Заң саласында көптен бері ерен еңбек етіп келе жатқан мейрімді ана, асыл әже Нурабаева Зайда Тоқашқызы 60 жасқа толғалы отыр.

Заң саласында көптен бері ерен еңбек етіп келе жатқан азамат, еліміздің мәдениеті мен өнерінің, әдебиеті мен тілінің, ұлт руханиятының жанашыры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген заңгері, құрметті судьясы, заң ғылымдарының докторы, профессор, «Жеті Жарғы» және «Қожаберген жырау» атындағы қоғамдық-қайырымды­лық қоры­- ның төрағасы, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері – Бекет Тұрғараұлы Тұрғараев жайында сөз қозғамақпыз.

Неке және отбасы туралы» заңға өзгер­тулер мен толықтырулар енгізіліп, Қа­зақ­стан Республикасы Парламентінің мәжі­лісін­­де тал­қыланды. Енді «Неке (ерлі-зайыпты) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі болып қабылданады деп жоспарлануда. Таяуда бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Әділет министр­лігі Азаматтық хал актілерін тіркеу және опостильдеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру басқармасының бастығы Зайда Нұрабаевамен сұхбаттасқан едік.

– Зайда Тоқашқызы, әңгі­ме­мізді «заңның жаңа сипат алуы отбасының қоғамдағы рөлінің маңызын арттырады» деген пікірі­ңіз­ден бастасақ. Бұл «Неке жә­не отбасы туралы» заңға ен­гізілген өз­гертулер заң­ның олқы тұс­тарының әсерінен туындаған мәселе ме, әлде?...

– Жалпы заңға енгізілетін өз­гертулер мен толықтырулар, заң­ның солқылдақтығынан ғана емес, заманның бет-бейнесінен, қоғамның талабынан туындайтын нәрсе. «Неке және отбасы туралы» заң сонау тоқсаныншы жылдардың басында қабылданды. Одан бері қаншама уақыт өтті, талай нәрсе өзгерді. Жаңа заң жобасы «Неке (ерлі-зайып-ты) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі деп аталынады. ҚР Парламенті­нің бірінші отырысында қаралып, мақұлданды. Депутаттардың ке­зекті демалысқа кетуіне байланысты екінші отырысқа қалдырдық.

Қай қоғамда болмасын отбасы негізгі мәселелердің, ірі институттардың бірі. Сондықтан отбасылық жағдайларды норматив­тік-құқықтық актілердің ең жо­ғарысы ретінде – Кодекс ретінде қарағанымыз жөн. Қазір Қазақcтанның саяси өмірі өзгерді. Көп­теген халықаралық ұйымдарға мүше болдық және дүниежүзімен дипломатиялық қарым-қатынас-ымыз дамып, өркениетіміз өсіп келеді. Қазақстан келер жылы Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төр­ағалық ететін болады. Басшылық жасау қарсаңында еліміз заңдары мен заңнамаларына өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, халықаралық стандарттарға сәйкестендіріп жатыр. Сондықтан «Неке және отбасы туралы» заңды өзгертудің уақыты жетті.

– Халық арасында талай мәрте әңгіменің арқауы болған екі әйел алу мәселесі қалай жүйеленді?

