелері туралы» 8 қазан 2003ж. №1039 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

37. «Су объектілеріне, суға мемлекеттік есеп жəне оларды пайдалануға мемлекеттік мониторингті енгізу ережесін бекіту туралы» 26 қаңтар 2004ж. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

38. «Экологиялық қылмыстарға жауаптылықты заңнамаларындағы соттардың қолданылуы туралы» 18 маусым 2004ж. №1, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының нормативтік қаулысы.

39. «Қазақстан Республикасының 2005-2015ж.ж құрғаушылықпен күрес бағдарламасы туралы» 24 қаңтар 2005ж. № 49, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

40. «Қазақстан Республикасының 2004-2015ж.ж экологиялық қауіпсіздік концепциясын жүзеге асырудағы 2004-2006 ж.ж іс-шаралардың жоспары туралы» 3 ақпан 2004ж. №131 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

41. «Қоршаған орта жəне шаруашылықтағы жоспарлылық, жобалылық документіндегі баға жүргізудегі нұсқауды бекіту туралы» 28 ақпан 2004ж. «Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұйрығы.

42. «2002-2010 жылдарға арналған Ауыз су салалық бағдарлама туралы» 23 қаңтар 2002ж. №93 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

43. «ҚР əуе кеңістігіндегі ұшу ережелерін бекіту туралы» 17 шілде 2003ж. №712 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

44. «2030 ж. дейінгі Қ.Р-ғы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту жəне енгізу концепциясы туралы» 10 қараша 2000ж. №1692 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

45. «Мемлекеттік қажеттіктер үшін жер учаскілерін, ерекше қорғалатын табиғи аумақ құру үшін жəне кеңейту мақсатында алып қою немесе ғылыми, туристік немесе рекреациялық мақсатта жер учаскілерін, ғимараттар мен құрылымдарды арендаға беру туралы» 27 ақпан 2004ж. №240 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

46. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды енгізу жəне осы жерлерді резервациялау туралы ережені бекіту туралы» 8 қырқүйек 2003ж. №910 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

47. «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланудағы ақы төлеу ставкалерін бекіту туралы » 24 ақпан 2003ж. №196 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

48. «ҚР-да ерекше жəне сирек кездесетін ландшафтарды қорғау мəселесі туралы» 11 маусым 2004ж. №474 Қазақстан Республикасы Президентінің өкімі.

49. «2004-2006 ж. Арал өңірінің мəселесін кешенді шешу жөніндегі бағдарламаны бекіту туралы» 7 мамыр 2004ж.№520 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

50. «Өсімдіктердің биоəртүрлілігі мен жануарлар əлемін сақтау жəне қоршаған ортаны қорғау заңнамаларындағы бұзушылықтар мен күрес жөніндегі сұрақтар бойынша комиссияны ұйымдастыру туралы 3наурыз 2005ж. Қазақстан Республикасы Үкіметінің №202 қаулысы.

51. «Жергілікті басқару орындағы жəне басқадай жерлердегі су объектілерін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 30 қаңтар 2004ж. №119, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

52. «Су объектілеріне, суға мемлекеттік есеп жəне оларды пайдалануға мемлекеттік мониторингті енгізу ережесін бекіту туралы» 26 қаңтар 2004ж. №988, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

53. «Республикалық жəне аумақтық экономикада ерекше стратегиялық маңыздылыққа ие аймақтарда мемлекеттік су шаруашылық басқармасын уақытша енгізу туралы ережені бекіту туралы» 26 сəуір 2004ж. №467, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

54. «ҚР-да облыстар арасында су қатынастарын реттеу ережесін бекіту туралы» 9 қаңтар 2004ж. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

55. «Су қорларын пайдалану жəне қорғаудағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру жəне жүргізу ережесін бекіту туралы» 6 ақпан 2004ж. №144, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

56. «Су есептерін жүргізу жəне бақылауды метрологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық, нормативті-техникалық талаптарды қамсыздандыруда жетілдіру, келісу жəне бекіту ережесін бекіту туралы» 6 ақпан 2004ж. №141 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

57. «Ауыз су жабдықтарына су объектілерін енгізу ережесін бекіту туралы» 23 қаңтар 2004 ж. №75 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

58. «Су объектілеріне зиянды заттардың əсеріне байланысты ережелерді бекіту жəне жетілдіру ережесін бекіту туралы» 19 қаңтар 2004ж. №50, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

59. «Мемлекеттік су кадастрын енгізу ережесін бекіту туралы»31 желтоқсан 2003ж. №1378 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

60. «Республикалық маңызы бар сауықтыру орталықтарындағы су объектілерінің сатыларын бекіту туралы» 7 маусым 2004 ж, №634 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

61. «Су қорғау зоналары мен сызықтарын құру ережесін бекіту туралы» 16 қаңтар 2004ж. №42, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

62. «Өзен, көл, су қоймасы жəне өзгеде су объектілерінде шекті сызықтарды бекіту туралы» 23 қаңтар 2004ж. №71, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

63. «Мемлекеттік учаскілерде орман қорын ұзақ мерзімге орман пайдалану арқылы тендер жүйесі бойынша беру ережесін бекіту туралы» 13 қаңтар 2004ж. №3 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

64. «ҚР-сы ауыл шаруашылығы министрлігінің орман жəне аң шаруашылығы комитетінің шешімі туралы» 6 сəуір №310, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

65. «ҚР-да мемлекеттік орманды қорғау шешімін бекіту туралы» 9 наурыз 2004 ж. №291 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

Наши рекомендации