Практикалық жұмыс. топырақтағы зиянды заттарды нормалау

Топырақтағы зиянды заттарды гигиеналық нормалаудың теориясы мен тәжірибесінің негізгі ережелері төмендегідей, яғни:

1) топыраққа түскен экзогенді химиялық заттарды барлық кезде қоршаған ортаға және адам денсаулығына қауіпті деп қарастыру дұрыс емес;

2) топыраққа түскен химиялық заттардың қауіптілігі топырақтың экологиялық (өзін-өзі тазарту) қабілеттілігімен анықталады;

3) нормативтер микробиоценоз және топырақтың өзін-өзі тазарту процестеріне әсер ету есебімен экстрималды – климаттық жағдайларда (топырақ ортасынан заттардың қарқынды көшуі) алынған мәліметтерге негізделеді;

4) гигиеналық нормативтер зияндылықтың шектеулі көздерінің есебемен бекітіледі, яғни: жалпы санитарлық, миграциялық, ауалық, органолептикалық, фитоаккумуляциялық (зиянды заттардың өсімдіктерде жиналуы немесе оларға өтуі) және санитарлы-токсикологиялық.

Санитарлы-токсикологиялық нормативтер топырақ құрамындағы заттардың адам ағзасына бір мезетте бірнеше жолдармен, яғни, шаң-тозаң, атмосфералық ауа, ауыз суды тұтыну, тамақ өнімдері және т.б жолдармен түсу мүмкіншіліктерін ескереді.

Топырақтағы ластағыш заттар үш бағытта нормаланады:

- ауыл шаруашылығында пайдаланатын егістік қабатындағы улы химикаттардың мөлшері;

- кәсіпорынның территориясындағы улы заттардың жинақталуы;

- елді мекендердің, көбінесе тұрмыстық қалдықтарды сақтайтын жер топырағының ластануы.

Егістік қабаттағы улы химикаттарды нормалауға екі көрсеткіш қолданылады: ШРКт және уақытша рауалы концентрация (УРКт)

ШРКт-топырақтың егістік қабатындағы заттардың ШРК, мг/кг. Бұл концентрация адамның денсаулығына, сонымен қатар топырақтың өздігімен тазалануы қабілетіне тікелей немесе жанама түрде қолайсыз әсер тигізбеуі қажет;

ШРК о-азық-түлік өнімдеріндегі заттардың ШРК, мг/кг.

ШРКт белгілеу үшін қарастырылып отырған заттардың фондық концентрациясы, оның физикалық-химиялық қасиеттері,тұрақтылығы, улылығы туралы мәліметтер қолданылады:

- топырақтағы заттардың ШРК, бұл мөлшер деңгейінде оның тағамдық және жемдік өсімдіктерге өтетін көлемі кейбір руалы қалдықтың мөлшерден аспауы қажет;

- заттар топырақтан ауаға ұшқанда олардың мөлшері ауа үшін белгіленген ШРК-дан аспайтын рауалы концентрациясы;

- микроорганизмдерге және топырақтың өздігімен тазалану процесіне әсер етпейтін концентрация.

Өсімдіктерді зиянкестерден, аурудан, арам шөптерден қоғау үшін қолданылатын кейбір улы химикаттарға да ШРК белгілейді (1 кестеде, мг/кг). Егерде әртүрлі орталар үшін ШРК шамасы белгіленбеген болса, онда уақытша гигиеналық норматив УРК- заттардың уақытша рауалы концентрациясы анықталады. Уақытша норматив белгілі мерзімге 2-3 жылға белгіленеді, оын есептеу арқылы анықтайды. Топырақтың санитарлық жағдайы бірнеше гигиеналық көрсеткіштермен сипатталады: санитарлық сан (белоктағы азот мөлшерінің жалпы органикалық азотқа қатынасы); сонымен қатар, ішектің таяқша құртының (коли-титр), шыбынның балапын құртының, гельминттер жұмыртқаларының бар болуы ескеріледі. Топырақтың тазалылығы осы көрсеткіштердің жиынтығымен бағаланады. Гигиенгалық нормативтер алты көрсеткіштер бойынша ластаушы заттардың шекті рауалы концентрациясын қарастырады, олар: органолептикалық (түс, дәм, өсімдіктердің азықтық құндылығы, атмосфералық ауаның және судың иісі, түсі дәмі); жалпы санитарлық (топырақтың өзін-өзі тазарту процесіне әсері; фитоаккумуляциялық (транслокациялық); су-миграциялық; ауа-миграциялық және санитарлы-токсикологиялық. Топырақтағы кейбір химиялық заттардың шекті рауалы концентрациясының (ШРК) санитарлы нормалары 1- кестеде көрсетілген.