– Мәжілістің отырысында депутаттар біраздан бері халықтың көкейінде даулы мәселеге айналған екі-үш әйел алу мәселесін тартысқа салды. Конституциямызда жазылған біз зайырлы құқықтық демократиялық мемлекетпіз. Мұсылманбыз, дінін берік сақтаған елміз, бірақ, діни мемлекет емеспіз. Мешіттер жұмыс іс­теу кезінде мемлекеттің заңына нұқсан келтірмеу керек. Мешіт ашылғанда мемлекет тарапынан заңды құжат алып барып, жұмысын бастайды. Сөйтіп тұрып заң­ның өрескел бұзылуына жол береді. Мешітте тіркелу заң талабына жатпайды. Бұл мешітке бармасын, имамның батасын алмасын деген сөз емес. Дін адамның рухани таза өмірінің кепілі. Ме­шітте имамның ақ батасын алуы, неке суын ішуі Алланың ақиық шынайы жолы. Бірақ мешіттің құжаты заң ретінде қаралып реттелмейді. Екі немесе үш әйел алатындар мешітке барып имамның батасын алдық, енді біз ерлі-зайыптымыз деп есептейді. Ол әйелдің өзін-өзі алдағаны, ер­теңгі күні бір жағдай болып қалса, мешітте тіркелген қағаздарының көк тыйындық құны болмай, заң алдында өздерін қорғай алмай қалады. Адамның тағдырының таразыға салынбайтын уақыты болмайды, алланың адамға бере­тін сынағы көп. «Жаман айтпай жақсы жоқ» ерлі-зайыпты болып өмір сүргеннен кейін әр-түрлі келеңсіз жағдайлар туып жатады. Отбасындағы жанжал, ерінің әйелге қол көтеруі немесе баласын мойындамауы, алимент тө­леуден бас тартуы сынды жағдайларда екінші, үшінші әйелі болып мешітте тіркелген неке құжатымен заңға жүгіне ме? Сондықтан мемлекеттік тұрғыда неке туралы құжат рәсімделгеннен кейін ғана мешітке

баруы керек. Молдалар да заңды неке құжаты болмаса, мешітте тіркемеуі керек.

– Екі-үш әйел алу демо­графиялық жағдайымыздың өсуіне үлес қосады деген пікір айтылып жүр...

– Екі-үш әйел алу арқылы демографияны шешпейміз. Он­дай құрғақ әңгімеге берілудің керегі жоқ. Қазіргі заман бөлек. Біздің ата-бабаларымыз үш-төрт әйелден алған деп еліреді. Ол кезде әйел баласы от басы, ошақ қасынан шыға алмаған. Өздері жұмыс істеп ақша таппаған. Қа­зіргі қоғамда әйел адамның орны бөлек. Еліміздің саяси өмірінің өсуіне ер адамдармен бірдей үлес қосып келеді. Бұл жерде мына жәйтті айтып кетейін. Әйел адам жұмыс істемеді дегенді бір ізділік­пен түсінбеу керек. Әйел адам шаңырағының шаттығы, бала тәрбиелеп, ерінің жолын тосып, елдің татулығы мен береке-бірлігінің ұйытқысы болған. Егер демографиялық жағдайға алаңдаулы болса, мемлекет ана мен бала денсаулығына, өміріне ерекше көңіл бөлсін. Сонда ғана ха­лықтың санын көбейтеміз. Саналы да салауатты ұрпақ өсіреміз десе, ана мен сәбидің өміріне баса назар аударсын. Үш-төрт әйел алып, некесіз балаларды көбейт­кенше, демографиялық жағдайды тек заң аясында саналы түрде шешкеніміз жөн.

Сондай-ақ, Парламент отырысында отбасы болғысы келген жастар жеті атасын білсін деген мәселені көтерді. Заң қазаққа ғана жасалған жоқ. Қазақстанды мекендейтін барлық азаматтарға ортақ. Және жеті атасын білмесе біз оларды некелестірмеуіміз керек пе? Жастардың ондай мәселемен басын қатырмау керек. Қарға тамырлас қазақ, онсыз да өзіне кімнің қалай туыс-жекжат болып келетінін біледі. Жеті атасын білмеді екен деп некелес­тір­мей тастасақ, қазақтанда онсызда бойдақ жігіттеріміз бен бойжеткен қыздарымыз отырып қалып, кешеуілдеп үйленіп жатқанда, мүлдем жас отбасылардың санын азайтуға жол ашамыз. Сондықтан бұл ұсыныс та негізсіз деп танылды.

– Бүгінде елімізде «Аза­маттық неке» деген түсінік қалыптасты. Бұл заңмен реттелмеген, дегенмен жастар арасында «бақытты болудың формуласы» ретінде тәжірибелік қағидаға айналды. Осы тұрғыда ойыңызды қалай таратар едіңіз?

– Орыстар «сожитель», немесе «гражданский брак» дейді. Содан аударып азаматтық неке деп аталынып жүр. Бізде азаматтық неке деген жоқ. Азаматтық неке емес зинақорлық немесе нәпсі құмарлық десек дұрыстау болады. Екі адам бірін-бірі ұнатты делік, онда неге заңды түрде некесін тіркеп, ерлі-зайыпты бо­лып отбасын құрмайды? Кімнен, неден қорқады? Ондай жағдайға жол беретін қыздарымыздың өзі. Жар етіп алғысы келмеген еркекпен жақындасуы, өзін-өзі қор­лауы. Ертеңгі күні қыздың аяғы ауыр болып қалса, жігіт оны алмаймын десе не істейді? Немесе ер адам ата-тегін бермесе, некесіз дүниеге келген тексіз бала болып аталады, ол жақсы ма? Сонда заңға қалай жүгінеді? Баланы дүниеге әкелгеннен кейін асырап, жеткізу керек. Өзінің басын әрең бағып жүрген қыз ол баланы қалай асырайды? Аза­маттық неке деген сөз өте дөрекі берілген атау. Ер адам нәресте­сінен безінсе, өз баласын мойындамаса, әкелік парызынан қашса ол адамды қалай азамат деп айтуға болады. Ондай опасыз әке қайтіп ертеңгі күні ұрпағына үлгі-өнеге болады. Сондықтан еліміз­де азаматтық неке деген жоқ. Ал дегенмен некесіз туған бала болса, сәбидің не жазығы бар сон­дықтан оның да құқығы заңды некедегі отбасылардың балаларымен теңестіріледі.

– «Сурагат ана» деген термин қолданысқа енді. Осы сурагат ана құқысы заңда қарастырылған ба?

– Сурагат деген сөзді аударған жоқпыз. Ол біздің санамызда көп айтылып, қалыптасып үлгер­ді. Ол бүгінде Қазақстанда нәресте көтере алмаған аналарға қолдан жасалатын ұрықтандыру әдісі. Бұл өте таза, табиғи, әрі заңды жолмен реттеліп жасалынатын болады. Елде бұл тәжірибені қолданып, сәби сүю бақытына кенелген отбасылар көп. Сурагат әдісімен туған балалар ерлі-зайыптылардың отбасын сақ­тап қалуының, әлеуметтік жағдайымыздың жақсаруына оң шешім болғаннан кейін заңдастыруға тура келді. Қазіргі кезде экологиялық және әлеуметтік жағдайдың әсерінен бе, қыздарымыздың көбі бедеулікпен, ер адамдардың біразы белсіздікпен ауырады. Әйел бала көтере алмаса, оның денсаулығын медициналық толық тексеруден өткізіп, табиғи тұрғыда қолдан ұрықтандырады. Ерінің ұрығын арнайы тексеруден өткізеді де, әйеліне орналастырып береді. Керісінше ер адам белсіз болған жағдайда, онда орталықтың таза ұрық сақтайтын банк орталығынан табиғи таза ұрықты алып, көтере алса өз әйеліне болмаса, сурагаттық қызмет ететін заңды тұлғаға ұрықты орналастырады. Әйелі табиғи жолмен ұрықтандыруға жарамсыз болса, орталықта арнайы тіркелген сурагат аналарға салып береді. Ол міндетті түрде заңдастырылады. Ерлі-зайыптылардың келісімімен міндетті түрде екі тарап арасында келісімшарт жасалынады. Сурагат аналар біреудің баласын көтеру кезеңінде, тікелей дәрігердің қадағалауында болады. Басқа ер адаммен жа­қындаспайды. 9 айдан өтіп баласын туып бергеннен кейін ке­лісімшарт бойынша баланы иесі­не, яғни заңды әке-шешесіне беріп, өзі аналық мін­детінен босайды. Оған ата-ана баласын аман-есен көтеріп, дү­ниеге әке­ліп бергені үшін шартта көр­сетілген бағасы бойынша ақшасын төлейді.