1-кесте. Топырақтағы химиялық заттардың шекті рауалы концентрациясының санитарлы нормалары

Затар ШРК, мг/кг Шектеуші көрсеткіштер
Қозғалмалы түр
Кобальт 5,0 Жалпы санитарлық
Фтор 2,8 Транслокациялық
Хром 6,0 Жалпы санитарлық
Суда еритін түр
Фтор 10,0 Транслокациялық
Жалпы құрамы
Бенз(а)пирен 0,02 Жалпы санитарлық
Ксилол (орто-, мета-, пара-) 0,03 Транслокациялық
Мышьяк 2,0 Транслокациялық
Көмір флотац. калдық. 3000,0 Сулы және жалпы санитарлық
Сынап 2,1 Транслокациялық
Қорғасын 32,0 Жалпы санитарлық
Қорғасын +сынап 20,0+1,0 Транслокациялық
Күкірт қосылыс.(S): - кәдімгі күкірт; - күкіртсутек; - күкірт қышқылы   160,0 0,4 160,0   Жалпы санитарлық Ауалық Жалпы санитарлық
Стирол 0,1 Ауалы
Формальдегид 7,0 Ауалы
Хлорлы калий 560,0 Сулы
Хром 0,05 Жалпы санитарлық
Ацетальдегид 10,0 Миграционды-ауалы
Изопропилбензол+ альфаметилстирол 0,5 Миграционды-ауалы
Суперфосфат (Р2О5) Өсімдікке өту

Топырақ құрамындағы пестицидтерді нормалау 2- кестеде берілген.

2-кесте. Топырақтағы пестицидтердің шекті рауалы концентрациясы

Пестицидтің аты ШРК мг/кг топырақта Шектеуші көздер
Актеллик 0,5 Транслокациялық
Актеллик 0,1 Жалпы санитарлық ( рН=5,5 топырақ үшін)
Атразин 0,5 Транслокациялық
Бетанал 0,25 -«-
Волатан 1,0 Транслокациялық және миграционды-ауалы
Гамма-изомер ГХЦГ 0,1 Транслокациялық
2,4 - ДА 0,25 -«-
Золон 0,5 -«-
Карбофос 2,0 -«-
Метафос 0,1 -«-
Прометрин 0,5 -«-
Раундал 0,5 -«-
Семерон 0,1 Сулымиграциялық
Симазин 0,2 Транслокациялық
Фосфамид 0,3 -«-
Цинеб 0,2 Жалпы санитарлық
Эптам 0,9 Транслокациялық

Қала маңындағы, қара және түсті металлургия кәсіпорындарының маңындағы, химиялық және мұнай-химиялық өнеркәсіптері, машина жөндеу жерлеріндегі топырақ ауыр металдармен, мұнай өнімдерімен, фтор және басқа да уытты заттардың қосылыстарымен ластануына байланысты заттарды нормалау 3- кестеде көрсетілген.

3-кесте. Топырақтағы кейбір заттардың шекті рауалы концентрациясы, мг/кг

Заттар ШРК Шектеуші көрсеткіштер
Бенз(а)пирен 0,02 Жалпы санитарлық
Бензин 0,1 Миграционды-ауалы
Ванадий Жалпы санитарлық
Мышьяк Транслокациялық
Сынап 2,1 Транслокациялық
Қорғасын Жалпы санитарлық
Кобальт Жалпы санитарлық
Мыс «
Полихлорбифенид 0,06* -

* Жуықты мөлшер

Топыраққа әртүрлі көздерден (металлургия, машина жасау, өндірістік кәсіпорындардың қалдықтары мен төгінділері) түсетін көптеген химиялық заттарды бірнеше қауіптілік кластары бойынша жіктейді, 4- кесте.

Наши рекомендации