Азаматтық хал актілерін тір­кеудің жеті түрі ерекше бөлім ретінде толықтырылып, ірі тарау болды. «Отбасы және неке туралы» заң осылайша түбегейлі өз­гереді. «Неке (ерлі-зайыпты) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі деп аталынатын болады.

– Әңгімеңізге үлкен рақмет!

– Зайда Тоқашқызы, әңгі­ме­мізді «заңның жаңа сипат алуы отбасының қоғамдағы рөлінің маңызын арттырады» деген пікірі­ңіз­ден бастасақ. Бұл «Неке жә­не отбасы туралы» заңға ен­гізілген өз­гертулер заң­ның олқы тұс­тарының әсерінен туындаған мәселе ме, әлде?...

– Жалпы заңға енгізілетін өз­гертулер мен толықтырулар, заң­ның солқылдақтығынан ғана емес, заманның бет-бейнесінен, қоғамның талабынан туындайтын нәрсе. «Неке және отбасы туралы» заң сонау тоқсаныншы жылдардың басында қабылданды. Одан бері қаншама уақыт өтті, талай нәрсе өзгерді. Жаңа заң жобасы «Неке (ерлі-зайып-ты) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі деп аталынады. ҚР Парламенті­нің бірінші отырысында қаралып, мақұлданды. Депутаттардың ке­зекті демалысқа кетуіне байланысты екінші отырысқа қалдырдық.

Қай қоғамда болмасын отбасы негізгі мәселелердің, ірі институттардың бірі. Сондықтан отбасылық жағдайларды норматив­тік-құқықтық актілердің ең жо­ғарысы ретінде – Кодекс ретінде қарағанымыз жөн. Қазір Қазақcтанның саяси өмірі өзгерді. Көп­теген халықаралық ұйымдарға мүше болдық және дүниежүзімен дипломатиялық қарым-қатынас-ымыз дамып, өркениетіміз өсіп келеді. Қазақстан келер жылы Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төр­ағалық ететін болады. Басшылық жасау қарсаңында еліміз заңдары мен заңнамаларына өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, халықаралық стандарттарға сәйкестендіріп жатыр. Сондықтан «Неке және отбасы туралы» заңды өзгертудің уақыты жетті.

– Халық арасында талай мәрте әңгіменің арқауы болған екі әйел алу мәселесі қалай жүйеленді?

– Мәжілістің отырысында депутаттар біраздан бері халықтың көкейінде даулы мәселеге айналған екі-үш әйел алу мәселесін тартысқа салды. Конституциямызда жазылған біз зайырлы құқықтық демократиялық мемлекетпіз. Мұсылманбыз, дінін берік сақтаған елміз, бірақ, діни мемлекет емеспіз. Мешіттер жұмыс іс­теу кезінде мемлекеттің заңына нұқсан келтірмеу керек. Мешіт ашылғанда мемлекет тарапынан заңды құжат алып барып, жұмысын бастайды. Сөйтіп тұрып заң­ның өрескел бұзылуына жол береді. Мешітте тіркелу заң талабына жатпайды. Бұл мешітке бармасын, имамның батасын алмасын деген сөз емес. Дін адамның рухани таза өмірінің кепілі. Ме­шітте имамның ақ батасын алуы, неке суын ішуі Алланың ақиық шынайы жолы. Бірақ мешіттің құжаты заң ретінде қаралып реттелмейді. Екі немесе үш әйел алатындар мешітке барып имамның батасын алдық, енді біз ерлі-зайыптымыз деп есептейді. Ол әйелдің өзін-өзі алдағаны, ер­теңгі күні бір жағдай болып қалса, мешітте тіркелген қағаздарының көк тыйындық құны болмай, заң алдында өздерін қорғай алмай қалады. Адамның тағдырының таразыға салынбайтын уақыты болмайды, алланың адамға бере­тін сынағы көп. «Жаман айтпай жақсы жоқ» ерлі-зайыпты болып өмір сүргеннен кейін әр-түрлі келеңсіз жағдайлар туып жатады. Отбасындағы жанжал, ерінің әйелге қол көтеруі немесе баласын мойындамауы, алимент тө­леуден бас тартуы сынды жағдайларда екінші, үшінші әйелі болып мешітте тіркелген неке құжатымен заңға жүгіне ме? Сондықтан мемлекеттік тұрғыда неке туралы құжат рәсімделгеннен кейін ғана мешітке баруы керек. Молдалар да заңды неке құжаты болмаса, мешітте тіркемеуі керек.

– Екі-үш әйел алу демо­графиялық жағдайымыздың өсуіне үлес қосады деген пікір айтылып жүр...

– Екі-үш әйел алу арқылы демографияны шешпейміз. Он­дай құрғақ әңгімеге берілудің керегі жоқ. Қазіргі заман бөлек. Біздің ата-бабаларымыз үш-төрт әйелден алған деп еліреді. Ол кезде әйел баласы от басы, ошақ қасынан шыға алмаған. Өздері жұмыс істеп ақша таппаған. Қа­зіргі қоғамда әйел адамның орны бөлек. Еліміздің саяси өмірінің өсуіне ер адамдармен бірдей үлес қосып келеді. Бұл жерде мына жәйтті айтып кетейін. Әйел адам жұмыс істемеді дегенді бір ізділік­пен түсінбеу керек. Әйел адам шаңырағының шаттығы, бала тәрбиелеп, ерінің жолын тосып, елдің татулығы мен береке-бірлігінің ұйытқысы болған. Егер демографиялық жағдайға алаңдаулы болса, мемлекет ана мен бала денсаулығына, өміріне ерекше көңіл бөлсін. Сонда ғана ха­лықтың санын көбейтеміз. Саналы да салауатты ұрпақ өсіреміз десе, ана мен сәбидің өміріне баса назар аударсын. Үш-төрт әйел алып, некесіз балаларды көбейт­кенше, демографиялық жағдайды тек заң аясында саналы түрде шешкеніміз жөн.

Сондай-ақ, Парламент отырысында отбасы болғысы келген жастар жеті атасын білсін деген мәселені көтерді. Заң қазаққа ғана жасалған жоқ. Қазақстанды мекендейтін барлық азаматтарға ортақ. Және жеті атасын білмесе біз оларды некелестірмеуіміз керек пе? Жастардың ондай мәселемен басын қатырмау керек. Қарға тамырлас қазақ, онсыз да өзіне кімнің қалай туыс-жекжат болып келетінін біледі. Жеті атасын білмеді екен деп некелес­тір­мей тастасақ, қазақтанда онсызда бойдақ жігіттеріміз бен бойжеткен қыздарымыз отырып қалып, кешеуілдеп үйленіп жатқанда, мүлдем жас отбасылардың санын азайтуға жол ашамыз. Сондықтан бұл ұсыныс та негізсіз деп танылды.

– Бүгінде елімізде «Аза­маттық неке» деген түсінік қалыптасты. Бұл заңмен реттелмеген, дегенмен жастар арасында «бақытты болудың формуласы» ретінде тәжірибелік қағидаға айналды. Осы тұрғыда ойыңызды қалай таратар едіңіз?

– Орыстар «сожитель», немесе «гражданский брак» дейді. Содан аударып азаматтық неке деп аталынып жүр. Бізде азаматтық неке деген жоқ. Азаматтық неке емес зинақорлық немесе нәпсі құмарлық десек дұрыстау болады. Екі адам бірін-бірі ұнатты делік, онда неге заңды түрде некесін тіркеп, ерлі-зайыпты бо­лып отбасын құрмайды? Кімнен, неден қорқады? Ондай жағдайға жол беретін қыздарымыздың өзі. Жар етіп алғысы келмеген еркекпен жақындасуы, өзін-өзі қор­лауы. Ертеңгі күні қыздың аяғы ауыр болып қалса, жігіт оны алмаймын десе не істейді? Немесе ер адам ата-тегін бермесе, некесіз дүниеге келген тексіз бала болып аталады, ол жақсы ма? Сонда заңға қалай жүгінеді? Баланы дүниеге әкелгеннен кейін асырап, жеткізу керек. Өзінің басын әрең бағып жүрген қыз ол баланы қалай асырайды? Аза­маттық неке деген сөз өте дөрекі берілген атау. Ер адам нәресте­сінен безінсе, өз баласын мойындамаса, әкелік парызынан қашса ол адамды қалай азамат деп айтуға болады. Ондай опасыз әке қайтіп ертеңгі күні ұрпағына үлгі-өнеге болады. Сондықтан еліміз­де азаматтық неке деген жоқ. Ал дегенмен некесіз туған бала болса, сәбидің не жазығы бар сон­дықтан оның да құқығы заңды некедегі отбасылардың балаларымен теңестіріледі.

– «Сурагат ана» деген термин қолданысқа енді. Осы сурагат ана құқысы заңда қарастырылған ба?

– Сурагат деген сөзді аударған жоқпыз. Ол біздің санамызда көп айтылып, қалыптасып үлгер­ді. Ол бүгінде Қазақстанда нәресте көтере алмаған аналарға қолдан жасалатын ұрықтандыру әдісі. Бұл өте таза, табиғи, әрі заңды жолмен реттеліп жасалынатын болады. Елде бұл тәжірибені қолданып, сәби сүю бақытына кенелген отбасылар көп. Сурагат әдісімен туған балалар ерлі-зайыптылардың отбасын сақ­тап қалуының, әлеуметтік жағдайымыздың жақсаруына оң шешім болғаннан кейін заңдастыруға тура келді. Қазіргі кезде экологиялық және әлеуметтік жағдайдың әсерінен бе, қыздарымыздың көбі бедеулікпен, ер адамдардың біразы белсіздікпен ауырады. Әйел бала көтере алмаса, оның денсаулығын медициналық толық тексеруден өткізіп, табиғи тұрғыда қолдан ұрықтандырады. Ерінің ұрығын арнайы тексеруден өткізеді де, әйеліне орналастырып береді. Керісінше ер адам белсіз болған жағдайда, онда орталықтың таза ұрық сақтайтын банк орталығынан табиғи таза ұрықты алып, көтере алса өз әйеліне болмаса, сурагаттық қызмет ететін заңды тұлғаға ұрықты орналастырады. Әйелі табиғи жолмен ұрықтандыруға жарамсыз болса, орталықта арнайы тіркелген сурагат аналарға салып береді. Ол міндетті түрде заңдастырылады. Ерлі-зайыптылардың келісімімен міндетті түрде екі тарап арасында келісімшарт жасалынады. Сурагат аналар біреудің баласын көтеру кезеңінде, тікелей дәрігердің қадағалауында болады. Басқа ер адаммен жа­қындаспайды. 9 айдан өтіп баласын туып бергеннен кейін ке­лісімшарт бойынша баланы иесі­не, яғни заңды әке-шешесіне беріп, өзі аналық мін­детінен босайды. Оған ата-ана баласын аман-есен көтеріп, дү­ниеге әке­ліп бергені үшін шартта көр­сетілген бағасы бойынша ақшасын төлейді.

Азаматтық хал актілерін тір­кеудің жеті түрі ерекше бөлім ретінде толықтырылып, ірі тарау болды. «Отбасы және неке туралы» заң осылайша түбегейлі өз­гереді. «Неке (ерлі-зайыпты) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі деп аталынатын болады.

– Әңгімеңізге үлкен рақмет!

Тыныс Балтабекқызы

Заң саласында көптен бері ерен еңбек етіп келе жатқан мейрімді ана, асыл әже Нурабаева Зайда Тоқашқызы 60 жасқа толғалы отыр.

Мерейлі жасқа толып отырған Зайда Тоқашқызы көптеген жылдар бойы оқытушы болып Қарагандының Букетов атындағы жоғарғы оқу орнында дәріс берген.

Наши рекомендации